Жобаның тақырыбы: Отынның жылуының мәні



жүктеу 75,46 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі75,46 Kb.
#4249

Жоба авторы

Тегі, аты-жөні

Асанова Ардақ Абдыкадыровна,

Шериязданова Куралай Мубараковна



Республика

Қазақстан

Мектеп орналасқан елді мекен

Павлодар

Мектептің аты

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі

Жобаның қысқаша сипаттамасы

Жобаның тақырыбы: Отынның жылуының мәні.

Жобаның қысқаша мазмұны

Оқыту жобасы мемлекеттік жалпы білім беру стандартына негізінен алынған. Оқу кезіндегі сарамандық жұмыстар мен қысқаша түсіндіру оқушылардың оқыту, негізгі және мәселе тудыратын сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді.

Пәндер: физика, химия

Осы жобада физика және химия пәндері бойынша келесі ұғымдар зерттеледі: отын түрлері, отынның жану жылуы, бөлінетін жылу мөлшері, отындардың түрлері мен қасиеттеріне сәйкес жану ерекшеліктері.


8 сынып

Жобаны оқыту мерзімі:

8 сағат, 4 апта .

Жоба негіздері

Білім беру стандарты

Физика пәні бойынша білім беру стандартында көрсетілген «Молекулалық физика және термодинамика» бөлімінде және химия пәні бойынша білімнің базалық мазмұнында көрсетілген «Жылу эффектісі» тақырыптары бойынша оқушылар осы жоба арқылы білімдерін толықтырып, жүйелеуге мүмкіндік алады.

Дидактикалық мақсаты / Оқытудағы күтілетін нәтиже

Білімділік мақсаты: оқушылар химия және физика пәндерінен отын түрлерімен танысып, олардың қасиеттерін, ерекшеліктерін, жану жылуының бөліну құбылыстарын оқып, меңгереді.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылар осы жоба барысында өздігінен іздену арқылы өмірге қажетті мәліметтерді жинақтайды, пәнге деген қызығушылығы артады.

Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі кездегі көтеріліп отырған дүниежүзілік үлкен мәселе «Энергияны үнемдеуге», оларды өңдіру кезіндегі экологиялық жағдайларға көңіл бөледі.

Жобамен жұмыс аяқталғанда оқушылар мыналарды біледі: нақты мысалдар арқылы жылу энергетикасының экологиялық проблемаларын түсіндіре алады, жылыту аспаптарын қолдана алады, осы жоба бойынша алынған білім мен біліктілікті күнделікті өмірде қолдана білу, жану реакциясындағы өнімдерінің массалары мен көлемдерін, бөлінетін жылу мөлшерін есептей алады.

Жобаны бағыттайтын сұрақтар

Негізін құрайтын сұрақтар

«Энергияны үнемдеу» технологиясын қалай түсінесіздер?

Оқыту тақырыбының мәселелі сұрақтары

1.Отын көздерінен энергияны алу жолдары

2. Қандай отынды пайдаланған үнемді?

3. Экологиялық жағынан қандай отын түрі тиімді?

Оқыту сұрақтары

1. Отынның түрлері қандай?

2. Олар қандай салады қолданылады?

3. Қандай отын түрін жағу тиімді?

4. Термохимиялық реакциялардың қандай түрлері бар?

5. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қалай есептейді?

6.Отын жанғанда қандай улы газдар шығады?

7.Шыққан газдар қоршаған ортаға қалай әсер етеді?

8.Қышқыл жаңбырлар деген не, олар қалай түзіледі?

Бағалау жоспары

Бағалау графигі

Жобаға дейінгі жұмыс

Оқушылар жобамен жұмыс істейді және тапсырмаларды орындайды

Жобамен жұмыс істеу аяқталғаннан кейін

  • Жобамен таныстыру

  • Ойға шабылу сұрақтары

  • Топтық жұмысты бағалау көрсеткіштері

  • Жоба бойынша жұмыс істеу жоспары




  • Ақпараттар жинау, қосымша мәліметтер қолдану

  • Топта жұмыс істеуді жоспарлау парақтары

  • Өзің-өзі бағалау

  • Тақырыптық тест

  • Зертханалық жұмыстардың орындалуы

  • Тірек-сызба конспектісі

  • Әрбір топтың алдын-ала нәтижелерін талқылауы




  • Зерттеу нәтижелерін слайд-шоу, тірек-сызба конспектісі, эссе көмегімен көрсету.

  • Қорытынды тест

  • Жобаны орындау нәтижесінде алынған өнімдерге қорытынды баға беру

  • Оқушылардың үздік зерттеу жұмыстарын ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсыну




Бағалау әдістеріне сипаттама

Жобаға дейінгі жұмысты бағалау барысында: оқушылардың қызығушылығы мен алғашқы тәжірибесін анықтауға бағытталған бастапқы таныстыру жұмыстары, ойға шабылу сұрақтарына жауап беруі, білім картасын құрастыруы, топтық жұмысты кезіндегі белсеңділігін, жоба бойынша жұмыс істеу жоспары дұрыс құрастыра білуі, эссе жазу сауаттылығы бағаланады.

Оқушылардың жобамен жұмыс істеу және тапсырмаларды орындау кезіндегі: топта жұмыс істеуді жоспарлау парақтары, жоба бөлімдеріне рефлексия жасауы, қосымша мәліметті қолдануы, зертханалық жұмыстардың орындалуы, әрбір топтың алдын-ала нәтижелерін талқылау кезіндегі бірін-бірі тыңдау арқылы, өз ойларын жеткізуі бағаланады.



Жобамен жұмыс істеу ақталғаннан кейін: зерттеу нәтижелерін слайд-шоу, тірек-сызба конспектісі, мақалалар және т.б. көмегімен көрсете білуі, жобаны орындау нәтижесінде алынған өнімдерге қорытынды баға беріледі, жоба бөлімдеріне рефлексия жасау сауаттылығын бағалау. Оқушылардың үздік зерттеу жұмыстарын ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсыну.

Жоба туралы мәлімет

Қажетті алғашқы білімі, білігі, дағдысы

Жобамен жұмыс істеуге кірісу үшін оқушының техникалық білімі мен дағдысы болу керек. Отын жану энергиясы тақырыбында ішкі энергия ұғымын қалыптастыруды жалғастыру қажет. Оны реакцияласатын заттарда жасырылған энергиямен, яғни «химиялық энергия» ұғымымен толықтыру қажет. Химиялық реакциялар кезінде бұл энергия белгілі бір жылу мөлшері (жану), жылулық және механикалық энергия (жарылыс) түрлерінен басқа денелерге беріле алады немесе қайта электр энергиясына айналады. Химиялық энергия ішкі энергияның бір бөлігі екені туралы түсінікті отын жану жылуын оқып үйрену процесінде енгізген жөн. Отынның жану жылуынан пайда болатын меншікті жылуды оқыту кезінде ішкі энергияның өзгеру жолдары, яғни ішкі энергияның химиялық реакциялар кезінде олардың өзгеруі туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік туады. Отын жанған кезде молекулалар арасында өзара әрекет етуші күштер мен олардың қозғалыстарының сипаты өзгереді, яғни жану кезінде отынның ішкі энергяиыс өзгереді. Сөйтіп отынның барлық түрлерінің ішкі энергиясы бар және олар жанған кезде сол энергияның бір бөлігін бөліп шығарады да, ол жұмыс істеуге немесе жылу алмасу кезінде басқа денелерді қыздыруға жұмсалады.

Оқыту шаралары

1 сабақ – Жобамен таныстыру. Отын түрлерін, олардың қолданылу салаларын, жағу тиімділігін анықтау үшін, қосымша материалдардан іздестіреді.

2 сабақ - Химимиялық реакцияның жылулық эффекті. Термохимиялық реакциялардың түрлері.

3 сабақ – аралық тест.

4 сабақ – Отынның меншікті жану жылуына сандық есептер шығару.

5 сабақ – Зертханалық жұмыс

6 сабақ – Қышқыл жаңбырлардың түзілуі мен олардың зияндылығы.

7 сабақ –Қорытынды бақылау жұмысы.

8 сабақ – Жобаны қорғау.

Деңгейлеп оқыту материалдары

Оқу материалын қабылдауда қиналатын оқушылар.

Бұл оқушылармен жұмыс істегенде жетекші сұрақтар, перфокарталар беру арқылы, ойларын жүйелеуге мүмкіндік береміз. Алған білімдерін диктант түрінде тексеріледі. Жобамен жұмыс барысында оқушылар нақты белгіленген мақсаттарға қол жеткізеді. Олар топтың басқа мүшелерінен көмек сұрап, мұғалімнен кеңес алады. Осындай оқушылар жалпы жұмыс өздерінің қажеттілктерін сезіну керек, өздері жетістіктерге жете алатындықтарына сенуі керек.



Дарынды оқушылар

Жобамен жұмыс барысында оқушылар тапсырмаларды орындау жолдары мен тәсілдерін өздері таңдауға мүмкіндік алады. Химия мен физика пәндерін қызығушылықпен оқитын оқушылар, оқыту тапсырмаларын орындаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қосымша мәліметтер қолданып зерттеулер жасауға мүмкінідк алады.




Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар

Құрал-жабдықтар

Фотоаппарат, видеомагнитофон, компьютер(-лер), принтер, видеокамера, сандық камера, проектілік жүйе, видео құралдары, сканер, ғаламтор байланысы, теледидар

Баспа негізіндегі материалдар

Оқулықтар, әдістемелік құралдар, хрестоматиялар, энциклопедия, зертханалық жұмыс нұсқаулары, анықтамалар және т.б.

Ғаламтор ресурстары

Веб-адрестер:

WWW.encyckopedia.kz

жүктеу 75,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау