Аналитические материалы по обучению предмету «география» Астана



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/39
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15141
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

17 
 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  жоғары  сынып  оқушыларының  2012-
2013 оқу жылындағы география пәні бойынша білім сапасы 59,8%-дан бастап 
81%-ға  дейінгі  аралықтағы  ауытқуды  көрсетеді.  Ең  жоғары  нәтиже  Астана 
қаласында – 81% және сапаның жылдан жылға өсіп отырғаны байқалады, ең 
төмен нәтиже Маңғыстау облысында  – 59,8%. Астана қаласы 2013-2014 оқу 
жылында да ең жоғары көрсеткішті сақтап отыр (81,5%), өткен оқу жылымен 
салыстырғанда  Жамбыл  (69,6  және  58,8%)  облысында  білім  сапасының 
керісінше төмендегенін көруге болады, ал Маңғыстау облысында екі жылдың 
салыстырмалы талдауы білім сапасының 59,8%дан 64%-ға дейін көтерілгенін 
көрсетеді. 
Келесі суретте  10-11 сыныптар оқушыларының география пәні бойынша 
білім сапасының салыстырмалы талдау динамикасы көрсетілген (2-сурет) 
 
 
 
2-сурет – Аймақтар бойынша 10-11 сыныптар оқушыларының география пәні 
бойынша білім сапасы 
 
10-11  сыныптар  оқушыларының  география  пәні  бойынша  білім  сапасын 
салыстырмалы талдаудың қорытындысы: 
-  жылдан  жылға  Маңғыстау  облысы,  ШҚО,  Астана  және  Алматы 
қалалары бойынша оқушылардың білім сапасының жоғарлауы; 
-  Ақмола,  Қостанай,  Павлодар,  Қызылорда  облыстары  бойынша 
оқушылардың білім сапасы тұрақты еместігі; 
-  Жамбыл  облысы  бойынша  оқушылардың  білім  сапасының  төмендеуі 
байқалады. 
Білімберудің  келесі  деңгейіне  көшуге  байланысты  оқушылардың  2012-
2013  оқу  жылы  бойынша  географиядан  білім  сапасыныңсалыстырмалы 
талдауы келесі диаграммамен берілген (3-сурет). 
0,00%
10,00%
20,00%
30,00%
40,00%
50,00%
60,00%
70,00%
80,00%
2012-2013
2013-2014
2014-2015 (І-жартыжылдық)


18 
 
 
3-сурет – 2012-2013 оқу жылындағы оқушылардың білім беру деңгейлері бойынша 
география пәнінен білім сапасы 
 
Білімберудің  келесі  деңгейіне  көшуге  байланысты  оқушылардың  2013-
2014  оқу  жылы  бойынша  географиядан  білім  сапасыныңсалыстырмалы 
талдауы келесі диаграммамен берілген (4-сурет). 
 
 
4-сурет – 2013-2014 оқу жылындағы оқушылардың білім беру деңгейлері бойынша 
география пәнінен білім сапасы 
 
Білімберудің  келесі  деңгейіне  көшуге  байланысты  оқушылардың  2014-
2015  оқу  жылының  І-жартыжылдығы  бойынша  географиядан  білім 
сапасыныңсалыстырмалы талдауы келесі диаграммамен берілген (5-сурет). 
 
5-сурет – 2014-2015 оқу жылының І-жартыжылдығында оқушылардың білім беру 
деңгейлері бойынша география пәнінен білім сапасы 
 
 
0,00% 10,00% 20,00% 30,00% 40,00% 50,00% 60,00% 70,00% 80,00% 90,00%
Ақмола
ШҚО
Жамбыл 
Қостанай 
Қызылорда
Маңғыстау 
Павлодар 
Алматы қаласы
Астана қаласы
орта
негізгі
0,00% 10,00% 20,00% 30,00% 40,00% 50,00% 60,00% 70,00% 80,00% 90,00%
Ақмола
Жамбыл 
Қызылорда
Павлодар 
Астана қаласы
орта
негізгі
0,00%
20,00%
40,00%
60,00%
80,00%
100,00%
негізгі
орта


19 
 
2014-2015  оқу  жылының  І-жартыжылдығында  оқушылардың  білім  беру 
деңгейлері  бойынша  география  пәнінен  білім  сапасының  салыстырмалы 
талдау динамикасы төмендегідей: 
-  Ақмола,  Қостанай,  Маңғыстау,  Павлодар  облыстары,  ШҚО  және 
Астана қаласында білім сапасы артқаны; 
-  Жамбыл, Қызылорда облыстарында білім сапасының төмендегені; 
-  Алматы қаласы бойынша тұрақты екені байқалады. 
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқу жетістіктерін сыртқы бағалау 
(ОЖСБ) 2012 жылдан бастап жүргізіліп келеді. 
9-сыныптардағы  ОЖСБ  шараларына  міндетті  түрде  қазақ  тілі  және  жыл 
сайын  осы  шаралар  қарсаңында  уәкілетті  ұйыммен  анықталатын  3  пән 
енгізіледі.  Соңғы  үш  жылда  «География»  пәні  2014  жылы  ғана  таңдап 
алынды. Жылдар бойынша ОЖСБ-ға енгізілген пәндер 5-кестеде көрсетілген.  
 
5-кесте – 2012-2014 жж. ОЖСБ пәндері 
 
№ 
2012 жыл 
2013 жыл 
2014 жыл 

Қазақстан тарихы 
Алгебра 
Дүние жүзі тарихы 

Алгебра 
Физика 
География 

Химия 
Ағылшын тілі 
Химия 
 
2014  жылы  ОЖСБ  шараларына  648  білім  беру  ұйымы  қатысты,  бұл 
республика  мектептерінің  жалпы  санының  9%-ын  құрайды.  ОЖСБ-2014 
шараларына қатысқан білім беру ұйымдары құрамында орта мектептердің үлесі 
басым - 77%. Белгілі бір бағыттар бойынша пәндерді кеңейтіп және тереңдетіп 
оқытатын  білім  берудегі  оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  қатысушы-
мектептер  16%  құрайды  («Гимназия»  және  «Лицейлер»).  Сонымен  қатар, 
тестілеуге негізгі орта мектеп – 5,2%, мектеп-интернаттар – 0,5% және мектеп-
бақшалар – 1,3% сияқты жалпы орта білім беретін ұйымдар қатысты. 
Білім  беру  ұйымдарының  тұрған  жері  контексінде  ОЖСБ-2014  шаралары 
құрамын  салыстыру,  қалалық  және  селолық  қатысушы-мектептердің  сандық 
құрамының баламалығын көрсетеді (сәйкесінше 50,3% және 49,7% адам). 
2014  жылы  тәуелсіз  мониторингке  қатысушылар  саны  27  413  адам,  оның 
60,5%-ы қазақ тілінде оқитын мектептердің оқушылары болды. 
ОЖСБ  шараларына  алғаш  енгізілген  «География»  пәні  бойынша 
нәтижелерді  талдау  9-сынып  оқушыларының  негізгі  орта  мектепті  аяқтау 
кезеңінде білім алу жетістіктерінің толықтай орташа деңгейін көрсетіп отыр. 
Бұл пән бойынша орташа баллдың мәні (10,13 балл) тест тапсырмаларының 
50%-ын орындау жетістігіне сәйкес келеді. 
6-суретте  география  пәні  бойынша  ОЖСБ-2014  нәтижелері  аймақтар 
бойынша берілген. 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау