97
3. СЕРУЕНДЕУ КЕЗІНДЕГІ СҰХБАТТАН АЛЫНҒАН
ДЕРЕКТЕР
Далалық зерттеулер кезінде сұхбат материалдарын жинау
және өңдеу кезінде біз «еркін ойынға» бейімділік мәнмәтіндегі
ортаның достық сипаттамаларына негізделдік. Ойын
кеңістігін бағалау критерийлерімен келесі көрсеткіштер
анықталды:
-
Жас ерекшеліктерін ескеру (жеке тұлғаның негізгі
компоненттерін дамытатын физиологиялық және психологиялық
жас қажеттіліктерін бағдарлау)
-
Ойынның жоғары жағасы (ойын кеңістігінің күрделі
бедері, болуы мүмкін ойын әрекеттерінің әртүрлілігі мен
ұзақтығына септігін тигізетін рәсімделмеген көп функционалды
объектілер мен материалдар)
-
Ойынға арналған объектілердің ашықтылығы (ойын
мүмкіндіктерінің объектімен нұсқалығы, яғни, объектімен
әртүрлі
ойын қимылдарын жасау, оны шығармашыл тұрғыда
пайдалану)
-
Рұқсат берілетін қауіпті қолдау (балалардың тәуекелге
баруы үшін жағдайлардың болуы, бірақ қауіп жағдайын
бақылау)
-
Диалогтылық (балалардың еркін ойнауына септігін
тигізетін өз еркімен пайда болатын топтарда және үлкендермен
ойын кеңістігінде орта құру)
1. Жас ерекшеліктерін есепке алу
Зерттелген жерлердің ерекшелігі (негізгісі - аулалар)
– инфрақұрылымның 11 жасқа дейінгі жас сатысындағы
балалардың талап-тілектеріне бейімделуі. Ойын алаңдары,
әткеншектер, төбешіктер, құмсалғыштар — бұлар
бізге әр
локацияда көрінген құрал-жабдықтың жиынтығы. Ересек жастағы
балалар үшін бұл объектілер қызықты емес. Ерекше болғаны
– қаланың солтүстік бөлігіндегі шағын аудан, ондағы 11-ден 17
жасқа дейінгі балалардан тұратын топ, өздері серуендейтін жер
ретінде ауланы емес, ауданның орталық саябағын атады.
2. Ойынның жоғары бағасы
Қаланың
тарихи орталығында сұхбаттасу және бақылау
әдісімен ойынға арналған келесі объектілер анықталды:
“балалар алаңы” (55%), “құпия орын” (15%), “қараусыз қалған
шаруашылық алаң ” (12%), “футбол алаңы” (10%), “ағаш” (8%).
⅔
жағдайларда аталған балалар алаңы мен футбол алаңы,
ойын әрекетінің үнемі ұзақ, әртүрлі бола бермейтін нысандық
объектілеріне жатады.
Сұхбаттардан белгілі болғаны – өздерінің сүйікті
ойындары («саңырау телефон», «акула»
6
, қуаласпақ, «соқыр
көртышқан») үшін осы ауданның балалары ауладағы 8 жасқа
дейінгі балалар тобына есептелген ойын кешенін икемдейді.
Балалар мойындағандай, олар бұл кешенді тағайындалуы
бойынша сирек пайдаланады,
бірақ өздерінің ұжымдық,
белсенді ойындарын ол жерде жиі ойнайды.
6 “Акула” ойынының ережесі: жүргізуші жерде «жүзеді», қалғандары одан ойын кешенінде тығылады. Кешенде барлығының бір уақытта жүруіне болмайды, әр қатысушы
кезекпен өзіне акулаға арналған «тұзақ жем» рөлін алады.
99
Сұхбатта жауап беруші
балалар егер алаңды кеңейтіп,
қалған ескі құрал-жабдықты ауыстырса және түрлі функцияларды
(жаңа әткеншектер, өрмелеп шыққыштар, төбешіктер, ағаштағы
үйшіктер) қосатын болса, жарықтандырса, алаңды қоршаса,
балмұздақ сататын орындар мен батут қойса, алаңның
анағұрлым тартымды болады деген пікірлерін айтты.
Ұлдар бірінші қабатта тұратын көрші қарт әйелмен
шығыспайды екен. Ол кісінің терезесінің астындағы кіреберіс
маңында «біз жиі дүкен ойынын ойнаймыз»; бұл біздің жақсы
көретін орнымыз, кейде біз ол жерде ағаштың астында тұрып,
әңгімелесеміз. Ол бізге ұрсады, қуады, дейді олар. Аулан
кеңістігін әр түрлі жастағы пайдаланушылар
арасындағы дау-
жанжалдар – кеңінен таралған құбылыс. Үстелдің немесе басқа
да тегіс жазықтықтың болуын қажет ететін «құпия жердегі»
ойын алаңдары тыныш ойындарға арналған талап – тілектерді
қанағаттандырмайды, сондықтан бұл оларды үй жанындағы
аумаққа баруға мәжбүрлейді.
“Ағаштарды”, “құпия орынды” қоршаған әлеуметтік
ортаның құрылысын бұзып, одан ойынға қатысты нәрселерді
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көп функционалды объектілерге
жатқызуға болады. Сондай-ақ
онда сұхбаттасу қажеттілігі, жеке
кеңістікте жалғыз қалу қажеттілігі қанағаттандырылады. Бұл
туралы 11-13 жастағы балалардың жауаптарын да айтылады,
ол жауаптарында олар ата-ананың қарауынсыз, демалу және
ойнау, бір-бірімен мектеп, күнделікті өмір туралы әңгімелесу
және армандау мүмкіндігін көрсетеді. “Құпия орындарға” ешкімге
айтпастан, шеттен ешкімді шақырматсан, 2-3 адамнан тұратын
шағын топтармен барады.
Осы топтың 7-10 жастағы балалары үшін үйдің артындағы
қараусыз қалған,
қурайлар өскен, құрылыс қоқыстарына және
ескі заттарға толы қоршау. Онда балалар қоректендіріп жүрген,
мысықтар мекендейтін жертөлеге қарап тұрған ашық терезе бар.
Ата-аналары онда баруға рұқсат етпегенімен, ол жерде балаларға
жайлы.
“Менің ағашым”
100
Тағы бір құпия орын – қыста
пайдаланылмайтын сауда шатыры.
М. В. Осорина
8
: Біріккен құпия орындардың
балалардың әлеуметтік сәйкестігін қалыптастыру
үшін мәні зор. Жалпы құпияға негізделген бірігу –
балалардың өз тобын біріктіру үшін, «Біз» деген
сезімді күшейту үшін пайдаланатын психологиялық
маңызды құралдардың бірі болып табылады.
8 Мария Владимировна Осорина —
Ресей психологы, психология ғылымдарының кандидаты, СПМУ психология факультетінің доценті, Санкт-Петербург психологиялық қоғамының
вице-президенті.