Тезистері қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму»



жүктеу 86,19 Kb.
Дата02.03.2018
өлшемі86,19 Kb.
#10975

Ерназар ауылдық округі әкімінің халықтар алдында 2016 жыл ішінде

әлеуметтік-экономикалық даму бойынша есебінің



ТЕЗИСТЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының аясында 2016 жылы атқарылған жұмыстар және 2017 жылға арналған міндеттер туралы.


БЮДЖЕТ

Округ бюджетіне түскен кірістер 5173,3 мың теңгені құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 1821,4 мың теңгеге өсті

Бекітілген алгоритмдермен іс-шаралар жүргізіліп, округ бюджетіне 548639 теңге түсті.

2016 жылы округ бюджетіне трасферттермен субвенцияның түскен түсімі 25,1 млн. теңгені құрады, бұл жоспардың 99,5 пайызын орындады. 2016 жылға округ бюджетінің шығыс бөлігі 25,0 млн. теңге немесе 99,5 пайызын орындады (2015 жылы 20,0 млн. теңге немесе 99,9 пайыз.)

Бюджет саласындағы жұмысшыларға берілетін жәрдемақы мен еңбекақы төлемдері уақытылы жүргізіледі.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ.

2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы:



  • ет өндіру 10720 центнер немесе 103 пайыз, сүт 56975 центнер немесе 103 пайыз, жұмыртқа 716900 дананы құрады.

  • ірі қара мал 4756 бас немесе 102 пайыз, ұсақ қара мал 9414 немесе 98 пайыз, жылқы 1926 немесе 126 пайыз, шошқа 66 бас немесе 117 пайыз, құс 7756 немесе 103 пайызды құрады.

2016 жылы округ бойынша 38 шаруа қожалығы бар, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы 22. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 105 бас ІҚМ («Анар» ш/қ, басшысы Н.К. Сапарбеков және «Максут» ш/қ басшысы Т.К. Утенов) және «Құлан» бағдарламасы бойынша 29 бас жылқы («Абзал» ш/қ, басшысы К.К. Избастин және «Гаухар» Д.Н. Майкенов) сатып алынды.

Тұкым жаңалау бағдарламасы бойынша округтың 7 шаруа қожалығы «Жанғырық», «Серикбол», «Темир», «Акаш», «Айдарбек», «Анар», «Максут» айналысады.

Жыл басынан бері мал шаруашылығын дамыту үшін қожалықтарға 24,4 млн теңге субсидия төленді.

2016 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын егу көлемі 2981га құрады, оның ішінде дәнді-дақылдар 450 га, күнбағыс 250 га, картоп 21 га, көкөніс 10 га, көп жылдық шөп 2250 га құрады.

Жоспарланған қысқы қатаң мал азығы 10500 тонна немесе 100 пайыз дайындалды.

Округте қажетті құрал-жабдықтар және автокөліктермен қамтамасыз етілген ветеринариялық пункт жұмыс істейді. 2 мал қорымы бар.

Жоспар бойынша жамандат, ящер, құтыру, эмкара секілді мал аурулары мен ІҚМ туберкулезіне қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

Ірі қара мал-1400 бас немесе 100 пайызы, ұсақ қара мал-2000 бас немесе 100 пайыз теңдестірілді. ИСЖ дерекқорына 1400 бас ІҚМ, 2000 бас ҰҚМ еңгізілді. 100 пайызға орындалды.


ШАҒЫН БИЗНЕС
Округ бойынша 24 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде: 14 дүкен, 2 кафе, 1 АЖҚС, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 дәріхана, 2 шағын наубайхана, 1 шаштараз, 1 тігу шеберханасы.

2016 жылы инвестиция көлемінің басты капиталы 72,7 теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 4,8 есеге өсті.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАР
Ақылы-қоғамдық жұмыстар.

2016 жылы 9 адам ақылы-қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспардың 100 пайызы орындалды.

ЖОО 2 түлек жастар іс-тәжірибесіне жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орындары
Мүмкіндіктері шектеулі жеке тұлғалармен әлеуметтік бейімделу және оңалту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жұмыспен қамту жол картасы - 2020 бағдарламасы бойынша 2 адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіптік даярлау және қайта даярлау

Жұмыспен қамту орталығы арқылы оқуға 6 адам жіберілді, оның ішіндегі мамандықтар:

-"Газ-электр дәнекерлеуші" 2 адам

-"Есепші" 2 адам

-"Маникюр шебершісі"2 адам
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша

2016 жылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4 отбасы, яғни 22 адам келісімшартқа отырды.


ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»

2 отбасыға атаулы көмек тағайындалды, оның ішінде 347247 теңгеге 10 алушы



«18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар»

4 отбасыға, оның ішінде 12 балаға 267360 теңге төленді.



«Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды

материалдық қамтамасыз ету»

1 балаға 152712 теңге тағайындалып, төленді.



«Жергілікті атқарушы органдардың шешімі

бойынша әлеуметтік төлемдер»

2 адамға 70000 теңге мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға және жалғыз басты қарт адамдарға 4 әлеуметтік қызметші үйлеріңде көмек көрсетеді. Барлығы кызмет алушы 24 адам.

Қарт адамдарды оңалту мен мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамда бейімдеу мақсатында мемлекеттік мерекелер мен спорттық-сауықтыру іс-шаралар ұйымдастырылып, отырады.

Округ аумағында меншік нысанына қарамастан әлеуметтік нысандарда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз кірулерін қамтамасыз ету мақсатында пандустар орнатылды. Мектептерде тыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға және зейнеткерлерге көмек көрсету үшін «Тимуршылар тобы» жұмыс істейді.

«Жол картасы - 2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2011-2016 жылдар аралығында 27 қатысушы бағдарламаның 2 бағыты бойынша жалпы сомасы 75,4 млн.теңгеге шағын несие алған және 29 жаңа жұмыс орны ашылды.

БІЛІМ БЕРУ

Округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны 319 бала.

Қатты отын (көмір) әкелінді, көлемі 1120 тонна, оның ішінде Сосновка орта мектебіне–500 тонна, Қоянбай орта мектебіне – 620 тонна.

2016 жылы ҰБТ-дің орташа баллы 83 баллды құрады (2015 жылы – 60 б., 2014 жылы -74 б.). Толық күнді келумен 50 балаға арналған 2 шағын орталық жұмыс істейді.

123 оқушы ыстық тамақпен тамақтандырылады (бұл 39 пайыз), оның ішінде 1-4 сыныптың 19 оқушысы және 5-11 сыныптың аз қамтылған отбасылардан 18 оқушы.

Округ бойынша мұғалімдер саны барлығы-63, оның ішінде жоғары білімді-54 мұғалім, арнаулы орта білімді - 9 мұғалім. 2016-2017 оқу жылында 3 жас маман келді.

Оқушылар облыстық, аудандық олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жыл сайын 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаға 22 оқушы қатысып, 11 жүлделі орынға ие болды.

Бүгінгі күні қамқоршылық және қорғаншылық органдарының есебінде 5 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оның ішінде 3 бала қамқорлықта және 2 патронаттық тәрбиелеуге тіркелді.

Дене тәрбиесі мен спортты насихаттау және жастарды спортқа тарту мақсатында округте 2 спортзал жұмыс істейді. Округінің жастары аудандық және облыстық, спорт және мәдени іс шараларға белсене қатысады.

2016 жылғы 16-20 наурызда Өскемен қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2001-2002 жылғы қыздар арасында волейбол жарысы өтіп, Сосновка орта мектебінің қыздары бірінші орынға иеленіп, облыс чемпионы атанып, спорттық дәрежеге иеленді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ерназар ауылында 1 дәрігерлік амбулатория және 2 (Қоянбай ауылы, Морозов лесхозы) медициналық пункттер қызмет көрсетеді. Жалпы қызметкерлер саны 13. Соңғы 3 жылда ана, бала өлімі тіркелген жоқ.

Туберкулезбен алғаш ауырғандар 2016 жылы тіркелген жоқ, 2015 жылы 2 жағдай тіркелген. Флюрографиялық зерттеу мен алдын-алу мақсатында 1115 (жоспар бойынша 1058) адам қамтылып немесе 105,4 пайызды құрады, оның ішінде қозғалмалы флюорографиядан 513 адам өтті.

Денсаулық мемлекеттік даму бағдарламасының онкологиялық аурулардың алдын-алу және сақтандыру мақсатында жыл сайын скрининг бойынша тексеру өткізіледі:

Балалар: 2016 жылы – 469 адам; 2015 жылы-478 адам.

Ересектер: 2016 жылы-213 адам; 2015 жылы-305 адам.


ҚҰРЫЛЫС

2016 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасының бойынша 3 жоба жүзеге асырылды:

- Сосновка орта мектебінде терезе, есік, дуалды, ғимараттың қасбетің ауыстыру, тас төсеуішті төсеу жұмыстары сомасы 48,0 млн. тенге;

-Ерназар ауылының кіреберіс жолы мен «Школьная» көшесінің жолын жөндеу жұмыстары, сомасы 39,6 млн.теңге құрады.

- Ерназар ауылының көшелеріне шамдар орнатылды, 180 бағана және шамдар, жалпы құны 39,0 млн. теңге.

2016 жылы тұрғын үйді еңгізу қорытындысы бойынша 463,3 шаршы метрді құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда 104,7 пайызға өсті.


АББАТАНДЫРУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ

Барлық елді мекендерде санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында сенбіліктер және таза жұмалар өткізілді, саябақты, ұйымдардың аумағын аббаттандыру жұмыстары жүргізілді, көшеттер салынды, гүлзарлар отырғызылды, ескерткіштерді ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, мұсылман және християн зираттарында сенбілік өткізілді.

Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары бойынша 332 жеміс-жидектердің бұтақтары, 15 қайың көшеті, 20 шырша, 10 шетен, 10 қарағаш, 25 қарақат бұтағы, 300 жұпаргүлмен, 155 шаршы метрде гүлзар өтырғызылды.

«Семей орманы» МОТР РММ Морозов филиалы 686 га жерге қарағай егіндерін отырғызды (жоспар бойынша 450 гектар) бұл 52 пайзға артық. Сосновка орманшаруашылығында 34 гектар тәлімбақ орналасқан, оның ішінде 8,5 гектар жеріңде қарағайдың екпе көшеттерін егіп өсіреді.

2016 жылғы 22 сәуірде "Жер күні" «Боровая» көшесінің бойымен жыл сайынғы "Саябақ шеруі" акциясы шеңберінде "Өз ағашын отырғыз" атты экологиялық акциясы өтіп, ағаштардан және жеміс-жидектер бұтақтарынан саяжол отырғызылды. Саяжолдың ұзындығы 300 метр.

«Тұған жерге тағзым» акциясы бойынша ағымды жылы Қоянбай ауылында стелла орнатылды.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Қоянбай ауылының «Абылайхан» көшесіне шамдар орнатылды, жалпы құны 2 млн.10 мың теңгені құрайды.
ІШКІ САЯСАТ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Округте Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының ақпараттық – насихаттау жұмыстары тұрақты бақылауда жүргізіліп тұрады. Ақпараттық саясатты өткізу үшін 2 ақпараттық - насихат тобы жұмыс істейді, оның ішінде 1 топ діни мәселесі бойынша. Барлық 24 кездесулер мен 1 конференция өткізілді. Қатысушылар саны – 1717 адам.

Округте 9 адамнан тұратын ақсақалдар кеңесі, 2 кітапхана жұмыс істейді, кітап қоры 36780 дананы құрады.

Нұр Отан партиясы мүшелерінің саны –174 адамды құрайды.

Округ аумағында 2 мұсылман мешіті жұмыс істейді. Мектептерде «Құзырет және діни тану негіздері» оқу пәні жүргізіледі.

Округ аумағында конфессионаларалық жағдай тұрақты, миссионерлық қызмет көрсетушілері жоқ және жастардың діни секталарына кіріп кетуі тіркелген жоқ.

2016 жылғы 16 ақпан күні Қоянбай ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Науырыз мейрамы -2016» өткізілді. Іс-шараға Ресей Федерациясынан қонақтар шақырылды.

Сосновка орта мектебінде Рүстем Есімханұлы Қайдаров атындағы мұражайлық бұрыш ашылды.


ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

2016 жылы округ аумағында 8 қылмыс тіркелді, тіркелген қылмыстардың 7 ашылған: 5 ұрлық, оның ішінде 4 ашылған; ЖТБ -1, 1- өзі-өзіне қол жұмсаған. Барлығы 160 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 36 әкімшілік тұтқындау, 16 иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзу туралы ескертулер. 108 құқық бұзушыларға 1145340 теңге сомасында айыппұл салынды.



ЕСКЕРТУЛЕР МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

2016 жылғы 21 қаңтар күні ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінің барысында 2 ескерту мен ұсыныс болды. 1) Ерназар ауылының дала жарығын жөндеу жұмыстарын жүргізу. Іске асырылуы: Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Ерназар ауылында көше жарықтандыру жұмыстары өтті. 2) Қысқы уақытта облыстық маңызы бар автомобиль жолын тұрақтыландыру. Іске асырылуы: Қысқы уақытта облыстық маңызы бар автомобиль жолын тұрақтыландыру үнемі бақылауда.


2017 жылға тапсырмалар


  1. Қоянбай орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

  2. Қоянбай ауылының көшелерін жарықтандыру



Округ әкімі Р.Заденов
жүктеу 86,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау