Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет9/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95

41
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Жаға алмаған отыңды жастар жағып,
Ұлы өмірің – жыр дастан басталды анық.
Сарноқайдан аттанған сері жігіт,
Алатаудай барасың асқарланып.
 
 
Әшімхан БАЙЫС БИ
 
АҚЫНДАРДЫҢ АҚҚУЫ
Ер болмайды, езді орама бүлдемен,
Ақын болмас сыйлағанмен жүлдемен.
 Өз күшіңмен кеттің ұшып ғарышқа,
Ессіз сөзі ептілер жүр кіл төмен.
Су таппасаң қайырсыздан бір жұтым,
Мықтылардың мықтыларын пір тұттың.
Ақындардың аққуы боп қалдың сен,
Ер боп қалдың, ел боп қалдың бір бүгін.
Өшіре алмас бұл даңқыңды көгіңнен,
Алса алды тек тәніңді өліммен.
Жүректерге жолаушылап кеттің сен,
Әлі талай шығатұғын төрің кең.
Мың өлеңің естіп жүрген неше сын,
Бір өлеңмен қайтарыпсың есесін.
 Ақынмын деп бұл ғаламға жар салмай,
Алшақ бастың астананың көшесін.
 
 Екі өлеңін шығарғандар жылына,
 Даурығысып даңқ қуса жұлына,
Ұрынбадың, жылынбадың басқа отқа,
Бұл қасиет ұлыға тән, ұлыға,
Төбемізде аман тұрса ұлы күн,
Мың түлетіп, мың жасартар ұлы ұлын. 
Өз үніңді өзің алға жалғадың.
Алаңдамай ала бер көз шырымын.
«Жетісу шұғыласы», 18 қыркүйек, 1998 жыл.


42
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Амантай МӘСІМБЕҰЛЫ
ТЕРБЕТІЛ ЕКІ ДҮНИЕ БЕСІГІНДЕ
Жұматай Жақыпбаевтың рухына
Сомдалған сымбаты ерен ұғымы мән,
Қыршында қысқа кешкен ғұмырың ән.
Бас иіп рухыңа табынайын,
Ерте ұшқан сұңқар еді-ау тұғырынан.
Арманға құлаштаған жаны асығып,
Жыр өрген Жетісуда аласұрып,
Жұматай Жақыпбаев жыр-шежіре,
Тарлан ең топқа салар таң асырып.
Өрнекті ой ақтарайын дана бағын,
Сері ақын енді ашқанда жаңа бағын,
Қонғаны жыр киенің рас болса,
Мен қалай үнсіз бұғып қала аламын.
Жарқ еткен жыр жолында қыран тұғыр,
Құртса да пәк жаныңды жылан ғұмыр.
Қастерлеп есіміңді қара нардай,
Ұрпағың, елің жасар ұлан дүбір.
Қол созған қиялыңа көсіп өрдің,
Біртуары емес пе ең «несібі» елдің.
Сыр мен жыр қатар өрген бал таңдайдан,
Ілиястың соңына ерген есім едің.
Қандырған мәр сөзімен көптің қыбын,
Өлкеңе өз атыңды ектің бүгін.
Тарих тұмбасынан орын алып,
Биіктеп бара жатыр тектім бүгін.
Жетісу бүгін сенің есіміңде,
Орындалды арманың, несібің де.
Көрініп қайтқан тұлға, ғарыш жақтан,
Тербетіл екі дүние бесігінде.
«Жетісу шұғыласы», 18 қыркүйек 1998 жыл.


43
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Жомарт ИГІМАН
ҚОЛТАҢБА
Жұматай Жақыпбаевқа
Түсіме ендің жуырда таң алдында, 
Бөленіп тұр дидарың арай-нұрға.
Қарадың да хошшуақ кескінменен,
Ғайып болдың қоштаспай ешкімменен.
Асықтың ба пейішке алтындаған,
Ауыл иісті ақпейіл қалпыңда, ағам.
Бекзат бітім-болмысың көзден кетті,
Жымиысың жып-жылы өзгермепті.
«Саратанда» қолтаңбаң:
«Жомарт інім,
Бар сенің Жомарт ақын болар түрің!»
Жаза алдым ба, Жұм-аға, көрікті өлең,
Әйтеуір Музаға адал болып келем.
Жыр – жауһарға жаныммен үздігемін,
Ләйләңді оқып жаулағам қыз жүрегін.
Көркем сөзге көрікті қосқан үлгің,
Өзегіне нәр берген дастанымның.
Үш кітапқа жүк болған Зайда зары,
Шедевріне жоқтаудың айналады.
Аз болмапты-ау тірлікте жарқын күнің,
Ауызыңнан түскендей Айкүн – гүлің.
Жыр – қағанат құлашын жая алғанын,
Айтады әлі Елхандар, Нояндарың.
Санамызда ақырғы Қаған атың,
Көкейге мұң соны ойлап жамалатын.


44
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Асқақтықпен үндестің сан тілменен,
Ақын, күйші, атсейіс қалпыңменен.
Жүректерде айшықты таңбаланып,
Өзіндік жыр – қолтаңбаң қалғаны анық.
 
«Жетісу» 20 қаңтар 2005 жыл.
Қыдыр БАЙДҮЙСЕНОВ
САҒЫНДЫРДЫҢ ЕЛІҢДІ
Жұматай Жақыпбаевқа 
Нәзік жырың жүректерден табылып,
Елің сені еске алады сағынып.
Мерейтойда шапан кимей, ат мінбей,
Жатырсың-ау қара жерді жамылып.
Өзегімді өкініш мұң құрсайды,
Аз ғұмырың жұлдызға аққан ұқсайды.
Бір күлдің де кете бардың қарамай,
Мәңгілікке мекен қылып Кеңсайды.
Тамырлары Жер-Анадан қуат ап,
Басын иер жар басында құба тал.
Самал желдің қоңыр майда сыбдыры,
Жырың болып көңілімді жұбатар.
Бергеніңнен берерің де көп еді,
Өлді деуге көңіл қалай сенеді?
Мерейтойың өтіп жатыр өзіңсіз,
Тек жырларың жүрекке нұр себеді.
Елің бүгін еске алуда сағынып,
Аруағың нұр шапаққа малынып.
Кеудеңдегі шабытыңның пырағы,
Ғарышта жүр жұлдыз үкі тағынып.
«Жетісу» 20 қаңтар 2005 жыл.


45
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
КЕНЕЖИРЕН
«Сарноқайдан» жыр-керуен көшін көрем,
Шұғынық гүлден ақын жүр есіп өлең.
Ойға бата оңаша толғанатын,
Ақынның жаны жұмбақ шешілмеген.
«Көкпарлап!» Үшбұлақтан шықты сарын,
Жұмекең ақын, күйші – егіз дарын.
«Ләйлә келген», «Зайда көрген», «Қажытаймен»,
Кім білмес «Жұматайдың Жұпбасарын».
«Ойсаздың» бауырынан еседі өлең,
Жырыңды оқып, биіктеп, өсе берем.
Артында ақ армандай ізі қалған,
Мен келем ақын жүрген көшеменен.
Ақынның еншісіне тиген өлең,
Ләйліге ғашық болған күйге енем.
Ілияс дүлдүл ақын Құлагердей,
Жұматай жыр көгінде Кенежирен.
 
«Жас Алаш», 6 сәуір, 2006 жыл


46
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Ерғазы МАНАПҰЛЫ
СҮЙЕНІШ
 
Жыр оқыған күбірлетіп бал ернін,
Москва ма, Римде ме, тауда ма.
Мен де кейін бір баланы демермін,
Таба қылмай досына да, жауға да. 
Жұматай Жақыпбаев
Жасанып қайтем жұлдызды жансып,
Немесе шіренген құндызды паңсып.
Жырыңа шөлдеп,құмартып жүрем,
Апиыншыдай кәйпіне қаңсып.
Пілден де зілдей көрмеген ығып,
Қорқытсаң қалар кәнден де бұғып.
Жырыңнан жұпар жұтамын келіп,
Меккенің суы зәмзәм деп ұғып.
Табаныңнан өтсе, мұндардың сызы,
Алдыңнан шықса, сұмдардың құзы.
Қазақтың көне тарихы асылың еді,
Ғашығың еді, өр ғұндардың қызы.
Жаныңды жауһар жырларың желпіп,
Күй тарттың Қорқыт сазына елтіп.
Жыр өлкесінде қағанат құрдың,
«Сен тұр да, мен тұр» нояндарыңды ертіп.
Барлауға күнде мың ғұнды салып,
Қуандың ба асқақ жұртыңды танып.
Қағанатыңды шолатын шығарсың,
Ғарыштан сонау дүрбіңді салып.
Сесіңмен демеп һәм жырыңмен жебеп,
Гүл егесің бәсі кем көңілге – кебек.
Шүршіттер салған қорғандай қалпың,
Келесің дәйім біздерді демеп.
«Білім шапағаты», 5 ақпан, 2010 жыл.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау