Тест тапсырмасы
1. Келетiн және үйдегi жағдайдағы науқастарға медициналық көмек көрсетуге тағайындалған
қалалық көп профильдi немесе мамандандырылған медициналық мекеме-бұл:
а)емханалар
б)амбулаториялар диспансерлер
в)медико-санитарлық бөлiм
г)жедел медициналық көмек көрсету станциясы
д)ауруханалар
2. Ауылдық жерде халыққа ауруханадан тыс көмек көрсетуге тағайындалған медициналық мекеме-
бұл:
а)емханалар, диспансерлер
б)амбулаториялар
в)медико-санитарлық бөлiм
г)жедел медициналық көмек көрсету станциясы
д)ауруханалар
3.Науқастарды емдеу үшiн табиғаттың емдiк факторларын, өсiмдiктермен емдеудi, емдiк дене
шынықтыруды қолданылатын медициналық мекемелер-бұл:
а)сауықтыру орны
б)әйелдер консультациясы
в)санатория,профилактория,балаларға арналған демалыс лагерi
г)клиника
д)госпиталь
4. Науқас жедел медициналық көмек көрсету машинасымен аурухананың қабылдау бөлiмiне алып
келiнген-бұл:
а)жоспарлы ауруханаға жатқызу
б)жедел ауруханаға жатқызу
в)ауруханаға " өз бетiмен келген"
г)емханаға қаралу
д)диспансерлеу
5.Ойылудың пайда болуының алғашқы кезеңiнде не жүргiзу қажет?
a)барлық алдын-алу шараларын күшейту
б )хирургиялық ем қолдану
в)майлы таңғыштарды тағайындау
г)сеппелердi қолдану
д)инъекцияларды тағайындау
6. Науқас амалсыз ұзақ уақыт отыру қалпында болғанда:
a)жауырын, өкше аймақтарында, шонданайлық бұдырда, тiзе асты шұңқырында ойылу
пайда
болады
б)ойылу пайда болмайды, отырған қалыпта болғандықтан сүйектiң шығыңқы жерi мен
матрастың
арасында үлкен терi астының майлы клетчаткалар қабаты және бұлшық ет ұлпаларының
амортизациялық қызметiн атқарады
в)ойылу дамымайды, ол тек науқастар бiр қырымен жатқан қалпында болғандықтан пайда
болады
г)ойылу дамымайды, ол тек науқастар арқасымен жатқан қалпында болғандықтан пайда
болады
д)ойылу дамымайды, ол тек науқастар iшiмен жатқан қалпында болғандықтан пайда
болады
7. Ойылудың пайда болу себебі:
a)емдi дәрiгердiң дұрыс белгiлемегенi
б)науқасқа күтiмнiң жеткiлiксiз болғаны
в)науқастың аурухана ережесiн сақтамағаны
г)науқастың дұрыс тамақтанбағаны
д)жоғарыда аталғанның ешқайсысы емес
болуы
8.Функционалдық кереуеттi қолдану көрсетілімдері:
a)науқасқа ең пайдалы және ыңғайлы қалыпты беруге жағдай жасалады
б)жылдам және жеңiл жылжытылады
в)медициналық қызметкерлердiң науқасты емдеу және күту қызметтерiн орындауы
жеңiлдетiледi
г)жауаптар дұрыс
д)жауаптар жеткіліксіз
9.Стационар жағдайында гигиеналық ваннаны қабылдау реттiлiгi:
a)күнде
б)аптасына 2 рет
в)7-10 күнде 1 рет
г)10-15 күнде 1 рет
д)айына 2 рет
10. Дәрi - дәрмектердi сейфте кiлттеп сақтағанда топ бойынша оларды орналастыру ережесi сақтала
ма:"А " тiзiмi ( улы және есiрткелi ), "Б "(қатты әсер етушi):
a)сақталады
б)сақталмайды
11. Медициналық мекемеде "А" және "Б" тобы тiзiмi бойынша дәрi - дәрмектердi сақтайтын
сейфтiң кiлтi сақталады:
a)бөлiм меңгерушесiнде
б)аға мейiрбикеде
в)егу кабинетiнiң мейiрбикесiнде
г)палаталық мейiрбикеде
д)медициналық мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған адамда
12. Медициналық мекеме бойынша есiрткелiк дәрi - дәрмектер сақталады:
a)бөлiмде жауып бекiтiлген шкафта "сыртқа" деген белгiмен
б)бөлiмде жауып бекiтiлген шкафта"iшке"деген белгiмен
в)бөлiмде жауып бекiтiлген шкафта "парентеральдық" деген белгiмен
г)бөлек оңашаланған жауып бекiтiлген бөлмеде сейфте
д)мейiргер постында жауып бекiтiлген шкафта "парентеральдық" деген белгiмен
13. Әйелдер жыныс мүшелерi ауруларын емдегенде дәрi - дәрмектер қандай түрде қынапқа
енгiзiледi:
a)шариктер, мақта -дәке тампондары
б)ұнтақтар, сеппелер
в)жағуға және бүркiп жууға арналған ерiтiндiлер
г)барлық аталғандар дұрыс
д)барлық аталғандар дұрыс емес
14. Тiк iшек арқылы дәрi енгiзудiң артықшылығы:
a)жылдам сорылуы және дозасы туп - тура
б)дәрiге асқорту ферменттерiнiң әсерi тимейдi, бауырдан аса түседi
в)дәрiнi енгiзу мүмкiншiлiгi болады өңештiң өтпеуiнде, жұтынудың бұзылуында, ес түссiз
жағдайда, психикалық ауруларда
г)барлық аталғандар дұрыс
д)барлық аталғандар дұрыс емес
15. Егу кабинетiнiң медициналық шкафында қандай дәрi - дәрмектер сақталады:
a)сыртқа қолдану үшiн
б)iшке қолдану үшiн
в)майлар мен пасталар
г)табилеткалар және тамшылар
д)(т/i, т/а, б/е, к/т.)енгiзуге арналған дәрi дәрiмектер
16. Дәрiханда даярланған iшке қолдану арналған дәрiлiк түр қандай түстi этикеткада болады:
a)ақ
б)көгiлдiр, көк
в)сары
г)жасыл
д)қызыл
17. Асқа дейiн деп белгiленген дәрi - дәрмектердi науқасқа қабылдайды:
a)асқа дейiн 15-30 мин
б)асқа дейiн 35-40 мин
в)асқа дейiн 45-50 мин
г)асқа дейiн 60 мин
д)асқа дейiн 30-60 мин
18. Инъекциялық ине - қуысты жiңiшке металды түтiк тот алмайтын болаттан жасалған, бiр шетi
қисық кесiлген үшкiрлi , ал басқа шетiне канюля бекiтiлген, шприцтiң ине астындағы конусына
киiледi:
a)дұрыс
б)дұрыс емес
19. Терi iшiне иньекция қою үшiн иненiң ұзындығын таңдаңыз:
a)Ұзындығы -20 мм кесiлген жерi 0,4 мм
б)ұзындығы-60 мм кесiлген жерi 0,8 мм
в)ұзындығы -15 мм кесiлген жерi 0,4 мм
г)ұзындығы-40 мм кесiлген жерi 0,8 мм
д)ұзындығы-50 мм кесiлген жерi 0,9 мм
20. Асептика ережесiн сақтау мақсатымен иньекция қою үшiн қолданылады:
a)3 ине
б)1 ине
в)2 ине
г)4 ине
д)5 ине
21. Бұлшық етке иньекция жасайтын жерлердi көрсетiңiз:
a)бiлiектiң iшкi бетi,үштiң ортаңғы бөлiгi, иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
(БЦЖ)
б)иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi, санның алдыңғы - сыртқы бетi үштiң ортаңғы
бөлiгi
,iшперде қабырғасының алдыңғы -қыр бетiне, жауырын асты аймағына.
в)бөксенiң жоғарғы сыртқы квадранты, санның алдындағы сыртқы бетiнiң үштiң ортаңғы
бөлiгi,
иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
г)шынтақ иiсi бiлек, қол, аяқ, беткейлiк көк тамырларына, бассүйек күмбезiнiң беткеәйлiк
көк
тамырларына ( балаларға)
д)бассүйек күмбезiнiң беткеәйлiк көк тамырларына ( балаларға)
22. Терi iшiне иньекция жасайтын жерлердi көрсетiңiз:
a)бiлектiң iшкi бетi, үштiң ортаңғы бөлiгi иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi (БЦЖ)
б)иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi, санның алдыңғы - сыртқы бетi үштiң ортаңғы
бөлiгi,
iшперде қабырғасының алдыңғы - қыр бетiне, жауырын асты аймағына
в)бөксенiң жоғарғы сыртқы квадранты, санның алдыңғы сыртқы бетiнiң үштiң ортаңғы
бөлiгi,
иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
г)шынтақ иiсi бiлек, қол, аяқ, беткейлiк көк тамырларына ,бассүйек күмбезiнiң беткейлiк
көк
тамырларына (балаларға )
д)бассүйек күмбезiнiң беткеәйлiк көк тамырларына ( балаларға)
23. Терi астына иньекция жасайтын жерлердi көрсетiңiз:
a)бiлектiң iшкi бетi, үштiң ортаңғы бөлiгi: иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi (БЦЖ)
б)иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi, санның алдыңғы - сыртқы бетi үштiң ортаңғы
бөлiгi,
iш перде қабырғасының алдыңғы - қыр бетiне, жауырын асты аймағына
в)бөксенiң жоғарғы сыртқы квадранты, санның сыртқы бетiнiң үштiң ортаңғы бөлiгi,
иықтың
сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
г)шынтақ иiсi, бiлек, қол,аяқ, беткейлiк көк тамырларына бассүйек күмбезiнiң беткейлiккөк
тамырларына (балаларға )
д)бассүйек күмбезiнiң беткейлiк көк тамырларына ( балаларға)
24. Көк тамырға иньекция жасайтын жерлердi көрсетiңiз:
a)бiлектiң iшкi бетi, үштiң ортаңғы бөлiгi : иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
(БЦЖ)
б)иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi , санның алдыңғы - сыртқы бетi үштiң ортаңғы
бөлiгi ,
iшперде қабырғасының алдыңғы -қыр бетiне, жауырын асты аймағына
в)бөксенiң жоғарғы сыртқы квадранты ,санның сыртқы бетiнiң үштiң ортаңғы бөлiгi,
иықтың
сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
г)шынтақ иiсi, бiлек, қол,аяқ, беткейлiк көк тамырларына, бассүйек күмбезiнiң беткейлiк
көк
тамырына (балаларға)
д)иықтың сыртқы бетi үштiң жоғарғы бөлiгi
25. Иньекция жасайтын жердi тазарту үшiн қанша залалсыздандырылған мақта шариктерi
қолданылады:
a) 4 мақта шариктерi
б) 2 мақта шариктерi
в) 3 мақта шариктерi
г) 1 мақта шариктерi
д) 5 мақта шариктерi
26. Тамырдың қалыпты соғуы болады
a)тамыр соғу толқыны аралығы бiрдей болғанда
б)тамыр соғу толқыны аралығы әртүрлi болғанда
27. Тамыр соғуды зерттеу мәлiметтерi күнделiктi екi әдiспен белгiленген: медициналық құжатта
сандық және қызу парағында "П" белгісіне қызыл түспен графикалық сызба түрiнде.
a)ия
б)жоқ
28. Қызу парағында 100-ге дейiн тамыр соғуды бөлу белгiсi тең:
a)2,0
б)0,5
в)2,0, 4,0
г)5,0
д)0,1
29. Кәржiлiк артериясынан тамыр соғуын зерттегенде қажет:
a)науқасты тыныштандырып, оған ыңғайлы жағдай жасауды
б)оң қолыңызбен науқастың қолын кәржiлiк бiлезiк буын аймағын ұстап, оның 1-шi
саусағын бiлектiң сыртқы бетiнде, ал II-III-IV саусақтары кәржiлiк артериясының астында
болуы керек
в)артерияны сипалап тауып кәржiлiк сүйегiне қысып ұстап және оның жиiлiгiн, ырғағын,
толысуын және кернеу күшiн анықтайды
г)барлық жауаптары дұрыс
д)жауабы толық емес
30. Артериялық қан қысым байланысты: жүректiң жиырылу күшiмен, артериялық жүйеге қанның
келуiмен, перифериялық қан тамырларының қарсыласуымен, қабырғаларының иiлiмдiлуiмен,
қанның тұрақтылығымен:
a)аталған себептермен байланысты емес
б)ия, байланысты
30.Систолдық қан қысымы дегенiмiз:
a)қарыншалардың систоласынан кейiн тамыр соғу толқынының максимальды көтерiлу
кезiндегi артериядағы қан қысым
б)артериялық қан тамырларында диастолада ұсталатын артериалды қан қысымы
31.Диастолдық қан қысымы дегенiмiз:
a)тамыр соғу толқының максимальды көтерiлу кезiндегi артериядағы қан қысым
б)артериялық қан тамырларында диастолада ұсталатын артериалды қан қысым
32.Пульстiк қан қысым көрсетедi:
a)систолдық және диастолдық қан қысымдары арасындағы айырмашылықты
б)қан қысымын және тамыр соғу жиiлiгiнiң бiр уақытта тiркелуi
в)кәржiлiк артериясындағы тамыр соғу толқынына пайда болғанда болатын манжеттегi
қанның деңгейi
г)сан артериясындағы тамыр соғу толқынына пайда болғанда болатын манжеттегi қанның
деңгейi
д)тiзе артериясындағы тамыр соғу толқынына пайда болғанда болатын манжеттегi қанның
деңгейi
32. 1 минут iшiнде дем алу қозғалысының санын анықтағанда не істеу қажет:
a)сырқатты жатқызу және оның көңiлiн аудару
б)науқастың кәржiлiк артериясынан тамыр соғуды санағандай қолын ұстау
в)кеуде торына екiншi қолды қойып, 1 минут iшiнде дем алу және дем шығаруын санау,
оның қорытындысын жазу
г)барлық жауаптары дұрыс
д)жауаптар дұрыс емес
33.Денi сау ересек адамның қалыпты жағдайдағы қан қысымының көрсетiлiмiн таңдаңыз:
a)140/90 мм с.б. 90/60 мм с.б.
б)140/100 мм с.б. 100/70 мм с.б.
в)150/105 мм с.б. 110/75 мм с.б.
г)110/70 мм с.б. 120/80 мм с.б.
д)160/1100 мм с.б. 180/120 мм с.б.
34.Қан қысымының жоғарылауы қалай аталады:
a)гипертензия
б)атония
в)гипотония
г)асистолия
д)аритмия
35.Қан қысымының төмендеуi қалай аталады:
a)гипертония
б)атония
в)гипотензия
г)асистолия
д)аритмия
36.Қан қысымын өлшеу үшiн қандай құрал қажет болады:
a)секундомер
б)Бобров аппараты
в)тонометр және фонендоскоп
г)осциллограф
д)электрокардиограф
37.Аталған факторлар: физикалық күйзелiс, эмоциональды және психикалық қозу, қан
тамырларының қабырғасының өзгеруi, қан тамырлары диаметрiнiң азаюы, стресс, қан қысымын
жоғарлатады немесе төмендетедi:
a)қан қысымын жоғарылатады
б)қан қысымын төмендетедi
38.Аталған факторлар: ұйқы, демалыс, тыныштық, жүректiң жұмысының төмендеуi, артериялық қан
тамырларының диаметрiнiң көбеюi, қан тамырларының қабырғасының қарсыласуының өзгеруi,
тұнжырау, көңiлсiздiк, өмiрге деген құштарлықтың төмендеуi, қан қысымын жоғарлатады немесе
төмендетедi:
a)қан қысымын жоғарылатады
б)қан қысымын төмендетедi
39.Қызу парағындағы қан қысымының бөлу бағасы неге тең:
a)2
б)4
в)0,2
г)5
д)1
40.Күнделiктi берiлген қан қысымының өлшемi медициналық құжаттарға сандық әдiспен және қызу
парағында қан қысымы графасында белгiленедi (АД- қан қысымы):
a)жауабы дұрыс
б)жауабы дұрыс емес
41.Қан қысымының нақты өлшемi бiлектiң, бұлшық еттiң көлемi мен манжеттiң дұрыс қойылуы
жағдайына байланысты ма ?
a)ия
б)жоқ
42.1 минут iшiнде демалу қозғалысы санының жиiленуi қалай аталады:
a)брадиопноэ
б)апноэ
в)тахикардия
г)браикардия
д)тахипноэ
43.1 минут iшiнде демалу қозғалысының азаюы қалай аталады:
a)брадипноэ
б)апноэ
в)тахикардия
г)брадикардия
д)тахипноэ
44.Дем алудың тоқталып қалуы қалай аталады:
a)брадипноэ
б)апноэ
в)тахикардия
г)брадикардия
д)тахипноэ
45.Физиологиялық дем алудың келесi түрлерi болады:
a)кеудемен
б)iшпен
в)аралас
г)жауаптары дұрыс
д)жауаптары дұрыс емес
46.Тыныштық жағдайда дем алу тереңдiгi дем алу және дем шығару мөлшерi бойынша анықтала ма
a)ия, анықталады
б)жоқ, анықталмайды
47.Дем алу қозғалысының жиiлiгi - бұл:
a)1 минуттағы демалыс қозғалысының саны
б)тамыр соғу толқынында пайда болатын қанның саны
в)дұрыс бiркелкi тамыр соғу толқыны
г)1 минут iшiндегi тамыр соғу толқынының саны
д)5 минут iшiндегi тамыр соғу толқынының саны
48.Денi сау адам қалыпты жағдайда 1 минут iшiндегi қанша рет дем алады:
a) минутына 60-80
б) минутына 10-15
в) минутына 16-20
г) минутына 24-30
д) минутына 12-16
49.Патологиялық дем алу түрлерi: Куссмауль, Биот, Чейн-Стокс және Грокко дем алу, онда 1
минутта дем алу қозғалысының жиiлiгiнiң ырғағы және тереңдiгi бұзылуы дұрыс көрсетiлген бе?:
a)ия, дұрыс
б)жоқ, дұрыс емес
50. Фебрильдi қызбаға тән қызуды белгiлеңiз:
a)41~°С- дан жоғары
б)38,0-39,0~°С
в)39,0-40,0~°С
г)37,0-38,0~°С
д)36,0-37,0~°С
Достарыңызбен бөлісу: |