Сейфуллин оқулары – 9



жүктеу 24,86 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2017
өлшемі24,86 Kb.
#120


Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы

білім  және ғылым  дамуындағы  жаңа  бағыт»  атты  Республикалық  ғылыми-теориялық конференция

материалдары = Материалы Республиканской научно- теоретической конференции «Сейфуллинские

чтения – 9: новый  вектор  развития  высшего  образования  и  науки» посвященная  дню  Первого

Президента Республики Казахстан. – 2013. – Т.1, ч.1 – Б. 158-160



КӘСІБИ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бейсенова  А. Ж.

Қазіргі


қоғамда  жұмыс  берушілердің

жұмысқа


қабылдауда  негізгі

талаптардың бірі  ағылшын  тілін  білу  екені  бәрімізге  мәлім.  Түйіндеме  жасаған

кезде  міндетті  түрде  тілдерді  білу  деңгейін  көрсетіп,  «ағылшын  тілі – жақсы,

сөздікпен»  деп  көрсетіп қоямыз.  Ағылшын  тілін  білгендер  жұмыс  берушінің

көзінде  сауатты,  білікті  маман  болып  көрінеді.  Бұл  ағылшын  тілінің  қазіргі

қоғамымыздағы орнын көрсетеді. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда ағылшын тілін

білу – өмірлік қажеттіліктердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті -

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы қалыптасқан

мемлекеттің жаңа  саяси  бағыты»  атты Қазақстан  халқына  Жолдауында

айтқандай: «Біз ағылшын  тілін игеруде  серпіліс  жасауымыз  керек. Қазіргі

әлемнің осы  «лингва  франкасын»  меңгеру  біздің еліміздің  әрбір  азаматына

өмірдегі  шексіз  жаңа  мүмкіндіктерді  ашады».  Ол  шындығында  да  солай.

Ағылшын тілі – халықаралық қатынас тілі, ағылшын тілін білу - әлемдегі болып

жатқан

өзгерістер  мен  жаңалықтарды



қабылдау  және  дұрыс  пайдалану

мүмкіндіктерін  береді.  Ағылшын  тілін  білу - өмір  жолыңыздағы  жетістіктердің

кепілі, қарым-қатынастың жаңа,  бір  саты  жоғары  кеңістігі,  шетел  халықтары

мәдениетінің  ұлттық ерекшеліктерімен  танысу,  білімің мен  ой-санаңды  байыта

алатын жоғары білікті мамандар ортасына кіру мүмкіндігі. Дүние жүзінің 60-тан

астам мемлекетінде ағылшын тілінде сөйлеп, өмір сүріп, жұмыс істей аласыз. 377

миллион  адамның

ана  тілімен  танысып,  милиардтқа  жуық

адаммен

қарым-қатынас  жасай  алатын құралыңыз – ағылшын  тілі.  Есімізге  алсақ ерте



заманда  латын  тілі  сондай  мәртебеге ие  болатын.  Бүгінде  «өлі  тіл»  деп

қарастырылғанның өзінде де қазіргі заманғы ғылымда өз қолданысын тауып жүр.

Сол латын тілімен салыстырсақ ағылшын тілі де шекараларды ашып халықаралық

деңгейге  шыққан. Әлемнің  қай  түкпірінде  болсаңызда  кез  келген  жағдайларда

ағылшын тілін білу арқылы жетістікке жете аласыз деп ойлаймын.

Алайда, ағылшын тілін білудің қажеттіліктерін сипаттаудың көп керегі жоқ.

Тақырыбыма сәйкес кәсіби ағылшын тілін оқытудың қажеттіліктері туралы айта

кетсек. Жоғарыда айтылғандай жұмыс берушілердің қоятын талаптарының бірі -

ағылшын  тілін  білу.  Және  де  тек  жұмыс  іздеп  келген  жас  мамандар үшін ғана

емес,  сонымен қатар өндірістің, не  болмаса  кәсіпорынның білікті  тәлімгер

маманының ағылшын тілін білуі, тәжірибелілігінің және біліктілігінің көрсеткіші

болу тиіс. Егер ол маман өз тәжірибесін шетел жетістіктерімен ұштастыра алса,

дүниежүзінде өз саласындағы озат технологияларды пайдалана алса, ол ағылшын

тілінің  «классикалық деңгейін»,  яғни  ауызекі  сөйлеу  машықтарымен,  мектеп




бағдарламасындағы тақырыптармен шектелуі мүмкін емес. Ол ағылшын тілін өз

кәсібінің бағдарында  білуі  міндетті.  Егер  ағылшын  тілін өз  жұмысында

пайдаланбаса, ол тек саяхат тілі, демалыс тілі болса, ұмытылып кетуі ғажап емес.

Ал  егер  маман  ағылшын  тілін  білу  деңгейін  көтеріп,  мансаптық  өсуге қол

жеткізгісі келсе ол ағылшын тілін кәсіби бағдарда меңгеруі тиіс.

Осы тұста «Кәсіби тіл дегеніміз не?» деген сауалға жауап беріп көрейік. Тіл

– бұл қалыптасқан  фонетикалық, лексикалық, граматикалық бірліктер  жүйесі,

оның мағыналық, мазмұндық, дыбыстық қатынасы және пайдалану ережелерінің

жүйесі. Ал, кәсіби тіл – лексикалық сипаттамасы жағынан айқын ерекшеленетін,

белгілі  бір  кәсіптің шеңберінде  жиі  пайдаланатын  сөздер,  терминдер,  сөз

тіркестері,  клишелер  жүйесі  және  пайдалану  ережелерінің жинағы.  Тілдің

қызметін қарастырғанда  тілдің конструктивті - өз  ойыңды қалыптастыру;

комуникативті – сөйлеу,  баяндау;  эмотивті – белгілі  бір  затқа, құбылысқа,

жағдайға сөйлеушінің өз қатысын білдіру және біреуге әсер ету функциялары деп

бөлеміз. Кәсіби  тілдің қызметін осы тұрғыдан қарастыруды ұсынып отырмын.

Біріншіден, 

кәсіби 

ағылшын 


тілінің

конструктивті 

функциясын

қалыптастыру үшін  тыңдаушылардың  өз  саласы  көлемінде  кәсіби  мәтіндермен

танысып, өз  ойларын қалыптастыра  алатындай  сөздік қормен қамтылуы  тиіс.

Жоғарыда  айтылғандай  дайын қалыптар  мен  терминдерді  еркін  танып,  олар

сөйлеу әрекетінің негізгі бірліктеріне айналуы тиіс.

Екіншіден, комуникативті функцияны атқару үшін кәсіби ағылшын тілі жиі

қолданыста  болып қана қоймай,  кәсіби  ағылшын  тіліне  толық ену қажет,  яғни,

сөйлеу әрекеті  тек  ағылшын  тілінде  болып, үйренуші  «ағылшын  тілінде  ойлай

білу» білігіне жетуі тиіс.

Үшіншіден,  эмотивті  функция  жоғарыдағы  екі  функцияның туындысы  не

нәтижесі  болуы  тиіс.  Егер  кәсіби  ағылшын  тілін  білу  деңгейі  осы қызметті

атқарса, онда тыңдаушыны ағылшын тілді маман деуге болады.

Қаржы полициясы академиясында бұл бағытта қарқынды жұмыс істелуде.

«Кәсіби бағдарланған ағылшын тілі» пәні міндетті компонентке еңгеннен кейін,

дәстүрлі  «Практикалық ағылшын  тілі»  пәні  біраз өзгертулерге  ие  болды.  Жаңа

пән  кері  ықпал  жасап қана қоймай, қалыптасқан  оқыту  дәстүрлерін қайта

қарастыруға әкеліп  соқты.  Сабақ  өткізу, ұйымдастыру  кезеңі,  білімді  бағалау

және бақылау шарттары, тапсырмалардың орындалуы секілді әдіс-тәсілдер қайта

қарастыруды  талап  етіп  отыр.  Жаңа  пәннің оқыту әдістемесіне  міндетті  түрде

инновациялық оқыту әдістері  еңгізілген.  Электронды  оқулықтар,  интерактивті

технологиялар  оқу  жұмыс  бағдарламасының негізгі құралы  болып  анықталды.

Қазіргі  кезде  пайдалану  кең тарап  жатқан  интернет  ресурсының  қолданылуыда

көп мүмкіндік береді. «Ағылшын тілі» және «Кәсіби бағдарланған ағылшын тілі»

пәндерінің жүйелі тақырыптық жоспары жасалынды.



жүктеу 24,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау