38
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
среда // Матер.междунар. науч. конф. «Российского общества экологической экономики».
– СПб: СПБГУ, 2005. – С.34-36
6 Закон РК. Об энергосбережении: принят 25 декабря 1997 года
7 Закон РК. О поддержке использования возобновляемых источников энергии:
принят 4 июля 2009 года
8 Васен Н.В., Зерчанинова И.Л., Каргиев В.М., Новиков А.М. Зеленые сертификаты
в России // Энергия: экономика, техника, экология. – 2005 – № 2. – С.78-84.
«Жасыл экономика»: теориялық аспектілері мен мәселелері
Темирбекова Э.Т., Шайхыслам Б.К.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
E-mail:
elya_81@mail.ru
,
bakzhan.sh@mail.ru
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл
елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл
сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар
ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық
таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын.
«Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-
ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге
қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі
уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді
тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.
Мамандардың
айтуы
бойынша
«жасыл»
экономиканы
дамыту,
көптеген
постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің
елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы
жарлығымен Қазақстан
Республикасының
«жасыл
экономикаға»
көшу
тұжырымдамасы бекітілді [1]. Осыған байланысты «Жасыл экономикаға» көшу
жөніндегі тұжырымдама үш кезеңмен іске асырылады:
-
бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және
табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды
құру;
-
екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары
технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
-
үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи
қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция»
қағидаттарына ауысуы.
«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:
-
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.Пайдалы қазбаларды ары
қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары
өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық
қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде
сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы
экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің
ұстанымын айтарлықтай арттырады.
-
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта
салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық
39
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды
жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету
аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын
энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.
-
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы.
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық
тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық
өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды
пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи
қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару
мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір
болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға
байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану
ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және
балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.
-
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру. Су адамзаттың өмір
сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы
болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие
болатын мәселе болып қала береді.
-
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту. Қазақстандағы тасымалдардың
көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі
бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының
жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.
-
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Осы бағыттағы
қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.
Заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға
соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Бұл жолдан
өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы –
«жасыл экономиканы» дамытудың маңызы зор.
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның
елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның
астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас
ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру
қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе,
біздің бәсекелесіміз Бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің
ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты
тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық
көрмесінің
тақырыбы
ретінде
қолдау
тапты
[2].
Қазақстан
тарапынан
барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты
тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең
алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы
өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып
табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі
негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз
ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден,
Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық
ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін
пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика
құру бағытын ұстанғандығы.
Қазақстанда балама энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары екені даусыз.
Мамандар еліміздің гидроэнергия, жел және күн энергиясынан алынатын қуат көзінің
ресурстық әлеуеті 1 трлн. кВт/сағатқа тең келетінін алға тартуда. Ақиқат айтсақ,
Қазақстанда жел энергиясының қуаты ешқашан сарқылмайды. Бұл ретте Жоңғар