Дәріс мазмұны
Әлеуметтік педагогиканың мақсат міндеттері
Әлеуметтік педагогиканың объектісі, пәні.
Әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде сипаттау үшін оның объектісін және пәндерін анықтап алу қажет. Қазіргі күнде әлеуметтік педагогиканың объектісі мен пәнін анықтайтын төрт негізгі тұрғы бар.
Бірінші тұрғы - педагогикалық. Бұл тұрғының негізгі көзі, әлеуметтік педагогика- бұл педагогиканың бөлігі. Сондықтан да әлеуметтік педагогиканың объектісі және пәні объектісімен бірге және әлеуметтік пәнді анықтайды. Әлеуметтік педагогиканың объектісі- бала, пәні- баланың әлеуметтену заңдылығы.Педагоикалық тұрғыда әлеуметтік педагогика баланың қоғамға енуін , оның әлеуметтік дамуын зерттесе, ал педагогикалық тұрғыда қоғамның өзі қаралмайды, егер де қоғамда тәрбиелік потенциал болған жағдайда, балаға қоғам соншалықты нәтижелі әсер еткен жағдайда қаралады.
Екінші тұрғы - әлеуметтік. Әлеуметтік педагогика- бұл социологияның бөлігі. Сондықтан да объект анықталады. әлеуметтік педагогиканың объектісі- социум. әлеуметтік педагогиканың пәні- қоғамды әлеуметтендіруші күш. әлеуметтік тұрғыда әлеуметтік педагогика педагогикалық ортаға енеді. әлеуметтенуде және баланың әлеуметтенуіне көп көңіл бөлінбейді.
Үшінші тұрғы - әлеуметтік педагогикалық: әлеуметтік педагогика механикалыққа ауысады, басқа білім ғылымдары араласады, ең алдымен педагогика және социология. Бұл білімдер әлеуметтік педагогиканың терминдерімен, түсініктерімен өңделмейді, олар жеңіл түрде бір-бірімен байланысады. Сол уақытта осы тұрғыда «бала-орта» деген толық картина құрылады.
Төртінші тұрғы - қайта дүниеге келуші, жаңа-әлеуметтік педагогика, барлық негізгі тұрғыларды біріктіреді. (педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық тұрғылар).
әлеуметтік педагогикаға мыналар енеді: баланың педагогикалық-әлеуметтік дамуы, педагогикалық орта және әлеуметтік жұмыс педагогикасы. Бұл тұрғыдағы әлеуметтік педагогиканың объектісі- баланың және қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасы, пәні- баланың және қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасқа заңдылығы.
Әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан шыға отырып, әлеуметтік педагогика ғылым ретінде негізгі функцияларға қатысты:
теориялық-таным функциясы: баланың әлеуметтік дамуы, жүйеленуі және білімді синтездеуі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы және өзара қарым-қатынас әсері.
қолданбалы: әлеуметтік қажеттілікті, баланың әлеуметтік педагогикалық шығармашылық технологиясын, әдістерін өңдеу;
гумандық функция: әлеуметтік педагогиканың құндылығы және бағыттылықты анықтау.
Баланың және қоршаған ортаның объект және пәні ретінде өзара күрделілігі әлеуметтік педагогикада әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен, соның ішінде бірінші орында қоғамдық ғылым және адам туралы ғылымының өзара күрделігін, тереңдігін анықтайды.Мысалы, әлеуметтік педагогика философиямен тығыз байланысты. әлеуметтік педагогиканың негізінде гуманисттік философия идеясы адамның үлкен құндылықтары туралы түсінік жатыр. әлеуметтік педагогикада философияның жан-жақты категорияларын түсіну қажет, адам туралы әлеумет, бостандық гуманизм, әлеуметтік әділеттілік. әлеуметтік педагогика тарихпен байланысты, ең алдымен қоғамның әлеуметтік құрылымдарының тарихы, білім мекемелерінің жүйелілік дамуы және әлеуметтік қызметтермен байланысты. Тарихи дамуды объект ретінде қарай отырып, әлеуметтік педагогиканың құбылысын және тенденциясын, заңдылықтарын ашады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде дамуы қалай жүзеге асты?
2.Әлеуметтік педагогиканың мақсат міндеттері қандай?
3.Әлеуметтік педагогиканың объектісі мен пәні қандай?
№2 дәріс
Тақырып: Әлеуметтік-педогогикалық іс-әрекеттің негіздері
Мақсаты: Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекет жөнінде түсінік қалыптастыру, принциптері мен кезеңдерін көрсету.
Дәріс мазмұны 1.Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекет жөнінде түсінік 2.Дүниетанымдық, идеялар, принципттер, кезеңдер.
Әлеуметтік-педогогикалық іс-әрекет баланың әлеуметтеу мәселелеріне бағытталған. әлеуметтік – педогикалық іс-әрекетке гуманизм мен қамқорлық жатады. Гуманизм-адамның жеке тұлға ретінде, оның құүқықтары мен бостандықтарын, өзін-өзі бағалауын мойындайды. Қамқорлық-көмек көрсетуге даярлық. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық принципттеріне баланың жеке тұлғасын сыйлау, бала қандай оны солай қабылдау, конденциалдылық (құпияны сақтау) жатады.
Кез-келген әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет келесідей кезеңдерден тұрады:
Дайындық кезеңі.
Баланың жеке тұлғалық ауытқушылықтарына, әлеуметтік дамуы мен өзіндік жетілу мәселелері, қаблеттері, баланың жағдайларын көрсететіндері; баланың өзіндік жауапкершілік, өзіндік дамуына қатысты ерекшеліктерін дайындау; қоршаған орта жағдайын яғни бала өмір сүріп отырған.
Мәселелердің адрестік бағалау, бала нені керек етеді, онымен қандай жұмыстар жүргізу керек;
Баланың одан әрі дамуына болжам жасау.
Мақсаттар мен тапсырмаларды аудару.
Модельдік және эмперикалық құру.
Технологиялар мен қабілеттерді таңдау.
Таңдалған техниканы уақыты, ортын және сабақ түріне байланысты графикалық өңдеу сияқты жоспарлау; Жоспарплау әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің кешенді және интексивті (қарқынды) болуын қамтамасыз ету.
Технологияны жүзеге асыру.
Технологяны мақұлдау. Тікелей жұмыстың басынданақты баламен оның жеке тұлғалық өзіндік бейнелерін есепке ала отырып әлеуметтік-педагогикалық технология элементтерін қолдау керек.
Баланың өзіндік тәрбиелеу, өзіндік даму үрдісіне қосылуы;
Таңдалған технологядағы жеке тұлғалық түзетулер. Шешілетін тапсырмалар өте күрделі болып келеді. Сондықтан жұмыс икемділікті талап етеді. Өзіндік есептемелерді көру іскерлігі және жаңа әдістер мен әдістемелік қабылдау керек, мақсатқа бағытталуын тексеру керек, содан соң енгізу керек. Сондықтан элементтер қабылданып, таңдалған технология негізіне жеке тұлғалық түзетулер орнықтырылады, барлығы нақты жағдайға байланысты анықталады.
Нақты уақыт кезеңінің немесе әлеуметтік педагогикеалық өлшемдердің нақты кешенде қолдану мониторингі қозғалысты бағалауда қарастырылады. Мониторинг шараларды немесе олардың кешенділігін, нәтижесін бағалауда және жүзеге асыру процесінде мүмкіндік береді.
Алдын ала бағалау қойылған тапсырманы қаншалықты деңгейде орындады және баланың жаңа жағдайға, бейімделу процесінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жасалынған жұмыстың нәтижесі мен шешімі - технологияны қолданудың барысында өзіне жағымды немесе жапғымсыз аспектілердің ықпал етуі, оны жүзеге асырудың нұсқалары, баланың өзіндік әрекеті субьектінің өздігінен жетілуімен сипатталады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекет қандай кезеңдерден тұрады?
Дайындық кезеңінде қандай жұмыстар жүргізіледі?
Технологияны жүзеге асыру кезеңінде қандай жұмыстар жүргізіледі?
№3 дәріс
Тақырып: Әлеуметтік педагогиканың даму тарихы
Мақсаты: Әлеуметтік педагогиканың даму тарихына шолу жасау, Батыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік тәрбиенің қалыптасуын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |