52
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
***
Сол баяғы қалпымдамын.
Қыздарындай сақтардың,
Сенен қалған көк сүңгіні,
Ту-у биікке ап бардым.
Балағыма жармасады ыржиып,
Өзің барда қарамаған бақ балғын.
Тептім бастан пенделердің ермегін.
Тырсияды, саумай жүрмін шер желін.
Көкірегімнен көктейді жыр сені ойлап,
Қаулағандай қасиетті жерге егін.
Фәни, бақи болғанменен,
Баяғыдан жақын болып арамыз.
Сенсіз маған сәл қиындау, алтыным,
Таяп қалды қызығы жоқ қара күз.
Берілмеймін мұңға, жырға, басқаға,
Өмір деген қол жетпейтін асқақ, ә.
Төбемде ұшып жүресің де қоясың,
Асыл ағзаң айналғанмен тасқа ана.
Ұмыт дейді кейбіреулер сені енді,
Дейтін шығар елге көңіл бөл енді.
Көкірегімнен итергенде көп пенде,
Сағынамын өзің жатқан төбеңді.
***
Ей, пенделер, тәж-тағыңа таласпан,
Қыңбаймын мен, төнсе дағы қара аспан.
Ардағымды мәңгі сүйсем несі мін,
Көркі менен ақылы асқан алаштан.
Менікі ол, мен өлгенше бермеймін,
Ешкімге де, көз алдымнан сөнбей күн.
Ол кетсе де мен тірімін, тірімін,
Жүрегімді мен тірідей көмбеймін.
53
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Жыр жазамын, тыңдамастар тыңдама,
Тыңдар мені таулар, көлдер, құм, дала.
Көкірегім аппақ таңдай бұлқынып,
Қараймын мен тастан құйған тұлғаңа.
Махаббатты өлтірмеңдер өтірік,
Махаббатты қорқытпаңдар жекіріп.
Мен жасыл таң, қызыл күнмін мәңгілік,
Бүркей алмас ешқашан да бетін бұлт.
Мен ешкімнен ешқашан да қорықпан,
Кезім болды зарыққан да торыққан.
Бір арыстан айбат шегіп қояды,
Ит тұмсығы өтпейтұғын қорыстан...
***
Мен жарымды сүйіп ем, ақынды емес,
Берушілер көп болды ақыл-кеңес.
Көкірегіме күз орнап ол кеткелі,
Торлап алды топырлап басымды елес.
Неге кеттің қайрылмай, сүйсең мені,
Мендік жүрек лүпілдеп бір сен деді.
Мына жұртың аузымды жабар, көкем,
Бір адамға байқаусыз күлсем менің.
Ұмыт дейді өткенді, жаңар дейді,
Жарқырасын әйелдің ажар-көркі.
Мені бейбақ қылғысы келеді олар,
Нәпсі үшін байланған базарға еркі.
Не істеу керек, кеттім мен есеңгіреп,
Міз бақпайды мүлгіген мешел жүрек.
Мені сүйер ешкім жоқ жер бетінде,
Көлеңкелер әлемін кешем жүдеп.
Қалың қалай дейтұғын бір адам жоқ,
Жалғыздықтан мен әлі құлағам жоқ.
Көкірегіме түкірсе кейбіреулер,
Жұбатады жұлдызы жылаған көк.
54
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
***
Олар менен жүрегімді сұрайды,
Сөзі болар жетер енді, өл деген.
Аппақ жүзім толған айдай шырайлы,
Баяғыда-ақ мейірімге шөлдеген.
Сүйіп, жоқтап, жек көріп һәм сүйемін,
Сен тірідей тәтті ойларға берілем.
Рас, кейде жоқтығыңа күйемін,
Шығарсам деп армандаймын сері дем.
О, қас серім, ұйықта мәңгі керіліп,
Жап-жас қалпың, қара мұртың қиылып.
Жер бетінде жүре тұрайын ерігіп,
Сен ұйықтай ғой, бұлт жамылып бұйығып.
Жүрегімді қапқан екен қармағың,
Босай алмай қойды-ау мәңгі бұлқынып.
Сенен мәңгі босау еді арманым,
Арман тозды ақ желектей жыртылып.
Жібермейді басқа ойды жан сүзгім,
Бір сызықты аттай алмай қойдым-ау.
Неге сонша қорқақпын мен, әлсізбін,
Бұл жалғанның опасына тойдым-ау.
***
Мен сенуші ем адамдарға, сенбеймін,
Өмір жойқын дарияда сеңдеймін.
Мені өшірем дегендерге өршимін,
Мен жанымды құлдануға көнбеймін!
Мені алдама, сәби емен, бала емен,
Ғұмыр кештім бітпейтұғын наламен.
Зайда кешкен қасіретке шыдамас,
Адам түгіл қара емен.
Қайта гүлдеп, қайта шешек аттым мен,
Көктемдерден мәңгі тұрақ таптым мен.
Қаншама рет қансырады жүрегім,
Табыспа деп, табыспа деп жат мұңмен.
55
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Қара көздер қадалғанмен, берілмен,
Көрім қатар жарысады төріммен.
Шөл далада шөліркеген бейбақпын,
Сүйдім өмір, тілім-тілім ерінмен.
Сүйем өмір, сені мәңгі, ғашықпын,
Жасыттың да, қаншама рет тасыттың.
Қаншама рет ант бердім мен сүймеуге,
Қаншама рет баспас жерді басыппын.
***
Сен тұрмайсың қабірімнің басында,
Мен өлемін жапа-жалғыз расында.
Қара көзім сәл ашылып жатармын,
Қап-қара ғой ақ түспеген шашым да.
Ақ жүзімде сен іздеген бір мең жоқ,
Мұңаяды жаным барып кірген көк.
Сенің жаның қарсы ала ма, білмеймін,
Ақталармын ақ адал боп жүргем деп.
Ақ жүзімді жабар мәңгі топырақ,
Білем сенсіз жаназам да оқылар.
Жаным менің жаһаннамға кетеді,
Өлсе дағы жалт етерлік оты бар.
Жалғыз бейіт, жарлы бейіт, суығы-ай,
Кетер бәрі табытыма жуымай.
Ескерткіш те қояр ешкім табылмас,
Жылдар өтер, жыл артынан туып ай.
Жүрегіңді, жүрегімді мүк басып,
О, дүниеде жүрерміз біз жұптасып.
Қатар жатпас, амалым жоқ, қос қабір,
Қос төмпешік айдалада шық басып.
Қалармын мен сені сүйген жүрекпен,
Дүниеге қарап анау түнектен.
Көне бейіт белгісі жоқ басында,
Құр аяныш тудырар-ау күні өткен.
56
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
***
Айдалада мен қалармын белгісіз,
Жастанармын, амалым не, жерді сыз.
Бір махаббат кешермін мен мәңгілік,
Тіршіліктің қызығына бергісіз.
Көзім ағып, ағзам отқа айналар,
Шашылады шөпжелке кіл Зайдалар.
Қызыл тілім құрт-құмырсқа үймелеп,
Мәңгі бақи мәңгілікке байланар.
Сілемейлеп құлағымды өрмекші,
Жатармын мен, жатармын мен көрде өксіп.
Мұның бірін сезбейтұғын адамдар,
Маңғаз басар жер бетінде өргексіп.
Қорқам жалғыз қап-қара анау түнектен.
Жер үстінен үн келеді бір өктем.
Махаббатым маңайыма жоламас,
Ажал сыйлап жүрегімді күл еткен.
Өлдім мәңгі, өлексемін, өлгенмін,
Мәңгі бақыт мені апарып көмген күн.
Қараңғыда тыпырлармын дүние-ай,
Қос шырағым мәңгілікке сөнген күн.
Махаббат та, сағыныш та, бәрі алда,
Бәрі адыра, өкініш те, жара да.
Зайда-бейіт ай астында шошайып,
Қорқыныштан дір-дір етер дала да.
Достарыңызбен бөлісу: |