Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
Қостанай облысы Әділет Департаменті
Мекен-жайы: Қостанай қ.,
Таран көшесі, 38 үй, 110000.
тел./факс: 8 (7142) , 547664, 548223
|
КӘСІПОРЫН АШУ ТӘРТІБІ
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
Онлайн тіркеуі
Өтініш
ЭЦҚ-ның бары «Электронды үкімет»
Веб-порталы
Электронды ретте тіркеудін артықшылығы
1. Жылдамдатқан тіркеудің мерзімі - 1 күн төлемсіз;
2. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттарды тапсыру қажетті емес;
Назар аудару қажет!
Керекті емес Керекті
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдаудың растауы заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруі болып табылады
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
|
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мақсатында көзделген жеңілдіктер
-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне үшін «электронды үкімет» веб-порталында тіркеу мерзімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс күннің 1 сағатқа қысқарту;
-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу кезінде мемлекеттік алымын төлеуді жою;
-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 теңге жарғылық капиталының талап етуді жою;
-жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрді жою.
|