40
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
қақпасында толассыз соғатын қуатты жел екпінін және Алматы қаласындағы Шелек
ауданындағы жел энергиясы көздерін айтсақ жетіп жатыр. Сондай-ақ, оңтүстік және
оңтүстік-батыс өңірлеріндегі сарқылмас жел энергиясы да келешектегі балама қуат
көздерін өндіру үшін таптырмас ресурс екенін айта кетуіміз керек. Бүгінде Қазақстан
«жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасын дайындау үстінде. Болашақта
Қазақстан бұл салаға жыл сайын бөлетін қаржылық ресурстарды жалпы ішкі өнімнің 1
пайызына дейін көтеруді қарастырып отыр. Бұл ақшаға шаққанда 3-4 млрд. долларды
құрайды. «Жасыл экономикаға» көшу үшін бірінші кезекте табиғи ресурстардың
тиімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жетілдіру, қоршаған ортаның
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Бұл орайда, тұрмыстық қалдықтарды
өңдеу жұмысын жандандырудың да мәні зор. Тұжырымдамада тұрмыстық қалдықтарды
өңдеу секторын құруға баса мән берілген. Оның халықты жұмыспен қамтудағы әлеуеті
үлкен. Құжатта 2030 жылға қарай елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды
шығару және санитарлық сақтау деңгейін 95 пайызға жеткізіп, оларды өңдеуді 40 пайызға
дейін көтеру қарастырылған. Ал 2050 жылы елімізде тұрмыстық қалдықты кәдеге жарату
50 пайызға дейін жоғарылайды деп күтілуде [3]. Бұл кезеңде бір ғана «жасыл
экономикаға» көшу арқылы біздер 500 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтитын
боламыз. «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен «ЭКСПО – 2017» көрмесінің
«жасыл экономика» аясындағы ынтымақтастықты дамытып, экономиканың барлық
секторына «жасыл» инвестициялар мен технологияларды тартуға серпіліс береді.
Ауа сапасын жақсарту, құрғақшылыққа, жердің тозуына қарсы күрес және
топырақтың құнарлылығын арттыру, аквадақылдарды дамыту мен балық ресурстарын
дамыту сияқты мәселелерге жаңа екпін түсіретіні сөзсіз. Осы ретте тұжырымдама
«Агробизнес – 2020» бағдарламасымен де сабақтасатынын байқау қиын емес. Тағы да
айтсақ, су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама әзірлеу жоспары да аталмыш тұжырымдаманы басшылыққа алатыны анық.
Соңғы екі жылда елімізде «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты 25 пилоттық жоба
іске асып, өз нәтижелерін беріп үлгерді. 2013-2014 жылдары жаңаратын энергия көздеріне
бағытталған тағы 20 жоба жүзеге асады. Осылайша елімізде энергияның аталған түрінің
үлесі 1000 мВт-қа жетеді. Ал 2020 жылға дейін жасыл энергетиканың көлемін 13 пайызға
дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Атап өту керек, жобалардың басым бөлігі жеке
инвесторлардың қаражаты есебінен іске асады. «Ерейментауда желден қуат алатын
парктің» құрылысы басталады. Бұл жоба «ЭКСПО – 2017» көрмесінде барлық
нысандарды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Ал оның қуаттылығы – 45 мВт.
«Жасыл экономика» бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны
дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды
үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Жаңа экономиканың
стратегиясы
табиғи технологиялардың
дамуына
инвестицияларды тартып,
ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың
жарқын болашағы бар. Демек, Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-17 халықаралық
көрмесінде «жасыл экономика» негізінде жасалған, болашақтың балама энергия көздеріне
арналған ірі жобаларымыз бен ұсынатын қомақты дүниелеріміздің қатары көбейе бермек.
Мұндай жұмыстар келер ұрпақтың денсаулығына зиян келтірмей, өмір сүру қабілеттілігін
арттыра береді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі
тұжырымдама туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 577 Жарлығы
2. ҚР Президентінің баспасөз қызметінің мәлімдемесі. Париж, 22 қараша, 2012
жыл.
3. Навстречу «зеленой» экономике: пути к устойчивому
развитию и искоренению
бедности // Обобщающий доклад для представителей властных структур. ЮНЕП, 2011. —
52с. Пікірлер
41
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
«Жасыл экономикаға» көшудің тиімділігі
Тлеубекова А.Д.
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
atleubekova@mail.ru
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл
елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл
сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар
ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық
таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп
есептейді. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен
қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін
өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші
кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған ресурстарды үнемді тұтынуға және
сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады: бірінші кезең - 2013–2020
жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі
арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру; екінші кезең - 2020–2030 жж. –
табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын
энергетиканы енгізу; үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында
негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші
өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.
«Жасыл экономика – Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес
және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қорларын тиімді және рационалды
қолдану арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика.
Электр және жылу энергиясының генерациясы, газ өндіру, су ресурстарын пайдалану,
ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнеркәсіп қалдықтарын басқару мен тұтыну, көлік
және жол инфрақұрылымы жасыл экономиканың негізгі секторлары болып саналады.
Қазақстан күн және жел энергетикасын дамытуға қолайлы елдердің бірі болып
табылады. Жел энергетикасының тиімділі еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда екі
есе тиімді. Күн энергетикасы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен теңдесе алады.
Жасыл экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. Халықаралық сараптама
бойынша, жасыл жобаларға салынған инвестицияның 2/3-і өзін-өзі ақтаса, 1/3-і бес жыл
көлемінде шығынсыз деңгейге қол жеткізеді. Энергия тиімділігінің артуына қарай
инвестицияның тиімділігі 50 пайызды құрайды, оның өзін-өзі ақтау мерзімі екі жылға
созылады. «Жасыл» экономикаға салынған инвестиция активтердің жылдам өсіп келе
жатқан санатына кіреді. Мысалы, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған
халықаралық инвестициялар көлемі жағынан қазба байлықтары инвестицияларының
көлеміне жақындайды.
Табиғи кеніш көздері сарқылып, қоршаған ортаның ластануынан адам
денсаулығының нашарлауы күрт өсті. Бүкіл әлемдік қауымдастық осыған алаңдаулы.
Жасыл экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту
арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп
тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Жаңа экономиканың стратегиясы
табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, ел экономикасын жаңа
белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар.
«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және
ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық
прогреске және экологиялық жақсартуға жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз
етеді:
•
ішкі жалпы өнімнің өсімі;
•
елдің табыстарын ұлғайту;