Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет12/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43

Бала үшін тағы бір қауіп көзі болып үй жануарлары, көшедегі 
«бөтен» ғана емес, үйде тұратын «өз» жануарлар да табыла-
ды. Баланы ешқашан итпен, тіпті ол ешқашан балаға қатысты 
дұшпандық ниет көрсетпесе де, жалғыз қалмауы тиіс. Ит тамақ 
ішіп жатқанда, сүйек кеміріп жатқанда немесе ұйықтап жатқан-
да баланың оған жақындауына жол бермеңіз. Бөбекке бетін 
жануарға жақындатуға рұқсат бермеңіз, себебі, бетінен тістеу 
аса қауіпті. Балаға жануарды зәбірлеуге, оны құлағынан немесе 
құйрығынан тартуға тыйым салыңыз.
ТАҒЫ БІР РЕТ КӨҢІЛ АУДАРУДЫ СҰРАЙМЫЗ, 
барлық медициналық дәрілік құралдар және тұрмыстық химия 
құралдары, соның ішінде, кеңінен танымал кір жуу ұнтақтары, 
жуғыш заттар және косметикалық құралдар биік орналасқан 
жабық шкафтарда сақталуы тиіс. Ересектердің есіне саламыз, 
үстел үстінде байқаусыз қалдырылған арақ және темекі сияқты 
«қарапайым» заттар тіпті аз мөлшерде болса да, баланың ауыр 
улануының себебіне айналуы мүмкін.
Бала жүріп үйренгенде жиі құлайды. Құлау кезінде 
алуы мүмкін бас жарақаттарының салдары ауыр 
болуы ықтимал. Біз ата-аналарға балаларына үш 
білікше түрінде: біреуі басты айналдыра және екеуі 
айқыштап тігілген қорғаушы дулыға-тақия жасап 
беруді ұсынамыз. Оны ішіне полиэтилен салып, 
мата жолақтарынан жасау оңай. Баспалдақ, жертөле, 
қылтима, терезелер сияқты орындар қоршалып, 
кішкентай бала үшін қолжетімсіз болуы тиіс.
45
КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН
ҚАУІПСІЗДІГІ 
6


СОНДЫҚТАН, БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗ 
КЕҢІСТІКТІ АЛДЫН-АЛА ЖАСАУ ҚАМЫНА ӨЗІҢІЗ 
КІРІСІҢІЗ. 
Баламен қыдыратын жерде сынған әйнек, үшкір тастар,  шығып 
тұрған таяқтар немесе шегелер болмауы тиіс. Бақта улы 
өсімдіктер немесе жемістері улы өсімдіктер болмауына көңіл 
бөліңіз.
Жарақат салу қаупі жоғары зат болып әткеншектер табылады. 
Балаңыз есейіңкірегенше, әткеншекте ойнағанда жанынан 
бір елі кетпеңіз. Ал жасы үлкенірек балаларға тербеліп тұрған 
әткеншекке жақындауға болмайтынын түсіндіріңіз.
Балаңыз өз-өзіне сенімді болып өскенін, қоршаған әлемге 
сеніммен қарауын қаласаңыз, сізге әр минут сайын оған тыйым 
салмау, ауыр салдармен қорқытпау өте маңызды. 
Тіпті егер сіз кішкентай бөбекке қандай да бір заттан немесе 
қауіпті орыннан төнген қауіпті түсіндірсеңіз де, ол оны бірден 
түсінуі екіталай.
46
КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН
ҚАУІПСІЗДІГІ 
6


БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7
47


ЖЫЛАУ – ӨЗІНДІК БАЛА ТІЛІ, БАЛАМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КӨБІНЕСЕ ЕРЕСЕК АДАМ 
ОНЫҢ ЖЫЛАУЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕТІНІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ.
Б
ір жастан бастап, бала өз қажеттіліктерін тек жылаумен 
ғана емес, сөздермен де білдіреді, десе де, жылау - сезім 
білдірудің басты құралы, сонымен қатар, айналадағылар-
мен байланыстың маңызды түрі болып қала береді.
Баланың жылауы ата-анасына оның ашыққанын, шар-
шағанын, қандай да бір қолайсыздыққа тап болғанын 
немесе іші ауырып тұрғанын білуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан, осы көмек беру туралы өтініштерге құлақ 
асып, оларды дұрыс түсіне білу қажет.
Ашығу.
Бұл - нәрестелердің
жылауының ең көп 
таралған себебі, бұл 
жағдайда оларды жұбату 
мүлде қиын емес. Арнайы 
зерттеулер көрсеткендей, 
бала ашықса, оның ай-
ғайын тек тамақ, яғни, сүт 
баса алады. Балаға қант/
бал қосылған су, жеміс 
шырынын немесе емізік 
беруге болады, ол бірнеше 
секундқа жылағанын 
қояды, бірақ кейін қайта 
айғайға басады. 
Ауыру. 
Ауыру сезімі баланы 
туа сала айғайлатады, 
алайда, кейде бала бір 
жері ауырғаннан немесе 
басқа себеппен жылап 
жатқанын түсіну қиын. 
Мысалы, баланы қолға 
алғанда, ол дереу
жылауын қойып, артық 
ауаны кекіріп немесе 
«желмен» шығарып 
тастауы мүмкін. Баланың 
жанына батқан ішегіне 
толған ауа деп санауға 
бола ма? Ауа баланы 
қолға көтергенде ғана 
шықты ғой.
48
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7


Киім ауыстыру.
Көп ата-аналар баланың киімін ауыстырғанда епсіз 
қимыл жасағандықтан бала жылай бастайды деп ой-
лайды. Әрине, ептілік киіндіру үдерісін жылдамдатуға 
көмектеседі, бірақ, балалардың көпшілігі өздерін қорғап 
тұратын киімнен айырылғандықтан жылайды. Балаға ауа 
терісімен жанасқан ұнамайды. Бала киіндіріліп болған 
соң, айғайлауын тоқтатады. Көбінесе сәбилер алғаш рет 
далада бесікарбаға жатқанда, тоңғаннан шыңғырып 
жылай бастайды. Бұл жағдайда суық қауіпті емес. Бала 
жылы жерге барғанда айғайлауын тоқтатады. 
Физикалық жанасудың жоқтығы.
Кейбір балалар ересектер оларды қолына алмайын-
ша айғайлап жылай береді. Сәбидің мұндай мінезін 
басқалар көбінесе дұрыс түсіне бермейді. Ата-ана 
баланың өзін қолға алуын талап етпеуі тиіс, ал егер 
олар «берілсе» - бұл бала мінез-құлқындағы көптеген 
қиындықтардың (қыңырлық, есіріктік) бастамасы болады 
деп санайды. 
Жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түсуі. Кейде бала іші-
не толған жүйке күйзелісі, жаңбыр нөсерлеп жауатын-
дай, толығымен сыртқа шығуы қажет болғанда жылайды. 
Тым қарқынды тітіркендіргіштер: күтпеген немесе тым 
қатты дыбыстар, оқыстан жанған, көз шағылыстыратын 
жарық, ащы немесе қышқыл дәм, суық қолмен ұстау, 
жоғары қарай лақтыру және қатты қысу – осының бар-
лығы сәбиге қатты әсер етіп, жылауына себепші болуы 
мүмкін. Жылау барысында бойы жеңілдеу көңіл-күйдің 
біршама көтерілуіне септеседі.
Ересек адамға баланың эмоционалдық және физикалық 
жағдайына көңіл бөлгені жөн: бала ұйқысы келмегенде 
сізбен қуана-қуана ойнайды, өміріне дән риза, қарны 
тоқ, бірақ, егер бала ұйқысы келіп тұрса, ашуланып не-
месе ашығып тұрса, ойын оны қатты жылатуы да мүмкін. 
Шаршаған немесе бір жері ауырып тұрған баланы ер-
келету керек, құшақтау керек, тербету 
керек – баламен ойнаудың қажеті 
жоқ! Аш баланы тамақтандыру керек.
49
БАЛА НЕГЕ
ЖЫЛАЙДЫ
7


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау