Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет19/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43

i
Қашан көмек іздеу керек:
1.  баланың мінез-құлқынан барлық сөйлеу әрекеттері 
сәтсіздікке ұшырағаны көрініп тұр;
2.  балаңыздың сөзін түсіну сіз үшін қиын;
3.  бала екі сөзден артық сөздің басын құрай алмайды;
4.  бала құлақ салып тыңдамайды.
2 ЖАСТАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
қарапайым нұсқауларды орындайды;
«үстіне», «ішіне», «ішінен», «астынан» және т.с.с. көмекші 
сөздердің мағынасын түсінеді және осындай сөздерді 
қолданып айтылған нұсқауларды орындайды («допты 
қорапқа сал және т.б.);
3-4 сөзден қарапайым сөйлем құрастырады;
отбасы мүшелерімен және басқа да таныс адамдармен 
әңгімелеседі;
өлеңдер, тақпақтар, қысқа әңгімелер тыңдағанды ұнатады;
заттар бейнеленген суреттерді ғана емес, әрекеттерді де 
көрсетеді;
сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық санаттарын 
игере бастайды, оларды заттарды, жануарларды, өсімдік-
терді; әрекеттерді және қарым-қатынастарды білдіретін 
етістіктерді (жуу, емдеу, көмектесу, аяу); көлемін, түсін, 
дәмін білдіретін сын есімдерді (үлкен, кішкентай, қысқа, 
көк, тәтті); үстеулерді (жақын, алыс, төмен, жоғары, баяу, 
қараңғы) атағанда қолданады.
Сіз бұл жаста балаға оқу-үйренуге қалай көмектесе аласыз:
сізбен сөйлесіп жатқанда баланы тыңдаңыз; 
түсінетіңізді көрсету үшін басыңызды изеңіз немесе 
күлімдеңіз;
бала сұрақ қойғанда жауап беріңіз;
балаңызға басқа балалармен ойнауға рұқсат етіңіз.
74
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10


i
Қашан көмек іздеу керек:
1.  бала сөздерді қайталайды, бірақ мағынасын түсін-
бейтін сияқты;
2.  бала тұтығып сөйлейді;
3.  басқа адамдарға балаңыздың сөзін түсіну қиын;
4.  балаңыз сөздерді өзгеше тәсілмен пайдаланады.
3 ЖАСТАН 4 ЖАСҚА ДЕЙІН БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
4-6 сөздерден сөйлем құрастырады;
нұсқау береді: «жөнде», «оқып бер»;
көп сұрақ қояды;
өздері не істегенін айтып береді;
өз-өзімен және ойыншықтарымен сөйлеседі;
әңгіме айтады немесе өлең салады;
өзінің хал-жағдайы туралы айтып жеткізе алады.
СІЗ БҰЛ ЖАСТА БАЛАҒА ОҚУ-ҮЙРЕНУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК-
ТЕСЕ АЛАСЫЗ:
әртүрлі заттар арасындағы ұқсастықтар және айыр-
машылықтар туралы айтыңыз;
балаға өзінің сезімдері мен ойлары туралы айтып жеткізу-
ге көмектесіңіз;
бала айтуға қиналатын сөздерді және дыбыстарды пай-
даланып, оларды қалай айту керек екенін аузыңыздың 
қимылымен көрсетіңіз, дыбыстарды анық және түсінікті 
етіп айтыңыз;
ұзағырақ әңгімелер оқыңыз және барынша мәнерлеп 
оқыңыз; 
оқып отырып, бала мазмұнын түсінгеніне көз жеткізіңіз, өз 
сөзімен қайталап беруін өтініңіз; 
мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз.
?
75
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10


Зейін мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар ойна-
тыңыз;
Ұсақ моториканы дамытыңыз, себебі, оның дамуы кішкентай 
баланың тілінің қалыптасу үдерісімен айрықша тығыз байла-
нысты. Келесі жаттығуларды байқап көруге болады:
Кішкене зырылдауықтарды жүргізу.
Саусақпен пластилин, саз-балшық илеу.
Гуашьпен саусақ көмегімен сурет салу.
Әр саусақпен кезек-кезек ұсақ тас, моншақ, шар домалату.
Жұдырықты жұму және ашу, бұл ойында жұдырықты гүл 
қауызы деп елестетуге болады (таңертең оянып, ашылды, 
ал кешке ұйықтап, жабылды, тығылды).
Ересек адам саусағын кіргізе алатын жұмсақ жұдырық 
жасау және ашылмайтын қатты жұдырық жасау.
Үстел үстінде қос саусақтап (сұқ және ортаңғы саусақтар) 
«жүру», алдымен баяу, әлдене жасырынып келе жатқан-
дай, ал содан соң, жылдам, жүгіріп келе жатқандай жүру. 
Жаттығу алдымен оң, ал сосын сол қолмен жасалады.
Тек бір саусақты көрсету – сұқ саусақ, сосын екі (сұқ және 
ортаңғы саусақтар), кейін үш, төрт, бес саусақ көрсету.
Бір саусақты бөлек көрсету – бас бармақ.
Қос қолдың бүкіл саусақтармен үстел бетін даңғырлату. 
Қол білегінен «шам» (фонарь) жасау.
Біресе бәсең, біресе қатты, әртүрлі қарқынмен қол шапа-
лақтау.
Барлық саусақтарды бір шымшымға жинау (саусақтар 
бірге жиналды – қашты).
Жіпке ірі түйме, кішкентай шарлар, моншақтар өткізу.
Қалың жіпке, бауға түйін байлау.
Түймелерді түймелеу, ілгектерді ілу, сыдырмаларды сыды-
ру, қақпақтарды бұрау, механикалық ойыншықтарды қосу.
Бұрандалар бұрау.
Құрастырғыштармен, мозаикамен, текшелермен ойнау.
Ендірмелермен ойнау.
«Матрешка» ойыншығын бір-біріне салу, бір-бірінен 
шығару.
Құммен, сумен ойнау.
Қолмен поролон шарларды, ысқыштарды мыжу.
Әртүрлі құралдармен сурет салу, сызықпен түрлеу (қа-
ламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бормен, акварь, 
гуашь бояуларымен және т.б.).
Қайшымен кесу.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! БАЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ СӨЗДЕГІ 
БАРЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫ АНЫҚ ЕТІП АЙТУ ҚАЖЕТ, СОНДА 
БАЛА СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ДҰРЫС МЕҢГЕ-
РУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛАДЫ.
76
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10


i
Қашан көмек іздеу керек:
1.  бала толық сөйлемдер құрай алмайды;
2.  бала басқа балалармен сөйлескенді ұнатпайды;
3.  бала күрделі сөздерден тұратын құрылымдарды игере 
алмайды.
5 жасқа аяқ басқанда балалардың көпшілігі:
грамматикалық тұрғыдан толық сөйлемдер құрайды;
дыбыстарды дұрыс айта алады;
таныс сөздердің мағынасын түсіндіреді;
сипаттаушы сөйлемдер құрайды;
қарапайым есептің шешімін таба алады;
дыбыстар мен әріптерді ажырата алады.
Балаңызға қалай көмектесе аласыз:
балаңызға кітап оқыңыз, оқығандарыңыз туралы сұрақтар 
қойыңыз, әңгімені бөліп-бөліп құрауға көмектесіңіз;
ұзын сөздерді айтуға үйретіңіз;
сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйретіңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Қол қимылын дамыту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, сонда 
ғана жоғары нәтиже шығаруға болады. Тапсырмалар балаға қуа-
ныш пен шаттық сыйлап, ойын түрінде өтуі тиіс. Балаңызбен қай 
жерде жүрсеңіз де: көшеде, балабақшаға баратын жолда, асүйде, 
ваннада, ұйықтар алдында, жол үстінде болсын, білгеніңізді, 
үйренгендеріңізді тәжірибе жүзінде қолданып жүріңіз. Есіңізде 
сақтаңыз, шыдамдылығыңыз, мейрімімді және жылы сөзіңіз 
балаңызға тезірек сөйлеп кетуге сөзсіз көмектеседі!
77
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау