Алыптасуы мен дамуы



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет3/20
Дата16.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Болат Боранбай аза тіл біліміні алыптасуы мен дамуы

1.
 
Қазақ тіл білімінің ғылыми сала ретіндегі бастау көзі: 
2.
 
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамып-жетілуінің объективті жағдайлары; 
3.
 
Қазақ тіл білімін қалыптастырушы алғашқы маман-ғалымдарымыздың 
теориялық-практикалық тұрғыда ұстанған ғылыми бағыттары; 
4.
 
Алғашқы ғылыми бағыттардың бүгінге қалдырған мұрасы, яғни тіл білімі
саласындағы дәстүр жалғастығы; 
5.
 
Қазақ тіл білімінің басталу көздеріндегі қол жеткізілген нәтижелер және оның 
әлеуметтік өмірге ықпалы
6.
 
30-40 жылдары халықты жалпы сауаттандыру мәселесіне байланысты 
мемлекеттік дәрежеде қойылған талаптардың шешімін табу мәселелері және 
жіберілген қателер; 


7.
 
Қазақ әліпбиі және оны өзгертуге байланысты туындаған обьективті және 
субьективті пікір таластары, ой-толғамдары; 
8.
 
Ғалымның қазақ тіл білімі тарихындағы салмағын айқындау, қазақ тіл 
біліміндегі сіңірген еңбегінің мәнін айқындау; 
9.
 
Ғалымның ғылымда ұстанған бағыты мен позициясына баға беру; 
10.
 
Ғалымның ғылым тарихына байланысты еңбектерде назардан тыс қалып 
жүрген пікірлерін, мәселен, әліпбе, емле, лексикология және грамматикаға 
қатысты пікірлерін саралап көрсетіп, ғылыми орта назарын аудару; 
11.
 
30-40 жылдардағы қазақ тіл білімінің деңгейіне, сол ыңғайда ғалым еңбектері 
деңгейінің танылымына талдау жасау. 
Жоғарыда санамалап көрсетілген жұмысымыздың негізгі бағыттары
жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындайды. 
Жұмысымыздың негізгі объектісі – Сейіл Жиенбаевтың қазақ тіл 
білімі саласындағы барлық қалам тартқан салалары. Атап айтқанда, әліпбе, 
емле, пунктуация, морфология және синтаксис мәселелері жұмыстың барысында 
сараланып, талданды. Ғалымның емлеге, пунктуацияға, сөз таптарына, сөйлем 
мен оның түрлеріне қатысты айтқандары ішінара қазіргі тіл білімінде 
қалыптасса, үйірлі мүшелерге, құрмалас сөйлемдерге қатысты айтқан пікірлері 
сын көзбен қараған кісіге берері көп дүниелер ретінде тануға тұрады. Сонымен 
қатар, ғалымның біріккен сөздерге, әліпбиді реформалауға байланысты пікірлері 
қазіргі кезде де маңыздылығын жойған жоқ, әліпбиді реформалау жөніндегі 
кейінгі кездері көтеріліп жүрген пікірлер – осының айғағы. Осылардың 
қатарында ғалымның сөз алды айқындауыш мүшелер, оның ішінде сөз алды 
оңашаланған айқындауыштар туралы пікірлері – ғылымда назардан қағыс қалып 
келе жатқан мәселелердің бірі, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе. 
Қайшылықтары көп, қазіргі қалыпқа сәйкес келе бермейтін пікірлері де жоқ 
емес. Осыларды негізге ала отырып, салыстыру материалдары ретінде қазақ тіл 
білімі деректерін, түркітанудағы біршама еңбектерді ғалымның өмір сұрген 
тұсындағы және қазіргі кезеңдегі ғалымдар еңбектерін мейлінше толығырақ 
пайдалануға тырысып отырдық. 
Жұмыстың негізгі зерттеу көзі ретінде С.С.Жиенбаевтың жарық көрген 
барлық еңбектері пайдаланылды. Ғалымның өмірбаяндық және ғылымдағы 
атқарған еңбектері жайлы арнайы зерттеу еңбектері болмағанымен, ол туралы 
баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар, жекелеген ғылым салаларында 
қалам тартқан ғалымдарымыздың С.Жиенбаев еңбектеріне жасаған талдамалары 
жұмысымызда кеңінен пайдаланылды. Атап айтқанда И.Ұйықбаевтың 
(Ұйықбаев .Ірі ғалым, көрнекті методист (Қазақ тілі мен әдебиеті №3 58
), 
сонымен қатар Т.Қордабаевтың, Б.Кәтембаевтың, Қ.Есеновтың, Қ.Шәукеновтың, 
М.Серғалиевтің, Ш.Әуелбаевтың (Қордабаев. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, 
даму жолдары. 1995, Б.Кәтембаев. Методист-ғалым. «Қаз,мұғ»., 1 мамыр. 1986 
ж., Қ.Есенов.Синтаксис осложненного предложения в казахском языке. 1992 г., 
Қ.Шәукенов. Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы. 1990 ж., М.Серғалиев. 


С.Жиенбаевтың синтаксистік зерттеулері. Жинақ.Қазақ тілі мен әдебиеті. ҚазМУ 
. 6-шығуы. Алматы. 1975 ж., Ш.Әуелбаев. Пунктуацияның қиын мәселелері. 
Алматы. 1977) т.б ғалымдарымыздың еңбектері зерттеу жұмысымыздың 
бағытын айқындауға көп септігін тигізгенін айта кеткіміз келеді. Ғалымның
өмірбаяндық деректерін айқындауға, лексикологияға қатысты ғалым 
еңбектерінің мазмұнын айқындауға ҚР ҒМ-ҒА архиві қорындағы материалдар 
пайдаланылды. Сонымен қатар, жұмыстың теориялық-методологиялық негіздері 
ретінде Ж.Аралбаевтың, С.Омарбековтің, Ә.Болғанбаевтың, А.Ысқақовтың, 
М.Балақаевтың,Қ. Есеновтің (Аралбаев. Қазақ тілі фонетикасы этюдтері. 1978 
ж., Омарбеков С. География фонтестических различии речи казахов. 
Алматы.1992 г.,
Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. 1976 ж., 
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 1992 ж., Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның 
нормалары . 1984 ж., Қ.Есенов. Құрмалас сөйлем синтаксисі, 1985 ж.) т.б 
ғалымдарымыздың еңбектерін пайдаландық. 

жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау