5
1-кесте – Жалпы орта білім деңгейіндегі типтік оқу жоспарларының
салыстырмалы кестесі
Сыныптар
Сыныптар бойынша апталық сағат саны
ТОЖ (2010 ж)
ТОЖ (2012 ж)
6
1,5
2
7
2
2
8
2
2
9
1
2
10 ЖМБ
2
2
10 ҚГБ
1
1
11 ЖМБ
2
2
11 ҚГБ
1
1
6-сыныпта географияның бастапқы курсы оқу жүктемесін 0,5 сағатқа
ұлғайту оқушылардың білік және дағдыларын дамыту қажеттілігімен
сипатталады.
9-сыныпта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география
курсын меңгеруге бөлінген оқу жүктемесінің 1 сағатқа артуы (аптасына 2
сағат), функционалдық сауаттылықтықты дамытуға бағытталған практикалық
жұмыстар мен тапсырмалар көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
Республикамыздың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу үдерісі
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында айқындалған мақсат және
міндеттерге сәйкес әзірленген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010
жылғы 9 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітіліп, 2010 жылдың 1-
қыркүйегіндегі және 2013 жылғы 3-сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітіліп 2013
жылдың 1-қыркүйегінен қолданысқа енгізілген оқу бағдарламалары
«География» пәнін оқытудың мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік
талаптарына сай ұсынылған.
Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіздеме болған проблемалар:
1) жүйелік іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру арқылы практикаға
бағдарланған іс-әрекетті күшейту;
2) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
3) білім беру деңгейлері бойынша оқу материалдарын қайта бөлу және
пәнаралық кіріктіруді күшейту жолымен пән мазмұнын жүйелеу;
4) жалпы орта білім мазмұнын бейіндік бағытын және саралауды күшейту;
5) қазақстандық компонентті күшейту;
6) тәрбие әлеуетін күшейту;
7) практикалық, жобалық зерттеу жұмыстарын және эксперименттік
тапсырмалардың көлемін көбейту;
6
8) бағдарламаға заманның талабына сай әлемдік жаңалықтары мен
Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарын
енгізу [4].
Аталған мәселелерді негізге ала отырып, бағдарламаға сәйкес өзгерістер
енгізілді (2-кесте).
2-кесте – География пәнінің 2010 және 2013 жылғы оқу бағдарламаларының
салыстырмалы
талдамасы
2010 жылғы бағдарлама
2013 жылғы бағдарлама
1
2
6-сынып
Жылына 51 сағат,
аптасына 1,5 сағат
Жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағат
6-сыныптағы «География» пәнінде бастапқы география курсы оқытылады, яғни оқушылар
«география» ғылымының негізімен танысады
Бағдарламада 9 практикалық
жұмыстың
тақырыбы
анықталған,
алайда
бұл
жұмыстарды орындауға уақыт
бөлінбеген
Оқу жүктемесінің 0,5 сағатқа артуы, функционалдық
сауаттылық негіздерін қалыптастыру қажеттілігінен
туындады.
Бұл
бағдарлама
Қазақстан
Республикасы
Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту
бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай
20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды
орындау барысында «Жергілікті жердің планын
түсіру», «Өз өлкесінің ауа-райы жайлы материалдарды
өңдеу және талдау»,«Өз өлкесінің табиғат зонасына
сипаттама жасаудың жоспары және шығармашылық
сипаттама» тақырыптарына практикалық жұмыстар
орындау арқылы өлкетану компонентін жүзеге
асыруды
көздейді
7-сынып
7-сыныпқа арналған «География» пәнінде дүние жүзінің материктері мен мұхиттарының
физикалық географиясы оқытылады.
Жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағат
Жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағат
Мұхиттарды
оқуға
сағат
қарастырылмаған.
Материктерді
оқу
Еуразия
материгінен басталады
«Дүниежүзілік
мұхит»
бөліміндежер
бетіндегі
мұхиттарды жеке-жеке оқып-зерделеу мүмкіндігі
берілген.
«Жеңілден қиынға» дидактикалық ұстанымына сәйкес,
материктерді оқу Африкадан басталады, одан кейін
Аустралия, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік
Америка және Еуразия оқытылады. Материктердегі
аймақтар мен елдерге қатысты материалды оқыту
барысында
Қазақстан
Республикасымен
қарым-
қатынас сұрақтары қарастырылады, яғни қазақстандық
компонент ескерілген.
8-сынып
Жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағат
Жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағат
8-сыныптағы «География» пәнінде Қазақстанның физикалық географиясы оқытылады.
7
Бағдарламалардың базалық мазмұнында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Алайда соңғы бағдарламада практикалық жұмыстар нақты сұрақтарды қарастыруымен
және өлкетану материалдарын қамтуымен ерекшеленеді.
9-сынып
Жылына 34 сағат,
аптасына 1 сағат
Жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағат
9-сыныптағы «География» пәнінде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы оқытылады. Негізгі орта мектеп оқушылар еліміздің шаруашылығымен
танысады.
Еліміздің экономикалық және
әлеуметтік географиясын оқуға
уақыт аз бөлінген. Практикалық
жұмыстардың мазмұны нақты
берілмегендіктен, талдаулар мен
салыстыруларды Қазақстанның
барлық аумағына жасау қажет
болды. Бұл өте күрделі және
оқушылардың
қызығушылықтарын төмендетеді
Апталық сағат санының артуы нәтижесінде Қазақстан
аумақтарының
шаруашылығы
мен
әлеуметтік
жағдайын ауқымды қарастыру мүмкіндігін береді.
Бағдарламаның
практикалық
бөлімі
жекелеген
аумақтар мен нысандарды салыстыруға арналған нақты
тапсырмалар енгізу арқылы күшейтілген. Қазақстан
экономикасы, аймақтардың даму ерекшеліктері,
еліміздің
шаруашылығындағы
инновациялық
өзгерістер, экономика дамуының нарықтық, аралас
модельдері
туралы
білім
мен
көзқарасты
қалыптастыруға жағдай жасалған.
Негізгі орта мектептің 6-9-сыныптарына арналған
«География» пәнінің оқу бағдарламаларында әр
бөлімнің
сонында
практикалық
жұмыстарды
орындауға арнайы сағат бөлінген. Бағдарламада
берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік
дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып
табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық
жұмыстар бөліп көрсетілген.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
6-7-сынып, 8-9-сынып және
10-11-сынып оқушылары үшін
ортақ
талаптар әзірленген
6, 7, 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары үшін талаптар
жеке-жеке әзірленген
Оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері
арқылы
жүзеге
асырылатын
жүйелі-әрекеттік
нәтижелер әзірленген.
«Жалпыдан жекешеге» қағидасын ұстана отырып, 10-11-сыныптардың оқу
бағдарламасында алдымен жалпы географиялық, содан соң аймақтық заңдылық
сұрақтары қарастырылады. Оқу бағдарламасы тарихи-географиялық және
елтануға бағытталып әзірленді, бұл қазіргі заманның әлемдік және аймақтық
экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсінуге
мүмкіндік береді.
10-сыныпқа
арналған
жаратылыстану-математикалық
бағытындағы
бағдарламаға «Тарихи-географиялық аймақтар» тақырыбы енгізілді. Дүние
жүзінің саяси картасы тарихи-географиялық аймақтарды оқудан басталады.
Жекелеген тақырыптарды оқудың реті өзгертілді, мысалы, алдыңғы
тақырыппен логикалық байланысты «Дүние жүзінің халқы» тақырыбы, содан
соң «Табиғат ресурстары» оқытылады. Ал, «Ғылыми-техникалық революция
(ҒТР) және дүние жүзілік шаруашылық» тақырыбының маңыздылығы
ескеріліп, бөлек берілді. Орталық Азия аймағы 10-сынып бағдарламасының