44
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық.
Неге десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel» бағдарламасы бойынша
шетелге тіл үйренуге кетіп жатыр. Ендеше, ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге
мүмкіндік туады.
Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге
паш етеді.
Алтыншыдан, қонайқүй, мейрамхана, ойын-сауық нысандарын салу туризм мен
бизнесті дамытуды ынталандырады.Сондықтан екі нәрсені атап өткен жөн: бірінші –
әлемдік бренд, екінші – коммерциялық жағынан пайда көру.
Қызмет саласына, халыққа пайдасы қандай?
Біріншіден, жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл
рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды.
Екіншіден, көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы ғылыми
зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылады. Бұл туралы
Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеген болатын.
Үшіншіден, шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру,
басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай,
3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп,
тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады.
Төртіншіден, бұл шараға Қазақстан үкіметі жариялағандай 5 миллион адам
келмесе де, көрме өтетін Астана қаласының тұрғындары мен әдеттегі қонақтарынан
әлденеше есе артық адам келетіні анық. Бұл сол қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіп
саласына, қонақ үй, тамақтану сияқты қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге
пайда әкеледі.
Бесіншіден, көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы,
Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның
жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқарады.
Алтыншыдан, шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол
бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген
жастарға үлкен тәжірибе.
Көрмеге кімдер басшылық жасайды?
EXPO қонақтарын қарсы алуға Астана ғана емес, Қазақстанның қайталанбас
қолтаңбасы бар өңірлері де дайын болуы тиіс. Мысалы, сұлу Көкше өлкесіндегі
Шортанды-Бурабай курорттық аймағы, ғарыш айлағы орналасқан Байқоңыр кешені,
баламалы қуат көзін өндіруде озық өңір – Жоңғар қақпасы, ғылыми-технологиялық
жаңалықтардың ордасына айналуы тиіс «Алатау» өндірістік индустриялды технопаркі
сырт көз сыншыға көзайым ретінде ұсынылар бағыт болмақ. Бұл нысандарда әлемдік
деңгейде сай қызмет көрсетіп, шетелдік қонақтардың Қазақстан туралы жағымды пікір
қалыптастыруына жағдай жасасақ, болашақта елдің туристік әлеуетін арттыруға салынған
инвестициялық капиталы сол болмақ. Тіпті, бірнеше жыл бұрын қолға алынған елді
индустрияландыру картасының өзі қазіргі кезде EXPO-2017 көрмесін ұйымдастыру мен
өткізудің ұлттық жоспарына сай өзгеріске түсіп, жүзеге асырылуда. Елдің дамуындағы
маңызды бағдарламаның өзін өзгеріске түсіргендіктен де халықаралық көрменің салмағы
басым екені көрінеді.
Халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды дайындау және басшылық жасау
адамзат үшін практикалық маңызы бар немесе ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық
тудыратын көрмелердің өзекті тақырыптарын таңдау
1. ақпараттық ресурстардың барлық түрлерін қолдана отырып, көрменің
идеяларын көпшілікке танымал ету және ілгерілету бойынша белсенді ақпараттық
науқанның қажеттілігі;
2.қабылдайтын ел үшін басым халықаралық деңгейдегі көрмені дайындау және
өткізу жобасымен ықпалдастырылған басқару функцияларын атқаратын компаниялар
құру
45
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
3. көрме іс-шараларын дайындау және өткізу үшін барынша шындыққа
негізделген смета құру және оның орындалуын қатаң бақылау
4. көрме іс-шаралары аяқталғаннан кейін демонтаждауға жататын уақытша
құрылыстардан көпфункционалды тұрақты пайдаланылатын объектілерге қайта
бағдарлау
5,көрменің есте қаларлық рәміздеріне айналған көрнекті, инновациялық
объектілерді тұрғызу
6.көрме қонақтарының санын барабар бағалау және көрмеге келушілер санын
көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар оқушылар, студенттер, жас ғалымдар және тағы да
басқалар сияқты перспективалы санаттарға қолжетімді болатындай көрме іс-
шараларына кіруге арналған билеттердің бағасын белгілеудің икемді адал саясатын
жүргізу
Бұл ұйымдастырушы компаниялардың бұқаралық іс-шараны дайындау кезеңіне
байланысты ұйымдық құрылымы мен басқару әдістерін өзгертуі:
1) ұйымдастырушы компанияны құру және оның негізгі процестерін қалыптастыру
кезеңінде басқарудың функционалдық құрылымы тиімді болды;
2) іс-шараны дайындау – объектілерді салу, инфрақұрылым жасау, ақпараттық
науқан өткізу, қатысушылармен және әріптестермен жұмыстар жүргізу кезеңінде –
жобаларды жоспарлауға және орындауға шоғырландыру
3) тікелей іс-шараның өзін ұйымдастыру және өткізу – қатысушыларды қабылдау
мен орналастырудан бастап қорытынды рәсімдер мен қонақтарды шығарып салуға
дейінгі кезеңде – объектілік құрылымы бар және клиенттерге қызметтер көрсетуге
бағдарланған ұйым неғұрлым орынды болып табылады.
Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді
пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне
тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны
зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу
қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін
EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Сайлауалды науқанының ең бір жауапты
кезеңі – дауыс беретін күн де алыс емес. Оның нәтижесі тек 2012 жылдың соңында ғана
белгілі болмақ. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің
халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс
маңызды
"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық
тиімділігі және келешекке көзқарас
Шиганбаева Н.Б.
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
Nailya0478@mail.ru
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып,
әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры
тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде
экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-
шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі
ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум,
Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп,
абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді.
[1].
EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік
қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де,