А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



жүктеу 1,28 Mb.
бет10/18
Дата31.01.2018
өлшемі1,28 Mb.
#8200
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Дәріс мазмұны


  1. Әлеуметтік педагогика және жағымсыз отбасылармен қарым-қатынас орнату

  2. Әлеуметтік педагогикалық технологияның деңгейлері

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды:

* асырап алуға,

* қ амқорлыққа алынады,

* жақсы отбасы,

* мемлекеттік интернат түріндегі мекемеге тапсырады.т.б.

Мемлекеттік интернат түріндегі мекемеде жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді және олар ата-ана қамқорлығынан қалған күннен бастап 18 жасқа дейін осы интернатта тәрбиеленеді.

Интернат күн тәртібін 2 деңгейге бөлуге болады:

Мекеменің өмірлік-шығармашылық күн тәртібі, яғни барлық мекеме дамуының концепциясы, жоспары және алдағы уақыттағы немесе жақындағы перспективалары анықталды.

Топтың режимі-бұл ереженің құндылығы сонымен қатарересектер мен балалар арасындағы нақты жұмыстар

Жасерекшеліктеріне байланысты балалар үйі бөлінеді:

мектеп жасына дейінгі балалар үйі.

мектеп жасындағы балалар үйі.

әртүрлі жастағы балалар үйі.

Әлеуметтік педагогтың жұмысына мыналар кіреді:



  1. Баланың статусын анықтау

  2. Тәрбиеленушінің дамуы үшін жеке жоспар құру

  3. Баланың бейімделуі, реабилитациясы, интеграциясы

  4. Баланың құқық қорғаушылық және административтік органдармен таныстыру.

Әлеуметтік педагогиканың функциясы:

-диагностикалық

-болжамдық

-коррекциондық-реабилитациондық

-делдалдық

-қамқоршылық

Әлеуметтік педагогикалық ұйымдасудың әдістері мен формаларын кезең бойынша бөлуге болады:


  • Баланың статусын анықтау үшін әңгіме, анкета тест, интервью, баланың құжаттарына талдау жүргізіледі.

  • Бала дамуы үшін жекелей жоспарлар жүргізеді, бала туралы нақты мәліметтер жинағы, баланың психологиялық, педагогиялық медециналық, педагогикалық реабилитациялық анықтамасы жинақталады.

  • Адаптация, реабилитация үрдістерінде балаға бақылау, әңгіме, ойын, жаттығу, тренинг, мадақтау, талдау, тәрбиеленушінің жеке жұмысы, әлеуметтік қызметкерлермен өзара қарым-қатынасын анықтау жүргізіледі.

  • Баланың қызығушылығын және құқығын қорғау үрдісінде құқық қорғау оргондары әңгіме жүргізеді.

Осындай принциппен мектеп-интернаты құрылады . Балалар үйінен

мектеп-интернатының айырмашылығы тәрбиеленушілер жақын жердегі мектепте оқиды, ал мектеп-нтернатында тәрбиеленушілер сол жерде және сол мекемеде оқиды.

Әлеуметтік педагог жұмыс барысында мыналарды негізге алуы мүмкін:

-Тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастыру

-Оқуға деген жағымсыз кері әерді болдырмау

-Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

-Тәрбиеленушіге қатынасты құқықтық және әкімшілік сұрақтарды талдау

Отбасы-адамның функционалдық әлеуметтік жүйесі, және бірден-бір негізгі әлеуметтену институты болып табылады. Отбасы-бұл үй, бұнда біріккен адамдар , адамдық қарым-қатынас негізі, мінез-құлық нормалары қалыптасады, адамның жекелік тұлғалық ішкіәлемі ашылады. Сондай-ақ отбасы әрдайым баланың даму жағдайына қажетті өмірлік талаптарды орындайды. Мұндай жағдайды жағымсыз отбасы деп айтуға болады. Отбасына келесідей категориялар жақын:



  • отбасындағы төменгі материалдық жетіспеушілік;

  • ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас бұзылысы.(конфликтілер, күшейту, көңіл бөлмеушілік)

Әлеуметтік педагогикадағы жағымсыз отбасылармен технологиялық жұмысты жалпы білім мекемелерінде сондай-ақ, балалар мен отбасына көмектесу орталықтарында қолдануға болады. Әлеуметтік педагогикалық технология өзіне үш деңгейді енгізеді: профилактикалық, диагностикалық, реабилитациялық.

Профилактикалық деңгей. Отбасына медициналық, психологиялық және педагогикалық-әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл жағдайда әлеуметтік педагогтың міндеті ақпаратты жеткіліті түрде жеткізу.

Диагностикалық деңгей. Бұл деңгейде әлеуметтік педагогтың екі нұсқасы бар:

  1. Клиентке жақсы көзқараспен қарау, жағдайларды бағалау және психологпен кеңес ұйымдастыру;

  2. Клиенттің жағымсыз қарым-қатынасы-отбасы жайлы ақпарат жинақтау, олармен кездесуді ұйымдастыру, қайта байланысты орнатуын қамтамасыз ету;

Диагностиканың кезеңдері:

  • Ақпарат жинақтау;

  • Ақпаратты талдау;

  • Әлеуметтік диагноздың қойылуы.

Диагностика тек отбасымен ғана емес, сонымен қатар басқа да адамдармен кездесуді талап етеді. Диагностика жүргізгенде белгілі бір принциптер сақталады: методологиялық, этикалық.

Реабилитациондық деңгей. Бұның мақсаты-әртүрлі категорыялы тұрғындарды жылдамырақ және толыққанды етіп қалыптастыру. Бұл үш деңгейден тұрады: жекелей, танымдық және жалпы. Жекелік деңгейде ата-аналармен реабилитациялық жұмыста бірнеше технологиялар қолданылады:

-Кеңес беру-екі немесе бірнеше адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас үрдісі, консультанттың білімі ата-аналарға көмек беруі үшін қолданылуы керек. Әдістері: әңгімелесу, қосылған бақылау, ой-пікір.

-Телефон арқылы кеңес беру-қарым-қатынас делдал арқылы жүреді, визуалды контакті қатыспайды, вербалды емес қарым-қатынас жүреді.

-Әлеуметтік патронаж-бірден бір клиенттермен жұмыс істейтін әмбебап формасы, әртүрлі жағынан көмек көрсету (материалдық психологиялық білім)

Реабилитациондық жұмыстың топтық деңгейі. Топтық жұмыстың бірден бір нәтижелі технологиясы тренинг болып табылады. Топтық жұмыстың әдістері: әңгімелесу, дәріс, диспут, дискуссия, жиналыс, қысқаша дәріс және т.б. Тренинг жоспардың өңделуін талап етеді, тренинг топтары 8-10 адамнан құралуы керек.

Реабилитациондық жұмыстың жалпы деңгейі. Жалпылама жұиыстың мақсаты анимация, адамдардың өмірлік кеңістігін жақсарту болып табылады. Жалпылама жұмыс жалпы адамзаттық мәселелердішешуге жұмылдырады, өмірлік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беріледі. Жалпылама жұмыстың әдістері: дискуссия, әңгіме, қауымдастық акция ұйымы. Әлеуметтік педагог жаңа әдістермен, әдістемелерді игеруі керек.



Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жағымсыз отбасылармен қарым-қатынас орнату қалай жүзеге асады?

  2. Әлеуметтік педагогикалық технологияның деңгейлері қандай?

11 дәріс

Тақырып: Әлеуметтік педагогтың мүмкіндігі шектеулі балалары бар

отбасымен өзара қарым-қатынас моделі

Мақсаты: Әлеуметтік педагогтың мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынавс моделін құру, әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын қалыптастыру.

жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау