Е. Б. Омаров Астана, Л. Н. Гумилев ат. ЕҰУ



жүктеу 245,62 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі245,62 Kb.
#21540


                  Х.Ж. Қожахмет  

                  ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы      



                  Е.Б.Омаров  

                  Астана, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ  



 

СТУДЕНТТЕРДІҢ КҤНДЕЛІКТІ ОҚУ ҤДЕРІС БАРЫСЫНДА 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІМЕН АЙНАЛЫСЫН ҦШТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ 

Жоғарғы  оқу  орындарында  дене  тәрбиесінің  сабағы  басқа  арнайы 

пәндерге қарағанда, ерекше әлеуметтік маңызы бар пән ретінде болашақ жас 

мамандарды  еңбек  етуге  және  Отан  қорғауға  дайындауда  қолданылатын 

басты құралдардың бірі болып саналады. Жалпы алғанда дене тәрбиесі пәні 

студенттердің  денсаулығын  нығайтып,  олардың  дене  шынығу  қабілеттері 

мен спорттық дайындығын шыңдай келе, ӛз беттерінше айналысу барысында 

икемділікке бейімдейді [1].  

Мақаланың  мақсаты:  студенттердің дене  шынықтыру  және  спортпен  ӛз 

бетінше  айналысу  үдерісінде,  ӛмірге  деген  кӛз  қарастары  мен  мінездерін 

қалыптастыруға ықпал ететін басқарудың тәрбиелік мәнін анықтау.  

Олар, айналысу барысында нұсқаушылық  пен спорттық тӛрешілік етуге 

сырттай  маманданудағы  біліктіліктерін  шыңдай  жүріп,  сол  артқылы  бүгінгі 

таңдағы осы  саланың жүйелі дамуына  үлес  қосып және  де  ӛздерін болашақ 

жас  маман  ретіндегі  кәсіби  белсенділіктерін  басқару  артқылы  тәрбиелеу 

мақсатымен,  еңбек  сүйгіштікке,  ынта-ықыласы  жоғары,  отаншыл  болып 

ӛсулеріне ықпал етілетіндігін сезінеді.  

Қолданылған әдістері:  

1. Әдебиет кӛздеріндегі осы тақырыптың ашылу мазмұндарын айқындау; 

2. Педагогикалық бақылау; 

3. 

Дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы  қалыптасқан 



тұжырымдарды  жүйелеу  және  студенттерді  ӛз  беттерінше  айналысу 

барысына икемділікке бейімдеу мәселелерін жинақтау

4. Жинақталған ұсыныстар мен мәліметтерді талдау.  

Жоғарғы  оқу  орындарының  дене  тәрбиесі  кафедрасы,  спорттық  клубы 

және  қоғамдық  ұйымдары,  әсіресе  (жастар  ісі  жӛніндегі  комитеті) 

студенттерді  дене  шынығу  қабілеттері  мен  спорттық  дайындықтары 

артқылы,  ӛз  ден  саулықтарын  нығайту  жолында  үлкен  жауапкершіліктерін 

сезіне  білуге  тәрбиелейді.  Сондықтанда  студенттер  де  жоғарғы  оқу 

орындарын  бітіргеннен  соң,  ӛз  кәсіби  жұмыстары  барысында  дене  тәрбиесі 

мен  спорт  пен  ӛздері  ғана  айналысып  қоймай,  ӛз  ұжымдарында  бұқаралық 

дене  шынықтыру  жұмыстарын  тиянақты  ұйымдастырып,  оның  жол 

бастаушылары, әрі тәлімгер ұстазы болуға тиісті. 

Студент  жастарға  күнделікті  тұрмыста,  от  басында,  дене  шынықтыру 

шараларын  кеңінен  насихаттап,  қолданып  отыру  аса  қажетті  іс.  Олар  біздің 

қоғамымыздың  ерекше  әлеуметтік  тобы  болып  саналады.  Студенттер  оқуда 

және  қоғамдық  істерде  белсенді  талпыныстар  жасауға,  бос  уақыттарын 

қызықты, тиімді етіп ӛткізуге, дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде 



айналысуға  ӛздері  мүдделі  болулары  керек.  Сол  артқылы  жастардың  оқып 

жүрген кездерінен бастап іскерлік қабілеттері мен белсенділіктері арта түсіп, 

мінез-құлқы  қалыптасып  тұрақтана  бастайды.  Осының  ӛзі  студенттердің 

келешектегі кәсіптеріне мүмкіншіліктері мол екенін және де сол қасиеттерді 

пайдалана білуге ынта-жігерлерінің барлығын айқындай түседі. 

Дене  шынықтыру  мен  спорт  студенттердің  дене  тұлғасының 

қалыптасуына,  сондай-ақ  кәсіби  ерік  қасиеттерінің  дамуына  ықпал  етеді. 

Сӛйтіп  ол  студенттердің  дене  сау,  шығармашылық  қабілеттері  мол, 

шыныққан,  алғыр  ойлы  адам  болып  ӛсуіне  жағдай  жасайды.  Бұл  жұмыс 

республикадағы  жоғары  оқу  орындарының  дене  тәрбиесі  мен  спортты 

жетілдіру  жӛніндегі  бағдарламаға  сәйкес  жазылған,  студенттердің  таным 

белсенділігінің  ӛсуіне  оқуда,  еңбекте  және  демалыста  ӛздерін  тәрбиелей 

білуіне  кӛмекші  құрал  ретінде  ұсынылудан  тұратын  құнды  материалдармен 

қамтамасыз етеді [2, 3, 4]. 

Дене  тәрбиесі  мен  спорттық  тәсілдерін  студенттердің  оқу  сабақтары  да 

және  ӛз  бетімен  айналысу  жүйелерінде  нәтижелі  қолдану  үшін  бірқатар 

әдістік жағдайларды ескере отырып  студенттердің қозғалыс жүктемелерінің 

ой мен жұмыс істеу қабілетінің тиімді алмасуын анықтауды ескерген жӛн: 

1.  Студенттердің  ой  мен  жұмыс  қабілетінің  мерзімдік  ӛзгеруі,  оқу 

жылындағы  түрлі  объективті  себеп  болып  табылады  да,  дене  тәрбиесімен 

жұмысты тиімді жүргізуді ұйымдастыруды есептеп отыру үшін керек. 

2.  Студенттердің  негізгі  дене  қасиеттерінің  дамуын  жақсы  тиімділікке 

жеткізуге  болатын  келесі  әдіс  ұсынылады,  егер  де  әрбір  семестрдің  бірінші 

жартысындағы  оқуда  және  ӛз  бетімен  айналысу  сабақтарындағы  шынығу 

жылдамдықты  жетілдіруге  бағыттап,  70-75  пайызға  дейін  жылдамдықпен 

күштің  қасиеттері  мен  жылдамдық  тӛзімділігін  жүктеме  қарқындылығымен 

алғанда,  минутына  120-180  жүрек  соғу  жиілігі  (ЖСЖ)  қолданылса,  ал 

семестрдің екінші жартысында күшті жетілдіруді басымырақ бағыттап 70-75 

пайызға  жеткізсе,  сондай-ақ,  жалпы  және  күш  тӛзімділігін  баяу  қарқынмен 

қатар  жүргізе  отырып,  минутына  жүрек  соғу  жиілігі  120-150  қағысқа 

таяулатса, онда алға қойылған мақсаттар дұрыс шешілуі тиіс. 

3.Үлкен  қарқынды  жүктемедегі  сабақты  минутына  жүрек  соғу 

жылдамдығы  160  қағыс  моторлық  тығыздығымен  65  пайызға  дейін  оқу 

кестесінің соңғы сағаттарында жоспарлау ұсынылады, себебі ауыр жүктемеге 

машықтанбаған  студенттердің  оймен  жұмыс  істеу  қабілеттері  тӛмендейді, 

бұндай  студенттер  үлкен  жүктемеден  соң  4-5  сағаттан  кейін  ӛзіндік 

дайындыққа кірісе алады. 

4. Аптасына 2 реттік сабақта қозғалыс жүктемесінің оймен жұмыс істеу 

қабілетімен  ӛзара  алмасуының  заңдылығы  барлығы  байқалады.  Ең  жоғары 

деңгейдегі  оймен  жұмыс  істеу  қабілеті,  екі  сабақты  орта  қарқында  1,  2,  3 

күндік  аралықпен  алмастырғанда  байқалады.  Нашар  машықтанған 

студенттер  үшін  аптасына  екі  рет  сабақ  жүргізуді  қолдану,  қарқындығы 

үлкен  жүктемемен  болған  демалысының  арасы  қандай  болса  да  жеткілікті 

бӛлікте оймен жұмыс істеу қабілетін тӛмендетеді. Үлкен жүктемелі сабақты 

аптаның  басында  аз  және  орта  жүктемемен,  аптаның  екінші  жартысында 



алмастыру  тек  оқу  аптасының  соңында  ғана  жұмыс  істеу  қабілетіне 

ынталандырғыш әсер жасайды.  

Сынақтық    емтихандық  сессия  кезінде  дене  тәрбиесі  жаттығуларын 

ұйымдастыру  мен  қолданудың  ӛзіндік  ерекше  айырмашылықтары  бар.  Ең 

алдымен  олар  салауатты  ӛмір  тұрмысын  ұйымдастырудың  негізгі  бӛліктері 

болу  керек,  мысалға  алғанда  күнделікті  гигиеналық  гимнастикамен 

айналысу,  таза  ауада  1,5  сағаттай  болып,  ұйқыны,  тамақтануды  дұрыс 

ұйымдастырумен  қатар  оқу  еңбегінің  қорытындыларын  тиімді  жасауға 

себептес  болып  табылады.  Оқу  еңбегінен  қажыған  студенттерге 

гимнастикалық  жаттығуларды  ӛте  баяу  қарқынмен  орындағандығы 

байқалатын  қолайлы  әсерлерін  ескерген  дұрыс  (жай  жүріс,  жүгіру,  жүзу, 

шаңғы,  коньки,  велосипед  тебу  және  т.б.).  Емтихандардан  кейін  тынығу 

үдерістерін  жеделдету  және  жүйкенің  қозуын  азайту  мақсаты  үшін  бӛлек 

жүктемені тер шығаруға (терлегенге) дейін орындаған тиімді. 

Дене тәрбиесі мен спорттың тәсілдерін бос уақытта қолдану бағыттары 

келесідей  ӛрбігені  жӛн.  Студенттердің  салауатты  ӛмір  салты  (CӚC)  деп, 

күнделікті қозғалу істері мен гигиеналық шаралардың кешенін орындау және 

қозғалыс  белсенділігін  керекті  мӛлшерде  қамтамасыз  етумен  қатар  оқу 

жұмысын, қоғамдық міндеттерді қалыпты жағдайда орындау  мүмкіншілігін 

айтады.  Күнделікті таңертеңгілік  гимнастиканы орындауға  20-30  мин  қажет 

болса,  кӛбірек  ауада  болатын  қимыл  белсенділігі  ағза  жетілуінің  қомақты 

қоры  болып  табылады.  Демалыс,  оқу  күндегіге  қарағанда  сауықтыру, 

шынуғу,  спорттық  шаралар  сияқты  жұмыстар  мен  тығыз  толулары  керек. 

Қаланың  сыртында  серуендеу,  бір  күндік  саяхаттық  жорықтар  және  ӛз 

бетімен  жекеше  немесе  ұжыммен  бірге  таза  ауада  ӛтетін  шараларды 

ұйымдастырудың әсерлері ӛте тиімді.  

 Дене  тәрбиесі  мен  спорттың  шараларын  спорттық  сауықтыру 

лагерьлерінде  де  қолдану,  студенттердің  денсаулықтарын  түзетуге  ӛте 

қолайлы,  себебі,  мұндай  лагерьлердің  табиғат  аясында  орналасуының  ӛзі 

дене  тәрбиесінің  барлық  шараларын  кешенді  қолдану  мүмкіншілігі 

арқасында сауығудың, шынығудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Оқу  еңбек  әрекеттері  кезінде  студенттердің  екпінді  демалыс  түрлері 

болып,  қысқа  уақыттық    дене  тәрбиесі  жаттығуларын  орындауды 

ұйымдастыруды  басқару  әдістері  саналады.  Кӛптеген  авторлардың 

зерттеулері  кӛрсеткеніндей,  5-10  минуттық  дене  тәрбиесі  үзілістері 

студенттердің 

жұмыс 

істеу 


қабілеттерін 

жақсартуға 

екі 

еседей 


ынталандырғыш әсер етеді екен. Ал, екі есе ұзартылған қимылсыз бос ӛткен 

дәрменсіз  демалыс  керісінше  әсер  етеді.  Дене  тәрбиесі  үзілістерін  жақсы 

желдетілген  бӛлмелерде  ӛткізу  керек.  Жаттығулар  оқу  еңбек  әрекеттеріне 

қатыспаған  жүйелердің  жұмыс  белсенділігін  арттыратындай  болып 

қарастырылады.  Дене  тәрбиесі  үзілісінен  басқа  ой  еңбегі  кезінде,  әсіресе ӛз 

бетімен дайындалғанда, арнайы позотоникалық жаттығуларды (ПЗ) орындау 

мақсатқа сай келеді. Арнайы жаттығулардың(АЖ) кӛмегімен орында отырған 

қалыпта ақ, бұлшық еттер жұмысқа қосылады [5]. Бас миының жұмыс істеу 

қабілетінің  күш  қуатын  кӛтеру  мақсатымен,  тыныс  алу  тәртібін  және  қан 



айналуды жақсарту үшін 30-40 мин. сайын ұзақтығы 1-1,5 минуттай, жұмыс 

орнынында  отырып,  ылғи  да  позотоникалық  жаттығулардың  ықшамдалған 

мӛлшерін орындаған жӛн. 

Сондай-ақ  әрбір  екі  сағатта  бір  минуттық  динамикалық  жаттығуларды 

орындау  ұсынылады,  мысалы:  жеткілікті  және  терең  тыныс  алуды  ескере 

отырып бір орында жүгіру. 

Ӛздігінше тексеруде алынған мәліметтерді ӛзін-ӛзі бақылау күнделігіне 

тіркеп, оқтын-оқтын дәрігер мен осы сала ұстазымен бірге, немесе денсаулық 

тобының  нұсқаушысы  кеңесімен  талданып  қадағаланады.  Қажет  болған 

кезде, жаттығу құрамына арнап салыстырмалы ӛзгерістер енігзіледі. Ӛзін-ӛзі 

бақылау  күнделігін  белгілі  бір  үлгі  бойынша,  не  еркін  түрде  құрастыруға 

болады, осы күнделікте субьективті және обьективті кӛрсеткіштер тіркеледі.  



 

Өзін-өзі бақылау кҥнделігінің ҥлгісі 

Кӛрсеткіштер 

Бақылау жүргізілген 

Күндер 


 

6.04.2009ж. 

7.04.2009ж 

Кӛңіл күйі 

(жақсы, орташа, нашар) 

таңертеңгілік жақсы, 

жаттығудан кейін жақсы 

 

Ұйқысы  /ұзақтығы,  тереңдігі,  не 



қаттылығы/ 

тыныш, 8 сағат 

 

Асқа  деген  тәбеті  (әдеттегідей, 



кӛтеріңкі, нашар, жоқ) 

жаттығудан кейін жақсы 

 

Жаттығуға 



ынтасы 

(жоғары, 

тӛмен, жоқ) 

жоғары 


 

Жаттығудың ауырлығы (жоғары, 

орташа, тӛмен) 

жоғары 


 

 

Дененің  жалпы  ауырсынуы(қай 



жерінің, қалай ауыруы) 

жоқ 


 

Жұмысқа  қабілеті  (әдеттегідей, 

жоғары, орташа, тӛмен) 

әдеттегідей 

 

ЖСЖ 


таңертең – 68 соғу/мин. 

жаттығудан кейін –  

96 соғу/мин. 

кешке – 73 соғу/мин. 

 

Дене салмағы 



жаттығудың алдында – 65 кг. 

жаттығудан кейін – 64 кг. 

 

Терлеуі (әдеттегідей, күшті) 



әдеттегідей орташа 

 

Ортостатикалық сынама 



жатқанда – 60 соғу/мин. 

тұрғанда – 72 соғу/мин. 

айырмашылық – 12 рет/мин. 

 

Жаттығу сабығының мазмұны 



1,9 шаршы метр жүгіру 

 

Спорттық нәтижелері 



12 мин. 

 

 




Субьективті сезімдер обьективті мәліметтермен толықтырыулары керек. 

Жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) тәңертең ұйқыдан оянысымен, жаттығу алдында 

және ол аяқталған соң ӛлшенеді. Егер ағза жаттығудан кейін толық қалыпына 

келген  болса,  тәңертең  ЖСЖ  әдеттегі  мӛлшерден  (минӛтіне  60-89  реттен) 

аспайды.  Есте  сақтайтын  жай:  ЖСЖ-ны  үнемі  бір  қалыпта  ӛлшеген  жӛн, 

ӛйткені  кӛлденең  қалыпта,  ол  тік  тұрғандағыдан  минӛтіне  5-18  рет  кем 

болады.  ЖСЖ  қалыпты  мӛлшерден  ауытқуы  жиілеуі-ағзаның  толық  қанды 

қалыптаспағандығының белгісі. Жаттығу сабағының үстінде ЖСЖ минӛтіне 

100-130 ретке кӛтерілсе, жүктеме қарқынының тӛмендігі 130-150 рет орташа, 

150-170  рет  жоғары  қарқынды  жүктемелерге  пара-пар.  Сауықтыру  дене 

тәрбиесіне  тиімді  ЖСЖ  әр  түрлі:  айналысушының  жасына,  денсаулығына, 

жұмыс қабілетіне сәйкес белгіленеді [6]. 

ЖСЖ бойынша алынатын мәліметің пайымдаушылық маңызын арттыру 

үшін  ортостатикалық  сынама  жүргізуге  болады.  Күнделікті  түнгі  ұйқыдан 

оянысымен 

ӛткізілетін 

ортостатикалық 

сынамалардағы 

ЖСЖ 

айырмашылықтары қалыпты мӛлшерден асып (әдетте 5-18 ерт/мин), әр күні 



әр 

түрлі 


сандар 

алынса, 


ағзаның 

алдыңғы 


жаттығудан 

соң 


қалыптаспағандығын  кӛрсетеді. Сонымен  қатар,  артаериялық  қан  қысымын, 

ӚТС  (ӛкпенің  тыныс  алу  сиымдылығы)  т.б.  кӛрсеткіштерді,  мүмкіншілік 

болғанша  жиі-жиі  ӛлшеп,  жалпы  ден  саулықты  салыстырмалы  түрде 

қадағалап  отыру,  дене  шынықтыру  және  спортпен  айналысушыларға  үнемі 

қажет мәлімет ретінде қолдану ұсынылады. 

Қортынды:  дене  шынықтырушының  ӛзін-ӛзі  бақылауын  қалыптастыру 

үдірісі  біртіндеп  әдетке  айналады.  Жаттығу  барысында,  әсіресе  ӛз  бетмен 

жеке  жаттыққанда,  жүктемелердің  ағзаға  әсерін  айналысушы  ӛздігінше 

қадағалай  білуі  дәрігерлік,  дәрігерлік-ұстаздық  тексерулерде  алынған 

мәліметтерді айтарлықтай толықтырып, жаттығудың сауықтыру әсерін тиімді 

пайдалануға ықпал етеді.  

Дене  шынықтыру  мен  спорттың  қалыптасқан  тәсілдерін  студенттердің 

оқу  сабақтарында  және  ӛз  бетімен  айналысу  үдерістерінде  нәтижелі 

қолданулары  үшін,  бірқатар  жоғарыда  келтірілген  әдістемелік  жағдайларды 

ескере  келіп,    ойлау  жүктемелерінің  жұмысы  дене  қасиеттері  мен  тиімді 

алмасуларын басқаруға тәрбиелеу жетілдіріледі. 



 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1. Брехман Н.И. Валеология-наука о здоровье. - М: Медицина, 1990.  

2.  Кукушкина Г.И. Система физического воспитания.  – М., 1987, С.13-

16. 


3. Пономорев Н.И. Социальные функции физической культуры и спорт.-

М., 1994. - С.9-11. 

4. Попенченко В.В. Пути повышения эффективности учебного процесса 

по физическому воспитанию в вузе. - М., 1979. - С.5-7. 

5.  Қаражанов  Б.К.  Дене  тәрбиесі  мәдениетінің  ілімі  мен  әдісінің 

терминологиялық сӛздігі.  - Алматы, 1991.  




6. Жұмашева С.К. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану.  - Алматы, 

1991.  


ТҤЙІНДЕМЕ 

Мақалада дене шынықтыру мен спорттың қалыптасқан тәсілдерін студенттердің оқу 

сабақтарында және ӛз бетімен айналысу үрдістерінде нәтижелі қолдануларының жолдары 

келтіріледі.  Сонымен  қатар  әдістік  ұсыныстарды  ескере  келіп,    ойлау  жүктемелерінің 

жұмысы  мен  дене  қасиеттерінің  тиімді  алмасуын  басқаруға  тәрбиелеуді  жетілдіру 

айқындалады. 



РЕЗЮМЕ 

Статья  посвящена  изучению  воспитательного  механизма,  обеспечивающего 

движение  процесса  физического  воспитания,  а  также  данный  процесс  образует 

взаимодействие  студентов  между  собой  на  самостоятельных  занятях  физической 

культурой и спортом. 

Дополнительно  обобщены  уровни,  формы,  педагогические  условия,  проблемы  и  

потребности  двигательной  активности в физическом совершенствовании студентов. 

 

 



 

 

жүктеу 245,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау