50
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарға
байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады.
Қоршаған орта байлықтарын өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа
пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету,
барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі қамқорлық жасау
міндеттерінің маңызы өте зор.
Әлемдегі «Дубна» халықаралық адам, табиғат және қоғам университетінің
зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстан өмір сүру сапасы жағынан әлемде 78-орында екен. Ал
еліміздің табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіші-31 пайыз ғана. Бұл
Жапония, АҚШ, Германия сияқты 133 елдің ішінде Қазақстан әлемдік экологиялық
тұрақтылық индиксінде 70 орынға тұрақталған. Бұл біршама жақсы көрсеткіш
болғанымен, рейтингтің ортасынан әлі де болса көшбасшылыққа ұмтылуға жағдай
жасауға болады. Бұл мақсатта ең алдымен қоршаған ортаны қорғау және табиғатты
пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару саласына күшейту қажет.
Еліміз былтыр ғана Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мемлекеттік деңгейде тойлап
өтті. Осы орайда, 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жақсарту жөнінде
бірқатар шаралар қабылдады. Осы қабылданған құжаттарда нарық жағдайына көшкен
Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану және ресурстарды пайдалану ісіне шетелдік
инвесторларды тарту жөнінде де талпыныс жасалды. Дегемен, қабылданған құжаттар да
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару ісіне
байланысты көптеген мәселелер толық шешілмеген болатын. Күні бүгінге дейін тиісті
заңдар игеруге берілген табиғи ресурстар мен сол игерудің шаруашылық нәтижелердің
жағдайына әлсіз ықпал жасап отыр.
Қоршаған ортаны қорғау және оның байлығын тиімді пайдалану мәселесін шешуді
қамтамасыз етуде әртүрлі мемлекеттік органдар арнайы әдіс - тәсілдер арқылы
жақсартуды мақсат етеді. Себебі, қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз ету мемлекет
пен оның органдары жүргізетін шаралардың жүйесіне тікелей байланысты. Осы жәйттің
өзі қоғамдық қатынасқа қатысатын субъектілердің ерекше құқықтармен қамтамасыз
етілуін қажет етеді.
Қазіргі таңда бүкіл ел жаңа тарих кезеңіне өтуде, сол себептен біздің өсіп-өнуіміз
бен өркениетті дамуымыз үшін, экологиялық жағдай да жақсы болуы қажет. Кеңестік
саясаттың салдарынан Қазақстанның көптеген аймақтары экологиялық зардап шеккені
анық. Солардың қатарына Аралэкологиялық аумағы, Балқаш, Каспий экологиялық
мәселелері, Семей ядролық полигоны зардаптары, үлкен қалалар мен өңдіріс
орталықтарында қоршаған ортаның ластану мәселелері (Алматы, Қарағанды, Өскемен,
Риддер, Шымкент, Теміртау), орманды өлкелердің экологиялық зардаптары, орман
санының қысқаруы жылдан жылға азайып барады. (Солтүстік орманды алқабы
Петропавл, Павлодар)
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды мемлекеттік басқару бұл
күрделі де көп салалы қызмет болып табылу қажет. Жергілікті мемлекеттік басқару
ұйымдарында қоршаған ортаны қорағау мен табиғатты пайдалануды бақылау
қызметтерін, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану механизмдері
кепілдемесімен заңдылықтарды қамтамасыз ету тәсілдерін кең көлемде қарастырып,
оларға уәкілеттік беру мәртебесін қарастырғанымыз абзал. Табиғи ресурстарды және
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару қызметін жаңдандыра түссек,
төмендегі мәселелердің орындалуына жағдай қарастырсақ:
•
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды мемлекеттік басқару
өкілеттілігін кеңейту.
•
Мемлекеттік органдардың табиғат ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттігінің
ауқымын кеңейту, сондай-ақ табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау ұйымын
құру.
51
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
•
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды мемлекеттік басқару
тарапынан бақылайтын қоғамдық кеңес құру мәртебесі. Сондай-ақ табиғатты қорғайтын
жекеменшік компаниялар ашу.
•
Мемлекеттік экологиялық басқару жүйесінде қалдықтармен жұмыс істейтін
мемлекеттік басқару механизмі құрылса
•
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен
жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш
рет 1978 жылы шықты. Осы кітаптың мемлекет тарапынан қайта жаңаруына мүмкіндік
қарастыру шаралары.
•
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды мемлекеттік басқару
тарапынан ҚР әр аумыған құрылған қорықша, ұлттық саябақ, қорықтар, табиғат
ескерткіштерін бақылау жөнінде департамент құру.
•
Табиғатқазынасысарқылмаскоремес.
Адам
игілігінепайдалану,
қайтақалпынакелтіруісіадамныңкамқорлығыныңарқасындажүзегеасады. Табиғатымызды
қорғап, экологиялық жағдайын жақсарту бағытында мектеп бағдарламасына «Экология»
пәнін енгізу.
Жоғарыда аталған мәселелерді қорытындылай келе, Елбасы міндеттеген бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу үшін еліміздіңқоршаған ортаны қорғау және
табиғатты пайдаланудыдұрыс жолға қойғанымыз жөн. Өндіріс орындарының,
қалалардағы көліктердің ауаны ластамауын қатаң қадағалап қоймай, заманауи және
технологиялық іске қосу жұмысы қоршаған ортаны мемлекеттік басқарудағы негізгі
бағыттардың бірі болып саналады.
Сөз соңында айтарымыз, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді
пайдалануды ұйымдастыру үшін мемлекеттік басқаруға негізделген аса жауапкершілікті
ұйым қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар
мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын қолдайтын ұйымның, мемлекеттік басқару
мамандарының және қоғам мүшелері арасында өзара ынтымақтастық болу қажет. Сонда
ғана жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны дұрыс болар еді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. «Қоршаған ортаны қорғау нормативтік актілер жиынтығы» Алматы 2004ж.
2. Қ.Ә.Әлімбетов «Табиғатты пайдалану және оны қорғау».
3. А.Бейсенова,
А.Самақова,
Т.
Есполов
«Экология
және
табиғаттытиімдіпайдалану» Алматы 2004ж.
4. Егемен Қазақстан, №90-93 (25939) 12
НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010ж.
5. Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы, 2005ж.
Қазақстандағы моноқалаларды дамыту жолдары
Азретбергенова Г.Ж., Абдрашитова Т.
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уинверситеті
E-mail:
gulaj@mail.ru
,
gulmia.azretbergenova@ayu.edu.kz
Қазіргі таңда моноқалалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25
мамырдағы №683 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған
бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және соның сипаттамаларымен
анықталады[1].
Моноқалардытерриториалдық басқаруды ұтымды ұйымдастыруда мақсат,
территорияның экономикасының үдемелі, дамуының қажетті шарты кластерлік тәсіл
болып табылады.
Кластерлі бағдарлану саясатының дүниежүзілік тәжірибесі территориалдық
бәсекеге қабілеттіліктің өсуі мысалдарымен көрсетіледі. Көптеген экономикасы дамыған