12
дайындық деңгейлері ескеріледі, ғылымилық, логикалық ұстанымдар сақталған.
Оқулықішілік және оқулықаралық байланыс қарастырылады.
Оқу материалының әдістемесі тапсырмалар, практикалық жұмыстар түрінде
баяндалған. Кескін карталармен жұмыс тереңдетілген білім алудың қосымша
көзі болып табылады. Ақпараттық құндылықты өзіне жинақтаған кестелер,
диаграммалар, сызбалар берілген. Аталған құрал оқушылардың пән бойынша
білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді, зияткерлік қабілеттерін
дамытады. Дегенмен, гипотезаларды жинақтауға, түсіндіруге, тұжырымдауға,
функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жетіспейді.
4. Жалпы
білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және
әлеуметтік географиясы» бойынша дидактикалық материалдар. Авторлары:
Г.Утеева, С.Абсалямова, А.Утеева. «Мектеп», 2014.
Құрал география пәні бойынша білім берудің типтік бағдарламасына және
жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-
сыныбына арналған «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік
географиясы» оқулығына сәйкес келеді.
Дидактикалық материалдар оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін,
география пәніне қызығушылығын және білімді өз бетімен меңгеруге
ұмтылыстарын арттырады. Оқу материалы бірізді және дұрыс баяндалған, үш
деңгейлі тапсырмалар берілген. Оқу материалын сұрыптауда және баяндауда
оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейлері ескеріледі. Өмір
шындығына жақын мәселелер нақты қарастырылады. Этика, эстетика,
қоғамтану, әдебиет, Қазақстан тарихы пәндерімен оқулықішілік және
оқулықаралық, сонымен қатар пәнаралық байланыс қарастырылады.
Тестілік тапсырмалар және сұрақтар ойлау іс-әрекеттерін дамытуға ықпал
етеді, қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі, белсенділікті оятады, зияткерлік
қабілеттерін дамытады және дұрыс жауаптарды іздеуге арналған білімнің
жоғары деңгейін талап етеді.
Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар өте аз, бұл
мәселе халықаралық мониторингтік зерттеулерге дайындықты сапалы жүзеге
асыруға мүмкіндік бермей отыр.
5. Жалпы
білім мектептердің 7-сыныбына арналған «География.
Материктер
мен
мұхиттар»
оқулығы.
Авторлары:
Ә.Бейсенова,
С.Әбілмәжінова, ККаймулдинова. Алматы «Атамұра» 2012 ж.
Оқулықтың
мазмұны
оқушылардың
психологиялық
және
жас
ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген. Оқулықтың теориялық материалы анық,
нақты және түсінікті, суреттермен, сызбалармен, кестелермен, түсініктеме
мәтіндермен бекітілген. Ұғымдық, фактологиялық қателер жоқ. Оқу
басылымының
мазмұны
оқушыларға
экологиялық
тәрбие
беруге,
шығармашылық белсенділікке бағыттайды. Жер шары табиғатының негізгі
ерекшеліктері, материктер мен мұхиттар табиғатының алуантүрлілігі туралы
оқу материалы оқу бағдарламаларына сәйкес жүйелі баяндалған. Оқулықтың әр
параграфына, бөліміне соңында сұрақтар мен деңгейлік, шығармашылық,
13
практикалық тапсырмалар берілген. Негізгі, қосымша және түсініктеме
материал, баяндалу тілі оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес және түсінікті
берілген. Оқулықтың кейбір параграфтары қосымша ақпараттардан тұрады,
оқушылардың білім деңгейіне байланысты оқуға сараланған түрде келуге
мүмкіндік береді. Бірақ, оқушылардың алған білімдерін қолдануға арналған
жобалық,
зерттеушілік
пікірталастық,
жағдаяттық
тапсырмалар,
функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жеткіліксіз.
Оқу-тәрбие үдерісінде аталған басылымдардан басқа география пәнінен
ақпараттық технологиялар – электрондық оқулықтар да қолданылады.
Электрондық оқулықтар – оқу бағдарламасына сәйкес пәннің мазмұнын
толық қамтитын электрондық басылымдар. Электрондық басылымдар оқу
үрдісіне қажетті теориялық материалдарды, жаттығуға арналған жұмыстарды,
оқушының білім деңгейін тексеруге болатын бақылау жұмыстарын қамтиды.
География пәні бойынша білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген
білім беретін электрондық басылымдар тізбесі жоғарыда аталған бұйрықтарда
берілген.
Сонымен жалпы білім беретін мектептерге арналған «География» пәні
оқулықтарының мазмұны оқушылардың жас, психологиялық және тұлғалық
мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оқулықты
құрастырудың теориялық (концептуалдық) негіздері оқулықтың құрастырылу
принциптері, оның мазмұнына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар, сонымен
қатар дидактиканың ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік принциптерін, пәнаралық
байланысты, пәннің «білу», «түсіну», «қолдану», «саралау», «бағалау» т.б. оқу
мақсаттары ескерілген.География оқулықтарындағы теориялық материалдар
түсінікті тілмен баяндалған, түсініктеме берілген мәтіні бар әртүрлі суреттермен,
сызбанұсқалармен, кестелермен толықтырылған. Тақырыптардың мазмұнында
келтірілген ғылыми деректер дәлелденген, ұғымдардың түсініктемелерінде
фактологиялық қателіктер жоқ. Оқу басылымдарының мазмұны оқушылардың
танымдық қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық әлеуетін
дамытуға бағытталған. Оқулықтардың кейбір параграфтарында оқушылардың
білім деңгейін ескере отырып, саралап оқытуға мүмкіндік беретін қосымша
ақпарат бөлімдері бар. Сонымен қатар, жекелеген оқулықтардың бөлімдері,
параграфтары соңында деңгейлік практикалық тапсырмалар берілген.
Қолданыста жүрген оқулықтардың жағымды жақтарын айта отырып,
кемшіліктері туралы айтпауға болмайды. География пәні бойынша оқу
құралдарының мазмұнында зерттеу, іздеу жұмыстарына, пікірталас, жағдаяттық
мәселелерге бағытталған тапсырмалар жеткіліксіз. Зерттеушілік, іздеушілік,
пікірталастық, жағдаяттық тапсырмалар оқушылардың меңгерген білімдерін өз
беттерінше ізденуге, сонымен қатар түсіну, мақсатты тұжырымдау, іс-әрекетін
жоспарлау және ұйымдастыру, нәтижені бағалау және саралау (рефлексия) арқылы
практикаға бағытталған және аналитикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін
тапсырмалар қажет.
Оқулықта білімді еске түсіру мен қайта жаңғыртуға арналған тапсырмалар
басым, ал алынған білімді күнделікті өмірде қолдануға, тұжырымдауға
Достарыңызбен бөлісу: |