2. ЕМІЗІК.
Сору аш баланы тыныштандыра алмайды, бірақ қарны
тоқ баланы тыныштандыратыны анық. Емізік қолдануды
қолдайтындар да, қарсы шығатындар да бар. Табиға-
тынан салмақты балаларға емізіктің қажет шамалы,
сондықтан, олар емізік деген заттың барын мүлдем
білмегені абзал. Алайда, егер бөбек жиі жыласа, айғай-
ласа, онда өзі үшін де, ата-анасы үшін де балаға емізік
сорғызу жанға жай таптырар әдіс болуы мүмкін. Ақыр
аяғында бала ұйқыға кетеді. Бірақ, жылау себептерін
анықтап алмай, балаға емізік беруге асықпаңыз. Емізік –
қалған барлық тәсілдерді байқап көргеннен кейін ғана
қолданылатын соңғы амал.
3. ҚОЛ САУСАҚТАРЫ.
Кейбір балалар саусақ соруды
ана құрсағында бастап, дүниеге
келген алғашқы күннен бастап-
ақ, тынышталу үшін саусақтарын
сорады. Егер бала көп жыласа,
ешбір тыныштандыру тәсілдері
көмектеспесе, сізге баланың тек
саусағын аузына салып қана
тынышталатынына көнуге тура
келеді.
4. ҚОСЫМША ЖЫЛУ.
Егер бала жылап, сіз оның себебін түсіне алмасаңыз,
оны тыныштандыру және босаңсыту үшін жылытуға
тырысып көріңіз.
5. ІШТІҢ БҮРІП АУРУЫ (ШАНШУ).
Ұзақ уақыт бойы жылаудың басты себептерінің бірі
– шаншу. Әдетте, баланың «іші ауырып» тұр дейміз.
Ал, шын мәнінде, бүруге қарағанда шаншудың сипаты
әлдеқайда бөлек, әрі, бақытымызға орай, сирек кезде-
седі. Шынайы шаншуды кейде «кешкілік шаншу» деп
атайды. Бұл – шындық. Баланың іші шаншып тұрғанын
анықтау үшін хал-жағдайына талдау жасаңыз.
Егер бала кешкі тамақтанудан (сағ. 18.00-ден бастап)
кейін тыныштала алмаса, іші шаншуы мүмкін, немесе
ол тамақтандырудан кейін бірден айғайлай жөнеледі,
немесе ұйқыға кетеді, бірақ біраздан кейін айғайлап
оянады. Бұл уақыттағы айғайлау кез-келген басқа
уақыттағы айғайдан өзгеше. Бала жан ұшыра, аласұра
айғайлайды, тізесін ішіне қарай тартады, сол жері
ауырып тұрғандай көрінеді. Қолданылған тәсілдер тек
бірер минутқа қана көмектеседі, ал бала ұзақ және
үздіксіз жылай береді. Мысалы, сіз баланы көтердіңіз,
ол айғайлауын тоқтатты, бірақ сол мезетте-ақ қайта
бастады.
53
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7
Міне, ол желін шығарып, тынышталды – бірақ қайта
айғайға басты. Ол құшырлана емшек немесе емізік еме
бастауы мүмкін, бірақ, ұзаққа бармайды – ол соруды
тоқтатып, айқайлап жылай бастайды. Оны жөргекке
ораса, ал біршама уақытқа тынышталады, бірақ қайта
қаһарына мінеді. Оны етбетінен тізеңізге жатқызсаңыз,
аз уақытқа тынышталады, бірақ көп ұзамай, қайта
тепкіленіп, айғайлай бастайды. Ең өткір «ұстамалар»
булығу сипатына ие. Булығу арасында бала қалтырайды,
тұншығып жылайды. Бұл шамамен үш сағатқа жалғасуы
мүмкін.
Мұндай булығу ұстамалары күнде кешкілік уақытта қай-
таланып, кенеттен басталғандай, кенеттен тоқтап қалады.
Шаншу әдетте баланы екі айдай мазалайды.
Келесі жағдайларда шаншу жоқ, бала:
кешкі тамақтанудан кейін тынышталмай, дәл басқа
кез-келген уақыттағыдай айғайлап жылайды;
тәуліктің басқа уақытымен салыстырғанда кешке көбірек
жылайды, бірақ, тамақтанғаннан кейін тынышталады – бұл
шаншу емес, аштық;
кешке жылайды, желін шығарып, тынышталады;
кешке жылайды, бірақ көтерсе, қоя салады, қолда
көтеріп тұрғанша мәз-мейрам, төсегіне жатқызса болды,
қайта жылай бастайды – бұл шаншу емес, баламен
сөйлесу/ойнау керек;
кешке көп жылайды, бірақ күнде емес.
Баланы шаншу мазалағанда, оған көмектесу мүмкін
емес дерлік, сондықтан, бойларын билеген дәрмен-
сіздіктен, сонымен бірге жан ұшыра айғайлап жылау
кешкі уақытқа, барлығы шаршап, демалысты қажет
ететін уақытқа дәл келіп, дәрменсіздік сезімі өрши
түсетіндіктен, шаншу ата-ана үшін, бәлкім, ең қиын
сынаққа айналатын шығар. Баланы шаншу азабынан
құтқара алмасаңыз да, оны жалғыз қалдыруға бол-
майды. Бұл сәтте оған сіздің бар ықыласыңыз бен
махаббатыңыз қажет.
ЕГЕР ҚОЛДАНЫЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАРАМАСТАН,
ЖЫЛАУЫҚТЫҚ САҚТАЛСА, ОНДА ОЛ СЫРҚАТ,
ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙЗЕЛІС НЫШАНЫ БОЛУЫ
МҮМКІН, СОНДЫҚТАН, МАМАНДАР КЕҢЕСІНЕ
ЖҮГІНГЕН ЖӨН.
54
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ
БҰЗЫЛУЫ
8
55
Сору
Сіз балаңыздың саусағын соратынын бұрын да көргенсіз.
Бірақ сору өзге мағынаға ие болады. Айталық, ол саусағын
сорып жатса ғана, сізге бөлмеден шығып кетуге мүмкіндік
береді. Сіз шыға салысымен ол жыламау үшін саусағын
бұрынғыдан бетер сора бастайды. Ол сору арқылы өзін
тыныштандырады: сору сіз жанында болғанда сезінген
жайлылық сезімін қайтарады.
Ұ
йқы бұзылуы аса кең таралған және кішкентай балаға
күтім көрсететін ересектерге үлкен қиындықтар тудыра-
ды.
ҰЙҚЫ БҰЗЫЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:
психозақымдаушы факторы: кешкі уақытта отбасын-
да туған жанжалдар, баланың кенеттен шошынып қа-
луы, жалғыз қалуға қорқуы, жалғыздық (тастандылық)
қорқынышы, бала мен ана арасындағы эмоционал-
дық ынтықтың бұзылуы;
бала мінезіндегі тұқым қуалайтын ерекшеліктер,
яғни, ұйықтау, ояну, ұйқы тереңдігі және ұзақтығы
үдерістерінің дербес қалыптасқан заңдылықтары;
жасы: бала неғұрлым кішкентай болған сайын, ұйқы
бұзылуы да жиі болып тұрады;
созылмалы соматикалық сырқаттар;
баланың дамуы барысында (анамнез) жүктілік және
босану кезіндегі ауытқушылықтар, яғни, босанған
кездегі және одан кейінгі орталық жүйке жүйесінің
зақымдануы.
БАЛА ҰЙҚЫСЫНА ТАҒЫ НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ?
56
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8
Достарыңызбен бөлісу: |