Астана қаласы Білім басқармасы


Педагогикалық-психологиялық, профилактикалық консилиумдарға педагог-психологтың ұсынбалары Форма №12



жүктеу 1,07 Mb.
бет2/9
Дата10.12.2017
өлшемі1,07 Mb.
#3750
1   2   3   4   5   6   7   8   9

21.Педагогикалық-психологиялық, профилактикалық консилиумдарға педагог-психологтың ұсынбалары Форма №12

22.Қолданатын диагностикалық әдістемелерді тіркеу формасы Форма №13



ҚОСЫМША 1

Бекітемін

МГ директоры



_______ «____»_____20 ж

Білім беру мекемелері психологтарының лауазымдық нұсқаулығы

Жалпы ережелер

    1. Осы қызметтік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына  негізделіп дайындалған


    1. Психологты қызметке білім беру мекемесінің директоры тағайындайды және қызметтен босатады.

    2. Педагог-психологтың "Психология" мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе

арнайы факультетте қосымша «Практикалық психология" мамандығы бойынша алған педагогикалық білімі болуы тиіс.

    1. Мектептің ерекшелігіне байланысты психолог білім беру мекемесінің директорына немесе директордың орынбасарына бағынады.

    2. Өз жұмысында педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарын, ҚР Үкіметінің оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу шешімдерін; еңбек қауіпсіздік нормалары мен ережелерін, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін, сонымен қатар, мектептің Жарғысы мен локальды нормативтік актілерді, (соның ішінде еңбек шарттары бойынша ішкі Ережелер, директордың бұйрықтары мен шешімдері және осы қызметтік нұсқаулықты), еңбек келісім шартын (контракт) басшылыққа алады. Психолог бала құқығы туралы Конвенция талаптарын сақтайды.

1.6. Педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конститциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңды, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік  және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын, педагогика және психология негіздерін білуі тиіс.
2. Педагог-психологтың функционалдық міндеттері

2.1. Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде білім алушылардың психикалық, соматикалық саулығын және әлеуметтік- психологиялық жайлылықты сақтауға бағытталған кәсіби іс -әрекетті жүзеге асыру;

2.2. Бала құқығы туралы Конвенцияға сай тұлға құқығын қорғауға ықпал ету.
3. Лауазымдық міндеттері

3.1.Білім алушылардың тұлғалық дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әр түрлі психологиялық көмектер (психотүзету, оқшаулау және кеңестік) көрсету бойынша шара қолданады



3.2. Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;

3.3.Білім алушылардың оқу-мотивациялық деңгейі, тұлғалық,эмоционалдық

-еріктік сферасындағы ерекшеліктерін анықтау мақсатында психологиялық диагностика жүргізеді;

3.4. Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асырады;

3.5.Өзінің құзыреттілік деңгейінде ата-аналарға (олардың орынын алмастыратын тұлғаларға) және білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларға кеңестік көмек көрсетеді;

3.6.Білім алушылардың болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді;

3.7. Белгіленген түрде құжаттарды жүргізеді және орынды пайдаланды;

3.8. Білім беру әрекетінде білім алушылардың жас және тұлғалық

Ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктері ескерілген дамыту- түзету бағдарламаларын жасауға және жоспарлауға қатысады;

3.9. Дарынды және үлгермейтін білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, ізденуіне ықпал етеді;

3.10. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ықтимал топтағылар,суицидке бетбұрысы бар профилактикалық есепте тұрған балаларды алдын алу жұмыстарымен қамтамасыз етеді;

3.11.Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру үшін психологиялық ағарту жұмыстарын жүзеге асырады;

3.12. 1-5-10-сынып оқушыларының психологиялық бейімделуін қамтамасыз етеді және психологиялық-педагогикалық консилиум өткізіп талдау жасайды;

3.13.11-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға дайындауда психологиялық сүйемелдеу жасайды;

3.14.Психологиялық-педагогикалық диагностика негізінде бейіндік сыныптарды жинақтауға қатысады.


4. Педагог-психологтың құқықтары

4.1.Білім алушылармен жұмыс жасау әдістерін, әдістемелерін, оқу құралдары мен материалдарын өздігінен таңдауға және қолдануға;

4.2. Педагогикалық кеңес жұмысына қатысуға;

4.3.Кәсіби ар-ожданы мен абыройын қорғауға;

4.4.Психолог жұмысын бағалаған шағымдар және өзге де құжаттармен танысуға, оларға түсініктеме беруге;

4.5. Кәсіби біліктілігін арттыруға;

4.6.Тәжірибе алмасу мақсатымен кәсіби байланысты үнемі қолдауға;

4.7.Сәйкес келетін біліктілік санатына өз еркімен аттестациялануға және аттестациядан сәтті өткен жағдайда оны алуға;

4.8.Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тартуға.


5. Педагог-психологтың жауапкершілігі

5.1.Білім беру мекемесінің Жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы Нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, сондай-ақ берілген құқықтарын пайдаланбағаны үшін педагог-психолог айқындалған еңбек заңнамасы тәртібімен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.2. Білім алушы тұлғаға қарсы физикалық және (немесе) психикалық

зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдісі қолданылған жағдайда, бір рет болса да, сондай-ақ басқа да моральға сыйымсыз жат қылықтар жасағаны үшін еңбек заңнамаларына, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог-психолог қызметінен босатылуы мүмкін. Аталған жат қылыққа байланысты жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасына жатпайды.

5.3.Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өрт қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзғаны үшін педагог-психолог әкімшілік заңнамада көзделген жағдайларда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.4.Өзінің лауазымдық міндеттерін орындауымен (орындамаумен) байланысты білім беру мекемесіне немесе білім беру үдерісіне қатысушыларға залал келтіргені үшін педагог-психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіппен және шектелулерде материалдық жауапкершілікті мойнына алады.




  1. Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас.

6.1.Педагог-психолог директордың бекітуімен жасалған 40-сағаттық жұмыс аптасы кестесіне сүйене отырып жұмыс істейді.Жекеше және топтық жұмыстарға дайындыққа,алынған деректерді өңдеуге,талдауға,қорытындылауға

және есеп беру құжаттарын толтыруға, сондай-ақ кәсіби құзыреттілігін арттыруға жұмсалатын аптаның 12 сағатын құрайтын уақытта психологтың міндетті түрде білім беру мекемесінде болуы талап етілмейді;

6.2. Өз жұмысын әр оқу жылына жоспарлайды.Жұмыс жоспары жоспарлаған кезеңнің басталуынан бес күннен әрі аспайтын мерзімде директормен бекітіледі;

6.3. Жұмысы туралы бес жазба парақтан аспайтын көлемдегі жазбаша есепті оқу жылы аяқталғанға дейін 10 күн ішінде директорға тапсырады;

6.4. Білім беру мекемесі басшысынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпарат алады, сәйкес түрдегі іс-құжаттармен танысқанын растап, қол қояды;

6.5. Кәсіби іс-әрекетіне сәйкес іс-құжаттар жүргізеді.

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: ___ аты-жөні толығымен (қолы)

Күні: «______» 20_____ ж.





ҚОСЫМША 2
Психологиялық қызмет құжаттары

Форма № 1

Перспективтік (жылдық) жоспарлау

Жылдық жоспар – білім беру мекемелеріндегі психологтың оқу жылындағы кәсіби қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын басты құжат.Психологтың жұмысын жоспарлауы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттеріне және өзі қызмет атқаратын білім беру мекемесі әкімшілігінің сұраныстарына негізделеді. Жоспарды құруда ҚР Конститутциясы, ҚР «Білім беру туралы» Заңы, «Бала құқықтары туралы Конвенция» және ҚР БжҒМ нормативтік құжаттарына сай бала құқығының басым бағыттары мен қызығушылығы ескеріледі.

Педагог-психологтың жылдық жоспары Білім басқармасының психологиялық кабинетімен келісіліп жасалады. Жоспарды білім беру мекемесінің ( мектепт/ колледж) басшысы бекітеді.

  • Жылдық жоспарда іс -әрекет түрлері бойынша негізгі іс- шараларды бөліп көрсету схемасы ұсынылады

  • Ағартушылық жұмыстарына-әдістемелік бірлестік отырыстарын, ата -аналар жиналыстарын, семинарларды ұйымдастыру және лекциялар жүргізу жатады.

  • Сараптамалық жұмысқа- қандай да бір шешім қабылдауда жағдаятты психологиялық тұрғыдан түсіндіруді талап ететін әкімшілік жанындағы отырыстарға, комиссияларға, консилиумдарға қатысу жатады.

  • Жобалау әрекеті - психолог және мұғалімдердің бірлескен білім беру бағдарламасын жобалауы белгілі бір жас кезеңімен байланысты бала дамуына сипаттама беретін жасерекшелік -нормативтік моделі негізінде құрастырылады.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысқа келесі іс -әрекеттер жатады:

- іс -әрекетті талдау және жоспарлау;

- біліктілікті арттыру курстары;

- инструментарийге іріктеу үшін ғылыми және тәжірибелік әдебиеттерге

талдау жасау;

- дамыту және түзету бағдарламаларының әзірлемелерін жасау;

- ғылыми тәжірибелік семинарларға, конфренцияларға қатысу;

- әдістемелік бірлестік отырыстарына қатысу;

- кабинетті реттеу және т.б.

20__- 20__ оқу жылына арналған педагог-психологтың перспективтік (жылдық) жұмыс жоспары

Психологиялық қызметтің мақсаты:________________________

Контингент

Қызмет түрлері

Ұсынылатын формалар

және құралдар

Мақсаты, міндеттері


Мерзімі

Оқушылармен

1. Диагностика
















2. Жеке түзету-дамыту жұмыстары
















3. Топтық түзету-дамыту жұмыстары
















4. Кеңес беру
















5. Ағарту жұмыстары (алдын алу)



















6. Сараптамалық жұмыстар
















Педагогикалық ұжыммен жұмыс

1. Ағарту жұмыстары
















2. Сараптамалық жұмыстар
















3. Жобалау жұмыстары
















4. Диагностикалау













Ата аналармен жұмыс

1. Кеңес беру
















2. Ағартушылық жұмыстар

3. Диагностикалау













Педагог-психолог

1. Ұйымдастырылған-әдістемелік жұмыс
















2. Сараптамалық жұмыс
















3. Жобалау жұмыстары

2 форма
Айлық жұмыс жоспары

Айлық жұмыс жоспары - білім беру мекемелері жағдайындағы педагог-психологтың қызмет түрлері бойынша жұмыс көлемін нақтылайтын құжат. Психологиялық іс-шаралар бір айға жоспарланады және сол айда жүзеге асырылады.



Педагог - психологтың 20__ жылы наурыз айына арналған жұмыс жоспары ( үлгі ретінде)

Кәсіби қызметтің(іс- әрекет) түрлері


Өткізу мерзімі


Қатысушылар

(топтың жас ерекшеліктері)


Кәсіби қызметтегі

(іс -әрекеттегі) формалар және құралдар

Күтілетін нәтижелер

Бірінші сыныптардың мектепке бейімделу диагностикасы

1-10 қазан


1сынып оқушылары


Әдістемелік кешен: «Оқу әрекетін дамыту шарттары»

Балалардың мектепке бейімделу деңгейін анықтау.Тәуекел топты

анықтау.































































2А форма

Апталық жұмыс жоспары

Апталық жұмыс жоспары -әр аптада орындалатын іс- шараларды қамтиды және апта соңында келесі аптада өткізілетін іс – шаралар жоспары құрылады.

Күндер

Жоспарларған іс -шаралар

Уақыты және өткізетін орны

Ескертпелер

дүйсенбі










сейсенбі










сәрсенбі










бейсенбі










жұма










сенбі










жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау