Бекітемін:
Мектеп директоры:
М.А.Құдайбергенова
«№50 орта мектебі» КММ
«Ғажапқа толы Жаңа жыл » атты
Жаңа жыл кеші
Класы: 5«Г»
Класс жетекші: Жаназарова Аксулу
2022-2023 оқу жылы
5 «Г» класс
«Ғажапқа толы Жаңа жыл»
1 -жүргізуші:Жаңа жыл,жаңа бақыт,жаңа жыр
Ізгілік , бірлік дәнін ортаға ысыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін ,мәртебесін биікке асыр.
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Құрметті сыныптастар, қонақтар,ұстаздар сіздерді келе жатқан 2023 қоян жылымен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Бүгінгі «Ғажапқа толы Жаңа жыл» атты мерекелік кешіміздің ережесімен таныс болайық .
Класс оқушыларын 4 топқа бөліп әр топқа алдын ала әр түрлі түс берілді. Сол түстегі тағамдар әкелінсін және сәйкесінше сол түсте киім киіп келу шарт болатын. Екінші : әр топқа тапсырма берілді ,яғни, ән ,би, өлең және ұсынылған тағамдармен таныстыру.
1-жүргізуші
Ал қанекей дайынсыздар ма?
Төрлетіңдер, төрлетіңдер
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер-дей келе ортаға кешімізді әнмен ашатын
(Көк түстілер тобын шақырамыз.)
2-ЖҮРГІЗУШІ : Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Ал енді ортамызда сары түс тобы отыр. Бұл топқа берілген тапсырма әкелген тағамдармен таныстыру, пайдасын, зиянын айту.
Ал қане бастайық.(Сары түстер)
1-жүргізуші Бәрекелді, келесі кезекте біз кішкене ойын ойнайық.
Ортағы 4 топтан төрт оқушы шықсын.
Ойынның шарты мынадай:
«Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?» Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А – Ақшақардай сұлу болайық. Ә – Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б – Бақыт тілеймін. Тоқтап жалғастыра алмаған оқушы ойыннан шығады.
Рахмет кешімізді әрі қарай жалғастырайық.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр. –дей келе ортаға әсем бимен ақ түстілер тобын шақырамыз.
2-жүргізуші
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
Соңғы қара түстілер тобына берілген тапсырма осы еді. Тақпақ ,өлең оқу. Ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші Қара түстілер тобына рахмет айтамыз. Орындарыңызға жайғасыңыз.
Кезекті тағы бір ойынға берсек.
Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «- Сен кімсің? – Шырша. – Бүгін қандай мейрам? – Мұз. – Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады. Жеңілгендерге түрлі жаза тағайындалады: өнер көрсетеді, бір нәрсе алып келеді, жасап береді т.с.с.
1 Жүргізуші:Құрметті достар!
2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |