баланың өз бетінше жасаған әрекеттерін қолпаштаңыз:
қағаздың ортасына бірнеше түрлі-түсті қарындаш (4 түстен
аспасын) қойыңыз. Бала қалаған түсін
өзі таңдасын;
бала таңдаған түсті атаңыз. Қажет болса, қимыл-қозғалы-
старын бағыттап отырыңыз.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛ-
СЫН, АДАМ ӨМІРІНІҢ КӨП ТҰСТАРЫНЫҢ ІРГЕ-
ТАСЫ ОЙЫН БАРЫСЫНДА ҚАЛАНАДЫ. СІЗГЕ
ЖӘНЕ БАЛАҢЫЗҒА ШЫҒАРШЫЛЫҚ ТАБЫС
ТІЛЕЙМІЗ!
i
Кеңестер: қарындаштарды тым үшкір етіп ұштамаңыз.
Қажет болса, қарындаш ұстағанда баланың қолын түзетіп
отырыңыз. Тапсырма біткен соң, қарындаштарды баламен бірге
қорапқа салыңыз. Кейін салыстыру үшін баланың салған сурет-
терін сақтап қойыңыз.
40
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
5
АЛҒАШҚЫ ДАМУ КЕЗЕҢІ — ҚОЛҒА
ЗАТТАРДЫ АЛА БІЛУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТЕУ.
7
–8 айдан бастап 3–3,5 жасқа дейін бала айналадағы
әлемді белсенді тани бастайды, ол өте білімқұмар және
қандай да бір затты көріп қана қоймай, міндетті түрде
қолмен ұстап көргісі келеді
және тіпті дәмін де көргісі
келеді. Оған барлығы қызық. Алдымен ол көзіне түскеннің
және қолы жеткеннің барлығын қарап шығады, қолмен
ұстап көреді және дәмін көреді. Ал бірте-бірте, еңбектеу
және жүру дағдыларын меңгере түскен сайын қолы жет-
пейтіндермен де дәл солай істейді: үстел, сөре үстіндегі,
әйнек есік артындағы, құлыптаулы жәшіктердегі, аузы
байлаулы дорбалардағы, қақпағы бар құтылардағы, кіш-
кентай тесіктер мен саңылаулардағы және т.б. заттар.
Зерттеу инстинкті кішткентай бүлдіршін үшін, оның
болашақ тәжірибесі үшін табиғи, әрі өте маңызды болып
табылады, бірақ, заттар мен бұйымдарға толы айна-
ладағы кеңістік бала тіпті түсінбейтін
қауіптерге толы
болуы мүмкін. Ересектердің міндеті – бала жүрген ортаны
қауіпсіз ету және қауіпті заттармен, бұйымдармен және
заттектермен жанасуын болдырмауға тырысу.
СОНДА ҚАУІП ҚАЙДА
ЖАСЫРЫНҒАН?
Ұсақ заттар (түймелер,
дәрі және кішкене шар-
лар, қайшылар, пышақтар,
шанышқылар, біздер,
инелер, түйрегіштер,
шегелер, шаш түйреуіштер,
ұшталған қарандаштар,
қаламдар) қол жетпейтін
жерде болуы тиіс.
Еденге жақын шкаф
есіктері бала аша алмауы
үшін кілтпен жабылуы
немесе байлануы тиіс.
Үшкір
бұрыштар қалың
жұмсақ матамен, кілем-
шелермен немесе жас-
тықтармен қалқалануы
тиіс. Тамақ беру кезінде
сынғыш әйнек заттар
қолданылмауы тиіс.
Кішкентай балалар-
ды электр құралдары
және розеткалар қатты
қызықтырады. Электр
розеткалары биік орна-
ласса да, оларға қақпақ-
ша
қою қажет немесе
бұласыр жапсырып қою
қажет.
42
КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН
ҚАУІПСІЗДІГІ
6
Ұсақ үшкір заттарды (жапсырма шегелер, қағаз қыстырғыштар,
инелер, сүйектер, сіріңке, әйнек немесе пластмасса сынықтары)
тек тыныс
алғанда ғана емес, жұтқан кезде де қауіп төндіреді
– оларды шығару хирургиялық ота жасауды талап етуі мүмкін.
Балаларыңыз есейгенше, еденде қандай да бір ұсақ заттар
болмауын аса мұқият қадағалаңыз.
Бала үшін полиэтилен пакеттер, үлдірлер (бала қапты басына
киіп, тұншығып қалуы мүмкін) және жіптер (мойнына оратылып
қалу қаупі) үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Төсектің жанында және
бала ойнайтын жерлердегі перделерді баулар, таспалар, жіңіш-
ке ұзын жолақтар және т.б. болмауы тиіс.
Қауіпті химиялық заттектерді (күйдіргіш сода, қышқылдар,
сірке су эссенциясы) және дәрі-дәрмектерді
сақтауға айрықша
көңіл бөлген жөн. Есіңізге салғымыз келеді, ересек адам үшін
қауіпсіз, мүлдем «залалсыз» бір түйір дәріні бала қабылдаса,
ауыр салдарға және тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін.
БАЛА ҮШІН АСА ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙ БОЛЫП ТЫНЫС АЛУ
ЖОЛДАРЫНА ҰСАҚ ЗАТТАРДЫҢ ЕНІП КЕТУІ ТАБЫЛАДЫ.
Моншақ, кішкене тастар, түйрегіштер, әшекей заттар, тиындар,
түймелер, ойыншықтардың сынған немесе тістеп алынған
бөліктері сынды заттарды қолдану кезінде аса сақ болыңыз.
Бөбектер оларды аузына салуға немесе мұрнына тығуға ты-
рысуы мүмкін. Ойыншық көлемі кем дегенде 5 см болуы тиіс.
Егер бала бір затты аузына алғанын немесе мұрнына тыққа-
нын байқап қалсаңыз, баланың оны түкіріп немесе шығарып
тастағанына міндетті түрде көз жеткізіңіз. Егер тіпті болмашы
күдігіңіз болса, баланы міндетті түрде дәрігерге апарыңыз.
Егер бөгде зат тыныс жолдарына
бәрібір еніп кеткен болса,
шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақырыңыз және ол келгенше
балаға өз бетіңізше көмектесуге тырысыңыз. Баланы аяғынан
ұстап, басын төмен қаратып ұстап, бірнеше рет сілкіңіз және
арқасынан қос жауырынының ортасынан алақанмен қағып-
қағып жіберіңіз. Бала өскенше оған берілетін тамақты және
дәріні бала жаңғақтарға, тістелген нан, алма, сәбіз тілімдеріне
қақалып қалмауы үшін мұқият ұсақтаңыз.
44
КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН
ҚАУІПСІЗДІГІ
6