Айдан жасқа дейін қуан


-12 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒА-



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет4/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

6-12 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒА-
ЛЫСТЫҚ ДАМУЫ 
Бұл кезеңдегі балақайдың қимыл-қозғалыстағы белсен-
ділігі алдыңғы айлардағыға қарағанда әлдеқайда тез 
дамиды. 
6-7 айлық бала ұзақ уақыт бойы етбетінен, жазылған қос 
немесе бір қолына сүйеніп жата алады, бұл қалыпта қолдары 
босаңсыған, бала етбетінен жатып, ойыншықтарды және басқа 
да заттарды еркін басқара алады. Етбетінен жатқанда баланың 
денесі мен аяқтары жоғары қарай ашылған доға пішініне 
келеді. Бала шалқасынан етбетіне, етбетінен шалқасына еркін 
аударылады.
7 айлығында барлық дерлік (ересектер отырғызып қойған) 
балалар арқасын тік ұстап, қолдарын алдына сүйеніш ретінде 
тіреп, отыра алады; сүйеусіз бір минуттан бірнеше минутқа 
дейін отыра алады. Кейінірек, 8-9 айлығында балалар бір 
жағында жатқан затты алу үшін денесін бір бүйіріне қарай бұра 
алады, осы уақытта «бүйірлік қорғаныс реакциялары» пайда 
болады, яғни, бала денесін бір жаққа немесе артқа бұрғанда те-
пе-теңдікті сақтау үшін қолын сүйеу ретінде бір жағына тірейді. 
7-8 айлығынан бастап, бала бір білегіне, содан соң – жазылған 
қолына таянып, «бір жағына шынтақтап жатып» ойнай алады.
Еңбектеу де кезең-кезеңмен дамиды: алдымен бала етбетінен 
жатып, айнала аударылады (5,5-5,7 айлығында), ал кейін 
етбетінен артқа қарай, сосын етбетінен алға қарай еңбектейді. 
Балақайлардың көпшілігі төрт аяқтап еңбектеуге барлық 
алдыңғы кезеңдерді кезек-кезегімен игергеннен кейін көшеді
бірақ кейбір балалар етбетінен еңбектемей-ақ, бірден төрт 
аяқтап еңбектей бастайды. Әдетте, балалар 8,5-9 айлығынан 
бастап төрт аяқтап еңбектейді. Кей балалардың еңбектемеуі 
қалыпты жағдай емес. Баланың 
9-10 ай толғанда неге 
еңбектемейтінінің негізді себептерін анықтау қажет (жүйке 
жүйесінің сырқаттары, мешел ауруы (рахит), баланың қимыл-
қозғалыста тәжірибесінің жоқтығы, ата-ана тарапынан шамадан 
тыс қамқорлық көрсету).
8,5-9 ай толғанда балалардың көпшілігі өз бетінше отыра 
алады. Көбінесе, балалар алдымен етбетінен немесе төрт 
аяқтап тұрып отыруды үйренеді. Егер бала осы қалыптардан 
өз бетінше отыру қалпына көше алса, өз бетінше отырады деп 
саналады. «Шалқасынан жатқан» қалыптан өз бетінше отыруды 
бала 9-11 айлығында игере бастайды.
12
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


7-8 айлығында бала кеудесіне сүйеніп, аяқтарын бүге 
және жаза алады (дене аздап алға иілген). 8-9 ай толған-
да барлық дерлік балалар қос қолдап сүйеніп тұрып, 
тұра алады, бұл ретте салмақтың басым бөлігі аяққа 
түседі, ал қолдарын бала тұрған күйде тепе-теңдігін 
сақтау үшін пайдаланады. 9-10 ай толарда балалардың 
көпшілігі «табанына сүйеніп отыру» қалпынан (яғни, 
орындықтан) және бір тізесі арқылы қос қолдап со-
зылып, «тізерлеп» тұрған қалпынан сүйеніштің жанына 
тұра алады. Бұл жаста көптеген балалар сүйеніштің 
жанында тұрып, дене салмағын бір аяғынан екіншісіне 
ауыстыра алады (яғни, теңселеді, аяғын кезек-кезек 
басып тұрады). Кейбір балалар сүйеніштің бойымен 
жалғамалы қадамдармен жүре алады, кейбір балалар 
бір қолымен сүйеніштен ұстап тұрып, ал екінші қолымен 
құлап қалған затты алуға тырысып, тұрған күйі еденге 
қарай иіле алады.  
12 айлығында балалар бір нысаннан екіншісіне жетіп, 
өз бетінше жүруге талпынады.
i
ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА БАЛА:
1. 
Cүйеусіз бірнеше минут бойы нық отыра алмайды;
2. 
Eтбетінен немесе төрт аяқтап тұрған немесе шалқасынан 
жатқан күйден өз бетінше отыра алмайды;
3. 
Етбетінен немесе төрт аяқтап еңбектемейді;
4. 
Орындықта отырған күйден, тізерлеп тұрған күйден сүй-
еніштен ұстап тұрып өз бетінше тұра алмайды; 
5. 
Сүйенішті қос қолдап ұстаған күйі тұра алмайды немесе 
тұруға тырысады, бірақ дене салмағының басым бөлігін 
қолдарына, кеудесіне, ішіне аударады (сүйенішке қолда-
рымен, кеудесімен, ішімен «ілініп» тұрады»);
6. 
Қос қолдап ұстап, сүйеніштің жанында тұра алады, бірақ 
табаны жерге толық тимейді (аяғының ұшына сүйеніп 
тұрады);
7. 
Қозғалыссыз, сондай-ақ, қозғалысты әртүрлі дене қалыпта-
рында асимметрия байқалады (мысалы, тек бір бүйірінен 
ғана аударылады, отырады; отырғанда, тұрғанда дене сал-
мағы тек бір жағына ғана ауады, дененің және аяқ-қолда-
рының оң және сол жақтарының қимыл-қозғалысы көлемі 
мен сапасы жағынан қатты өзгешеленеді). 
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, БАЛАНЫ ҚОС ҚОЛЫНАН ТАРТЫП ОТЫ-
РУҒА ҮЙРЕТПЕГЕН ЖӨН, СЕБЕБІ, БҰЛ ТӘСІЛ ФИЗИОЛО-
ГИЯЛЫҚ ОТЫРУ ТӘСІЛІ ЕМЕС.
Ересек адам балақайды «шалқасынан жатқан» күйден отыруға 
үйреткенде баланы бір қолынан ұстап, екінші қолын сүйеніш 
ретінде бір жағына тіреуі қажет.
13
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ 
Ұсақ моториканы дамытудың түпкі мақсаты болып қол қимыл-
дарын өз еркінше үйлестіру табылады. Бұл даму үдерісі, жүру 
сияқты, рефлекстік қимыл қорынан (қолдың қармау рефлексі) 
басталады.
Жаңа туылған сәбидің жабық алақаны (бас бармағы бүгулі, 
қалғандары иілген) қалыпты жағдай болып табылады. 
Алғашқы айдың аяғында өтпелі кезең байқалады, бала алақаны 
ұзағырақ уақытқа ашық қалады. 
Үшінші айдың аяғында бала жартылай жабық алақанын алдын-
да тұрған затқа қарай қозғалта алады, қос қолын да зат тұрған 
бағытта соза алады, бірақ барлық қимылдары орта сызық 
бойымен үйлестірілген. 
4 айлық баланың алақаны көбіне ашық болады. Ол қолдарын 
бетіне тақап, оларға қозғалыстағы заттар ретінде қарай алады.
Қолдарын орта сызыққа келтіру қос қолдың бір-бірімен 
өзара жанасуымен ерекшеленеді. Жартылай ашық алақандар 
бір-біріне оңай салынады. Бала ойыншықты қолында ұстай 
алады, аузына апара алады, ернімен және тілімен зерттей 
алады. Әлдебір затқа бағытталған жұлқи жасалатын қимылдар 
көбінесе қос қолдап жасалады. Бұл – көру-қозғалыс үйлестігін 
дамытудың алғашқы сатысы.
Қолдың қармау рефлексі 6 ай толғаннан кейін басылады неме-
се саусақтарды қысқа уақытқа бүгу түрінде көрініс береді.
6 айлығында бала ойыншықтарды қос қолдап ұстай алады, 
ойыншықты бір қолынан екіншісіне сала алады, алыстағы затқа 
қарай созылады, ұсақ заттарды (қиқымдарды) барлық
 
саусақта-
рымен қармауға тырысады. Балақай заттарды қолында алақа-
нымен ұстап тұрады, саусақтарын заттың айналасына бүгеді, 
бас бармағы басқа саусақтарға қарсы қойылады.
6-7 айлығында бала ойыншық ұстап тұрған қолын айналдыра 
алады.
7-8 айлығында, егер бала бір мезетте екі затты ұстаса, онда 
оларға кезек-кезек қарайды, бір-біріне ұрғылайды. Бұл жаста 
саусақпен қармау пайда болады (зат енді алақанда жатпайды). 
Ірірек заттарды және ойыншықтарды бала қос қолдап қармап, 
ұстайды.
8-9 айлығында көптеген балаларда «қысқыштық» қармау пайда 
болады (ұсақ заттарды екі саусақтап – бас бармақпен және 
сұқ саусақпен ұстау), бұл қармау түрі кейінірек – 11-12 айда да 
пайда болуы мүмкін.
8-9 айлығында балалардың көпшілігінде жанында тұрған бар-
лық заттарды және ойыншықтарды ұстау және еденге лақтыру 
түріндегі ойын пайда болады. Алдымен бала заттардың қайда 
құлайтынына мән бермейді, бірақ, уақыт өте келе, бұл ойын 
түрлене түседі: бала затты алады, оны қарап шығады, оны 
үстелге, төсекке ұрғылайды, лақтырады, қайда 
құлағанын қарайды, содан соң, айғайлап, 
анасының сол құлаған затты алып, өзіне 
беруін талап етеді.
14
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау