35
Батыс елдерінде географияны оқып-үйретуді біржақты бағалау қиын.
География элементтері басқа оқу пәндерінің мазмұнынан тұратын кіріктірілген
курстардың құрамына кіреді (экология, экономика, геология). Ұлыбритания
үкіметі бүкіл елге міндетті оқу пәндерінің бірыңғай тізімін бекіткен жаңа
ұлттық жоспарын іске қосты. Бұл тізімге 9 пән, оның ішінде география енді.
Мектептің жоғары буынында элективті жүйе жұмыс істейді, оқушылардың
жартысы географияны тереңдетіп оқу үшін және бітіру емтиханын тапсыру
үшін таңдайды. Англияның әдіскер-географтары екі себепті атап көрсетеді: 1.
Оқытудың практикалық бағыттылығы, географияны оқып-үйренудегі зерттеу
жұмыстарының маңызды рөлі. 2. Мектептегі географияның мазмұнын
ізгілендіру. Бұл екі бағыт аймақтық негізде зерттеуді қамтиды, ал білім беруді
ізгілендіру балалардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді және зияткерлік дамуы,
адамгершілік тәрізді тұлғаның басқа да қырларына қатты әсер етеді.
География
сабағын
дамытудың
заманауи
қағидалары
оқытуды
ұйымдастыру формаларының әртүрлілігімен тығыз байланысты: саяхаттар мен
жорықтар, далалық практикалық жұмыстар, шағынқорықтардың экологиялық
жолдарындағы жұмыс.Заманауи әдіс-тәсілдер әр түрлі оқу пәндерінің екі-үш
мұғалімі арқылы жүргізілетін пәнаралық сабақтарды қажет етеді. Оқыту
тәсілдері, мысалы, зерттеулік, проблемалық баяндау және ұйымдастыру
формаларының әртүрлілігі, әсіресе топтық, ұжымдық – оқушыларды
тәрбиелеуде және дамытуда маңызды рөл атқарады.
Батыс елдеріндегі география сабағының кейбір ерекшеліктері географияны
оқытудың мақсатын анықтайды, онда бірінші кезеңге оқушыларды танымдық
еркіндікке ынталандыру жатады, ал қабілеттікті дамытуға және практикалық
дағдыны қалыптастыруға, білім жүйесін меңгеруге аз көңіл бөлінеді. Осыған
сәйкес, мұғалімдер алдымен оқушылардың жеке танымдық – зияткерлік және
практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағдар жасайды. Мұғалім ақпарат көзі
болып табылатын «Оқытудың дидактикалық стилінде» мұғалімнің ақпарат көзі
болатындығын негізінен жоғары буын өкілдерін бақылауға болады. Сондықтан,
орта сынып сабақтарында жергілікті географияны оқып үйренуге байланысты
оқушылардың топтық жұмыстары басымдыққа ие болады.Батыс педагогтардың
пікірі бойынша, балалардың шынайы ситуацияларды сезінуіне, проблеманы
онымен бетпе бет келген адамның көзімен көруге көмектесетін ойындар әр
уақытта қолданылады.
Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрін
үйлестіретін мектепте білім берудің инновациялық моделін қалыптастыру
қазіргі заманғы білім берудің объективті қажеттілігі болып табылады. Осындай
модельді жасау білім беру мазмұнын, оқыту әдістемелерін, оқу жетістіктерін
бағалау қағидаттарын, қалыптасқан мектеп құрылымын, өзара қарым-қатынас
жүйесін өзгертуді талап етеді.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшелігі – құрылымы және
мазмұны жағынан орта білімге арналған үздік шетелдік куррикулумдарға
сәйкес келуі. Бұл ретте бағдарлама құрамына мерзімді жоспарлардың (ұзақ
мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар) кіретінін айта кеткен жөн:
36
– ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәндік
мазмұн нақтыланады;
– орта мерзімді жоспар – бұл ұзақ мерзімді жоспармен қалай жұмыс
істейтінін егжей-тегжей сипаттайтын, оқу материалын сынып ішінде және
сыныптар арасында байланыстырып көрсететін жұмыс сызбасы;
– қысқа мерзімді жоспар – бұл жеке сабақ үлгісі.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде география пәнін оқытуда жүйелік-
әрекеттік тәсілді жүзеге асыру – алдыңғы орынға қойылатын талап.
Оқыту мақсаттары (сабақтың мақсаттары) оқушылардың әрекеттерінен
көрінетін оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады (ол нені біледі, түсінеді,
және т.б.). Оқыту мақсаттарына келесі талаптар қойылады:
- деректерді, ұғымдарды және т.б. меңгеруге
бағытталуы;
- мақсаттардың операциялық
тұрғыдан анықталуы;
- мақсаттардың нақты болуы;
- мақсатқа қол жеткендігін айқын анықтауға мүмкіндік беретіндей нақты
тұжырымдалуы;
- мақсаттар, мақсатқа жетуге қажетті міндеттердің толықтығын білдіруі
тиіс;
- мақсаттардың уақытша айқындылыққа ие болуы (мерзімділік – белгілі бір
академиялық мерзімге сай болу) [13].
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде географияны оқытудың
әдістемесі мен тәжірибесі аса назар аударатын мәселелерді көрсетті, олар:
– оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары және функционалдық
сауаттылықты дамыту;
– оқушылардың шығармашылық
әрекетін дамыту;
– география тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
Ұсыныстар:
географияны оқытудың сапасын көтеру бойынша жұмысты
белсендендеру, сонымен қатар оқушылардың дайындық деңгейіне назар
аудару;
оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу, сыныптан тыс жұмысты,
үйірме жұмысын, қолданбалы курс тақырыптарын түрлердіру;
оқыту барысында отандық және шетелдік оқу құралдарында орын
алатын терминологиялық
айырмашылықтарды ескеру;
педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде мұғалімдерді
оқытудың әдістемесін жетілдіру;
«География» пәнінің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуін жақсарту;
географиялық білім беруде
АКТ қолдануды белсендендіру;
географ-ғалымдардың, мұғалімдердің, білім беру ұйымдарының,
жаңашыл педагогтардың озық тәжірибесін тарату.