Қазақ тілінен пәнінен берілген тапсырмалар



жүктеу 15,29 Kb.
Дата11.01.2022
өлшемі15,29 Kb.
#32513
қазақ тілі тапсырма


Қазақ тілінен пәнінен берілген тапсырмалар

1.Еліктеу сөздердің сөз табының жасалу жолдарын, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын жолдарын мысалмен келтіру.

Біріншіден, еліктеу сөздер дегеніміз— табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер.

Екіншіден, қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер.

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. МЫСАЛЫ: Арс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс т. б. Балалар үйге апыр-топыр жүгіріп кірді.

Бейнелеуіш сөздер — табиғатта кездесетін белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы: Маң-маң, сылқ ,жалт, морт, қисаң-қисаң, ербең-ербең т.б. Еліктеуіш сөздер сияқты бейнелеуіш сөздер де қосарланып келе береді. Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді: 1)Негізгі еліктеу сөздер — бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз. Мысалы: морт, күрс, селк. Мысалы: Мен қорыққаннан селк ете қалдым. Оның аяғы абайсызда, морт сынды. Үйде бірнәрсе күрс ете қалды.

2)Туынды еліктеу сөздер -аң,-ең,-ың,-ің,-ң сөз тудырушы жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: ағар-аң, қызар-аң, иір-ең, елп-ең, қиса-ң, домала-ң, жайқа-ң, жылт-ың, ырж-ың кірж - ің. Мысалы: Нұрсерік маған қарап, ыржың етеді.

Еліктеу сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:

1) Дара еліктеу сөздер — бір ғана түбірден (негізгі,туынды) жасалған негізгі сөз. Мысалы:тарс,күмп,жымың, тұрс, күрс, жылт, жалт т.б.

2) Күрделі еліктеу сөздер — екі сөздің қосрлануынан және қайталануынан жасалған немесе көмекші етістікпен (ет-) тіркесіп жасалған сөз. Мысалы: тарс-тұрс,қисаң-қисаң т.б Мырс етіп күлді. Бірінші сынып оқитын інім, аяғын қисаң-қисаң басып келеді.

Еліктеу сөздердің жасалу жолдары.

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да жасалады:

1.Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар –ыл, -іл, -л, -ғыр, -гір (ырыл, сырыл, гүріл).Мысалы: Айдаладан бір гүріл естілді. Айбек алғыр оқушы.

.Туынды етістік жасайтын жұрнақтар –ыра, -іре, -да, -де (желбіре, салбыра, күркіре, бұраңда). Далада талдардың басы салбырап, жапырақтары желмен бірге желбіреп тұр.



3.Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар –ыр, -ақ, -ек, -іш, -ық (жылтыр).Еліктеу сөздердің сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Мысалы: Қатты желден ағаш бұтақтары шарт-шұрт сынды.

Еліктеу сөздер анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Әкесінің қасына ере келген жалба-жұлба қара баланы көріп, үйдегілер таңырқай қарады.

Еліктеу сөздер көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сейіт күтпеген сөзге селт етті.
жүктеу 15,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау