Қазақстандағы мұражайлардың қалыптасуы мен негізгі бағыттары
Мемлекеттің тарихи дамуының әр кезеңінде еңбек сіңірген қоғам және
мемлекет қайраткерлерінің өмір және еңбек жолдарын насихаттайтын
мұражайлардың қызметі мен бағыттарын зерттеу қазіргі заманғы мұражайтану
ғылымында өзекті мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Егемен
еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең
зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу – Қазақстанда патриотизмді
қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты
шарттарының бірі...»– деген сөздері музей қызметінің басты ұстанымы болуға
тиіс.
[1]
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қолы жетіп, қоғамның саяси-
әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани салаларындағы пайда болған
түбегейлі өзгерістер зиялы қауым алдына оларды жаңаша зерделеу міндетін
қойды. Осы міндетті жүзеге асыруда өткенді бүгінгі күннің биіктері
тұрғысынан тарихи талдаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының
Президентінің жарлығымен 1998 жыл – «Халық бірлігі мен ұлттық тарих
жылы», 2000 жыл– «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануыеліміздің
тарихының зерттелмей келген қырларын ашуға, ақтандақтардың орнын
толтырып, шындықты қалпына келтіруге мол мүмкіндіктер бергені баршамызға
айқын.
Қоғамның белгілі бір даму кезеңдерінде ғылыми іздену, халық-ағарту,
мәдени мұраларды сақтау жұмысының жүйесі - бұл мемлекеттік маңызы зор
мұражай мекемелерінің жұмысы болып табылады. Қазақстанның мұражайтану
ғылымы саласы дамуы күрделі және жауапкершілігі мол уақытта тұр. Еліміздің
мұражайтану ғылымының алдында көптеген күрделі мәселелер ғылыми шешуін
күтуде, солардың бірі мұражай мекемелері жұмысының ғылыми-методикалық
мәселелері. Сонымен қатар, мұражайлар бойынша жеке мұражайлық
әдебиеттер, нормативті мұражай құжаттарын жүйелеу, көптеген тарихи –
археологиялық экспозициялардың мазмұнын ашу, мұражайдағы археологиялық
қорларындағы жәдігерлерінің жинақталуы мен сақталу жағдайы және тағы
басқалар шешімін күттірмес мәселелер болып табылады.
Мұражай-тарихи-ғылыми
дерек
ретіндегі
ескерткіштерді,
өнер
туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап,
ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай гректің «museіon»
сөзінен алынған, «муза сарайы» деген мағынаны береді.
Мұражай алғашқыда аса бағалы бұйымдар мен мәдени жәдігерлерді
сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе ол әдістемелік
қызметі жетілген функционалдық институттарға дейін дамып жетілді. Жаңа
мыңжылдықта адамзаттың жаһандану дәуіріне аяқ басу кезеңінде мұражай
қызметіне жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар мен интеграциялық үрдістер
дендеп енуде.
Мұражай ерекшелігі – оның қызметінің негізгі табиғаты материалдық және
рухани өмірдің ескерткіштері болуымен анықталады. Мұражайлық заттар –
табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі процестер мен оқиғалардың,
құбылыстардың түпнұсқалық айғақтық жәдігерлері. Заттың мұражайлық
маңызы әлеуметтік, ғылыми, мәдени, тарихи құндылығымен бағаланады.
Мұражай ісі мен қызметін дамыту мақсатында 1889 ж. 20 маусымда
халықаралық “Мұражайлар ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық
мұражайлар Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-
ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж)
ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық мұражайлар кеңесі ІCOM
құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109
мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет мұражайлары мүше болды. ІCOM әр үш
жылда өзіне мүше бір елде бас қосу өткізеді. 2002 ж. мамыр айынан бастап
“Қазақстан мұражайлары” журналы шыға бастады. 1977 ж. Халықаралық
мұражайлар Кеңесінің 11 конференциясында 18 мамыр Халықаралық мұражай
күні болып белгіленді.[2-579 б]
Мұражайлық өлкетанудың дамуы «Қазақ АКСР-інің құрылуы туралы»
декретке қол қойылғаннан кейін 5 жыл уақыт өткен соң Орынбордағы
мұражайды кеңейтіп, Халық ағарту комиссариатының құзырына өткізу туралы
шешім қабылданады. Сөйтіп, 1831 жылы орыс ғалымы В.И.Дальдің
ұйымдастыруымен құрылған мұражайдан Қазақстанның мұражай тарихы
басталады.
1922 жылы 24 қаңтарда Халық ағарту комиссариаты Орталық өлкелік
мұражай туралы ережені бекітті. Бұл ереже бойынша Орталық өлкелік мұражай
қазақ халқының мәдениетіне байланысты барлық заттарды, мағлүматтарды
жинап, бүкіл халықтың қолданысына айналдырды және барлық губерниялық
мұражайлармен тығыз қарым-қатынаста болып отыруды міндеттеді. Осы
күннен бастап жалпы өлкетану жұмысымен, яғни табиғатты, шаруашылықты,
әдет-ғұрыпты, мәдениетті зерттеумен тарихи-өлкетану мұражайлары айналыса
бастайды. Орталық өлкетану мұражайының алғашқы есебіндебірінші жарты
жылдықта (1922 ж.) мұражай 93 күн жүмыс істеп, оған 10770 адам немесе күніне
орта есеппен 137 адам келгені айтылады.
Мұражай жанынан құрылған балалардың қолөнер үйірмесі ерекше назар
аударған. 1921 жылы 7 ақпанда Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты
тарихи, мәдени ескерткіштерді қорғау туралы қаулы қабылдады. Онда Халық
ағарту комиссариаты ғылыми бөлімінің шешімінсіз бірде-бір қорған немесе
ескерткіш орындарын қазуға тыйым салынды. Жергілікті жердің оқу
бөлімдеріне ескерткіштерді іздеп табу және есепке алу жүктелді. 1920-
жылдары өлкелік, аудандық өлкетану бюролары құрылды. Оның міндеті өнер
бұйымдарын, ескерткіштерді, көне заттарды қорғау болды. 1923-24 жылдары
Қазақстанның Орталық мұражайының жұмысы Қазақстанды зерттеу
қоғамымен тығыз байланысты жүргізілді. Мұражайдың мәдени-ағартушылық
қызметін, тәрбиелік рөлін көтеру мақсатында тақырыптық көрмелер
ұйымдастырылды.
1924 жылдан бастап Орынбор мұражайын Қазақ республикасының жеріне
көшіруге дайындық басталады. Экспонаттардың үштен бірі Орынборда қалып,
үштен екісі Орталық өлкелік мұражайдың қорына беріледі. Алматыға
мұражай 1929 жылдың мамыр айының соңында көшіріледі. 1927 жылы
мұражай директоры болып тағайындалған А.С.Махонин Орталық мұражайға
экспонаттарды көшіруге және ұйымдастыруға көп күш салады. 1930 жылы
сәуірде Бүкілқазақстандық ғылыми өлкетанушылық съезд жұмысына
қатысып, мұражай өз экспонаттарын көрмеге кояды. 1897 жылы негізі қаланған
Жетісу губерниялық мұражайы орталық мұражаймен біріктіріледі. Кейінгі
жылдары мұражай қоры Жетісу облысының, қазақ әскерлері мен
республикалық
дінге
қарсы
мұражайларының
коллекциясымен
толықтырылды. Мұражай 1931 жылы Алматы қаласындағы бұрынғы
Кафедралық собордың ғимаратына орналасты.
[3]
Қазіргі заманғы мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік
қоғамдық-экономикалық
жағдайға
сай
жүргізілуде.
Мұражайлардың
құрылымы, ұйымдастырылуы және қызметі негізінен сол қор жинағының
бағыты мен мазмұнына сай қалыптасады. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі
міндеті – коллекцияларды жүйелеу және зерттеу болып табылады. Оның
нәтижесі мұражай қорындағы шығармалардың толық каталогында, ғылыми
мақалаларда, мұражай жолсеріктерінде, буклеттерінде, арнайы ғылыми-
көпшілік кітаптарда көрініс табады. Мұражайлар қазіргі таңда ғылыми-зерттеу
бағыттарының
тақырыптары
аясында
симпозиумдар,
семинарлар,
конференциялар өткізуді жүйелі жолға қойған. Мұражайлар тәжірибесінде
мемлекеттер арасында мәдениет ісіндегі тәжірибе алмасу аясында мәдени
диалог ретінде мұражай қорындағы коллекциялар көрмесін ұйымдастыру ісі
қалыптасқан. Қазіргі таңдағы мұражайлардың ағартушылық ісі экскурсиялар,
экскурстар, лекциялар жүргізуден көрінеді. Мұражайлар ғимараты арнайы
жабдықталған
кешенді
орындармен,
ғылыми-көмекші
бөлімдермен,
экспозициялық залдармен, қор сақтау орындарымен, көрме залдарымен,
реставрациялық шеберханалармен, ғылыми кітапханамен жабдықталады.
[4]
Мұражай – жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани
мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл атқарады. Әсіресе,
ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор. Мұражай ісі -
ғылымның, білім беру ісінің маңызды бір саласы. Осы уақытқа дейін
Қазақстандағы мұражайлар көбінесе тарихи бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес
дәуірі кезеңінде жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи,
этнографиялық, өлкетану мұражайы болып бөлінді де, олар жалпы
мұражайлардың 63%-ын құрады. Қазір Қазақстанда тарихи, өлкетану
бағытындағы мұражайлар басым. Оларға мемлекет тарапынан көп көңіл
бөлінуде. Себебі, ондағы ғылыми жинақтау, ғылыми қор, экспозиция, көрме,
үгіт-насихат бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысында
маңызды рөл атқаруда.
Мұражайлар өзінің қызметі мен бағытына қарай бірнеше топтарға
бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық,
этнографиялық, нумизматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайлары (көркемөнер,
мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка, кино, т.б. мұражайлар),
жаратылыстанумұражайлары
(биологиялық,
зоологиялық,
геологиялық,
минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация,
автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), кешенді
мұражайлар (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп,
жұмыс істейтін кең профильді өлкетану мұражайлары), мемориалдық
мұражайлар (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі
адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражайлар).[5-7 б]
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алған кезден бастап, басқа да
ғылым салалары сияқты мұражайтану ғылымы да түбегейлі өзгерістерге енуде.
Тарихи дәуірлердегі және қазiргi кезеңдегі мұражайтану ғылымын зерттеу,
мұражай туралы танымдарды қалыптастыру бұл динамикалық көп мәндi
әлеуметтiк мәдениет институты ретінде қызмет етеді.
Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау саласы бойынша білім алушы
болашақ маманның тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау
жөніндегі халықаралық және отандық заңнамалар туралы нақты білімі мен
көзқарасы болуы тиіс. Сондай-ақ мұражайлық тіркеу құжатымен жұмыс жасау,
мұражайлық экспозиция және көрме жобалау ісімен, мұражай мекемелерін
басқару және маркетингімен, мұражайлық коллекцияларды сақтау және қорғау
ісімен, мұражайлық коммуникация және экскурсия қызметімен таныс болуы,
отандық және шетелдік музеология ғылымының алдында тұрған негізгі
мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Жасыратыны жоқ, туған тарихымызды көрсетуде айтарлықтай кемшіліктер
мұражай экспозицияларында баршылық. Өйткені қазіргі барлық тарихи және
тарихи-өлкетану мұражайларының бәрі дерлік кешегі Кеңес дәуірінде тарихқа
тар шеңберде, негізінен тек таптық тұрғыдан қарап келген кезеңде қалыптасты.
Экспозициялардың барлығы тек осы тұрғыдан, осы талап діңгегінен ғана
құрастырылды. Ұлы есімдер, тарихи тұлғалардың еңбектері ескерусіз қалып,
кемшіліктер мен қиыншылықтар бүркемеленді, кеңестік табыстар мен
болмашы
жетістіктер
асыра
мадақталды.
Осыдан
келіп
мұражай
экспозицияларын бүгінгі талап, бүгінгі жаңа концепция тұрғысынан қайта
жасақтау қажеттілігі туды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан, Қазақстанда аса күрделі, қарама-қайшылыққа
толы мәдени үрдістер жүруде. Бұл республиканың мәдени-ағарту
мекемелерінің жүйесіндегі мұражайлардың жұмысынан айқын көрініс тапты.
Қазақстан мұражайлары еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық тарихы мүдделерін
насихаттауда. Сонымен қатар, мұражай ісі үшін маңыздысы – Халықаралық
мұражайлар кеңесінің ұлттық комитеті мекемесінің жұмыс істей бастауы
болды.
1991-2012 жылдары Тәуелсiз Қазақстан мұражайларының қызметi атап
айтарлықтай дамыды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелi кезең
қиыншылықтары мұражайлардың материалдық техникалық және кадрлық
әлеуетiн әлсiреткенiмен олардың мәдени үрдiстегi орнын төмендеткен жоқ.
Қазіргі өскелең жастарды қоғам және мемлекет қайраткерлерінің тағылымы,
өмір жолдары негізінде тәрбиелеу – жастарға патриоттық тәрбие берудің бір
саласы болып табылады.
Қазақстанның мұражайларын дамыту мен қалыптастыру ісінде қазіргі
заман талабына сай сын көтермейтін де мәселелер баршылық. Мұражайлардың
зерттеу барысында олардың қызметінде келесідей кемшіліктерді байқалады:
– Мұражайлар iсiнiң нығаюында адам факторы мәселесін жолға қою
шешімін таппаған мәселе, атап айтқанда мұражайлардың кадрлық әлеуеті,
еңбек ақысы, білім жетілдіру саласын дамыту мәселесі, жаңа ақпараттық
технологиялармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де болса өз шешімін таппай
келеді.
- Қазақстандық мемориалдық мұражайларға туристерді тарту ісі мүлдем
жоқтың қасы деуге болады.
- мұражай қорларын өңдеу, мен электронды саяхатын жүзеге асыру
мақсатында инновацияллық қадамдар жасалмаған.
Қазақстандық мұражайлардың қызметін жетілдіру мақсатында мынадай
ұсыныстар жасағым келеді:
- мемориалдық мұражайлардың экспозициясын жетілдіру мақсатында
мемлекеттік қаржыландыруды күшейту керек;
- мұражай саласы қызметкерлерінің өз қызметіне қызығушылығын
арттыру мақсатында еңбекақысын көтеру керек;
- Мұражайлардың электронды аудиогидтерін, электронды саяхатты жүзеге
асыра алатын электронды жолсеріктерін шығару керек;
- Қазақстандық мемориалдық мұражайлардың қызметі мен бағытын
жетілдіру мақсатында мұражай қызметкерлерін әлемдегі тәжірибесі озық
мұражайларға тағылымнамаға жіберу керек;
– Қазақстандық мұражайлардың виртуалды мұражай ретінде электронды
саяхатын жасап, ғаламторлық сайтын жасау керек, электронды жолсеріктерін
жасау керек, себебі виртуальды мұражайларға саяхатқа шығу арқылы
визуальды турист болуға болады. Бұл ХХІ ғасыр мұражайлары жолға қойып
отырған инновациялық қадам.
Осындай іс-шараларды кешенді іске асырған жағдайда, қазақстандық
мұражайлар, әлемдегі мұражайлар кеңістігі қатарына енетіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Музеи занимают особое место в культурной жизни страны. Поздравление
Президента РК Н.А. Назарбаева работников музеев Казахстана с
Международным днем музеев//Казахстанская правда.-1998.-19 мая.-С. 1.
2.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.-6 том. Алматы: қазақ энциклопедиясының
Бас редакциясы,2004 жыл-696 б
3.Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (1831-1925 гг.): Автореф. канд.
дис. истор. наук.-А., 1995.-25 с.;
4.Санақұлова Б.Қ. Қазақстан Республикасындағы музей құрылысы мен қызметі
(1991-2004 жж.): Тар. ғыл-ң. канд. дис. автореф.-Орал, 2006.-30 б.;
5.Т.Е.Картаева Әлемдік музейлер кеңістігіндегі қазіргі мәселелер. Оқу құралы.
-Алматы «Қазақ университеті», 2013 ж.-150бет.
Әбікенов Жарқынбек-Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, аға оқытушы
Достарыңызбен бөлісу: |