64
51 диаграмма
Жоғарыда айтылғандай, респонденттердің 59%-
ы балаларының үйге жақын жерде орналасқан үйірмелер
мен секцияларға баратындығын айтты. Ал респонденттердің
қалған 41%-ы, отбасылық бюджетке қосымша шығын болса да,
балалары қаланың көрші немесе алыстағы аудандарындағы
үйірмелер мен секцияларына қатысатынын айтты. Осыған
орай, жасөспірім өзінің секциялары мен үйірмелеріне қалай
қатынайтынын сұрақ.
Респонденттердің 53%-ы балаларын өздері жеткізеді
немесе басқа ересек адамға тапсырады. 11-17 жас аралығындағы
балалардың ата-аналар арасында «Өз бетімен» және
«Достарымен» деген жауап шамамен бірдей таңдалды.
65
52 диаграмма
Қатынау түріне келетін болсақ, сауалнамаға қатысқан
ата-аналардың 48%-ы «Жаяу» нұсқасын таңдады, бұл үйірмелер
мен секциялардың қол жетімділігі туралы деректермен
шамамен сәйкес келеді. «Қоғамдық көлік» нұсқасын 11-17 жас
аралығындағы балалардың 37% -ы атады. Респонденттердің 11%
«Такси арқылы» баратынын айтты.
Аудандар бойынша қоғамдық көліктің қызметтерін жол
байланысы жақсы, маршрут желісі кең таралған батыс шағын
аудандардағы жасөспірімдер (51%) жиі пайдаланады. Орта
таптың тұрғын үй жаңа кешендерінде тұратын жасөспірімдер
көбіне (27%) керек жерлеріне өз бетімен такси арқылы
қатынайды.
66
53 диаграмма
Қосымша сабаққа қатысу туралы сұхбатқа қатысқан
респонденттердің екінші тобы жасөспірімдер болды. Зерттеу
көрсеткендей, көбіне олар спорттық секцияларға барады, атап
айтқанда, жекпе-жек күрес (34%). Сауалнамаға қатысқан әрбір
үшінші жасөспірімнің қосымша тілдік курстарына (28%) және
сауалнамаға қатысқанның әрбір төртіншісі (23%) би үйірмесіне
барады екен.
Гендерлік жағынан талдау жүргізгенде, күткендей жекпе-
жек секцияларына ұлдар (55%), биге қыздар (39%) қатысатыны
анықталды. Ер балаларға (19%) қарағанда қыздар (34%) тілдік
курстарын жиі таңдайды.
67
54 диаграмма
Жасөспірімдердің қызығушылықтарына аудандар
бойынша жасалған талдау нәтижесінде, орта таптың тұрғын
үй жаңа кешендерінен басқа, қаланың барлық аудандарында
тілдік курстарын жиі (25%-30%) таңдалатыны анықталды. Орта
таптың тұрғын үй жаңа кешендерінің жас тұрғындары (65%),
(немесе олардың ата-налары) жекпе-жек секцияларын жиі
таңдайды екен.
Сіздің аудандарыңызда қандай үйірме немесе секция жеткіліксіз?
11-17 жас аралығындағы балалардың жауаптары:
«Спорт секциялар»
«Ақысыз жүргізілетін музакалық үйірмелер»
«Шығармашылық үйірмелер»
«Сапалы тілідк курстар – ағылшын қытай тілдері»
«Бокс»
«Жақсы және қымбат емес бассейн»
68
Осы сұрақ 11-17 жас аралығындағы балалардың ата-
аналарына да қойылды. Батыста (Батыс шағын ауданында)
(71%), жаңа әлеуметтік тұрғын үйде (70%) және қаланың солтүстік
бөлігінде (56%) тұратын осы топтың респонденттерінің көпшілігі
жасөспірімдердің шығармашылық үйірмелерінің жоқтығын
айтты. Спорттық және сауықтыру мекемелері жетіспейтін жеке
сектордың тұрғындары жасөспірімдерге спорттық секциялар
қажет екенін атап айтты. Қаланың орталығында техникалық
үйірмелерге сұранысы (36%) жоғары.
55 диаграмма
Зерттеу көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан
жасөспірімдердің үштен бір бөлігі (32%) белгілі бір үйірмелерге
барғысы келеді, бірақ төлем ақысы жоғары болғандықтан
оларға қол жеткізе алмайды. Респонденттердің тағы 33%-ы бос
уақыттарын сабақ оқуға арнайтын болғандықтан, қосымша
сабақтарға қатыса алмайтынын айтты. Балалардың 20%-ы үшін
қалалық ортаның өзі кедергі — ата-ана оларды жалғыз жіберуге
қорқады немесе осы секцияларға жету қиын. Респонденттердің
тек 8%-ы ғана олардың барғысы келетін үйірмесін ата-аналары
ұнатпайтынын айтты.
69
56 диаграмма
Үйірмелер мен секциялардың орташа құнын жоғарыдағы
деректерді салыстырмалы талдау нәтижелері: 11-17 жас
аралығындағы балалардың ата-аналары айтуы бойынша, ең
қымбат үйірмелер мен секциялар қаланың тарихи орталығы,
орта таптың тұрғын үй кешендері және әлеуметтік тұрғын үй
жаңа массивтерінде орналасқан. Бұл жердегі үйірмелер мен
секциялардың оқыту құны 20 мың теңгеден асады. Ата-аналар
мен балалардың бағалауы бірдей болып шықты — 11-17 жас
аралығындағы респонденттер оқыту құны қымбат болғандықтан,
үйірмелер мен секцияларға қатыспайтынын айтты.
70
57 диаграмма
2.4. Мәдени қызметтер
Мәдениет мекемелері және олардың балалар мен
жасөспірімдерге арналған бағдарламалары туралы мәлімет
адамның жеке дамудың бір бағыты. Мәдениет мекемелерінің
дұрыс орналасуы және оларға адамның баруы қазіргі заманның
дерті — гаджеттермен, жаман әдеттермен күресуімен қатар,
баланың шығармашылық және сыни ойлауды дамытады.
11-17 жас аралығындағы балалар мәдени мекемелерге
кинотеатрларды (42%) және театрларды (29%) жатқызады.
Жауап нұсқалары арасында галереялар, мұражайлар мен
музыкалық мекемелер жоқ. Бұл сұраққа жауап беруге қиналаған
респонденттердің үлесі 29%, әсіресе жеке секторда (66%) және
қаланың солтүстік бөлігінде (40%) жоғары болды.
71
58 диаграмма
Ересек респонденттер, яғни 11-17 жас аралығындағы
балалардың ата-аналары мәдени ландшафт туралы жан-жақты
пікір айтты, алайда олардың арасында ауданның мәдени өмірін
білмейтіндердің үлесі тіпті жоғары болды (35%). Ең нашар
жағдай жекеменшік секторда және қаланың солтүстік ықшам
аудандарында анықталды (қандай болса вариант келтіргендер
мен жауап беруге қиынсынғандың қатынасы ретінде).
Достарыңызбен бөлісу: |