97
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
пен баласы Нұрсұлтан қасірет шекті. Ауыр қаза Махамбет-Исатайды
қадір тұтқан аз ғана ағайынның арқасына батты. Абай өлген күні де,
Ахмет, Мағжан, Міржақып, Қасым өлгенде де осылай болды. Ол
кезде қазақ халқы қандай ұлынан айрылғанын пайымдай алмады.
Пушкин есіне түскенде: «Почти полтора века прошло с тех пор,
но и сейчас тяжело и горько думать о безвременном уходе нашего
гениального поэта» (Н.Раевский) деп, орыстар әлі күнге шейін қан
құсады! Жыл сайын Пушкин күндерін өткізіп, аруаққа тәу етеді.
Пушкиннің ғұмырбаянын зерттеп, өлеңдерін оқиды. Орыстың
ертеңгі күніне Пушкин көзімен ой жүгіртеді. Бүгінгі пушкинтану –
шекспиртану ғылымымен жедеқабыл болып қалды. Абайтанудың
өзін күні кеше бастаған қазақ махамбеттануға әлі тұяқ іліктіре алмай
жатыр.
Махамбеттің өлімінен кейін ақын атаулыны аруақтай сый-
лаған, аталы сөзге тоқтаған қазақ топырағында «ақын өлтіру ойы-
ны» (Жұматай Жақыпбаев) басталып кетті. Поштабайдың қам-
шысы Біржанның арқасында ойнап, Алаштың біртуары Абай
таяққа жығылды. Шәкәрім қызыл жендеттердің қолынан қаза
тапты. Мағжан «халық жауы» ретінде атылды. Қасым халық ішінде
қараусыз қалып, құрт ауруынан қыршынынан қиылды. Төлеужан
қой соңында қойшыға сөз, жылқышыға жыр болып өлді. Мұқа-
ғали замана запыранын ішіп мерт болды. Адамдық аяқтың астында
қалып, надандық осының бәріне ащы мысқылмен қарап, күліп
тұрды. Әлі де – екі езуі екі құлағында….
Ақын дегеніміз – еріккенде өлең жазып, есінегенде шарап ішетін
құбыжық пенде емес. Ел-жұртының еңірегінде етегіне толар көз
жасы, күңіренгенде көзіне көрінер қарасы еді ғой. Әр жерде тарыдай
шашылып жүрген он миллион қазақ адамзат ақыл ойының құзар
шыңына шығып, ғылыми-техникалық прогрестің құлағында ойнап
отырған бүгінгі адам баласының жыртығына жамау бола алмас.
Оған салсаң – осы он миллионнан іріктеп, таңдап алатын он шақты
Махамбеттің өзі де кемдік етпес еді. Шығысы Батыс болып кеткен
ұлы қазақ Абайдың: «Единица болмаса не болады өңкей ноль»
деген жан айқайы осыдан төркіндейді. Оны түсініп, соған тұ шынып
жатқан біз жоқ. Орыстар сорпа бетіне шығарын бесатармен жусатса,
біз жақсымызды жалмаудың қазақи амалынын өзінше бір ұлт тық
әдіс-тәсілін жасап алған жұртпыз. Оның аты –қаңқу сөз, өсек-аяң:
– Ойбай, Ақан сері перінің қызына ғашық екен! дейді. Пәледен
машайық қашып құтылды дегендей, өзінің әнін айтып, сөзін
сөйлейтін талантты да, қанатты перзенттерін ағаш аттың басына
байлап, дүниедегі пәле-жаланы соған үйеді-ай кеп! Есі дұрыс ел
өзінің марқасқа Қонаевын қаңғып келген шүрегей Колбин
мен
салыстыра ма; Алладан кейінгі ақылгөй Абайдың өзі: «Биік мансап
98
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
– биік жартас, ерінбей еңбектеп, жылан да шығады, екпіндеп
ұшып қыран да шығады» деп қақсап отырса да, отқа айдасаң, әлі
боққа қарай қашады мына жұрт: 1986 жылдың желтоқсанында ел-
жұртының намысын арқалап, көшеге шыққан ұл-қыздарымыз
күні кешегі түркі Күлтегін, бертіндегі Махамбет алдаспанының
Айға шағылысқан жарқыл-жұрқылы еді; оларға да айтпаған сөзі-
міз, жаппаған жаламыз қалды ма. Жәңгірхандық жәдігөйлік пи-
ғыл, Баймағамбеттік бодандық психология, Ықыластық ынсап сыз
надандық соңымыздан қара үзіп қалар ма екен, жоқ, әлде, салпаң-
дап еріп жүре берер ме екен?!
Махамбет марқұм бұл дүниеден озған күні не болды – бұл жөнінде
әлі құжатталған дерек жоқтың қасы. «Сол күні Ай тұтылған» дейді
біздің ғасырымыздың 60-70-80-90-шы жылдарындағы Махамбет
рухының бір жарқылы болған Тәкен Әлімқұлов! Мүмкін…
Қазір Күн тұтылып тұр!
Феодалдық-патриархалдық замандағы надандығымыз төңкеріс-
шіл-социалистік надандыққа кірігіп кетіп еді. Енді ел егемен болып,
етек-жеңімізді жиғалы төңкерісшіл-социалистік наданды
ғымыз
жабайы капитализм тұсында Махамбет-Абай рухын аяққа таптап,
базарлардың лас түкпірінде қу құлқынның жыбырлаған құрт тары-
на балапандап жатыр! Ана тіліміз – Абай тілі – өгей шешенің тілі
се кілді. Мемлекеттік деген – аты ғана. Ендеше, ел жұртты қыранша
қияға бастайтын Махамбеттің поэзиясын кім оқиды?! Иісі қазақ
баласы жанына, қанына сіңіре алмаған қайран Махамбет рухы
кіндік жұрты қазаққа керексіз болса, кімге керек болғаны?!
Пушкинге оқ атқан Дантес жат жұрттық еді. Орыстар оны
француз дейді. Барон Жорж – Шарль Дантес 1812 жылы ақпанның
5-жұлдызында Францияда дүниеге келген екен. Пушкиннің құдай
қосқан қосағы, осы қанды жекпе-жекке түрткі болған На
талья
Никалаевна екеуі түйдей құрдас. Наталья Никалаевна дәл осы
жылы Бородино шайқасынан бір күні өткенде туған. Бородино қан
кешуіндегі орыс патриотизмін дәйім жұртқа аспаннан атой сала
жырлаған ақын ақыры ата жауының атқан оғымен мерт болады деп
кім ойлаған; Дантес өзін елге французбын деп таныстырғанымен,
онда француздан гөрі неміс қаны басым. Туған шешесі графи ня
Мария Анна – Луиза Геттельд таза қанды неміс қызы. Оның туған
ағасы Бірінші Империяның алғашқы кезеңінде Прусс мемле-
кетінің Франциядағы елшісі болған адам. Дантестің әкесінің әжесі
Баронесса Райндер фон Вейль де неміс әйелі болып шықты. Пушкин
өлімі ашуға булықтырып, намысына тиген Юрий Лермонтов:
Мысқылдап жек көрді ол ішінен,
Жат елді, жат болмыс, жат тілді! –
99
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
деп жазды «Ақын ажалында» Дантес туралы. Ғаламзаттың
мәдениеттің төс емшегінен уыздай емген француз жұрты жендет
Дантесті жерлесім деп айтуға ұялады! Оның тәнінде француздан
гөрі неміс қанының молдау екенін алғаш рет дәлелдеп берген осы
француз зерттеушілері көрінеді. Біздің Баймағамбеттеріміз бен
Ықыластарымыз адамзат алдындағы азаматтық миссияларын атқа-
рып тастағандай, тарих оқулықтарынан бүгінгі болмыс –тірші-
лігімізде тайраңдап көшіп, сайрандап жүр! Қазақтың таңдаулы ұлын
қазақ өлтіргеніне кәдуілгідей кеуде керіп мақтанатындай дәре жеге
жетіп қалдық. Бізде надандықты бетінен алып, бесігінде жөнге салу,
түзеу деген үрдіс әлі күнге дейін жоқ!
Махамбеттің басын алған Ықылас Төлеев деген кім? Қаны бір
қазақтығын былай қойғанда, тілегі бір замандас, жүрегі бір ағайын
емес пе еді. Бұл жерде ақ патша мен Жәңгір ханды салыстырудың
өзі ақылға сыймайтын дүние болғанымен екі елдің екі ақын ның
өлімін қатар алып қарағанда көңілге әртүрлі ой салып, сан қилы
кереғар сезімге түсіретін бір фактіні айтпай кету күпірлік болар
еді. Осындайда Николай Біріншінің қызы Ольга Николаевнаның
Парижде жарияланған жазбасы еске түседі: «Пушкиннің бойынан
Ресейдің ұлылығы мен даңқын шығаратын қасиетті байқаған
менің әкем (патша – С.А.) оған үнемі ерекше ықыласпен назар
аударды деп жазды ол. – Ақынның өзіне лайықты ару әйелі де бұл
ықыластан кенде болған жоқ». Бұл сөздің өтірік-шынын кім білсін,
менің айтпағым, Махамбеттің мәрттігін мойындап, ата жұртының
алдында бетінен оты шығып ұялған не Жәңгір немесе Баймағамбет,
Ықыластардың үрім-бұтағының бір тұяғын естігеніміз де, көргеніміз
де жоқ әлі!
«Ресей бүгін Пушкиннен айрылды…» деп жазады Дарья
Федоровна Фикельмон көзін жасқа бұлап отырып! Пушкин
нен
айрылған Дарья Федоровна емес – Ресей дейді! Ал біз ше? Бізде
ше? Мұқағали дүние салғанда қазақ әдебиетінің ақсақалы Әбу
Сәрсенбаевтың ақын үйіне көңіл айтуға барғанын, сонда оның
өз құлағымен естіген сөзін … сіз білесіз бе, білмесеңіз, естіңіз,
бауырым, осы үйге ет жақын туыс болып келетін Нарынқол өңірінің
ата сақалы аузына біткен бір керауыз шалы:
– Е, бір шыбын келді де, кетті! – деген екен! Елдің бәріне
қансырап жатқан Пушкиннің қасында кірпік қақпай қыстың ұзақ
таңын көзімен атырған әулие Жуковский болуы шарт емес, бірақ
туа салып бесікте ана әлдиін, ат жалын тартып міне Төлеби лердің
аталы сөзіне құлағы қанып өскен қазақ ақсақалының осыншама
көрсоқыр, надан болғаны көңілді күпті қылады екен!
Сонымен Махамбеттің басын шапқан кім?
Жәңгір хан айтақтап, Баймағамбет сұлтандар өре түрегеліп,
Ықылас хорунжии құшақтап тұрып, пышақтап салған… дейді бір
Достарыңызбен бөлісу: |