Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет7/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

4 және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар 
арасында өзара байланыс бар екені туралы түсінігі 
қалыптасады, танымдық сезімдері дамиды.
6 айлық балалар таныс және бейтаныс адамдарға 
әртүрлі қарайды. Бала сыртқы келбеттегі, дауыс 
ырғағындағы, дауыстағы жеке өзгешеліктерді түсіне 
алады. Бұл жаста негізгі сезім түрлерінің түгелдей бір 
жүйесін көруге болады: қуаныш, реніш, таныс және бей-
таныс адамдарға қатысты сезімдер, өкпе.
12 айлық балалар әртүрлі әрекеттерді игеру нәтиже-
сінде туындайтын сан-алуан әлеуметтік сезімдерге ие 
болады, сонымен қатар, ересектермен қарым-қатынас 
мазмұны да өзгереді –көбінесе бірлесіп, әртүрлі зат-
тармен әрекеттер жасауға бағытталған. Бала бірте-бір-
те мақсатты «әлеуметтік ойынға» еніп, бастаманы өз 
қолына алады. Оны белсенділігі мен білімқұмарлығы, 
дербестікке ұмтылысы сезімдерінің қалыптасуына 
ықпал етеді.
22
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


БІР ЖАСТАҒЫ 
БАЛАЛАРҒА 
АРНАЛҒАН 
ОЙЫНШЫҚТАР 
3
23


Бұрамалы ойыншықтар. 
Оларды ара-тұра ғана 
қосқан жөн, жиі қоса беретін 
болса, баланы қызықтыр-
май, дыбысы тіпті ашуын 
келтіретін болады.
Сыбызғы-кітап. Бала 
кітаптағы бақаны басса, ол 
шиқылдаған дыбыс шыға-
рады.
Жұмсақ ойыншықтар. 
Сатып аларда міндетті түрде 
ойыншық сапасына назар 
аударыңыз. Себебі, сапасы 
төмен бояуыштар аллер-
гия тудыруы мүмкін, жүні 
баланың аузына кіріп кетуі 
мүмкін және т.с.с. 
24
БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР 
3
Аспалы ойыншық. Баланың 
көңілін аулап, қармау қа-
білетін дамыту үшін төсектің 
үстіне орнатқан жөн. Бала 
назарын тізбектегі әр ойын-
шыққа аудару қажет, оның 
қалай айналатынын көрсету 
керек.
Түрлі-түсті көрпе, суреттері 
болса, қимыл-қозғалысты 
дамыту ойындары үшін бір-
ден-бір құрал. Қимыл-қозға-
лысты жұмсақ ететінімен 
қоса, көрпе баланың наза-
рын аударады, бала ондағы 
суреттерді қарағанда зейінін 
дамытады.
Б
үгін балаларға арналған ойыншықтар, соның ішінде, 
бір жастағы балаларға арналған ойыншықтар дүкен 
сөрелерінде аз емес. Бірақ, сол ұшы-қиыры жоқ ойын-
шықтар арасынан бала жасына лайық, оған қызықты 
және пайдалы болатын, дамуына септігін тигізетін 
ойыншықтарды таңдап алу маңызды. Әр ойыншықтың 
өз атқарымдық мәні бар, ойыншықтардың көмегімен 
біз баланың тілін, оның психикалық және физикалық 
қызметтерін дамытамыз. 
БІР ЖАСҚА ТОЛҒАН БАЛАҒА ҚАНДАЙ 
ОЙЫНШЫҚ КЕРЕК?
Б
ұл, әрине, сылдырмақ – баланың өзара үйлесімді 
қимыл-қозғалыс, көру, сезу және есту қабілет-
терінің дамуы үшін аса маңызды ойын-
шық. Сылдырмақ таңдағанда 
оның көлемі баланың 
қолына дәл келуі-
не назар ауда-
рыңыз. Ойыншық 
көз тартатын, ал 
оның құрамдас 
бөліктері бала-
ның ауыза түсіп 
кетпеуі үшін 
тиісінше бекітіл-
ген болуы тиіс.


25
БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР 
3
Бір жасқа аяқ басқанда балаға міндетті түрде текшелер, 
пирамида, доптар керек болады. Бала ойыншықтары 
ретінде тағы нені пайдалануға болады? Әрине,
тұрмыстық заттар! Әр үйде бар бұйымдар. Мысалы, 
ойнау үшін келесілерді қолдануға болады:
пластмасса шынылар, тәрелкелер және тағы басқа
ыдыстар;
кез-келген пішінді ағаш қасықтар;
кішкентай алюминий қазандар мен олардың қақпақтары;
бос пластмасса бөтелкелер;
қақпағы бар пластмасса құтылар;
өлшемі мен бет-бедері әртүрлі қағаз;
түсі мен бет-бедері әртүрлі мата;
қақпағы бар және жоқ шағын қораптар;
жұқалтыр;
кез-келген «доптар» – теннис добынан бастап, алма, апель-
син, жіп орамдарына дейін және т.с.с. 
Айналасындағының барлығы бала 
үшін таңсық, ол сіз берген кез-кел-
ген затты мәз-майрам болып
зерттеуге кіріседі. Оның қолданыс 
мақсаты қандай болса да бәрібір, 
бала үшін бастысы – түсі, пішіні, 
қолмен ұстап көру сезімі.
Бала ойыншықты өзі бөлшектеп 
үйренуіне болады. Бала оның 
құрамдас бөліктерін жұтып 
қойматынына немесе мұрнына 
тығын жібермейтініне көз жет-
кізіңіз. Ойыншықтар таза және 
балалар үшін қауіпсіз болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЛАЛАР НЕМЕН ОЙНА-
СА ДА, БӘРІН АУЗЫНА АПАРУҒА ТЫРЫСАДЫ. 
БҰЛ БАЛАНЫҢ ЗАТ ҚАСИЕТТЕРІН ТАНУ ТӘСІЛ-
ДЕРІНІҢ БІРІ. СОНДЫҚТАН, САҚ БОЛЫҢЫЗДАР, 
ОЙЫНДЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАП ОТЫРУ КЕРЕК, АЛ 
ОЙЫНШЫҚТАРДЫ ЖИІ ЖУЫП ТҰРУ КЕРЕК.


26
БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР 
3
Қозғалып тұрған зат қимылын бақылауды дамыту үшін 
көз тартатын бір түсті сылдырмақты пайдалануға бола-
ды. Екі айдан кейін балаңыз сіз тіпті ойыншық бағытын 
өзгертсеңіз де, оны бақылап жататын болады.
Біраз уақыт өткен соң, бала шамамен  4 айлығында 
ойыншықты көзбен іздеп табуды, дыбыс шыққан жаққа 
қарай бұрылуды үйренеді.
Есту зейінін дамыту үшін әртүрлі қоңырауларды, сыл-
дырмақтарды, балаларға арналған дабылдарды пай-
даланыңыз, Бірақ, есте сақтаңыз, қатты дауыстан бала 
жылауы, қорқуы мүмкін.
БАЛАҒА ҚАНША ОЙЫНШЫҚ ҚАЖЕТ?
Әлбетте, ойыншық мейлінше көп және әртүрлі болуы 
тиіс. Бірақ балаға бір бергенде бірден тым көп ойыншық 
беруге болмайды. Ол қиын жағдайда қалуы мүмкін: нені 
алса екен? Немесе жалықтыруы, мүлдем ойынға зауқы 
соқпай қалуы мүмкін. Ойыншықтардың біраз бөлігін 
алып тастаңыз, оларды ара-тұра ауыстырып отырыңыз. 
Бір жыл ішінде бала айтарлықтай көп әрекеттерді және 
қимыл-қозғалыстарды меңгереді, айналадағы кеңістікте 
бағдар табуға үйренеді, заттардың қасиеттерімен таны-
сады, сөздерді айтуға талпынады, яғни, өзінің физикалық 
және психикалық қабілеттерін дамытады.
КӨРУДІ, ЕСТУДІ ҮЙРЕТЕМІЗ 
Қимыл-қозғалыс зейінін дамыта отырып, баланың 
төсегінің үстіне кеудесінен 50-70 см қашықтықта ой-
ыншықтар іліп қою керек. Оның оларға қолы жетпейді, 
ол олай етуге әлі дайын емес, бірақ, есесіне, көзіне күш 
түсірмейді. Ойыншықтарды қалай іліп қоюға болады? Ең 
дұрысы, төсектің бас жағына «Г» әрпі пішіндес арнайы 
ағаш немесе темір тіреуіш бекітіп қойған жөн.


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау