Аудандық ішкі саясат саласы бойынша 016 жылдың айында атқарылған жұмыстар жайлы анықтама Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал «Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу»



жүктеу 69,17 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі69,17 Kb.
#14795


Аудандық ішкі саясат саласы бойынша 2016 жылдың 9 айында

атқарылған жұмыстар жайлы анықтама

Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал

«Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу» қызметі аясында аудан тұрғындарының көңіл күйін диагностикалау мақсатында сауалнамаға тартылған қоғам дамуына үлес қоса алатын, әртүрлі саланы қамтитын, 18 жастан жоғары аудан тұрғындарының 58,2 пайызы аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды «тұрақты» деп бағаласа, 37,1 пайызы «жақсы» деп көрсеткен. Яғни, аудан тұрғындарының 95,3 пайызы қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы деп бағалаған.

Дегенмен, аудан тұрғындары үшін бағалардың өскені, құнсызданудың орын алғаны, жұмыссыздық, ауыз су, сыбайлас жемқорлық, аяқ судың жеткіліксіздігі, мал ұрлығы,  жаңадан бой көтерген мөлтек аудандардағы жарық, байланыс, жол, қоғамдық көліктер қатынасы мәселелері өзекті проблемалар болып қалып отырғандығын алға тартқан. Осыған орай, аталмыш мәселелердің оң шешім табуына ықпал жасау керектігі ұсынылған.

Ақпараттық қызмет

Мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жүзеге асырылуы «Жаңақорған тынысы» газеті мен облыстық телеарналар арқылы бас медиа жоспар аясында ақпараттандырылып келеді.  Аудандағы қоғамдық-саяси маңызы бар шаралардың атқарылуы: Әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші, отандық өнім өндіруші кәсіпкерлер мен ҮЕҰ  өкілдерінің ұйымдастыруымен 17 шара, облыстық ІІ малшылар слеті және жақында ғана өткен жылғы ауданда орын алған  маусымдық мал шығындарын болдырмау  мақсатындағы малшылар семинары және «Сыбаға» бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды ақпараттандыру мақсатында 5 материал, қоғамдық саяси маңызы бар 5 шара, сондай – ақ «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» жүзеге асыру мақсатында  аудандық сот кабинетінің жұмыстары жөнінде 5 материал,  прокуратураның аудан әкімдігімен бірлесіп өткізілген 4 шара облыстық телеарна арқылы  ақпараттандырылды.

Ұлттық «Отау - Тв»  цифрлық телехабар тарату желісінің қызметін дамыту көрсеткіші 
89,2 пайызға орындалып, спутниктік антенналарын 58,5 градус күйіне келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан бойынша 9125 отбасы қазақстандық «КazSat-3» жерсерігіне көшірілді. «Жаңақорған тынысы» газетіне 5 материал жарияланса, кент орталығында 2 билборд, үлкен ауылдық округтерде 4 билборд әзірленіп ілінді.

Сыртқы үгіт насихат құралдарының (ҮНҚ) саны-505. Оның ішінде: 451 билборд, 10 керме, 


18 панно бар. Тақырыптық бағыттары бойынша: «Қазақстан-2050» Стратегиясы-15, 
Елбасы Жолдауы-58 билборд, 2 керме, «100 нақты қадам»-35, Республикалық, облыстық бағдарламалар-39, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына -12, Мемлекеттік мерейтойлар, атаулы күндер-68, Астана ЭКСПО-2017 көрмесі-6, Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы-6, Сыбайлас жемқорлыққа байланысты-16, Мемлекеттік тілге байланысты-13, Терроризм мен экстремизмге қарсы-12, аймақтағы еңбек адамдарын насихаттау-29, басқа да түрлі тақырыптар-215 билборд орнатылған.

Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын халыққа насихаттау мақсатында ү.ж (аудан әкімінің №422-Ө өкімі) құрамына түрлі сала басшылары, аудандық маслихат депутаттары және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері енгізілген 


10 ақпараттық топ (ААТ) жұмыс жасауда. «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» тапсырмасына сай аудандық, облыстық ақпараттық топтар мен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары аудан елдімекендерінде болып, 112  кездесу өткізілсе, кездесуге 12700 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысқан.

Үкіметтік емес ұйымдар жайлы

Ауданда (облыстық Әділет департаментінің мәліметіне сай) 77 үкіметтік емес ұйым бар. Олар: қоғамдық бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер филиалдары, саяси партиялар филиалдары, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың филиалдары мен өкілдіктері, селолық тұтыну кооперативтері. Оның ішінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық исламдық діни бірлестігінің» 32 филиалдары (мешіттер) жұмыс жасайды.

2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында жалпы 6 млн 640 мың теңге қаржы қаралып, үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылып келеді.

Олар: «Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы монироинг жүргізу» қызметі және «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу» қызметтері. Сондай-ақ, оның ішінде 4 млн 500 мың теңгеге «Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру» қызметі мен «Жастардың экономикалық, әлеуметтік-инновациялық, шығармашылық әлеуеттерін дамыту» қызметтері жүзеге асырылуда. 


600 мың теңгеге «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» қызметін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің бір рет отырысы өткізіліп, екінші отырысы ү.ж қыркүйектің үшінші онкүндігінде өтетін болады.

Жастар саясаты бойынша

Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 23 мың 332 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының  28,1 пайызы. Экономикалық белсенді тұрғынға шаққанда 28,2 пайызға тең болса, аудан жастарының жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр.  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясындағы ү.ж жастар саясатын жүзеге асыру қызметіне 4 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, 2  қызмет жобасы аясында жүзеге асырылуда. Олар: 1.«Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру» қызметі; 2.«Жастардың экономикалық, әлеуметтік-инновациялық, шығармашылық әлеуеттерін дамыту » қызметі;

Есепті мерзімде мемлекеттік тапсырыс аясынан тыс аудан жастарының қатысуымен 15 рейд жұмыстары, 1 жастар форумы, 3 жастар акциясы, 22 мәдени шара, 8 спорттық шара, 3 сауалнама, 
5 дін өкілдерімен кездесу, 6 тазалық акциясы өткізілді. «Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық орталығы жанынан жұмыссыз және жұмысшы жастар үшін 4 үйірме (Жайдарман жастар клубы, шашка, шахмат, теннис) жұмыс жасайды.

2016 жылдың маусым айында «Жасыл ел» жастар жасағына 70 жас Оның ішінде 43 студент жастар, 23 NEET санатындағы жастар, 2 жас даму мүмкіндігі шектеулі, 2 жас жазасын өтеп келген жастар жұмыс жасады.  «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы бойынша Қызылорда қаласына 18 жас жұмысқа жолданса, кент орталығындағы жаңа құрылыс нысандарында 65 жас жұмыс жасады. Жыл басынан бері 8 рет ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне барлығы 131 жұмыс беруші жариялаған 390 бос тұрақты жұмыс орнына 216 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде жастар саны- 55 немесе 25 пайыз. Сонымен қатар  жәрмеңке аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 20 және жастар практикасына 23 адам жолданған.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыспен қамтылу, оның ішінде 11 жас азамат жұмыспен қамтылды, атап айтқанда тұрақты жұмысқа-3, жастар практикасына -1, әлеуметтік жұмыс орнына -1, қоғамдық жұмысқа - 6 азамат жолданды.



Діни бірлестіктермен байланыс жұмыстары жайлы

Ауданда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық исламдық діни бірлестігінің» 32 филиалдары (мешіттер) жұмыс жасайды. Тарихи, діни-рухани орындарда 


4 түнеуханалар бар. Есепті мерзімге 62 іс-шара, оның ішінде 52 кездесу, 3 дөңгелек үстел, 
7 семинар өткізілді. 4000-нан аса аудан тұрғыны қамтылды. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің екі рет отырыстары өткізілді. Экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы және діни келісім мен діни толеранттылыққа байланысты  ақпараттық-насихат құрал ретінде Жаңақорған кентінде 2 билборд, 15 ауылдық округте 
1 билбордтан орнатылған. Аудандағы 2 елді мекенде жаңадан мешіт салынуда. 1). Қаратөбе ауылдық округіндегі «Бастакөл» мешітінің жанынан жеке кәсіпкердің демеушілігімен типтік үлгіде мешіт.  2). Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекеніне жеке кәсіпкер мешіт салып беруге ниет білдіріп, құжаттары рәсімделді. Бүгінгі күні мешіттің қабырғасы көтеріліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыыру мақсатында  әлеуметтік жобасы аясында «Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу» қызметі бойынша ағымдағы жылдың маусым айында кент, ауылдық округтерде «Діни тұрақтылық – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді және Рамазан айында тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шаралары өтті. Осы жоба аясында «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері мен ауыл имамдарын қатыстыра отырып, семинар-тренингтер өткізілді.



Баспасөзге жазылу барысы жайлы

2016 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік саясатты ақпараттандыруда, еліміздің, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттау мақсатында баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді. Республикалық ресми басылымдарға «Егемен Қазақстан» газетіне – 2528 данаға, «Казахстанская правда» газетіне – 466 данаға, «Сыр бойы» газетіне – 3565 данаға, «Кызылординские вести» газетіне – 787 данаға, «Ақмешіт жастары» газетіне – 1192 данаға, аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетіне – 5729 данаға жазылды.



Аудандық Қоғамдық Кеңес жұмысы бойынша

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 ақпандағы №359 «Жаңақорған ауданының Қоғамдық Кеңесі құрамын бекіту туралы» шешімімен Кеңес құрамы бекітілді.



Қоғамдық кеңес отырыстары жайлы: Қоғамдық кеңестің отырыстары бекітілген жоспар мен туындаған өзекті мәселелерге сай өткізіліп отыр. 2016 жылдың I жартыжылдығында алты рет кеңес отырысы өткізілді. Атқарылған шаралар жергілікті басылым арқылы ақпараттандырылуда.

Ү.ж 17 ақпандағы №13 санына «Қоғамдық кеңес істі ширатады» атты, 21 мамырдағы 


№39 санында «Қоғамдық кеңес – тұрақтылық темірқазығы» атты, 25 маусымдағы 
№49 санында «Түйінді істер тарқатылды» атты, 2 шілдедегі №51 санында «Келелі кеңес, маңызды мәселе» атты, 30 шілдедегі №59 санына «Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы жер реформасы бойынша түсіндірме жұмысына арналды» атты тақырыптарында жарияланды.
жүктеу 69,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау