46
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне
паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің
даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу –
өте
зор
құрмет.
Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек.
Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін
қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде
бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы
энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы
дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су,
ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын
төмендету
мәселелерін
терең
қозғайтын
өте
ауқымды
түсінік.
Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын
ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны
жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал
әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне,
сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті
түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды
толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең
ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп
отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа
мемлекеттерінің
көбісі
қолдау
білдіруде.
Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын
пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін
ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның
сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу
құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы
энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы
мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.
[2].
"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және
келешекке көзқарас «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың
энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін
дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау
тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен
жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу
экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге
септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі —
еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы
энергия
көздерін
пайдалану жөніндегі
шараларды
дәйекті
түрде
қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы. ЭКСПО дегеніміз не?
[3]. Оның бізге берер пайдасы қандай? Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық,
әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
Қоғамның
энергия
көздеріне
қол жеткізуі
олардың
әлеуметтiк,
экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде
анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен
байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды
тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады. «Жасыл»
экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын
сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды
қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта
сарқылуға ұшыраған (пайдалы
қазбалар —
мұнай, газ) ресурстарды үнемді
тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл
экономиканың негізінде — таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың
47
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде
өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік
береді. «Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып
келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте
экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: ішкі жалпы
өнімнің өсімі, елдің табыстарын ұлғайту, елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта
отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру. Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу
климаттың
өзгеруі,
пайдалы
қазбалардың
сарқылуы және су ресурстарының
тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді. «Жасыл» экономиканы
дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына
құралдарды инвестициялауды жоспарлайды: ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығы, энергетика, балық аулау, орман шаруашылығы өнеркәсіп,
туризм, көлік, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, су қорларын басқару [4].
Сонымен қатар «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары айқындалды:
Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Мұнда пайдалы қазбаларды ары
қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары
өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ — бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық
қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде
сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның
жақсы экожүйеге,
жер
қыртысына және орманға ие болуы
айғағы басқа елдер
алдындағы өзінің ,ұстанымын айтарлықтай арттырады. Екінші бағыт — тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Бұл қалалық тұрғын үй қорының
маңызды бөлігі
кеңестік
дәуірден
кейінгі
уақытта
салынғандықтан,
тұрғын үй кешендерінің
көпшілігі
тиімсіз
жылу
изоляциялық
құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды
жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету
аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын
энергия
сервистік
компаниялары
әрекет
етеді.
Үшінші
бағыт —
ауыл
шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бірінші кезекте бағыттың аталмыш
түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден)
бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз
ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл
шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді
жоспарлайды:
жердің
құнарлылығын басқару,
суды
тиімді
пайдалану,
өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару, фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт — қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару
мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір
болып
жатқанға бақылаудың
жоқтығын жиі кездестіресіз. .
Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі
ретінде пайдалану ұсынылған. Бесінші бағыт — су қорларын басқару жүйелерін
жетілдіру. Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің
шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді
пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді. Алтыншы бағыт —
«таза»
көлікті
дамыту.
Қазақстандағы тасымалдардың
көпшілігі
дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин
(дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары
шығарындыларына жағдай жасайды. Жетінші бағыт — экожүйелерді сақтау және тиімді
басқару.
Осы
бағыттағы қызмет
басты
түрде
біздің
елдің
бірегей
табиғат байлығын сақтауға бағытталған. Жалпы алғанда, «Жасыл» экономика —
Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттеме¬лерге сәйкес және болашақ ұрпақтың
мүддесі үшін табиғи шикізат қор¬ларын тиімді және рационалды қолдану арқылы
тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика. Электр және жылу