А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



жүктеу 1,28 Mb.
бет8/18
Дата31.01.2018
өлшемі1,28 Mb.
#8200
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Дәріс мазмұны


  1. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік – педагогикалық жұмыс жүйесі.

  2. Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттері және негізгі құжаттамалар.

Мектептегі әлеуметтік – педагоглық жұмысының негізгі бағыты – оқушылардың арасынан бейімсіздендірілгендер категориясына жататын, әлеуметтік ауытқушылықтары бас жеке адамдарды немесе топтарды анықтау және олармен әрекеттестікті ұйымдастыру болып табылады. Осы әрекеттердің жетекшілігін оқу тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары атқарады. Мектептегі әлеуметтік – педагогикалық жұмысты мекеменің барлық қызметкерлерінің әрекеттесуі арқасында келесі мамандар жүргізеді:

  • оқу – тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары;

  • педагог – психолог;

  • әлеуметтік педагог.

Әлеуметтік педагог – бұл диагностика нәтижесінде алынған негізгі мәліметтерді педагогикалық сауатты түрде мектептің педагогикалық әрекеттерінің әртүрлі мамандары орындай алатындай етіп әдістемелерді, әдістемелік кепілдемелерді өңдеуші маман.

Мектеп әлеуметтік педагогының функциялары:



  • диагностикалық;

  • ұйымдастырушылық;

  • профилактикалық;

  • құқық қорғаушылық;

  • ақтаушылық.

Әлеуметтік педагог көбіне: оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы, бос уақыт ұйымдастырушысы, педагог – психолог, әлеуметтанушы, әлеуметтік қызметкер, әдіскер мамандарының қызметін атқарады. Сондықтан да оған қосымша әлеуметтік әлеуметтік әзірлік қажет. Әлеуметік педагогтың түрлі бағыттағы әзірлігі жоғары оқу орнында да, қосымша кәсіптік білім алуда да жүзеге асады.

Біліктілік мінездемесіне сәйкес мектеп әлеуметтік педагогының қызметтік міндеттеріне:



  • білім беру мекемелерінде адамгершілік қарым – қатынастардың қалыптасуына көмектесу;

  • әлеуметте, ересектер мен балалардың ынтымақтастығының көп түрлілігіне әлеуметтік – педагогикалық қызметті ұйымдастыру;

  • балалар мен олардың отбасындағы конфликтілерді әлеуметтік қиын ситуацияларды анықтау және шешу, оларға кәсіптік көмек көрсету;

  • әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен өзара қатынас кезінде балалардың, олардың отбасының көзқарастарын қорғау;

  • тек өзінің құзіреттілігі аясында ғана жұмыстар өткізу;

  • өз функцияларын сапалы орындау.

Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары:

  • оқушылар тұлғасының ерекшелігін, олардың өмірінің шарттарын, шағын ортасының ерекшелігін медико – ппсихологиялық және әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан анықтау;

  • тәуекел топтағы балаларды айқындау;

  • мектептік және әлеуметтік бейімсізденуді, девиантты және деликвентті мінез – құлықтың алдын алу жұмыстарын өткізу;

  • оқушылардың құқықтық ағартуын жүзеге асыру;

  • оқушылардың ауытқыған мінез – құлқын түзету және ақтау бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру;

  • оқушылар отбасымен бала тұлғғасының дамуы мен тәрбиесіндегі мәселелерді бірлесе отырып шешу мақсатымен бірге әрекеттесу;

  • педагогтармен, мұғалімдермен, сынып жетекшілермен жұмыстану арқылы оқушылардың құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру үшін шарттар жасау;

  • кәмелетке толмағандардың қатысуымен дау – жанжалдық жағдайлардың алдын – алу және оларды шешу;

  • құқық қорғау органдарымен, халықтық әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мекемелерінің қызметкерлерімен, медициналық мекемелерімен, қоғамдық, қайырымдылық ұйымдарымен әрекеттестік;

  • педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер жұмыстарына қатысу.

Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысындағы міндетті құжаттар:

  • мектеп ұжымының, шағын аудан балаларының әлеуметтік – педагогикалық мінездемесі;

  • баланың медико – психолого – педагогикалық мінездемесі (таратылмай, ішкі қолдануға арналған құжат);

  • күнделікті жұмыс жоспары;

  • басшылықпен бекітілген алдын – ала жылдық жұмыс жоспары.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік – педагогикалық жұмыс жүйесі қандай?

    2. Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттері және негізгі құжаттамалары қандай?

7 дәріс

Тақырып: Кәмелеттік жасқа толмаған девиантты мінез құлықтағы жасөспірімдермен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс технологиясы.

Мақсаты: Кәмелетке толмаған девиантты жасөспірімдермен жұмыс технологиясын талдау, профилактикалық іс-шараларды айқындау, олармен жұмыс жасау бағдарламаларын құру.

Дәріс мазмұны


  1. Кәмелетке толмаған девиантты мінезділермен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс технологиясы.

  2. Профилактикалық іс-шаралар.

  3. Кәмелеттік жасқа толмаған заң бұзушылармен жеке жұмыс жасаудың профилактикалық бағдарламалары.

Ғылым мен практикада девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс жасауда екі негізгі жұмыс технологиясы қолданылады: профилактикалық және реабилитациялық.

Әлеуметтік педагогикада ғылыми дәлелденген тұрғыда төмендегі шараларды іске асыру бағытталған:



  • қауіпті топқа кіретін баланың немесе жасөспірімді денелік, психикалық, мәдени- әлеуметтік қауіпке шалдығуының алдын алу.

  • баланың денсаулығы мен тұрақты өмір сүру дәрежесін қорғау және оны сақтау.

  • баланың әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуіне және ішкі потенциалын ашуға қатысу.

Профилактикалық іс-шаралардың бірнеше типтерін бөлуге болады:

  • бейтараптандыру;

  • толықтыру;

  • әлеуметтік ауытқулардан қорғау, жағдайдың алдын алу;

  • туындаған жағдайларды жою;

  • іске асырылған профилактикалық іс-шараларды және олардың қорытындыларын бақылауға алу.

Профилактикалық технологияда бірінші орынға ақпараттық жағдай қойылады. Бұл жұмыстың негізгі бағыты кәмелетке толмағандарды олардың құқықтары мен міндеттері туралы қоғам және мемлекеттің алдында осы жас тобына сәйкес әлеуметтік нормаларды сақтау туралы ақпараттандыру.

Әлеуметтік профилактикалық шараның басты міндеті: жағымысыз қылықтардың алдын алу, оны туғызатын себептерді болдырмау болып табылады. Бұл іс-шараның негізгі мәні әлеуметтік- экономикалық, қоғамдық- саяси, мекемелік, құқықтық- тәрбиелік шаралар жүйесінің мемлекетте, қоғамда, нақты келген әлеуметтік- педагогикалық мекемелерде әлеуметтік педагогтың араласуымен іске асырылатын болады.

Медициналық-биологиялық іс-шаралар арқылы әлеуметтік нормалардан ауытқыған, әртүрлі психикалық-аномалияларға шалдыққан немесе биологиялық деңгейдегі патологияға ұшыраған адамдардымақсатты түрде профилактикалық- емдеу сипатында жүзеге асырылатын болады.

Әлеуметтік- педагогикалық іс шарада девианттық мінез-құлықтағы жасөспірімдердің тұлғалық сапасын коррекциялау міндеттері іске асырылады.

Санкцияны қолдану іс шаралары заң талаптарын бұзған адамдарды заң негізінде айыптап жазалау үшін іске асырылады. Жазалау көмекші құрал ретінде әлеуметтік ауытқушылықтың себебін анықтап, одан құтқару болып табылады.

Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жүргізетін келесі жұмыс технологиясы- реабилитация болып табылады.

Реабилитация дегеніміз жасөспірімнің әлеуметтік ортада өмір сүруге деген қабілетін қайтадан қалпына келтіру үшін жасалатын, медицианлық, әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, құқықтық іс шаралар жүйесі болып табылады.

Әлеуметтік педагогикалық қызметтегі реабилитациялық процесте маман төмендегі функцияларды атқарады:



  • қалпына келтіру- жасөспірімнің дезадаптацияға дейінгі болған жағымды қылықтарын қалпына келтіру;

  • толықтырушы- жасөспірімнің мінез-құлқын қалпына келтіру үшін оны қоғамдық пайдалы еңбекке орналастыру, жасөспірімнің ұмтылысын қалыптастыру;

  • стимуляциялық- жасөспірімдің жағымды мотивациясын түрлі тәрбиелік тәсілдер-сенім, наным, үлгі ету және т.б. арқылы іске асыру

Әлеуметтік құлдыраған тұлғалар әлеуметтену процесінде жағымсыз жағдайларға бейімелуге тез ұмтылады. Тұлғаларға әсер ететін жағымсыз жағдайлар тікелей және жанама болып бөлініп келеді.

Тікелей әлеуметтік құлдырау әсері жасөспірімге жақын қоршаған орта арқылы тарайды (қылмыстық формальды емес жасөспірім топтары, қылмыскер топтары, т.б.)

Жанама әлеуметтік құлдырау әсерлері әртүрлі факторлар сипатынан туындайды:


  • әлеуметтік психологиялық (ұйымдаспаған тәрбие беру ортасына тиісті механизмдерінің жетіспеуі, әлеуметтендіру жолдарының қажетті деңгейде болмауы);

  • психологиялық-педагогикалық;

  • психологиялық әсер.

Әлеуметтік құлдыраудан тек қана қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен сақтану мен қатар мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде тәрбие берудің рөлін өсіру керек.

әкімшілік-құқықтық және қоғамдық профилактикалық іс шаралар тікелей әлеуметтік құлдырау кезінде қолдану тиімді болады (заңсыз және криминалды жағдайларға тән).

Жанама әлеуметтік құлдырау іс-шараларына негізінен психологиялық –педагогикалық процестер арқылы іске асыру тиімді.

Қоршаған ортада мектепте ,жанұяда мектептен тыс орталықтарда арқылы іске асырылады.

Заң бұзушылықтың жеке профилактикасы тек қана түзету корректорлы әсер ету элементінен ғана қалыптаспайды.

Бұл профилактикаға заң бұзушылар тәрбиешілер, қоғамдық ұйымдар арқылы жеке тұлға өзіне әлеуметтік-позитивтік әсер мен жағымды көзқарас пен сенім қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Сонымен қатар жеке профилактика жеке тұлғаға қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғануға көмектеседі.

Бұл процесті тиімді басқару үшін төмендегі профилактикалық әдістер арқылы әсер ету керек:



  • әдепті ақыл-ой қалыптастыру.

  • Позитивтік мінез-құлықтарды қалыптасуына алғы шарттар жасау.

  • Қоғамдық өмір салтқа қарсы әсерлерге қарсы тұруға сенім жігерін тәрбиелеу.

  • Микроортаның әлеуметтік ахуалын көтеру.

  • Жеке профилактиканың мақсаты және мораль нормаларын сақтауды түсіндіру және сендіру.

Жекелей профилактиканың негізгі міндеттері:

1.Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды анықтау

2.Тұлғаның психологиялық және жасына байланысты айырмашылығын анықтау.

3.Құқық бұзушыға арналған жеке профилактикалық бағдарлама жасау.

4.Әлеуметтік профилактикалық іс-шараның барлық субъектілерінің бір-біріне байланысты тәрбиелік түрлерін ұйымдастыру.

Жеке тұлғамен профилактикалық жұмыс жасау әдістері қоршаған сфераның құқық бұзушыға тигізетін әсерінен байланысты таңдап алынады. Стимуляция және тежеу әдістері қолданылуы мүмкін.

Стимуляция әдістеріне: қолдау, мақтау, сену, бағалау, сыйлық беру, құрмет жасау, марапаттау жатады.

Тежеу әдістеріне:ескерту, айыптау, құқық бұзушыға қатаң шаралар қолдану жатады.

Профилактиканың құралы түсіндіру, әңгімелесу, эмоциялық сфераға әсер ету жеке тұлғаның айырмашылығына байланысты жүргізіледі. Бұл әртүрлі шаралардың кешенінен тұру керек.

Жұмыс формалары әртүрлі болу керек: әдеби кітаптарды оқуға үйрету, өнер туындыларымен таныстыру, позитивті формальды емес топтарға кіргізу, жағымсыз дағдыларынан ада ету.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған тәрбиелік профилактикалық әсердің дәрежелері:

1. Тәрбиелік профилактикалық әдістердің барлық тәрбие және оқу системасын қолдану: тәрбие-әдістемелік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар, жұмыс орналастыру, тұрмыс күйін жақсарту, өндірістік квалификациясын көтеру әртүрлі үйірмелерге қатыстыру ерікті түрде жаз уақытында еңбек спорт лагеріне жіберу.

2. Қиын жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін мектептермен кәсіптік училещелерде жұмыс істеу. Бұл жерлерде жеке және топпен жұмыс істеу түрлері қолданылады. Құқықтың, психологиялық, педагогикалық орталық, сенім телефондары.

3. Жасөспірім бұрынғы қоршаған ортасынан жаңа коллективке қосылғанда әсерін тигізетін тәрбиелік-профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Жеке профилактикалық әсер құқық бұзушыға қоғамдық белсенділігін арттыру, оның инициативасын көтеру үшін бағытталу керек. Тәрбиелік профилактикалық іс шара кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Тек қана тәрбиенің әртүрлілігі тұлғаның дұрыс жолға түсуін өзіне мол әсерін тигізеді.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:


  1. Кәмелетке толмаған девиантты мінезділермен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс технологиясы қалай жүзеге асады?

  2. Профилактикалық іс-шаралары қандай?

  3. Кәмелеттік жасқа толмаған заң бұзушылармен жеке жұмыс жасаудың профилактикалық бағдарламалары қандай?

8 дәріс

Тақырып: Наркомания кәмелеттік жасқа толмағандарда девиантты мінез-құлықтың көріну формасы ретінде.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың наркоманияға ұшырау себептерін айқындау, даму стадияларын талдап, алдын-алу шараларын жүргізуге дағдыландыру.


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау