Аналитические материалы по обучению предмету «география» Астана



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/39
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15141
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


 
соңғы  тақырыбы  болғандықтан,  бірізділікті  сақтау  мақсатында  11-сынып 
бағдарламасының  мазмұны  Азия  елдері  мен  аймақтарын  оқудан  басталады, 
содан  соң  Еуропа,  Америка,  Африка,  Аустралия  мен  Мұхит  аралдары 
қарастырылады.  Антарктика  мен  Антарктида  тақырыбын  оқуға  бір  сағат 
бөлінеді. 
Дүниежүзі  экономикасында  елеулі  орын  алатын  жетекші  елдер 
тақырыптарының 
мазмұнында 
экономикалық-географиялық 
сипаттама 
беріледі,  бұл  елдердің  Қазақстан  Республикасымен  экономикалық  қарым-
қатынасына ерекше көңіл аударылған. 
Оқушыны  тұлғалық,  дүниетанымдық  дамыту  міндеттері  «Адамзаттың 
ғаламдық  проблемалары  және  оларды  шешу  жолдары»  бөлімінде  табиғат, 
қоғам  және  экономиканың  өзара  күрделі  қатынастарын  оқу  және  талдау 
барысында жүзеге асады. 
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 
бағдарлама 
дүниежүзі 
шаруашылығының тарихи, өндірістік өзгеріс кезеңдері, қазіргі кездегі ғылыми 
жетістіктерге  негізделген  экономикалық  жүйе  және  ғылыми-техникалық 
революция  туралы  білімді  дамытуға  бағытталған.  ТМД  және  Шығыс  Еуропа 
елдерін оқу барысында ХХ ғасырдың аяғында Еуразияның саяси картасындағы 
өзгерістерге  себеп  болған  қоғамдық-тарихи  және  экономикалық  үдерістерге 
талдау жасайды [5]. 
Оқу  бағдарламасында  әр  түрлі  практикалық  іс-әрекеттер  арқылы  жүзеге 
асатын  жүйелі-әрекеттік  нәтижелер,  пәндік  нәтижелер  (оқушылар  білуі  тиіс, 
орындай алуы тиіс) және тұлғалық нәтижелер көрсетілген. 
Жалпы білім беретін мектептерде «География» пәнін оқытудың мақсаты  – 
оқушылардың  бойында  ғылыми-жаратылыстану  білімдерін,  табиғат,  қоғам 
және экономиканың жүйелі байланысы туралы, саналы бірлестігі бар ғажайып 
ғаламшар  ретіндегі  Жер  туралы  түсініктерін  және  көзқарастарын  дамыту, 
Қазақстан 
Республикасының 
әсем 
табиғаты 
және 
экономикасының 
ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты 
және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту [5]. 
Сонымен, «География» пәні бойынша 2010 және 2013 жылы әзірленген оқу 
бағдарламаларының  айырмашылығы:  6-шы  және  9-шы  сыныптардағы  сағат 
санының  артуында.  Практикалық  жұмыстар  оқушылардың  алған  білімдерін 
өмірде  қолдана  алу  дағдыларын,  яғни  функционалдық  сауаттылықты 
қалыптастыруға  бағытталған.  Пәннің  мазмұнында  қазақстандық  компонент 
кеңейтілген,  тәрбиелік  мәніне  назар  аударылған,  тәжірибелік,  жобалық-
зерттеушілік  тапсырмалардың  саны  арттырылып,  заманауи  әлеуметтік-
экономикалық  жаңартуға  әсер  ететін  жаңа  материалдар  қосылып,  оқу 
материалдарын  іріктеу  және  пәнаралық  кіріктірілуін  нығайту  бағытында 
жүйеленген. 
TIMSS  халықаралық  зерттеулері  мен  Қазақстанның бастауыш  және  негізгі 
орта 
мектептерінің 
жаратылыстану 
білім 
саласы 
бойынша 
оқу 
бағдарламаларының  салыстырмалы  талдауы  халықаралық  зерттеудің  тест 
тапсырмаларының  кейбір  тақырыптары  еліміздің  бастауыш  және  негізгі  орта 



 
мектептерінде  оқылатындығын  көрсетті.  Бірақ  қазақстандық  мектеп  білімінің 
мазмұны  шамадан  тыс  «теорияландырылған»  деген  сипаттамаға  ие.  Білім 
берудің жаңа бағдарламаларын және кіріктірілген курстар енгізген елдер жақсы 
нәтижелер көрсеткен [6]. 
«Жалпы білім беретін мектептердің 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының 
оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеулерінің нәтижелері» Ұлттық 
есебінде  Қазақстан  мектептері  оқушыларының  халықаралық  зерттеулерге 
дайындық  деңгейіне  талдау  жасалған.  TIMSS  тапсырмаларының  мазмұндық 
блогында  география  пәнінен  тестік  тапсырмалар  20%-ды  құрайды.  Оқушылар 
Жердің құрылысы және физикалық сипаттамасы, үдерістері мен кезеңдері, Күн 
жүйесіндегі  орны  туралы  білімдерін  көрсетулері  тиіс.  География  саласы 
геология,  астрономия,  метеорология,  гидрология,  мұхиттану  тақырыптарын 
қамтиды.  TIMSS-2011  «Science  Framework»  құрылымдық  құжатында  аталған 
сала  бойынша  келесі  тақырыптарды  бағалау  белгіленген:  1-құрылымы  және 
физикалық  ерекшеліктері,  2-Жердің  үдерістері  мен  кезеңдері,  ресурстары, 
оларды тиімді пайдалану, 3-Күн жүйесіндегі және Галактикадағы орны т.б. 
6-7  сыныпқа  арналған  оқулық  материалдары  бойынша  білім  алушылар 
қандай нәтиже көрсете алатынына тоқталайық.  
Тест  тапсырмаларының  (ашық  типті)  орындалуын  талдау  барысында 
ғылыми-жаратылыстану 
дайындық 
деңгейінде 
оқушы 
жауаптарының 
логикалық  ұсынымын  бағалау  көзделген.  Тестке  қатысушы  еркін  (өздігімен) 
жауап  қайтаруы  мүмкін.  7-сыныпқа  арналған  «География:  материктер  мен 
мұхиттар»  оқулығында  (авторлары:  Ә.Бейсенова,  С.Әбілмәжінова,  К. 
Қаймулдинова,  Алматы,  «Атамұра»,  2011  ж.)  «Жер  қыртысының  құрылымы», 
«Жер  бедері»  тақырыптары  жақсы  баяндалған.  Тапсырмаларды  орындаудың 
пайыздық  көрсеткіштерінің  төмен  болу  себебі  –  сұрақтардың  немесе 
жауаптардың  стандартқа  сәйкес  құрастырылмауында.  «Қолдану»  әрекеті 
түрінің оқу-танымдық тапсырмалары, бұрын алынған білімді күнделікті өмірде 
қолдана білу, сонымен қатар логикалық ойлау мен пайымдау білігін бағалауға 
бағытталған.  Тест  тапсырмаларының  тақырыптары  6-сыныпқа  арналған 
«Физикалық география» курсынан бастап (авторлары: А.Б.Бірмағамбетов және 
К.Н.  Мамырова,  Алматы,  «Атамұра»,  2011  ж.)  оқылады.  7-сыныпта 
«Географиялық  қабық  заңдылықтары»  тақырыбын,  «Биіктік  белдеулерді» 
қарастыру  барысында  білімнің  өзектілігі  артады.  Тест  тапсырмасында 
«джунгли»  ұғымы  қолданылады.  Сонымен  қатар,  қазақстандық  мектептердің 
оқу  бағдарламаларында  «ылғалды  экваторлық  ормандар,  «ауыспалы  ылғалды 
(сонымен  бірге  муссонды)  ормандар»  ұғымдары  да  қолданылады.  Қазақстан 
9/10 аумағының жер бедері жазық болғандықтан және оқушылардың көпшілігі 
таулы  жерде  болмағандықтан,  таулы  өлкенің  табиғатын  бақылау  тәжірибелері 
жоқ.  Осы  тақырыпқа  сәйкес  тапсырманы  қазақстандық  оқушылардың  24,3% 
жақсы  орындаған.  Оқу  құралдарын  әзірлеу  барысында  «қолдануға»  арналған 
тапсырмаларды енгізуді ескеру қажет [6]. 
Орта  білімді  ресурстық  қамтамасыз  етудің  негізгі  элементтері  –  жалпы 
білім беретін мектептерге арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау