Сыныбы: 9
Тақырыбы: Ядролық күш.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:
1.Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену деген не?
Ж: Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиоактивті элементтер деп атайды. Радиоактивті элементтердің ерекше сәуле шығаруын радиоактивті сәулелену дейді.
2.Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
Ж: Радиоактивті элементтердің шығаратын сәулесін магнит өрісінде зерттегенде, оның үш түрге жіктелетіні белгілі болды.Оларды альфа-,бета-,гамма- сәулелер дейді де, гректің әріптерімен белгілейді. Альфа- және бета- сәулелерінің магнит өрісінде қарама-қарсы бағыттарға бұрылуы, олардың оң және теріс зарядты бөлшектер екендігін аңғартты.
3.Радиоактивтік дегеніміз не?
Ж: Радиоактивті элементтер ядроларының - сәулелерін шығару құбылысын радиоактивтік деп атаймыз.
4.Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген?
Ж:Резерфорд тәжірибесіне.
5.Протонның, электронның зарядтары неге тең?
Ж: Бір элементар зарядқа тең.
6.Ядро қандай бөлшектерден тұрады?
Ж: Оң зарядты бөлшектерден протондардан тұрады.
7.Ядроның массалық сан нені білдіреді?
Ж: Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын А әріпімен белгілейді. А санын массалық сан дейді.
8.Ядроның заряд саны деген не?
Ж: Z саны, яғни элементтің реттік нөмері, сол элемент атомының ядросындағы протондардың санына тең. Ол арқылы ядроның заряды ( ) анықталады. Сондықтан Z санын заряд саны деп атайды.
9.Нуклондар, нуклидтер деп нені айтады?
Ж: Кезкелген элемент атомының ядросы екі бөлшектен: протондар мен нейтрондардан тұрады. Оларды жалпылап нуклондар деп атайды, тұтас ядроны нуклидтер деп атайды.
10.Изотоп деген не?
Ж: Бір-бірінен тек ядросындағы элемент түрлерін изотоптар деп атайды.
2-тапсырма. Сұрақтардың дұрыс жауаптарын табыңдар.
1. Ядродағы нуклондарды қандай күш ұстап тұрады?
2. Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектер қалай аталады?
3. Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске қарай жіктеліп, жолақтар немесе сызықтар түрінде көрінуін не дейді?
4. Фотон қатты дененің немесе сұйықтың бетіне соғылғанда одан электрондар босап шықса, мұндай құбылыс қалай аталады.
5. Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құрал?
6. Температурасы төмендеген сайын денелер көрінбейтін қандай сәулелер шығарады?
7. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын қандай сәулелену деп атайды?
8. Күннің зодиан шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалыс атқаратын үлкен дөңгелек?
9.Ұзақ уақыт аралығын есептеу жүйесі?
10. Галактикаларда, тұмандықтарды, жұлдыз шоғырларын, т.б. денелерді қамтитын шекарасы нақты анықталған аспан сферасының бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:
1. Ядролық
2. Протондар
3. Спектр
4. Фотоэффект
5.Фотоэлемент
6. Инфрақызыл
7. Жылулық
8. Эклиптика
9. Күнтізбе
10. Шоқжұлдыз
Достарыңызбен бөлісу: |