Дарынды балаларды оќыту мен тєрбиелеуді ±йымдастырудаѓы басты міндет-балалардыњ ќабілеттері мен таланттарын жан-жаќты аша т‰с



жүктеу 175,33 Kb.
бет1/2
Дата25.12.2017
өлшемі175,33 Kb.
#6014
  1   2

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев

атындағы №17 қазақ орта мектеп

математика пәнінің мұғалімі

Алпысбаева Айна Тореханқызы

Дарынды балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың қазіргі заманғы аспектісі

Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.


М. Жұмабаев.
Қазіргі жағдайда қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие. Орта білім алу әрбір адамға әрі қарай оқу, мамандық алу мен өмірде табысқа жету мүмкіндігін қамтамасыз етудің түбегейлі қажеттілігі болып табылады. Қазақстан болашағы өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ өзінің бүкіл өмірі бойында өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйренуі және бейімделе білуі тиіс. Бұл тұрғыда үкіметіміз білім беру ұйымдары мен оқытушыларға жаңа талаптар қойып, үлкен жауапкершілік жүктеп отырғаны белгілі.Әсіресе оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балалармен жұмыс жүргізу басты назарға алынуда.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет - балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.


Дарынды балаларды анықтау - ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Ол баланың дамуын талдаумен байланысты жүргізілетін ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты біртіндеп, сатылап анықтау қажет, оны қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Баланың дарындылығын тек бірегей көрсеткіштерге қойылған бағамен негіздеуге болмайды. Бұл тұрғыда ақыл - ой дамуының жеке деңгейін сандық көрсеткіштер-психоөлшемдік сауалнамалар көмегімен анықтаудың маңызы зор. Психоөлшемдік сауалнамаларды бала бойындағы қайсыбір дарынның байқалуы мен өзгеру қозғалыстарын зерделеуде септігін тигізеді.

Дарынды балаларды анықтауда қолданылатын әдістер:

  • Балаларды бақылаудың түрлі баламалары;

(шынайы және зертханалық жағдайда, мектептен тыс іс-әрекет барысында);

  • Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы әр түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама, балалар шығармалары, күнделік жазбалары т.б.);

  • Арнайы психодиагностикалық тренингтер;

  • Баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиелеушілер тарапынан экспертті бағалау;

  • Арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру;

  • Ұжымдық шығармашылық іс-шараларды жүргізуде балаларды басты ролдерге қатыстыру;

  • Балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер және т.б.) мамандар тарапынан сараптау;

  • Түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстар, шығармашылық байқаулар, фестивальдер т.б. ұйымдастыру;

  • Психодиагностикалық зерттеулер жүргізу.

Осы әдістер арқылы дарынды балаларды анықтауға қол жеткізуге болады. Сонда дарынды бала дегеніміз кім?

Дарынды бала – зейіндік, есте сақтау қабілеті, күш-жігері жоғары, белсенді, ой - өрісі кең, еңбексүйгіш,өзіндік идеясы бар, жаңашылдыққа құмар т.б. қасиеттерімен дараланады.

Тұлға дарындылығы өзінің құрылымдық негіздері бойынша адами қайталанбастықтың көп өлшемді, көп қырлы болады. Яғни, дарындылық өзара байланысқан үш ынталандырушылық, когнитивтік (танымдық) іс жүргізушілік толықтауыштан тұратын біртұтас сипатқа ие.



Дарындылықтың ынталандырушылық толықтауышы мынадай сипатта болады:

  • танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;

  • өз бетімен жүргізетін шығармашылық-зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;

  • қайталанбас, өзіндік қабілеттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс;

  • дарындылық мазмұнына сәйкес келетін қызметтен тұратын құндылықтар жүйесін (жеке артықшылықтар, мүдделер) құруға ұмтылу мен оған деген қажеттілік;

  • өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы;

  • болжам жасауға, еріктік ауыртпалыққа, ойларды межелеуге, зейінді жинақтауға жоғары деңгейлі дайындық.

Когнитивтік (танымдық) толықтауыш мынадай сипатта болады:

  • жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер ме

шығармашылық қабілеттердің болуы. Өз бетімен жұмыс істей алушылық,

ойлау мен кез келген мәселені шешудегі қайталанбастық;



  • жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы, жетілуге қарсы кедергілерді жеңе білу, алынатын нәтижеге көрегендік жасай алу, жеке мүдделердің ауқымдылығы, өз қызығушылық аясын құрайтын қызметтерге ынтызарлық көзқарас, олардың әлеуметтік маңызын түсіне білу, әсершілдік, сезімталдық, тынышсыздық.

Субъектінің іс жүргізушілік толықтауышының сипаттары:

-білімпаздық, жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерінің жоғары

деңгейлілігі, танымдық қажеттілігі мақсатты және саналы сипатқа ие,

зерттеліп жатқан мәселенің маңыздылығын зерделей алушылық;


  • жаңалық ашуға деген мақсаттылық, иілгіш, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой-өріс, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте жүру;

  • жеке ойлау, зерделеу, саралау стилі және жоғары жұмыс істеу қабілеттілігі, тындырымдылық, өзін-өзі шыңдау мен дәлелдеуге деген ұмтылыс, өзінің дарындылығы аясындағы қызметке толығымен берілу;

  • өз жұмысының нәтижесіне көрегендік пен болжам жасай отырып, өз ойларынан түпкі өнім жасай алушылық;

  • жоғары белсенділік, танымдық қуаныш, кенеттен келген ойға, сапалы орындалған жұмысқа қанағаттану сезімі, байқампаз, жадыдан алынған ақпаратты оңай үйлестіруі, ойлаудағы еркіндік, өз-өзіне деген сенім, ынтасы күшті, есте сақтау қабілеті жоғары, қуатты, шешім қабылдауға бейім.

Дарынды баланы әр түрлі тәсілдер арқылы таныған соң оның әрі қарай жеке даралық қасиеті мен қабілетін дамыту құзіреттілігін қалыптастыру жолға қойылады. Мұндағы құзыреттілік деген не?

Құзыреттілік-оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін

білім нәтижесі. Осыған орай дарынды балалардың құзіреттілігін қалай қалыптастыруға болады? Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзіреттіліктер түрінде берілген.

Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі:


  • түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

  • өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, ондағы жету процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға;

  • өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалауға;

  • түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;

  • қойылған міндетті орындауға технология таңдай білуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік:

  • сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

  • өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін танымдық әрекетерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;

  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, таңдауға, өңдеуге, сақтауға, интерпретациялауға және қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технологияның көмегімен жеткізуді жүзеге асыруға;

  • логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, құрылымдау, тікелей және қосымша дәлелдеу, салыстыру, модельдеу, ойша эксперимент жүргізу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік:

  • нақты өмірлік жағдаяттарда қазақ немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдануға;

  • коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль мен жанрды таңдай білуге, қолдана білуге;

  • өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;

  • өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;

  • жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Дарынды балалардың жоғарыда аталған құзіреттіліктерін қалыптастыруда оқыту үрдісінде оларға озық тапсырмалар беру, жеке жұмыстар жүргізудің маңызы зор.Соның нәтижесінде оқушының жеке сапалық қасиеттері қалыптасып,зерттеушілік, шығармашылық жұмыстармен айналысуға бейімделеді.













Мұғал
іМұғалім бұл тұрғыда жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін оқушылармен төмендегідей жұмыстар ұйымдастыру тиімді:

- оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;

- баланың әрбір пікірі мен ұсынысына назар салу,бағалау;

- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;



- ақпаратты талдауға, талқылауға, жүйелеуге, топтауға, жинақтауға үйрету;

жүктеу 175,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау