Алыптасуы мен дамуы


С.ЖИЕНБАЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/20
Дата16.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Болат Боранбай аза тіл біліміні алыптасуы мен дамуы

С.ЖИЕНБАЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ 
Зерттеу нысаны етіп алынып отырған қазақ тіл білімі мен әдістемесінің 
негізін салушылардың бірі 
Сейіл Сарықұлы Жиенбаев 
1895 жылдың 1 
мамырында (кейбір әдебиеттерде 1896 жыл деп қате берілген) Орынбор 
облысының Бөрте ауданына қарасты 2-ші ауылда дүниеге келген. Алғаш ауылдық 
мектепте оқып, қазақша, орысша хат таниды. 1910-1912 жылдары Бөртедегі екі 
кластық училищені, ал 1912-1916 жылдары Орынбор қаласындағы мұғалімдер 
дайындайтын мектепті бітіріп шығады. 
Еңбек жолын 1917 жылдың қысында Ақбұлақ уезінің Талды облысындағы 
Сазды мекенінде мұғалімдік қызметтен бастаған ол, сол жылдың күзінен бастап 
өзі туып-өскен ауылдағы мектепке ауысып, онда 1921 жылға дейін оқытушылық 
қызметін жалғастырады. 1921 жылдан бастап Орынбор қаласындағы қазақ 
мектептерінде, өлкелік кеңес-партия мектебінде, үгіт-тәжірибе мектебінде, 
мұғалімдер институтында дәріс береді.
1925 жылы Орынбордағы әскери мектепте оқытушы болып тағайындалды. 
Мектеп жабылғасын Шымкент қаласына келіп, осындағы педтехникумға 
ұстаздық қызметке орналасты. Білімге деген құштарлық оны 1928 жылы 
Алматыға алып келді. Оқытушылық қызметін жалғастыра отырып, Қазақтың 
Абай атындағы педагогтік институтында сырттай оқып, білімін ұштай түседі.
1929 жылы Қазақстан Өлкелік Оқу комиссариатында ғылыми қызметкер 
болып алынады, сонымен қатар Алматыдағы жоғары дәрежелі мектептер мен 
ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі бірқатар қызметтерге араласты.
1931-1935, 
1937-1939 
жылдары Қазақтың Ауыл шаруашылығы 
институтында , 1935-1937 жылдары Қазақтың Ұлт мәдениеті институтында және
КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында, 1939-1942 жылдары Қазақ ССР 
Оқу комиссариаты жаныдағы ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Білім 
проблемалары институты), Абай атындағы педагогтік институтта, Қазақ 
Мемлекеттік университетінде оқытушы , зерттеуші, сарапшы-маман қызметтерін 
қоса атқарды.
1942 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында әдебиет және 
тарих институты құрылып, наурыздың 23-інде осы институттың тіл секторының 
меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл кезеңде кезек күттірмейтін іс-шаралардың 
бірі – халқымыздың тілін, әдебиетін және тарихын кешенді зерттеуді жолға қою. 
Осы зор міндетті орындау үшін ұйымдастыру жағынан да, ғылыми жағынан да тіл 
секторына көп жауапкершілік жүктелді. Қазақ тілінің академиялық сөздігін
(түсіндірме сөздік), орысша-қазақша сөздікті, қазақ тілі орфографиясының 
ережелерін жасау қажеттілігі туындады. Осы келелі жұмыстарды басқару, 


ұйымдастыру С.С.Жиенбаевқа тапсырылды, талантты тілші-ғалым бұл міндетті 
абыройлы атқарды да (бұл жөнінде алда кеңірек тоқталамыз). 
С.С.Жиенбаевқа тіл секторына басшылық еткен кезеңде қазақша-орысша 
сөздіктің екі томы жарияланды, қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне көптеген
материал жиналып, картотекалар жасала басталды (бұл жұмыс 1935 жылы 
басталып, оған да С.Жиенбаев атсалысқан-ды), бірінші томы дайындала бастады, 
орфографияға байланысты көп жұмыстар атқарылды. 
1942-1945 жылдар қазақ тіл біліміндегі зор сілкініс, өрлеу кезеңі болды. 
Осы жұмыстарға белсене араласып, ғылыми орталықтың қалыптасып, нығаюына 
көп еңбек сіңірді, ғылыми күштерді аталмыш мәселелер төңірегіне 
шоғырландырып, өзінің іскер басшы, кең өрісті ғалым екенін таныта білді. 
1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылымға сіңірген ерекше 
еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 
Сейіл Сарықұлы Жиенбаев 1945 жылдың 5 мамыр күні 50 жасында 
қайғылы қазаға ұшырады.
Ұстаздық қызметін 1916 жылдан, ғылыми-зерттеу жұмыстарын 1930 
жылдан бастаған ол, 29 жылдық педагогикалық және 15 жылдық ғылымдағы 
қызметі барысында артына ірілі-уақты 100-ге тарта еңбек жариялап, қазақ тіл 
білімі, әдістемесі мәселелеріне қатысты мол мұра берді. 
Академик И.И.Мещанинов КСРО-ның Жоғары дәрежелі мектептер ісін 
басқаратын бүкілодақтық комитетіне жолдаған хатында: «С.С.Жиенбаев қазақ 
тілін зерттеуші, ең байсалды ғылыми қызметкерлердің қатарына жатады», - деп, 
ғалым еңбегін жоғары бағалаған болатын. Ғалымның ғылымдағы алатан орны 
туралы М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, Р.Сыздықова, Б.Кәтембаева, 
И.Ұйықбаев, М.Серғалиев және басқалардың айтқан пікірлерінің өзі – оның қазақ 
тіл білімінің негізін салушылар қатарындағы сүбелі еңбегін айқындайды. 
С.С.Жиенбаев – ғылыми көзқарастары байсалды, қарымы кең, жан-жақты 
білімдар ғалым. Ол түркі тілдері жөніндегі ғылыми еңбектермен жете таныс 
болған. Туыстас татар, башқұрт тілдерін жақсы білген, орыс тіліне жүйрік, неміс 
тілін өздігінше оқып үйренген. 
Сейіл Жиенбаевтың ғылымдағы тырнақалдысы – 1931 жылы 
Қызылорда қаласында шыққан педтехникумдарды сырттан оқитындарға 
арналған «Қазақ тілі» оқулығы ( Қазақ тілі. Педтехникумдарға арналған бір 
жылдық оқу дәрісі. 1931 . Қызылорда). Кітап он сабақтан тұрады. Көлемі – 68 
бет. Кітапта берілген материалдардың мазмұны кәдімгі сабақ көлемінен 
әлдеқайда кең мәселелерді қамтиды. Мұғалімдерге кеңірек білім беруді көздеп, 
тілдердің классификациясына, қазіргі түрік тілдеріне, оның ішінде қазақ тілінің
алатын орны мен маңызына кең шолу жасаған. Қазақ тілінің қыр-сырымен қатар
қазақ жазуларының тарихы туралы әңгімеленіп, жазу үлгілері берілген. Сондай-
ақ, С.Жиенбаев Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың жазған «Педагогика» 
кітабының (
Б.П.Есипов, Н.К.Гончаров. Педагогика. Алматы. 1950 ж.) қазақша 
аудармасындағы «Ана тілі» бөлімін жазған. 


Ғалым мұраларының ішінде, оның ғылыми мекемелермен, жекелеген 
ғалымдармен әр түрлі мәселелерге байланысты жазысқан хаттары елеулі орын
алады. Олардың қатарында КСРО Ғылым академиясы Тіл және ойлау 
институтымен, профессор Н.А.Батмановпен жазысқан хаттары, С.Мұқанов пен 
Х. Сембаевқа балалар әдебиеті туралы жазған ашық хаты – көңіл аударарлық 
дүниелер. 
Ғалымның редакторлық қызметі мен рецензияларының өзі – бір төбе. 
С.С.Жиенбаев 1942 жылы қазанның 30-ында С.М.Киров атындағы Қазақ 
Мемлекеттік университетінде «Құрмалас сөйлемдерді таптастыру принциптері»
деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Ресми оппоненттері 
академик И.И.Мещанинов пен Ісмет Кеңесбаев С.С.Жиенбаевтың бұл еңбегіне 
жоғары баға берген. 
1942 жылдың 28 желтоқсанында КСРО Ғылым академиясы 
Президиумының № 23 қаулысы бойынша Мәскеудегі Тіл және ойлау институты 
ғылыми кеңесінің мүшесі болып сайланған, ал 1944 жылдың көкегінде доцент 
атағын алды. 
С.Жиенбаев қазақ тіл білімінің аталып жүрген кезеңінде кенже қалған 
салаларының бірі – лексикологияның ғылыми курсын жасаудың көш басында
тұрды. Оның жазған докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақ 
лексикасының мәселелері» деп аталған. 1944 жылдың 19 тамызынан 
докторант болған ол, 1945 жылдың қыркүйегінде диссертациясын қорғауға 
тиіс-тін, алайда объективті себепке байланысты қорғауға 4 ай қалғанда, бұл 
мәселе кейінге қалдырылды. 
Филолгия ғылымдарының кандидаты, доцент Сейіл Сарықұлы 
Жиенбаевтың қазақ тіл білімі саласында жазып қалдырған мұралары сан алуан.
Олар – қазақ әліпбиі мен емлесіне байланысты ұсыныстары, пунктуацияға
қатысты еңбектері, қазақ тілі лексикасы жөніндегі жұмысы, сөздіктерді жасау 
принциптері туралы нұсқауы, сөздерді таптастыру туралы және жекелеген сөз 
таптары туралы (мысалы, зат есім мен етістік, сын есім туралы), сөйлем 
мүшелерініңі талас мәселелері – топтастырылуы, орын тәртібі туралы ойлары, 
ұсыныс-пікірлері, сөйлемнің үйірлі мүшелері («Үйірлі мүше» деген терминді 
енгізген – С.Жиенбаев. ескерту - біздікі) туралы мақалалары, оңашаланған 
мүшелер туралы мақалалары, сөздердің тіркесуі, жай сөйлем түрлері жөніндегі, 
құрмалас сөйлем туралы, олардың таптастырылуы, ерекшеліктері, жіктелуі 
турасындағы зерттеулері; тіл тарихы жөніндегі пікірлері; аударма проблемалары 
жайында; қазақ тілі әдістемесі мәселелеріне байланысты еңбектер шоғыры; 
сауат ашу, бастауыш, орта, арнаулы, жоғары дәрежелі мектептерге арналған
оқулықтары, оқу құралдары мен оқу бағдарламалары, т.т. 
С.С.Жиенбаев мұраларымен таныса отырып, оның жан-жақты дамыған 
дарынды ғалым екенін мойындамасқа болмайды. Ғылым аренасына елеулі 
дайындықпен келген оның тіл білімі, оның ішінде қазақ тілі жөніндегі ілім жолын 
жетік меңгергендігін байқауға болады. Қазақ тіл білімінің қайнар бастауында
өзіндік қолтаңбасын қалдырған ғалымның еңбектерін ерекше бағалап (әрине, бұл 
жерде сол кезеңде қолға алынған салаларды ғана айтып отырмыз), атауға тұрарлық. 


С.С.Жиенбаев 
өмірінің 
соңғы 
жылдарында 
лексикология 
мәселелерімен шұғылдана бастаған-ды. Өкінішке орай, ғалымның бұл саладағы
еңбектері баспа беттерін көріп үлгермей, із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазақ тіл 
білімінің ақсақалдарының бірі – М.Балақаев өзінің «Зерде баспалдақтары» атты 
кітабында бұл туралы ашына айтқан болатын. Көп тақырыптқа қалам тарқанымен, 
өкінішке орай, оның қазақ тіл біліміндегі орны тек қана жай және құрмалас сөйлем, 
қазақ тілінің әдістемесі саласындағы еңбектерімен шектеліп жүр. 
С.С.Жиенбаевтың ғылыми мұралары ол туралы шын мәніндегі грамматист
фонетик, лексиколог, әдістемеші деп атап көрсетуге құқық береді. Осыған орай, 
ғалымның ғылыми мұралары жөніндегі зерттеуімізді мына жүйеде таныстырғанды 
жөн көрдік: 
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ МЕН ЕМЛЕСІ, 
ПУНКТУАЦИЯ, ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ 
ЛЕКСИКОГРАФИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 
Лексикология мен лексикография 
Әліппе мен емле 
Біріккен сөздердің емлесі жайлы 
Пунктуация мәселелері 
Ғалымның лексикологияға қатысы 
Сөздіктер жасау ісі 
ІІ ТАРАУ. С.С.ЖИЕНБАЕВТЫҢ ГРАММАТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША 
ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
С.Жиенбаевтың морфология саласындағы еңбектері 
С.Жиенбаевтың жекелеген сөз таптарына байланысты пікірлері 
Үйірлі мүшелер туралы 
Айқындауыш мүшелер 
Құрмалас сөйлем синтаксисі 


І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ МЕН ЕМЛЕСІ, 
ПУНКТУАЦИЯ, ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ 
ЛЕКСИКОГРАФИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 
ӘЛІПБИ ЖӘНЕ ЕМЛЕ 
С.С.Жиенбаевтың ғылымдағы ғұмыры қазақ жазуы тарихындағы екі 
реформаға: 1928 жылғы араб әліпбиіне негізделген жазудан латын әліпбиіне 
негізделген қазақ жазуына көшуі мен 1941 жылғы латыннан кириллица негізде 
қазақ жазуына көшуі кезеңдеріне сай келеді. Қазақ тіл біліміндегі ғалымдардың ат 
төбеліндей аз тобының бел ортасында болған С.С.Жиенбаев та қазақ жазуын 
реформалау, жетілдіру, сонымен қатар емле ережелерін қалыптастыру 
жұмыстарына белсене қатысты. 
Жиырмасыншы жылдардағы араб графикасына негізделген қазақ жазуын 
жетілдіру жұмыстары А.Байтұрсынұлы бастаған зиялы қауым өкілдерінің күшімен 
іске асырылса, латын графикасына негізделген қазақ жазуына көшуде бұл 
жұмысқа негізінен тілші-ғалымдар араласа бастады. Араб графикасына негізделген
жазуда емле ережелері мен тыныс белгілері көп қиындық келтірмесе, жаңа 
әліпбидің ерекшелігі тілшілер алдына бұл екі мәселеге қатысты көптеген жаңа 
проблемалар қойды. Емле мен пунктуацияның, практикалық және теориялық 
грамматиканың негіздерін қалау – 30-жылдардағы негізгі атқарылған жұмыстар. 
Дегенмен, бұл кезеңді қазақ тіл білімінде «практикалық кезең» деп те атаушылық 
бар. Емле ережелерінің едәуір толығып, қалыптасып, бір ізге түсе бастауы да осы 
30-жылдар үлесінде. Сондықтан да, әліпби мен емлеге қатысты Қ.Жұбанов, 
Ш.Х.Сарыбаев, М.Балақаев, Ғ.Бегалиев сынды замандастары еңбектерімен қатар 
С.С.Жиенбаевтың да қолтаңбасы бар. 
«Социалды Қазақстан» газетінің 1935 жылғы 5 қыркүйегінде жарияланған 
«Әліппе мен емленің кейбір мәселелері туралы» деген мақаласында С.Жиенбаев 
консонанттық принцип негізінде «ы», «і» әріптерін сөз ішінде түсіріп қолдану 
жөніндегі ұсыныстарға өз көзқарасын білдіреді. Ол ұсыныстар мыналар: 
1.
«ы», «і» әріптері бітеу буында жазылмасын. Мысалы: «қыс» орнына «қс», 
«мылтық » орнына «млтқ», «мысық» орнына «мысқ» деп жазу арқылы 
бірталай артық әріптерден құтылып, оқуды жеңілдетуге болады. 
2.
«ы», «і» әріптерін тұйық буында жазбаса да болады. Сонда, «скылат», 
«станса», «Сталин», «Рғыз» деп жазатын боламыз. (тұйық буын сөздің 
басында ғана келеді). 
3.
Шет сөздерде «ы» мен «і» сөздің дыбысталуын бұзып, жалпыға бірдей
болып жазылатын интернационалдық сөздерді өз жазылуынан алыстатып 
жібереді. Сонда «метр», «Маркс», «грам», «програм», «трес» деп жазатын 
боламыз. Бұл сөздердің орысшасына үйреніп қалған адамдарға оңай болады. 
С.Жиенбаев бұл үш ұсыныстың біріншісі және үшіншісімен келіспей, 
екіншісін дұрыс деп табады. Енді дәлелдерін келтірейік: «егер «ы» мен «і»-ні бітеу 


буында жазбаймыз десек, онда баяғы араб әліппесі кезіндегі күйге қайта түсеміз. 
«Қырғыздың» орнына «қрғздң» деп жазамыз, сонда арапша «әлһмд» деп жазып, 
«әлһәмду» деп оқығаннан еш айырмашылық болмайды. Бірінші ұсыныстың өте-
мөте келмейтін жері мынау; онда «қрғз» дегенде «ғ» - дан кейін «ы» жазбаймыз 
да, ал «қрғызы» дегенде жаңағы жазылмайтын жерімізге қайтадан әкеліп «ы» 
жазамыз».
