Дипломдық жұмыстың сипаттамасы



жүктеу 0,87 Mb.
бет1/4
Дата07.12.2017
өлшемі0,87 Mb.
#3534
түріДиплом
  1   2   3   4

Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Шымкент институты


Сыртқы бөлім факультеті
Педагогика кафедрасы

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Талдап оқыту әдістемесі

Орындаған: 4517У тобы. Ақынбекова Д.
Ғылыми жетекшісі: Оңғарбаев А.

Шымкент 2009 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

Дипломдық жұмыстың сипаттамасы.....................................................................3


I тарау. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық негіздері...................................................................................................................7

1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық теориясы, мәні...........................................................................................................................7

1.2. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшеліктері.........................................19
II тарау. Талдап оқыту әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесі.............................................................................................................30

2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі...........................30

2.2. Талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде пайдаланулар............................48

2.3. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмалар.............................................................................64



ІІІ. Қорытынды...................................................................................................72

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................74

Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
Жұмыстың көкейкестілігі. Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр. «Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»- дейді амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон айтқандай талдап оқыту терең, тиянақты білім алуға негіз қалайды.

Оқыту үрдісін сапаландыру үшін қажетті ақпараттарды таңдап алу маңызды, сол ақпараттарды қабылдаудың үш деңгейі бар:

1. Күнделікті тәжірибелік;

2. Нақты ғылыми;

3. философиялық, дүние танымдық.

Оқыту мен тәрбиелеудегі күрделі міндеттерді табысты шешудің жолы мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық еңбегіне байланысты. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе, ол- адамды қалыптастырушы адам, оқутыда талдап түсінікті дәрежеге өзіні- жеткіншектің еңбек ету арқылы жетуін ойластыруда. Талдап оқу әдістемесінің мәні- оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, ұғып қана қоймай, түсініп, талдау арқылы білу және оқу материалдарын тұтас байланыстыруында. Сонда ғана оқу тиімді болада, оларды жүйелей білу. Адамның ең бір жетілген құралы- сөз, сөз адам ақыл- ойының ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олай болса, оқу-тәрбие жұмыстарында талдап оқыту, ойлау, үй тапсырмасын орындау, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын баяндауда оқу материалдарын жүйелеп, байланыстыру, оқу мен тәжрибе сабақтас ұғым екендігін сезуі, болу есте сақтап мәнін түсінуде атқарар рөлі зор.

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып көрсе, дүниедегі жақсы- жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам біліміді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»- деген Абайдың он тоғызыншы ұлағатты қара сөзінің мәні үлкен, ол талдау, түсіну, тәжірибе алу, үлгі тұту арқылы әр адам жетіледі деген ойды білдіреді.

Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу, ол үшін талдап оқыту әдістемесін зертделеу, меңгеру қажет, шәкірттың өзіне психологиялық бақылау жасау арқылы білімнің негізін анықтай түсуге, үйретуге ұмтылыс жасалады. Талдап оқыту әдістемесін зерделеудің қажеттілігі мұғалімнің өз сабағын тиянақты білуі керек, ол үшін талдап, терең түсінуі, үздіксіз бақылау жасап, оң жақсы қасиеттерін көріп дамыту қажет.

Талдап оқыту әдістемесінің мәні- баланың ықыласын ояту, қолынан іс келетіндігіне сендіру, сөзі мен ісінің жасанды емес шынайы болу басты шарттардың бірі, әсіресе шәкірттің кемшілігін емес, жеңісін ізде, әр бала табиғаттың құбылысы, сол үшін сыйлауға болады. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана, талдап оқытуға шәкірттердің ынта- ықыласын тыңдау арқылы жетуге болады.

Сапалы оқыту, саналы тәрбиелеу деген ұлағатты ой бар, сондағы сана деген де бір шырақ. Зиялы тәлімгер, оның отын тұтатса, ізгілік ізгілікке, әдептілік әдемілікке ұласады. Адамдық қасиеттердің жайнаған гүлдей ашылуына да себеп керек. Үлкендер- ойлылар мида жеті шырақ болады деуші еді. Кем дегенде үшеуі жанса- ақылдылық, бесеуі маздаса- ұлылық. Жетеуі бірдей сәуле шашса- пайғамбарлық екен. Бұл теңеудің байыбында, ағартушылық маңызының зор екендігі аңғарылады. Басты түсінік сапалы білім беру, саналы тәрбиелеудің бір амалыы талдап оқыту.

Оқыту- ұзақ үрдіс, ол жеке сабақтардан құралады, ол оқыту үрдісінің негізгі буыны.

Сондықтан әрбір сабақты жақсы өткізу маңызды, оған жан-жақты дайындалу қажет. «Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» деді Елбасы 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Осыған орай білім алу, еңбекке және қоршаған ортаға белгілі қарым-қатынасын сапаландыру мақсатымен дипломдық жұмыс тақырыбын «Талдап оқыту әдістемесі» деп атағанды жөн көрдік.

Жұмыстың мақсаты: Абай қырық төртінші сөзінде: «Адам баласының ең жаманы- талапсыз» дейді. Ал он жетінші сөзінде: «Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде- қайрат, ақыл, жүрек»- үшеуін айтып ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Саналы тәрбие және сапалы білім беру амалдарының бірі- талдап оқыту, талдап оқыту әдістемесінің зерделеу, жүзеге асыру- пайдалану.

Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану амалдарын қарастыру.

Зерттеу пәні: оқыту, тәрбиелеу үрдісінде байқаулар жасау, қорытынды шығару.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

- оқу- тәрбие үрдісінде талдап оқыту әдістемесін зерделеп, ғылыми- педагогикалық негіздері мен мүшелерін анықтап, педагогикалық іс-әрекеттерде байқаулардан өткізіп, мазмұнын жобалау;

- талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибелерде байқаулар арқылы модельдеу;

- талдап оқыту әдістемесінің үлгілерінің байқаулар нәтижелеріне сай ұсыныстар әзірдеп қолданулар жасау.



Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш мектепте талдап оқыту әдістемесін зерделеп, оның мәні мен мазмұнын айқындау.

2. Бастауыш мектепте талдап оқыту әдістемесі жұмысының күйіне талдау жасау.

3. талдап оқыту әдістемесін кіші жастағы оқушылармен оқу- тәрбие жұмыстарында пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және әдістемесін пайдалану.



Зерттеу көздері: Философтардың, психологтар, педагогтар мен әдіскерлердің, бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту әдістемелеріне қатысты еңбектері, білім беру саясаты саласындағы нормативтік құжаттар:

- Қазақстан Республикасының Конститутциясы;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы;

- «Қазақстан- 2030» даму стратегиясы;

- Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдаулары;

- Жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б. құжаттар;

- бастауыш мектептегі білім беруге қатысты ғылыми- әдістемесіне журналдар;

- Бастауыш мектептердің озық іс-тәжірибелік педагогикалық жұмыстар;



Жұмыстың ғылыми жаңалығы және мәнділігі:

- талдап оқыту әдістемесінің педагогикалық негізі, мәні және мазмұны айқындады;

- бастауыш сыныптарда талдап оқыту әдістемесі жұмысының жағдайына талдау жасалынып, оның негізгі бағыттары және жетілдірудің мүмкіндіктері ашып көрсетіледі;

- талдап оқыту әдістемесі жұмысын жүргізудің педагогикалық шарттары анықталды;

- талдап оқыту әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, байқаулардан өткізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерді және қосымшадан тұрады.


І ТАРАУ. ТАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық, педагогикалық теориясы, мәні.

Білім беру жүйесі тәуелсіздік жылдары ішінде басқа салалар сияқты түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қоғаммен бірге біріңғай тетік сияқты білім беру жүйесі қалыптасып, дамуда. Солардың ішінде білім беру, оқыту сапасы, саналы түрде, жоспарлы жалғасуда.

Мектеп жұмысының басты мақсаты бастауыш сыныптан саналы тәрбиелеу, сапалы білім беру, ұстаздың өз шәкіртіне бергенне гөрі, берері көп болуы- ең бірінші қажеттілік. Сабақ мазмұндылығы, оның оқушының ынта-ықыласынан туындайды, белсенділігін арттыру мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, қабілеттілігіне, үздіксіз білім толықтыру, жауапкершілігіне ұатысты.

Мектеп жұмысының ең басты өлшеуіші- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына мүлтіксіз жүзеге асыру. Жасөспірімдер бойында патриотизм, өз еліне, өз жеріне деген сүйіспеншілікке баулудың маңыздылығы зор.

Жас буынға білім беру- тәрбие мәселесін жетілдіру арқылы нәтижелі болатындығы мәлім. Тәрбие- білім беру жүйесінің басты мақсаты да, құралы да.

Ұлттық білім беру жүйесң тәлім- тәрбие –білім атты схема негізінде қызмет етуі тиіс. Ең басты шарт- білім сапасы болуы міндетті. Білім беру ісіндегі озат тәжірибе барлық жұрттарға ортақ. Озық ойлы ұрпаққа білікті маманға бүкіл әлем мүдделі.

Жалпы, мектептің алтын діңгегі- ұстаз, ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламада барлық балалардың сапалы білім алуы анық көрсетілген. Тал шыбықтай бала жанын түсіну, елі мен жеріне пайдасы тиетін азаматтық негізін қалап, қалыптастыру мақсат. Терең, тиянақты білім беру ғылыми негізделген оқыту әдістемесін зерделеп, озат педагогикалық технологияларды жан-жақты игеріп, оқыту әдістемесін меңгеру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда бастауыш мектеп табалдырығын үмітпен аттаған бүлдіршін- ертеңгі қоғам мүшесі. Сондықтан болашақтың иесі- білім алуға, тәрбиелі болып өсуге келген балаларға алғашқы күннен бастап-ақ Сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өміртанудың нәрімен жетілдіру, дамыту, қалыптастыру үшін ең бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан жан- жақты зерделеп, олардың ерекшеліктерін есепке алып, оқыту және тәрбиелеуді мәнді, нәтижелі жүргізу үшін педагогикалық тұрғыдан әрбір сабақты оқытуға оқу- әдістемелік тұрғыдан, теориялық, практикалық даярлану, әрине білім, біліктілік, шеберлік пен тәжірибе қажет.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым- қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін- өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез- құлықтың мәдениетіне, жеке гигиеналық және өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды»- делінген.

Тұжырымдаманың 4.3.1. бөлігінің талаптарын жауапкершілікпен орындау.

Талдап оқыту әдістемесін зерделеп, білім нәтижесі- әдістемеде деген ойдың мәнділігіне көңіл бөлдік. Бала сезімі көктей гүлдей нәзік, олай болса оларды зерттеп, бақылап жанын түсіну, сыртын білу психологиялық тұрғыдан ойлау, қабылдау, сөйлеу, жазу қабілеттеріне ерекше мән беру негізгі шарттар. Оқушы көңіліне сызат түсірмей, оның әр жауабын мұқият тыңдап, дұрыс жауабын мақұлдап, қатесін өзі түзетуге мүмкіншілік жасау, оқу материалдарын талдауға, біріктіруге, салыстыруға үйрету.

Оқу материалдарын баяндау, жаттығулар, тәжірибе жасау, тапсырмаларды орындау, үй тапсырмасына жауап беру сәттерінде алға жетелейтін, жауап беруге баулитын сұрақтар қойып, мысалдар келтіріп бағыт беру оқушының өзіне деген сенімін арттырады, талдап оқуға өзі қалыптаса бастайды, үлгісін көреді, өтілген оқу материалдарын қайталайды. Сонда ғана бастауыш мектеп оқушысы қолдауды сезіп, қамқорлықты ұғады «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға» деген үздік ойды ұғады, «талаптыға нұр жауар» деген пікірді өмір тәжірибесінде кездестіріп, өзі оған тікелей себепкер болады.

Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік Стандарт Кеңістігіне енуге бет бұрдық. Сондықтан әртүрлі оқыту әдістемелерін, технологияларын, инновациялық элементтерді бастауыш сынып оқушыларының жас мөлшері мен психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, білім беру жүйесіне енгізудің маңызы зор.

Психологиялық тұрғыдан шәкірттерге жан- жақты бақылау, талдау жасау және оқытудың озық әдістемелерін меңгеріп, таңдау жасай алуы, меңгеруі бойынша талдап оқытумен саналы тәрбие, сапалы білім беретіндігін тәжірибе дәлелді көрсетуде. Оқыту және тәрбие жұмыстарында оқушының психологиясын зерделеп, бақылауда арқылы, ұтымды талдаулармен ерекшеліктерін білу, оқыту барысында педагогикалық әдістерге орынды таңдау жасау оқытудың нәтижелігіне жеткізетін озық әдістемесін жете зерделеп, тыңғылықты меңгеруді қажет етеді. Сонда ғана оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтыға ықпал ету үшін, ауызша да, жазбаша да сөйлемдерді дұрыс құрап, айтуға, түсінік беруге, жазуға бағыт беру, көмектесу, бірлесіп талдау жасау, мысалдар келтіру, үлгілерін көрсету, біріне-бірінің жедел көмегін ұйымдастыру, ынтымақтаса еңбек етуге көңіл бөлген жөн.

Баланың физиологиялық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайдан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат- міндеттерін анықтайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама- қайшы пікір орын алып келеді. Бірі- жаратушының күштілігін тұқым қуалаушылық факторды қуаттаса, екіншісі керісінше, барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни, танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл- оқу, білім алу деген сөз.

Оқу- адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды талдапты. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді.

Олар:

Биологиялық фактор: Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала органимзмнің ортамен қарым- қатынасының нәтижесі.

Әлеуметтік фактор: Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым- қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез- құлық және ақыл- ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

Баланың өз белсенділігі: Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, ер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Талдап оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс- тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болады. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:

1. Үлгіні көрсету

2. Түсіндіру

3. Бақылау, бағалау.

Мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту т.б.

ХХІ ғасырда Елбасы «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасының ерекшелігі мен нәтижелері білімге ерекше көңіл бөлгендігі байқалады. «Дарын» мектептері «Болашақ бағдарламасы», «Үш- тұғырлы тіл», «Физика- математика» бағытындағы жаңа үлгідегі мектептердің пайда болып дамуы. Нәтижелері маңыздылығымен байқалады.

Оқу- тәрбие үрдісіне талдау жасау оқытуда талдау оқыту әдістемесінің мәнділігін байқатады, терең, тиянақты білім беру тәрбиелеуде талдау, талдап алу, байқап көру ұғымдарының өзі:

- біріншіден, философиялық бағытта ой елегінен өткізіліп, оқу материалдары модульдық үлгіде- білім беру философиясы мазмұнына келтірілуде;

- екіншіден, психологиялық бағытта оқу материалдарын жас ерекшелігіне сай келтіру, қабылдау, ойлау, елестету, қиялдау, есте сақтау, көру, есту арқылы түрлі амалдар жасау, талдау, салыстыру, қорытындылау, жалпылау біріктіре білу арқылы оқу материалдарын меңгеру шарттарына өту, келесі қадам ол әрбір оқушының жеке психологиясын, сабаққа даярлығын диагностикалау, болжамдау, түзетулер ендіру;

- үшіншіден, кіші мектеп жасындағы балаларды білімді игеру: әріп тану, оқу, жазу, сауатты жазу, біріктіріп оқу, ескерту, ойлау амалдарын және әрекеттер жасау мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұтымды, оңтайлы пайдалану- дидактикалық проблеманы шешу жолы- оқыту әдісін тыңдай білу. Оқыту әдісі- ол шәкірт пен мұғалімнің бірлескен қызметі, оны сабақ беру, оқыту деп атайды. Оқыту әдісі- қойылған мақсатқа жету жолы, ол тәсілдерден- жеке бір реттік әрекеттерден құралады.

Мұғалім оқытудағы мақсатына жету үшін тиімдісін, нәтижелісін таңдап алуға әрекеттер жасайды. Мысалы білім көздері бойынша оқыту әдістерінің кестесіне зейін аударамыз.

1- кесте


Іс- тәжірибелік

Көрнекілік

Сөздік

Кітаппен жұмыс

Бейнеәдіс

Тәжірибелер, жаттығулар, дидактикалық ойындар,

оқу өнімді еңбек,

оқу танымдық жұмыс


Бейнелеу, көрсетулер, оқушылардың бақылаудары, анимациялық фильмдер, мультимедия фильмдер, он-лайн сабақ және т.б.

Түсіндіру, баяндау, әңгіме, әңгімелесі, түсініктеме, нұсқау

Оқу, зерделеу, парақтап көру, жоспар түзу, хрестоматиямен жұмыс, электронды оқулықтарды компьютер арқылы, интерактивті тақтадан көру

Бейнефильмдерді қарап шығу, бейне- материалдарды экраннан көру, электронды «ұстаз» бақылауымен жаттығу, бақылау

№1 кестеде көрсетілген білім көздері бойынша оқыту әдістері арқылы талдап оқыту жасау оқу материалдарының терең, тиянақты меңгеруге негіз қалайды. Әрбір аталған әдістер оқытудың барысында таңдап алынады, оның мәні практикалық жұмыстарды талдап оқыту жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің кез келген кезеңінде көрнекілік пайдаланылады, олар бірнеше нұсқада, түрдегі иллюстрациялар алу материалын игеруге тікелей қатысты болғанда мақсатты.

Бірнеше немесе екі белгілері негізінде оқу әдістерін жіктеудің көптеген жолдары қарастырылады. Мысалы, М.И.Махмертовтың қосарлы оқыту әдістерін жіктеу талпынысында оқыту әдістері және білім беру әдістерін үйлестіру көзделді.

2- кесте


Оқыту әдістері

Білім беру әдістері

Ақпараттық хабарлаушы

Орындаушылық

Түсіндіруші

Репродуктивті

Нұсқау- практикалық

Өнімді практикалық

Түсіндіруші- үлгі көрсетуші

Жартылай ізденуші

Үлгі көрсетуші

Ізденушілікті

№2 кестеде келтірілген оқыту әдістері нәтижелі болады, егерде әрбір әдіс негізінде талдап оқыту әдістемесі алынатын болса.

Неміс дидактигі Л.Клингберг оқыту ынтымақтастығы формасында үйлестіру әдістерін атап көрсетеді, оны келесі №3 кестеден көреміз.

3- кесте


Монологтық әдістер

Ынтымақтастық формалары

Диалогтық әдістер

Әңгіме,

көрсету,

баяндау


Жеке топтық,

жаппай ұжымдық



Әңгімелесу

Пікір алысу,

сұрақ- жауап

Басқада жіктеулер бар, Ю.К.Бабанский оқытудың үш үлкен тобын атайды. Ал ынтымақтастық, оқыту әдістерінің мәні оқытудағы басты ерекшелік оқу материалдарын терең, тиянақты, сапалы түсіндіру амалдарын жасау- талдап оқытуға айналдыру. Талдап оқыту әдістемесі:

- оқыту, оқу теориялық негіздеме жасау;

- іс- тәжірибелік үлгілерін келтіру;

- теориялық және іс-тәжірибелік байланыстарын нақтылау;

- оқу материалдарына қатысты мысалдар келтіру;

- оқу материалдарына байланысты талдауларды бірлесіп жасау;

- монологтық әдістерді, ынтымақтастық формаларын және диалогтық әдістермен мақсатты, ретімен алмастыру, түрлендірулерді нәтижелеріне сай өткізу.

Академик Ю.К.Бабанский ұсынған үш үлкен оқыту әдістерінің тобы аталады, олардың басты мақсаты сапалы білім беру, талдап оқытудың мақсаты оқу материалдарын терең, тиянақты түсіну, олай болса, оқыту, оқу нәтижесін көріп, оқу, оқыту іс- әрекеттерінің арқасында игеру болатындығын көреді.

Оқу- танымдық қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асырудың басты шарты: таңдап оқыту әдістемесін іске асыру.

4- кесте


Сөздік, көрнекілік, практикалық

Индуктивті және дедуктивті

Репредуктивті және проблемалы ізденушілік

Өзіндік жұмыс әдістері және оқушының мұғаліммен өзіндік жұмысы

Бұл аталған әдістер: сөздік, көрнекілік және практикалық талдап оқытудың қажетті элементтері, теориялық түсіндіруде бірінші кезекте сөздік түсіндіру, түсініктеме жасау барысында талдау жасау қажет. Екіншіден жекеден өту амалдары оқу материалдарын ойластыру,т талдау қажет, ол маңызды. Үшіншіден ұжымдық талдау толықтыру, бірнеше нұсқадан қарастыруға ұласады.

Талдап оқыту әдістемесінің келесі амалдары арқылы еңбектері ынталандырылады, олай болса оқу- танымдық қызметінде белсенділікті арттыру тетігі- қарама- қайшылық өз кезегінде қозғаушы күш туындатады, әрине қозғалыс, жылжу жасайды.

5- кесте


Оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын ынталандыру және түрткі болу әдістері

Шәкірттердің білім алуға міндеттіліктері мен жауапкершіліктері ынталандыру және түрткі болу әдістері

Оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын ынталандыру және түрткі болуға себепкер болатын әдіс- талдап оқыту әдісі:

1. Оқушы үздіксіз оқуға дағдыланады.

2. Оқу материалдарын жүйелі оқуға қалыптасады.

3. Оқу, оқыту, білім алу және тәрбиелеу мақсатты болып еңбек ету- оқу нәтижесіне сай ынталану артады.

4. Талдап оқу, талдап оқыту- ең бастысы оқу материалдарын тиянақты оқу, жазу, қайталау үйлесімдерін табады.

5. Талдап оқыту әдістемесі «оқы, оқы және оқы» ережесін жүзеге асырады, оқуға өзі үздіксіз оқумен қалыптасады.

6. Оқу материалдарын игеріп, есінде тиянақты сақтап, мемлекеттік аралық бақылау тапсыру талдап оқытудың қажеттілігін, білімділігін көрсетеді.

7. Мемлекеттік грант иегері атағына жетуді көздеу басты мұрат, сол ойды жүзеге асыру амалы- талдап оқыту әдістемесінде.

Талдап оқыту әдістемесін бақылау, байқау және өзін-өзі бақылау жұмыстарында қолдануға болатындығы тәжірибеде көрсетуде. Осы келесі №6 кестеден көруімізге болады.

6- кесте

Бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері


Ауызша бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері

Жазбаша бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері

Практикалық бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау