1
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина
«ГЕОГРАФИЯ» ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША
ТАЛДАМАЛЫ МАТЕРИАЛДАР
АНАЛИТИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ
ПО ОБУЧЕНИЮ ПРЕДМЕТУ «ГЕОГРАФИЯ»
Астана
2015
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 17 сәуір № 3 хаттама).
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 17 апреля 2015г.).
«География» пәнін оқыту бойынша талдамалы материалдар. – Астана:
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. 106– б.
Аналитические материалы по обучению предмету «География». – Астана:
НАО имени И.
Алтынсарина, 2014. 106 – с.
Талдамалы материалда жалпы білім беретін мектептердегі география пәні
оқу бағдарламаларының, оқулықтарының, оқушылардың білім сапасының,
республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар нәтижелерінің талдауы,
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысы, педагогикалық
тәжірибе мен инновациялар туралы деректер берілген.
Басылым білім беру басқармалары өкілдеріне, білім беру мекемелері
мұғалімдеріне, біліктілікті арттыру институттары басшыларына, оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешен авторларына арналған.
В аналитическом сборнике отражен материал состояния обучения предмету
«География» в общеобразовательных школах за 3 года, описаны уровни
подготовки учащихся,
методика и практика обучения, опыт и инновации.
Издание адресовано работникам организаций образования, институтов
повышения квалификации учителей, авторам учебников и учебно-
методических комплексов.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім
академиясы, 2014
© Национальная
академия образования
им. И. Алтынсарина, 2014
3
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Жолдауында жастарға білім беруді жетілдіруге айрықша көңіл
бөлінген. Елбасы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.
Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды» - деп атап
көрсеткен болатын [1].
Мемлекеттік саясатымыз еліміздің экономикасын жақсарту және одан әрі
өсіру үшін білім беру саласына ерекше назар аударып отыр. Сондай-ақ, адам
капиталын қалыптастыруды, атап айтқанда, өздігінен және шығармашылық
тұрғыда кәсіби міндеттерді шеше алатын, қызметтің тұлғалық және қоғамдық
мәнін саналы түрде ұғынатын, оның нәтижесіне жауап бере алатын құзыретті,
бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін
жаңарту негізгі бағыт болып анықталған. Сондықтан қазіргі кездегі қоғамның
дамуына тән сипат білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады, бұл өз
кезегінде өзін-өзі жүзеге асыруға, басқаруға, реттеуге, қоршаған ортада
әлеуметтенуге қабілетті тұлға тәрбиелеумен, заманауи өркениеттегі адам
рөлінің жоғарылауымен байланысты және тұлғаның дамуына ықпал ететін
өзіндік ішкі механизмдері: өзін-өзі тану, анықтау, мен дамытуды белсендендіру
– білім беру үдерісінің басты мақсаты болып табылады. Жалпы орта білім беру
сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын, даму
траекториясын айқындау және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған
құзыреттілік тұрғысынан қол жеткізуге бағытталған білім беру жүйесін
жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына сәйкес,«География» пәні «Жаратылыстану» білім саласына
енгізілген мектептің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде
міндетті түрде оқытылатын пән. «География» пәнінің білім мазмұны
оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл талдамалы материалда еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне
арналған география пәні бойынша:
1) оқу материалдарын талдауды;
2) оқушылардың дайындық деңгейін;
3) пән бойынша
білім берудің жағдайын;
4) географияны оқытудың әдістемесі мен тәжірибесіндегіинновациялар -
ды зерделеу және анықтау мақсаты көзделген.