ТІЛ ДАМУЫ (ТІЛ ДАМУ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ)
Өмірге келгеннен кейінгі алғашқы жыл – баланың
тілдік мүмкіндіктері дамуындағы дайындық кезеңі. Тіл
дамуы айналадағы әлемді игерумен тығыз байланысты.
Баланың тілдік белсенділігі көру мен естудегі бағдарлау
қабілеттерін жетілдіру, ересектермен эмоционалдық
байланыс орнату және қимыл-қозғалыс белсенділігін
дамыту жағдайында көрініс береді.
Жаңа туылған сәби айғай, жылау, бет-аузын тыжырайту
және дене қалыбы арқылы тілдесуге қабілетті.
Жатысы жайсыз болғанда, тоңғанда, ашыққанда, бір
жері ауырғанда айғайлап белгі береді. Сәби екпінді
сору қимылдарын жасайды, аталмыш қимылды жасау
үстінде шолпылдаған дыбыс шығады. Сору рефлексі –
кейінгі тіл дамуының ең маңызды қимыл-қозғалыстық
алғышарты. Бірте-бірте эмоционалдық-мәнерлі мінез-
құлық дамиды («жандану кешені»). Бала көмейлік
дыбыстар шығара алады, күлімсірей алады, аяқ-
қолымен белсенді қимыл-қозғалыс жасай алады.
3 айлығында
балалар сөздердің мәнін түсіне алмайды,
алайда, әртүрлі дауыс ырғағына
әртүрлі жауап қайтарады: мысалы,
көңілді, жұмсақ, сазды ырғақ баланы
күлімсіретеді. Бұл жаста айғай
сапасы өзгереді, гу-гулеу, күлкі
пайда болады.
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА:
1.
Бала өз аты аталғанда мән бермейді, атын атап, шақырған-
да тоқтамайды;
2.
Бала әңгіме немесе сыбыр деңгейінде шыққан дыбыс
көзіне басын бұрмайды;
3.
Былдырламайды немесе былдыры өте әлсіз, солғын;
4.
Бала анасы өтінген қарапайым әрекеттерді орындай ал-
майды (бер, сау бол, маған кел және т.с.с.)
18
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
Қуаныштан айғайлағанда жалпы хал-жағдайының
орнықтылығы және өз бетінше дыбыс шығара алу
мүмкіндігіне қуаныш көрінуі мүмкін. Ол қысқа, үзіл-
мелі дыбыстармен, дауыс сарынының оқыс өзгеруімен
сипатталады.
4-5 айлығында балада әуенді «а-а-а», «у-у-у» дауыс-
ты дыбыстары пайда болып, кейін «ау-ау-ау» немесе
«вау-вау» дыбыстарына айналады. Бұл кезеңде гу-гу-
леу қарқынды дамиды. Бөбек өзіне назар аудару үшін,
ересектермен байланыс орнату үшін түрлі дыбыстар
шығарады.
5-6 айлығында былдыр пайда болады, балалар
бастапқы «ба-ба», «ва-ва», «ди-ди» және т.с.с. буындарды
айта алады.
Әртүрлі дыбыс тізбектерін шығарғанда, бала оларды
нақты кідірістермен, әртүрлі дыбыс және сарын күшімен
ажырата алады.
6 айдан кейін бала нұсқау қимылын игереді, ересектер
«қаңқыл-қаңқыл», «аф-аф», «ба-ба» дыбыс тіркестерін
айтқанда және «қайда» деген сұрақ қойғанда – қажет
бағытта бұрылып, саусағымен нұсқайды.
Осылайша, өзіне қаратылып айтылған сөзді түсіну,
заттарды және айналадағы кеңістікті іс жүзінде игеру
тәжірибесінің аясы кеңейе береді. 9-12 айлық жаста
бала айтылған сөзге еліктеу дағдысын меңгереді,
ересектердің артынан жаңа буындарды айтуға
талпынады. Таныс жайттарды, заттарды таңбалау
үшін бала бір буынды немесе өзге дыбыстық тіркесті
пайдаланады. Осындай «алғашқы» сөздердің мән-
мағынасы кең болуы ғажап емес. Дәл осы жаста бала
тыйым салғанда құлақ асады, өтінгенде қарапайым
әрекеттерді орындай алады – бұл тіл мен сана
дамуындағы маңызды кезең.
19
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
Бір жастан асқанда баланың жиі қолданатын сөздік
қоры сирек қолданатындарына қарағанда әлдеқайда аз,
бірақ, барлық қолжетімді тәсілдермен тілдесуге ұмтылыс
тіл дамуында өте маңызды рөлге ие.
Тіл/сөйлеу дағдыларын бір жаста игеру көптеген фактор-
ларға тәуелді:
есту органының жағдайы;
үлкен жартышарлардың қыртысында тіл/сөйлеу
аймақтарының қалыптасуы;
артикуляция (сөзді анық айту) қабілетінің дамуы;
баланың эмоционалдық жай-күйі;
қозғалыс және айналадағы әлемді тану қажеттілік-
терінің тиісінше қанағаттандырылуы;
тіл ортасының белсенділігі.
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
3 ай:
1.
Оқыс дыбыс шыққанда селк етпейді;
2.
Дыбыс шығармайды;
3.
Ересектің бет-жүзіне және даусына мән бермейді.
6 ай:
4.
Дыбыс шыққан жаққа бұрылмайды;
5.
Дыбыс шығармайды;
6.
Сізді тілдесуге тартпайды.
9 ай:
7.
Сізге қолдарын созбайды;
8.
Өз аты аталғанда мән бермейді;
9.
Дыбыстарды қайталамайды;
10. Жалғыз ойнағанда дыбыс шығармайды.
12 ай:
11. Айналасындағы заттарға саусағымен нұсқамайды;
12. Сіздің ым-ишараттарыңызды қайталамайды;
13. Ым-ишараттарды өзі қолданбайды;
14. Қарапайым нұсқауларды түсінбейді;
15. Жасырынбақ, «қуыр-қуыр, қуырмаш» ойындарына назар
аудармайды;
16. Бірге ойнау үшін сізге ойыншығын ұсынбайды.
20
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУ
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз
байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды:
ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байла-
ныс орнату қабілетін дамыту;
баланың ересек адамның көмегі қажет толық тәуел-
діліктен бірте-бірте дербестікке көшуі.
Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекет-
тері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты
(тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш
жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы).
Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатына-
сының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі
туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер
бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады
(мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы
терісімен жанасудың арқасында тынышталады).
Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке
тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ,
аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын қысқа уақытқа
тоқтата алады.
Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақы-
лай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу
түрінде алғашқы жауабы пайда болады.
Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге
әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас
бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың
барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың
қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді,
әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста
баланы кез-келген адам күлімсірете
алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы
адам жүзінің сұлбасы ие.
21
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
Достарыңызбен бөлісу: |