10
Оқулық – жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісіне мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік оқу жоспары негізінде,
сонымен бірге пән бойынша жүйелі түрде мазмұндалған, игеру міндетті оқу
материалдары енгізілген негізгі кітап.
Оқу-әдістемелік кешен – мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға және
пәннің базалық мазмұнында көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және
терең меңгеруге арналған оқу құралдарының кешені.
Оқу басылымдарының сапасы білім сапасын арттырудың ажырамас
құрамдас бөліктері болып табылады және оқу бағдарламаларына сәйкес
әзірленеді. Осыған орай, оқулықтарды жетілдіру білім аясындағы
басымдылыққа ие мемлекеттік міндеттердің бірі болып саналады. Нақты бағыт
бойынша оқу әдебиетін әзірлеу, оны сараптау мен басылымнан шығару жүйесі
сапалы түрде өзгеріске ұшырады, оқулықтар мен ОӘК-ді әзірлеу үрдісін
әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету проблемасы қайта қаралып, оның
өзектілігі арттырылды.
География пәнінің оқу басылымдары оқулық, оқыту әдістемесі, әдістемелік
нұсқау, хрестоматия, мұғалім кітабы, оқушыларға арналған жұмыс дәптері,
атлас (кескін карталар жинағымен бірге), дидактикалық материалдар, тест
материалдары, аудиовизуалды және мультимедиалық құралдар, электронды
оқулық, интерактивті тақтаға арналған электронды құрал, сыныптан тыс оқуға
арналған қосымша әдебиеттер және басқалар болып бөлінеді.
Бүгінде республиканың жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының «Білім беру
ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның
ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 27
қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №
515 бұйрығына» сәйкес оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады [7].
Жалпы орта білім беретін мектептерде география пәнін оқытуға арналған
қолданыстағы оқулықтар (негізгі және баламалы), оқу-әдістемелік кешендері
мен құралдарын әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі
жұмысты ұйымдастыру ережесіне сәйкес, келісілген міндетті тәртіптермен
сараптамадан өткізіледі.
Оқулықтарды сараптау барысында оқулық материалдары мазмұнының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, оқу бағдарламаларына
сәйкестігі, оқыту сабақтастығының сақталуы, ғылыми негізділігі, оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі бағаланады.
Бұдан әрі бірнеше оқулықтың, оқу әдістемелік кешендердің сараптамалық
сипаттамасы берілді, мысалы:
1. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік
географиясы» оқулығы. Авторлары: Е.Ахметов, Т.Увалиев, Қ.Ахметов.
Алматы, «Мектеп» баспасы, 2014 жыл.
11
Аталған оқулықта оқу материалы жүйелі баяндалған, қазіргі әлемдегі
оқиғаларды суреттейді. Халықаралық ұйымдарға, олардың дүниежүзілік
шаруашылықтағы рөліне нақты баға береді, ғылыми, саяси және экономикалық
ұғымдарды түсіндіреді. Оқу материалдарын іріктеу және баяндау барысында
оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейі ескерілген. Ғылымилық
және қол жетімділік принциптері сақталған, оқуға арналған мәтіндер логика
тұрғысынан дәл мазмұндалған. Пәнішілік (физикалық география, материктер
мен мұхиттар географиясы, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы) және пәнаралық (тарих, физика, химия) байланыс байқалады.
Бөлімдердің соңында параграфтың негізгі мәтінін толықтыратын қосымша
мәтіндер берілген. Параграфтың ішінде де, қосымшада да материалды
тереңірек меңгеруге көмектесетін кестелер, диаграммалар, сызбанұсқалар бар.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін көрнекі
материалдардың атауы және түсініктемесі бар.
Оқушылардың алған білімін күнделікті өмірде қолдануға бағытталған
іздеушілік, зерттеушілік, пікірталастық, жағдаяттық сұрақтар мен тапсырмалар
жеткіліксіз. Балалардың болашақ мамандығын таңдауға кәсіби білім беретін
тапсырмалар аз.
2. Жалпы
білім
беретін
мектептің
жаратылыстану-математика
бағытындағы 11-сыныбына арналған «География. Дүниежүзіне аймақтық
шолу» оқулығы. Авторлары: Ә.Бейсенова, К.Қаймулдинова, С.Әбілмәжінова,
Ж.Достай. Алматы, «Мектеп» баспасы, 2011 жыл.
Оқулық материалы жүйелі баяндалған, қазіргі әлемдегі оқиғаларды
суреттейді. Оқу материалын мазмұндау барысында оқушылардың жас және
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескерілген, бұрын оқылған
материалмен өзара сабақтастық сақталған. Мәтіндер сипаттау әдісі арқылы
баяндалған, әр практикалық тапсырмаға түсініктеме материал берілген. Негізгі
және түсініктеме мәтіндердің ара қатынасы нормаға сәйкес келеді.
Оқулықтағы тапсырмалардың басым көпшілігі білімді еске түсіруге
арналған, қолдануға, пайымдауға бағытталған тапсырмалар мөлшері аз.
Презентация мен көрсетілім жасауға, проблеманың шешімін іздеуге,
түсіндіруге, қорытынды шығаруға арналған тапсырмалар санын көбейтуді
қажет етеді.
3. «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы»
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған жұмыс дәптері.
Авторы: Г.М.Түсіпбекова. «Мектеп» баспасы, 2014.
Құрал география пәнінің типтік бағдарламасы және жалпы білім
беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына
арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы»
оқулығына сәйкес әзірленген. География сабақтарында оқушылардың
танымдық іс-әрекетін дамытады.
Жұмыс дәптері оқулық элементтерінің бірізділігін қамтиды. Оқу
материалын сұрыптауда және баяндауда оқушылардың жас ерекшеліктері мен
Достарыңызбен бөлісу: |