ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1.
Ересек адамның бет-жүзіне, түсі ашық затқа көз тоқтата
алмау;
2.
Баяу қозғалыстағы затты көзбен бақылау қимылдарының
болмауы;
3.
Бала түсі ашық заттарға қол созбайды, тура алдына қойыл-
ған ойыншықтарды ұстамайды.
КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Бала туа салысымен миы қалыпты дамуы үшін ол сан-алуан
көру бейнелерінің көмегімен ынталандырылуы тиіс.
Жаңа туылған нәресте жарықты сезеді, басын жарық көзіне
бұруға тырысады. Өмірінің бірінші аптасы аяғына таяғанда сәби
көзін анасының бет-жүзіне тоқтатып, қарай алады.
2-3 ай толғанда бала қозғалыстағы заттарды бақылауға, өз қол-
дарына және жақын жерде орналасқан заттарға қарай алады.
6 айлығында бала заттардың ұсақ бөлшектерін және көлемі
0,5-1 мм ұсақ заттарды ажырата алады. Көру аясы ай сайын
10 градусқа кеңейеді, ал 6 ай толғанда екі жағынан да 50-60
градусты құрайды.
Осы жаста бала көлденеңінен, тігінен, сағат тілімен және сағат
тіліне қарсы бағытта баяу қозғалатын заттарды бақылай білуі
тиіс, әрі бақылау үзік-үзік емес, бірқалыпты болуы тиіс.
6 айлығында бала өз қолдарына қарайды, қызығушылығын ту-
дырған заттарға қарай созылады, алыс емес жерде орналасқан
заттарды қармайды, құлап бара жатқан және домалап бара
жатқан ойыншықтарды бақылайды, дененің орта сызығын кесе,
көз тоқтата алады.
Бұл жастағы бала тек жақындарын ғана емес, сүйікті ойын-
шығын, бөтелкесін, басқа да айналасындағы заттарды тани
және ажырата алады.
9 айлығында балалардың басым көпшілігі көз алдында жаялық
немесе қағаз астына жасырылған затты табады, қозғалыстағы
затты бақылайды, оны қармауға талпынады, жанында жатқан
ұсақ заттарды жинайды. Бұл жаста көптеген балалар бұған
дейін белгілі бір тәжірибе жинап, пішіні жағынан бір-біріне
ұқсас заттардың атқаратын жұмысын түсіне бастайды (мысалы,
қасықты көре сала – сабынан ұстап, аузына апарады, немесе
қолына доп тисе, оны домалату немесе лақтыру қажет екенін
түсінеді).
12 айлығында бала басын бұрады, тұрған күйде көзін жоғары
және төмен түсіреді, әрі дене
тепе-теңдігін сақтайды,
қозғалыстағы заттарды жақсы
қармайды, суреттерді және
фотосуреттерді қарайды.
15
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1.
Адамның бет-жүзіне, ойыншыққа көз тоқтата алмайды;
2.
Қозғалыстағы заттарды бақыламайды және олардың ұстап
алуға талпынбайды;
3.
Ұсақ заттарды (қиқымдар, жіптер) жинауға талпынбайды;
4.
Қолына түскен заттарға, ойыншықтарға қарамайды, бірақ
ұзақ уақыт бойы басқа тәсілдермен барлайды (сипалайды,
бетіне басады, аузына апарады, жалайды, кеміреді);
5.
Жиі және ұзақ, тіпті ояу болғанда да, көзін қолымен уқа-
лайды;
6.
Көлеңкелі бөлмеде жарқырауық ойыншықтармен жақсы-
рақ және ұзағырақ ойнайды.
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Жаңа туылған нәресте оқыс дыбыстарды ести алады: ол қорқа-
ды, селк етеді, көзін жұмады, маңдайын тыржитады, айғайлайды.
Өмірінің алғашқы айы соңына таяғанда қалшию әрекеті бай-
қалады: сылдырмақ сылдырына немесе әңгімеге құлақ түріп
жатып, бала сөйлеп жатқан адамның бетіне үңіле алады.
3 айлығында бала әртүрлі дыбыстарға құлақ салады, мінезі
дыбыс ырғағы мен екпіні әртүрлі болғанда өзгереді. Дыбыс
көзін іздеу қимыл-әрекеті дамиды. Бала анасының даусын
басқа дыбыстардан ажыратуды үйренеді.
6 айлығында бала тек жоғары жиілікті дыбыстарды (ысқыру,
телефон қоңырауы, сыбызғы), ауызекі әңгімені ғана емес,
сыбыр сияқты бәсең дыбыстарды да ести алады. Бұл жастағы
бөбек кеңістікте дыбыстардың орнын табу дағдыларын жетіл-
діреді, басын шыққан дыбыс көзіне қарай бұрады, естіген
және көрген әсерлерін өзара байланыстырады.
6 айлығында баланың гу-гулеген дауысы әркелкі, сазды бола
түседі, онда көптеген жаңа дыбыстар мен ырғақтар пайда
болады, дауысты дыбыстарға кейбір дауыссыз дыбыстар
қосылады, яғни, былдыр деп аталатын дыбыс тіркестері пайда
болады.
Есту құрылымы қалыптасқаннан кейінгі баланың дамуы
«дыбыстар сөздігін» жинау, есту жадысын дамыту арқылы
жалғасады. 6 айдан кейін бөбек үшін маңызды ересектермен
қарым-қатынас, олармен «әңгімелесу» айрықша маңызды. Ол
тек гу-гулеп, былдырлап қана қоймай, қызу қол сермейді, бет
қимылын, ым қосады.
16
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ
1.
Гу-гулеген дыбыстардың болмауы немесе олардың солғын,
әлсіз шығуы, кеш пайда болуы (4-5 айдан кейін);
2.
Сөйлеп жатқан ересек адамға қарай басын бұрмауы;
3.
Сыбыр әңгімеге назар аудармауы;
4.
Сыбызғы ойыншыққа назар аудармауы;
5.
Дауыс ырғақтары өзгеше – өзгермейтін, бір сарынды,
екпінсіз гу-гулеген дыбыстар.
БАЛАНЫҢ КҮРДЕЛІ ОНТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ДАМУ ТІЗБЕ-
ГІНДЕГІ ТІПТІ БІР БУЫН ҚАЛЫС ҚАЛСА, СӨЗСІЗ ӨЗГЕ
САЛАЛАРДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРҒА НЕМЕСЕ ДАМУ
ҮДЕРІСІНІҢ КЕШЕУІЛДЕУІНЕ ДУШАР ЕТЕДІ.
7-9 айлығында баланың былдыр тілі әркелкі, белсенді бола
түседі, көптеген балалардың тілінде бірдей екі буыннан тұра-
тын қос буынды сөздер (мама, папа…) пайда болады, алайда,
ескерте кететін жайт, көп жағдайда бұл «сөздер» өз мән-мағы-
насына сәйкес емес, олар алғашқы мақсатты сөздерге көшудің
өзінше бір «былдыр» кезеңі болып табылады.
8-10 айлығында бала жекелеген сөздердің мағынасын түсіне
бастайды: өз атын естігенде үн қатады, «болмайды», «тұра тұр»
десе, қалшия қалады, өтініш жасаса, жекелеген әрекеттерді
орындайды (бер, ал, сау бол, «қуыр-қуыр, қуырмаш»). Балалар-
дың көпшілігі 9-10 айлығында «қайда» деген сұрақты түсінеді,
ересек адам «Төсегің қайда?» деп сұраса, көзімен іздеп табады
немесе таныс затты қолымен көрсетеді.
Бұл жаста есту, көру қабілетінің дамуын баланың танымдың да-
муынан және моторикасының дамуынан ажырату айтарлықтай
қиын.
17
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
Достарыңызбен бөлісу: |