Жалғамалы тілдерге жат мұндай ұсыныстарды академик Маррдың 
«Тілдердің дамуындағы сатылылық (стадиялық) принциптері» (тілдер даму 
барысында бір сатыдан екінші сатыға өтеді, мысалы, жалғамалы тілдер қалпынан 
қопармалы тілге, одан келесіге) деген іліміне сүйене отырып жасаған сияқты, бұл 
ілімнің дұрыстығын жоққа шығармайды. Бірақ та, «қазақ тілі жалғамалы сатыдан 
өтіп барады деп қоюға дәлел жоқ сияқты. Қай сөзді алсақ та, жалғау, жұрнақ 
жалғанғанда түбірін жоймайды, түбірі өзгермейді. (қорғасын-қорғасыны, көмір – 
көмірі, үлкен – үлкендер, т.б). Олай болса, «ы» - ға келгенде түбір өзгереді деу 
дұрыс емес. Сөздің жай түрі «қызл» болып, төрт әріптен құралып, тәуелді түрге 
келгенде, 4 әріпті 5 әріп қылып «қызылы» деп өзгертудің еш қисыны жоқ,-» дейді. 
С.Жиенбаев шетел тілінен енген сөздерге өз алдына ереже бермей, қазақ 
тілінің ішкі заңдылықтарына сәйкестендіріп жасауды ұсынады. Мысалы, метр 
емес – метір, грам емес – гірам, трест емес – тірес. Өзбек ағамыз айтқандай, «орыс 
болу үшін алдымен қазақ болу керектігі» рас та-ау. Өзге туыстарымызға қарағанда, 
орыс тілінің заңдылықтары тілімізде көптеу белең алған. Латын графикасына 
көшкен жағдайда, бұл – ойланарлақ жайт. 
Тұйық буындарда «ы» мен «і» әріптерін түсіріп жазу жайында мынадай 
ереже ұсынады: 
1.
«Сөз басында «ы» мен «і» өзі жеке буын болып келгенде ғана жазылады 
(мәселен, ы-дыс, ы-рыс, т.б.), басқа жерлерде жазылмайды»
1
2.
Өзге тілдерге қарағанда қазақ әліпбесінде әріптер саны өте көп (орыстарда 
– 36, ағылшындарда -26, арабтарда – 25). Жоғарыда аталған мақалада 
С.Жиенбаев қазақ әріптерінің санын азайту мақсатында а-ә, о-ө, v(ыу) – у 
(іу) жуанды-жіңішкелі жұптардың тек жуан сыңарларын қолдануды, 
жіңішкелерін айыру дауыссыз дыбыстардың меңгеруіне байланысты 
болсын, ал мүмкін болмаған жағдайда сөз алдына апостроф (дәйекше) қою 
арқылы ажыратуды ұсынады. 
Әліпбидегі әріп-таңбалардың санын қысқарту туралы ұсыныстар 
академик Н.Т.Сауранбаевта да бар (Ә.Құрышжанов. «Н.Т.Сауранбаев».А-
ты,1974 ж.,28 б.). Ол ә-ө-у-ү- әріптерінің орнына я,ю,у,е таңбаларын (сірә – 
сіря, дән-дян, жүн-жен, күн-кюн), һ әрпінің орнына а және х әріптерін 
(жаһан-жаан, уһ-ух) қолданып, әліпбидегі 41 әріпті азайтып, 36 әріпке 
түсіруді ұсынады

Бұл тектес ұсыныс С.Аманжоловтың жаңа әліпби 
жобасында да орын алған
(
С.Аманжолов. Орыс графикасын негізделген 
қазақтың жаңа әліппесі. А-ты. 1940 жыл). 



Сонымен қатар, «ист» қосымшасының (коммунист сөзінен басқасы) тек 
қазақша баламасын алуды ұсынады (мысалы: тракторист емес – тракторшы, 
машинист емес – машинашы, марксист емес – марксшіл, ленинист емес – 
лениншіл). Қазіргі емлемізде бұлар әр түрлі қолданылып жүр. 
Латын графикасы кезіндегі емле ережелеріне байланысты «Халық 
мұғалімі» 
журналының 
1940 
жылғы 
№7-8 
санында 
жарияланған 
С.Аманжоловтың 5-6 кластарға арналған грамматика кітабына берген 
рецензиясында да «ы», «і» әріптерінің емлесі туралы пікірлері бар. Мұнда ол 
мұрын, ерін, орын, ауыл, ауыз сияқты сөздердегі «ы», «і» әріптерінің 
жазылмауына қарсы шығады. «Бұлардың ойын, жайын, ауыл, дауыл сөздерінен 
еш айырмашылығы жоқ, екі сонор дыбыстың арасындағы қысаң «ы», «і»-лерді 
жазу немесе жазбауға ол дыбыстардың тәуелдік жалғауда түсіп қалуы негіз 
болмауы керек, ал бар-жоғы дүдәмәл жауырын, топырақ сияқты сөздердің емле 
сөздігінде тізімі берілсін» -дейді (Халық мұғалімі. №7-8. 1940ж.). Сонор мен 
қатаң дыбыстар арасындағы қысаң дауыссыздардың түсіріліп жазылуына қарсы 
шығады. (мысалы: халық-арық, мүлік-түлік, ерік-берік, т.т).
Сонымен қатар, тәуелдік жалғауы жалғанғанда «ы», «і» әріптері түсіп 
қалатын сөздер кей қолданыстарда бұл ережеге бағына бермейтінін дұрыс 
көрсеткен. Мысалдарына назар аударыңыз: 
1.Халық (бұл жерде кісі аты) – Халығым, балам! 
2.Түлік десе, түлігін,
Мүлік десе, мүлігін (Жамбыл). 
Қазақ тілі орфографиясының 1983 жылғы толықтырылған негізгі 
ережелеріндегі «Түбір сөздердің жазылуы» деген тараудың 18-параграфында: 
«Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы 
бойынша өзгертілмей жазылады» делінсе, 19-параграфында: «Араб-парсы 
тілінен енген сөздер өзгеріп, сол қалыптасқан қалпында жазылады,-» деп 
берілген (Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы.1988 ж.). Шын мәнінде, 
қай шетел тілінен енген сөз болмасын, тілімізге дыбыстық өзгеріссіз қабылдау 
мүмкін емес. С.Жиенбаев сөзімен айтсақ, «сөз мағынасы дауыс ырғағына сай 
құбылатын» қопармалы тілдер мен қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын күштеп 
сәйкестендіре алмаймыз. Орыс тілінің прогрессивті рөлін мойындасақ та, оған 
берілген артықшылық - «ұлы халықтың» қас қабағына қараудан, өзіміздің 
«саяси белсенділігімізден» туған ба деп ойлаймыз. 
Еліміз тәуелсіздігін алып, «арқа сүйер» орталықтың құрсауынан құтылғасын, 
көптеген орыс тілі арқылы енген сөздер қазақ тіліндегі баламасымен жазыла 
бастады. Мысалы: совет-кеңес, колхоз-ұжшар, совхоз-кеңшар, самолет-ұшақ, 
зоология-жануартану, председатель-төраға,(төрайым сияқты «женскиий родты» 
қолданып жүргендер де баршылық), хирург-оташы, конституция – ата заң, 
адвокат-қорғаушы, космос-ғарыш, т.б. Кейбір сөздер қазақша транскрипциямен 
беріліп жүрсе (завод-зауыт), ал кейбіреулері жарыса қолданылып жүр (станция-


станса-бекет). Аталған мәселенің практикалық жағына келсек, орыс тілінен 
енген сөздерді оқушыларға игерту қиындық келтіріп жатады. Орыс тілі арқылы 
енген сөздердің қазақшалауға келе бермейтіндері, негізінен, ғылыми 
терминологияға байланысты, пассив қолданылатын сөздер, бұл салада ғылым 
тілін ана тілімізде сөйлету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Ал актив 
лексикадағы шетел сөздердің қазақша баламасын фонетикалық транскрипциясы 
арқылы қолдану мүмкіншіліктері де жоқ емес. 
Түркиядан келген қазақтар біздің «босоножки, шлюпки» деп жүргендерімізді 
«терлік» деп атайды екен. Осы сияқты ойға қонымды баламаларды неге 
қолданбасқа. Диалектизмдерді әдеби тілдің қорын толықтыратын көздердің бірі 
екендігі белгілі. Профессор М.Балақаев та: «Әдеби тілді дамыту мақсатымен 
онда баламасы жоқ диалектизмдер мен кәсіби сөздерді барынша мол 
пайдаланып, оны әдеби тілге енгізуге әбден болады. Мысалы: дақыл, жүйек, 
атыз, собық, сүдігер, оңтүстік аймақтарда қолданылатын кәсіби сөздерді әдеби 
тілге енгізудің еш сөкеттігі жоқ» (М.Балақаев. Қазақ әдеби тілі және оның 
нормалары. А-ты. 1981 ж.) деген жоғарыда айтылған ойға саятын соны пікір 
айтады.
Араб графикасынан латын графикасына көшкенде елеулі пікір таласы өріс 
алса, латыннан орыс графикасына негізделген әліпбиге көшу, негізінен, жарлық 
пәрменімен жүзеге асырылды. Яғни кириллицаға көшу дұрыс емес еді деген 
пікірлер жоққа тән (бұл жерде сол кездегі баспасөз материалдарын негізге алып 
отырмыз – ескерту біздікі). 
Бұл кезеңде тілші–ғалымдар алдында бір ғана міндет – қазақ жазуына орыс 
әріптерін қалай пайдаланған тиімді болады, оның жолдары қандай деген мәселе 
тұрды. Бүкілодақтық жаңа әліпби комитеті орыс әліпбиін түгелімен алуды 
міндеттейді. Орыс әліпбиіне негізделген қазақ жазуының жаңа жобасын 
С.Аманжолов жасады. 
Осы жоба жөніндегі С.Жиенбаев пікірі – көңіл аударарлық. Пікір алысу 
ретінде жарияланған «Социалды Қазақстан» газеті 1940 жылғы 25 тамызындағы 
«Проектінің кейбір мәселелері жөнінде» атты мақаласында ол бұрын қолданыста
болмаған диффуз (қосарлы) ч, ц, щ, я, ю дыбыстар, орыстардағы «ы» әрпі, 
жіңішкелік (ь), айырым (ъ) белгілері және й (шолақ й) туралы көзқарастарын 
білдіреді: 
1.
Орыс тілінен енген қосарлы дыбыстар туралы айта келе, олардың ғылыми 
тілде диффуз дыбыстар (ажыратылмаған), дауыстылары-дифтонг, 
дауыссыздары-африкаттар деп аталатынын айта келіп, олардың табиғатын 
түсіндіреді. 
Ғылым тарихында яфетедология деп аталатын академик Марр салған ғылыми 
ағым болғандығы мәлім. Тілдердің дамуындағы стадиялық (сатылылық) 
принципке сай түсіндіру тіл білімінің сол кезеңдегі методологиялық негізі 
болатын. 


Енді жоғарыдағы мақалаға келейік. Яфетедология ілім бойынша, қосарлы 
дыбыстар – табиғи даму сатысының көрінісі. Тілдің дамуы барысында бұлардың 
ара жігі ажырап, жеке дыбыстарға айналады. Орыс тіліндегі қосарлы 
дыбыстарды қабылдау яфетедологияға жат, яғни кері процеске жол ашады деп, 
ол әріптердің тілімізге енгізілуіне қарсы болады. Ал Жетісу қазақтарының 
тіліндегі африкат дыбыстар тек жергілікті ерекшелік қана, жалпылық сипаты 
жоқ дейді. 
2.
«Я» әрпі туралы. Орыс тіліндегі «я» әрпі «й» мен «а» дыбысының жіңішке 
түрі 
ретінде 
қолданылатынын 
айтып, 
оған 
С.Г.Бархадуров 
грамматикасындағы ережені келтіреді: «Глассные звуки а,о,у,э в начале 
слова, после гласных и после твердых согласных обозначаются буквами а, 
о, у, э. После мягких согласных звуков (кроме о, ч, ц) то же гласные 
обозначаются буквами я, ю,е,е. Например: мал-мял, лук-люк, нос-нес, беда-
бэда, т.д 
Примечание: 
1.
В начале слова , после гласного звука, а так же после букв «ь», «ъ» 
буквы я,е,ю,е обозночают два звука: я-йа, е – йе, е – йо. Яма, юг, ель, 
моя, твою, уехал, мое, объединение, съезд, дью, житье». 
Осы мысал негізінде «я» әрпі – орыс тіліне ғана тән табиғи құбылыс, орыс 
тілінде дауысты дыбыстың жіңішке түрін көрсететін әріп. Мысалы, «а»-ның 
жіңішкесі жоқ. Соныдықтан қазақ тілінде Күлян, Күляш деп «ә»-нің орнына 
«я»-ны қолданудың қажеті жоқ дейді. 
«Я» әрпінің орыс тілінен енген сөздерде жазылуына да сын көзбен қарайды. 
Түсініктірек болу үшін таблицаға түсіріп көрейік: 
Мысалдар 
Қосымшалы түрі 
Еуропаша жазылуы 
Азия 
азиатский 
Азиа 
Армения 
----------------- 
Армениа 
Валенсия 
---------------- 
Валенсиа 
Олимпия 
олимпиада 
Олимпиада 
Осыған сәйкес, жаңа әліппеге көшкенде де премиа, терреториа, Азиа, алдиар, 
Мухамедиар, пиала, Дүриа, миа, Разиа ыңғайында жазуды ұсынады. 
Көсемшенің –а жұрнағы жалғанған сөздерді оқытуда көп қиындық 
келтіретінін, той-а, жой-а, сой-а түрінде жазған дұрыс деп есептейді. 
Осындай ерекшеліктерді есепке алып, ол «я» әрпін қазақ тіліне енгізудің көп 
қажеттігі жоқ, енгізе қалған жағдайда мынандай ережелерді ұстануды ұсынады: 
1.
«Я» әрпі қазақтың байырғы сөздерінде жазылмайды; 
2.
«Я» әрпі орысшасында бірде «ия», бірде «йа» болып келетін жерлерде 
жазылмайды. Мысалы: Азия-азиалық, Азиада ; индустрия-индустриялық, 
индустриалы; 


3.
Орыс сөздерінде «я» әрпі жіңішке «а» дыбысының таңбасының есебінде 
жұмсалатын жерлерде ғана жазылады (ондай сөздердің тізімі емле 
сөздігінде берілсін)( Көрсетілген мақала)
4.
«Ю» әрпі туралы пікірі де осындай. Мәселен, «ю» әрпінің орыс тілінде 
қосынды «э+у» дыбыстарының және жіңішке «у» дыбысының белгілері 
ретінде қолданылады. Тұйық етістіктің –у жұрнағы бар-у, ал-у, біл-у деген 
сөздерде жеке форма ретінде көрінсе, енді бірде ою, (ой-у), тою (той-у), 
сою (сой-у) деген сөздерде жеке форма ретінде көрінбейді. Соған сәйкес:
1.
«Ю» әрпі қазақ сөзінде жазылмайды; 
2.
Терминдерде де, негізінен осы күнгі (латын графикасы кезіндегі – Б.Б) 
емле бойынша жазамыз (блуминг, буджет, сужет); 
3.
Кейбір терминдерде й+у арқылы, немесе «у» арқылы көрсетуге 
келмеген жерлерде жазылады. Ондай сөздерджің тізімі емле сөздігінде 
көрсетіледі(
Бұл да сонда)
4.
«Ы» әрпі. Орыстың «ы» дыбысын қазақтың «ы» дыбысымен теңестірем 
деушілік қазақ тілінің дыбыс системасын жоққа шығару болып 
табылады. Сонымен қатар, орыстың «ы» дыбысын да бұзып айтуға жол 
ашады(Көрсетілген еңбек
) – 
деп , екі дыбыстың ара жігін ашуды 
ұсынады. 
5.
Жіңішкелік белгісі (ь) туралы. Қазіргі қазақ тілінде жуанды-жіңішкелі 
жұптардың бар болуына байланысты , бұл белгіні тілімізде қолданудың 
керегі жоқ дейді. Қазіргі кезде орыс тілінен енген сөздерде қолданып 
жүрміз. 
6.
«Й» (шолақ) туралы. «Горький» сияқты сөздердің соңындағы «й» - ді 
жазудың керегі жоқ. Орыс тіліндегі «кий» деген сөздің (биллиардтың 
таяғы) қазақ тіліндегі «ки» (киін, киім) етістігінен еш айырмашылығы 
жоқ, тек емлені қиындатады(
Бұл да сонда
). 
Міне, жоғарыдағы С.Жиенбаевтың ц,ч,я,ю,ы,ъ,ь,й әріптері туралы 
пікірлерінің маңыздылығы латын әрпіне негізделген жазу кезіндегі емледе, сол 
кезеңдегі тіліміздің әуезділігін, дыбысталу тазалығын, өзіндік қолтумалылығын 
(своеобразность языка) орыс тіліне негізделген жаңа әліпбиге көшкенде де 
сақтап қалуға ұмтылуында деп білеміз. Жоғарыда сөз болған әріптердің тілімізде 
кеңінен қолданылуы орыс тілі мен қазақ тілдерінің өзіндік дыбысталу 
ерекшеліктерінің арасындағы шекті әлсіретті. Жеткіншектеріміздің сөйлеу 
тілінде бұл ақаудың орын алып жүргені де рас.

жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау