Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет13/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43

Әрине, егер тіпті екі ересек болып, бір-біріңізді алмастыр- 
саңыздар да, сіз баланы сағаттап көтеріп жүре алмайсыз. 
Бірақ оны жылы жаялыққа орап қоюға болады, сонда сіз оны 
құшақтағанда туатын жылу пен қауіпсіздік сезімі пайда болады.
Жылау – эмоционалдық сезімталдық көрсеткіштерінің бірі, 
оның көрінісінің сипаты бала мінезінің ерекшеліктеріне ғана 
емес, сондай-ақ, тәрбиелеу әдістеріне де байланысты.
Ата-ана тарапынан бәріне рұқсат беріп, шамадан тыс бағып-
қағу балалардың тым қырсық болуына түрткі болады, оның бір 
көрінісі – кейде есіріктікке ұласып кететін жылау. Бала шиқ 
етсе немесе күрсінсе болды, бірден бас салып көтеріп алатын 
ата-аналар баласын күйгелек және талапшыл етуі әбден мүмкін. 
Осылайша, дені сау бала үнемі дауыс желбезектерінің күшімен-
ақ, тәулігіне жиырма төрт сағат бойы үйдегілердің барлығын 
әуре-сарсаңға салып қоя алады. 
Шын мәнінде бала қолға алуын талап етіп емес, өзін 
төсекке жатқызып, ата-анасымен физикалық байла-
ныстан айырылғаны үшін жылайды, ал жаңа туылған 
нәресте үшін табиғи қажеттілік – ата-анасының жылуын 
түйсігімен сезіну қажеттілігі. Көптеген елдерде нәрес- 
телерді күні бойы көтеріп жүреді. Анасын босату үшін 
баланы әжелері немесе ересек балалар көтереді, 
бірақ тұрмыстағы шаруалардың көпшілігін ана бала-
сын арқасына салып жүріп жасайды. Баланы көтеріп, 
құшақтасаңыз, ол жылауын тоқтатады. Бірақ, егер бала 
физикалық жанасуға қарамастан, әлі жылам-
сырап тұрса, оны бөлменің ішінде ары-
бері көтеріп жүріңіз: ақырын тербету 
бірте-бірте оны жұбатып, тыныштық 
орнатады.
50
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7


АТА-АНАЛАРҒА ЖӘНЕ ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ 
КЕҢЕСТЕР 
1. 
Жылап тұрған бала, аффект (күйзеліс) күйін бастан 
кешіретіндіктен, ескертулерді, бұйрықтарды нашар түсі-
неді, сондықтан, жылап тұрғанда оны тәрбиелеу тиімсіз.
2. 
Жылап тұрған баланы жазалауға болмайды, себебі, ол 
жазалау себебін тез ұмытып кетуі мүмкін, әрі жылаудың 
өзі жазалауға ұқсас күй.
3. 
Емшектегі баланы түнде жылайтыны үшін немесе киіндір-
генде бір орында тұрмайтыны үшін жазалауға болмай-
ды, сәби өз «кінәсін» түсіне алмайды немесе өзі мен 
қолданылған жазалау шарасы арасында байланыс орната 
алмайды.
4. 
Баланың жылауын бірден тыюға асықпаған жөн, балаңыз- 
ға бірер орынды уақыт жылауына мүмкіндік беруге 
қорықпаңыз (бұл тіпті өкпе үшін пайдалы деп саналады), 
бірақ, ол жылап жатқанда дауыс ырғағына назар аударып, 
кездейсоқ қыңырлық пен шынайы жабырқау арасындағы 
айырмашылықты ажырата білу керек. Бұл ретте, баланың 
төсегіне бармас бұрын, есіктің тұсында бес минуттай 
кідіре тұрыңыз, балаға байсалды, жылы сөздер айтыңыз, 
жылауын тоқтатқанын күтіңіз.
5. 
Егер баланың жылауына мүлдем көңіл бөлмесе, ересек-
тердің ықыластылығына деген сенімге орны толмас залал 
келтіріп алуға болады, жылау мәселесін байыпты шешу 
қажет, ал оның шешімі – тек сенім және жаза қолданбау 
кепілдігі.
Ересектерге күрделі психологиялық құрылымды құрайтын, 
сезім білдіру тәсілі болып табылатын жылау тілін – оның әртүр-
лі мағынасын түсініп үйрену қажет:
Жылауықтық немесе қыңқылдау да назар аударуды қажет 
ететін жайт, себебі, бұл – ішкі қанағаттанбаушылықтың, мазасыз- 
дықтың және айналадағылармен өзара қарым-қатынастардың 
қандай да бір тұстарына көңілі толмаушылықтың белгісі. Кейде 
жылауықтық – қандай да бір созылмалы сырқат белгісі. Бірқатар 
жағдайларда қыңқылдау ауа-райының өзгеруіне, өзін-өзі нашар 
сезінуіне және психологиялық себептерге қатыссыз ішкі көңіл-
күй ауытқушылықтарына қатысты болуы мүмкін.
ЖЫЛАУ-ДАБЫЛ;   
ШАҒЫМ (ӨКПЕ-РЕНІШ);
НАРАЗЫЛЫҚ; 
 
ЖЫЛАУ-ЖЕҢІЛДЕУ;
ТАЛАП ЕТУ; 
 
ҚЫҢЫРЛЫҚ (ЕСІРІКТІК).
51
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7


ЕГЕР ЕШТЕҢЕ КӨМЕКТЕСПЕСЕ 
Айталық, сіз осында келтірілген бала жылауының 
барлық себептерін қарастырып көрдіңіз, оны тыюға ты-
рыстыңыз, бірақ бала жұбанбай, еңіреп отыр. Онда оны 
келесі әдістермен жұбатып көріңіз.
1. ЫРҒАҚ. Денесін босаңсыта алмайтын балаға тұрақты, 
ырғақты әрекет керемет жағымды әсер береді. Ол аса 
тиімді, себебі, балаға ұйықтауға кедергi келтіретін 
кез-келген ішкі және сыртқы тітіркендірігіштерді оқшау-
лайды. Бірақ, ашығу сезімі кез-кел-
ген, соның ішінде, ырғақты әре-
кеттерден де басым түседі. Алайда, 
бала жабырқап немесе абыржып 
тұрса, бұл әдіс сөзсіз көмектеседі. 
6. 
Баланың жылауын балабақша тәрбиешісі де тоқтата ала-
ды, ол үшін оған кейбір балалардың ашушаңдығын тежеу 
және құрдастар арасында өзара достық қарым-қатынас 
орната білу қажет. Топта достық пейілді, жайдары орта бо-
луын қамтамасыз ету қажет, әртүрлі және эмоционалдық 
тұрғыдан мазмұнды ойындар ойнату қажет, балалардың өз 
күшіне және мүмкіндіктеріне деген сенімін қалыптастыру 
қажет.
Ана жүрегінің дүрсілі жазылған күйтабақ бар. Жылап 
тұрған балаға ол бірден әсер етеді. Дәл сондай дерлік 
әсерге бәсең ырғақты әуен де ие – бастысы, әуен 
бала терең ұйқыға кеткенше тоқтап қалмауы тиіс. Ол 
уақытынан бұрын бітіп кетсе, бала оянып кетеді.
Баланың жылауын тоқтатып, ұйықтатудың ең кең 
таралған, әрі әмбебап тәсілі – оны көтеріп, тербету. 
Егер баланы арқаға мінгізіп немесе жаймадан белге 
орап жасалған бесікке салып қойса, баланы ұзақ 
уақыт бойы тербетіп жүруге, сонымен қатар, басқа да 
жұмыстармен айналысып жүруге болады.  
52
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау