Кітап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасында дайындалып, баспаға ұсынылды.
Пікір жазғандар:
Б.Сағындықұлы– филология ғылымдарының докторы, профессор
Ж.Сәдуақасұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор
Боранбай Б.Е.
Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы (С.С.Жиенбаев еңбектері негізінде) –
Алматы: «», 2013.
ISBN
Қазақ тіл білімінің өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары,
әрине,
жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Тіл білімінің қазіргі деңгей
талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы -
Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов,
Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев,
Ғ.Мұсабаев сынды ғалымдарымыздың үлесі зор.
Кітапта Сейіл Жиенбаевтың қазақ тіл білімі саласындағы барлық қалам
тартқан
салалары, атап айтқанда, әліпбе, емле, пунктуация,
морфология және
синтаксис мәселелері замандастары пікірлері мен қазіргі таным негізінде
сараланып, талданды.
Зерттеу еңбек тілші ғалымдар мен оқытушылардың,
студенттер мен
магистранттардың, сондай-ақ тіл жанашырларының кәдесіне жарар деп
ойлаймыз.
47.02.25.02.01 УДК
447(05)-09
ББК
ISBN Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы (С.С.Жиенбаев еңбектері
негізінде), 2013
ISBN
« » баспасы, 2013
КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімі - түркі тілдері ішіндегі
зерттелу деңгейі біршама
жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми
сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары,
әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей
талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін
бастаған ғалымдар шоқтығы
Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов,
Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев,
Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор.
Қазақ тіл білімінің көш басындағылар қатарында елеулі салмағы бар, қазақ
тіл білімінің ірі өкілдерінің бірі, оқыту ісінің шебері,
филология ғылымының
кандидаты, доцент