Жоспар Кіріспе. Салық ұғымы оның әлеуметтік мәні Негізгі бөлім



жүктеу 0,78 Mb.
бет1/3
Дата12.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#9396
  1   2   3

Жоспар
Кіріспе.

Салық ұғымы оның әлеуметтік мәні



1.Негізгі бөлім.

1.1 Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі салықтық жүйелер бағыттары

1.2 Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы

2. Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері.

2.1 Әлеуметтік салық.

2.2 Жеке табыс салығы.

2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдер

2.4 Жанама салықтар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

¥йымдық-қүқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Азамат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбір адамзаттың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:


1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

2. «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған негізделген:

1. салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты) ;

2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);

3. әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және қолайлы әдіспен алынуы тиіс (анықтылық қағидаты);

4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық- зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нысаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында салық салудың қағидаттары заңнамалық деңгейде баянда етілген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасьшың жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндентті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік- құкықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық кажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай - ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жариялардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналар мен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді. Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларында толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан каржыға қатысты салықтардың функцияларын каржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

Қазіргі кезде салықтар фискальдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің

кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болды. Қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ол ұлттық шаруашылықтың дамуына ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің кұрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілуі дәрижесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы- 9,7%, ал 1997 жылы- 16,6%, 1999 жылы- 17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы- 22,2% болды.

Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары аркылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі аркылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды.Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз тіледі.


    1. Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі салықтық жүйелер бағыттары

Салықтар – бұл ертеде пайда болған, мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер. Тарихтан бүгінгі күнде тек қана салықтың жеке түрлері жетті, яғни ертедегі мемлекеттердегі салықтар жиынтығы ретіндегі салық жүйесі туралы толық мағлұматты білмейміз. Салықтың ежелгі түрі – құдайы беру бес кітапта келесідегідей жазылға: «Ағаш жемістері және жердегі тұқымның әрбір ондығына құдай ие». Осыған байланысты салықтың алғашқы ставкасы табыстан 10 %-ы мешіт қызметкерлеріне берілді, кейінірек мемлекетпен алынатын салықтар пайда болды.

Салықтарды алудың әдістер мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезең – бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетіән қаражаттарын жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.

Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) бұл елде мемлкеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болу, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.

Үшінші кезең – қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген тәртіптерінің бәрін өз қолына алады. Биліктің аймақтық ұйымдары мемлекеттің көмекшлік рөлін атқарады.

Алғашқы салықтар «auxilia» (көмек) деп аталатын, уақытша сипатта болды. Сонымен ерте Грецияда еркін азаматтар салықтар төлеген жоқ. Ертедегі Римнің алғашқы өмір сүру кезеңінде бейбітшілік уақытта салықтар алынған жоқ, бірақ соғыс уақыттарында азаматтар табысына байланысты салықтар енгізілді.

Испаиияда орта ғасырларда «Аль-Кабала» деп аталатын табыстың барлық түрлеріне 10 % салық енгізу аудандардың бос қалуына, яғни тонаушылық салықтарды төлегесісі келмеген тұрғындар, негізінен американдық колонияларға кетуіне әкеп соқтырды. Батыс Европа тұрғандары өздерінің басшылар салатын салықтарын парасатты деп санады. Осы уақытта дұроыс салық саясаты патриотизмді тәрбиелейді: Испанияның Ұлы арнада кемелері Англияға жақындағанда, ағылшындар испандықтармен соғыста жеңіске жету үшін қаржы жинады, себебі қатаң испандық салық жүйесі енгізілетінін және құлдықта болатындарын білді.

Англия мен Шығыс американдық колониялар арасындағы тәуелсіздік үшін соғыста халықтармен байланысты болды. Англияның американдық колонияларының тұрғындарына қалыптасу кезеңінен салықтық жеңілдіктер жасалған жоқ. Англия өздерінің американдық қол астына қарайтын колония тұрғындарын үнділерден қорғайтын әскерлеріне жағдай жасау мақсатында салықтарды жоғарылату қажет деп шешкенде соғыс басталып, Англия өзінің колонияларын жоғалтты. АҚШ өзінің тәуелсіздігін иеленді.

Қазақстан территориясында салықтар мен салық салудың дамуы өзіндіқ әдістемелік теориясына ие, бұл мүмкін көшпелі тайпалар көшпелі емес халықтарға қарағанда меншік, айырбас және ақша формаларын ерте дамытады деген К. Маркстің тұжырымдамасына байланысты шгығар.

Ертедегі орта ғасырлық (батыс түрік және түркеш қағанаты) мемлекеттің дамуы кезеңінде жеке меншік көрінісі ретіндегі әскери міндеттілік туралы мәселе жазбаша мәселелерде шектелген. Соған қарамастан негізгі әскери міндеттіліктің бірі соғыстық (басқаша айтқанда «қан салығы») оған байланысты вассальды тайпалардың барлық еркектері – сюзерене тайпасының сұранымына енгізілгені белгілі. Құл-тайпалар бұл вассал-тайпалары, олар сюзерен тайпасынан тері, жүн түрінде алым төлеуге міндетті болды.

Қарағандықтар мемлекетінде маңызды әлеуметтік-саяси институт болып әскери тайпалық жүйе болып табылады. Хандар өздерінің жақындарына, бұрын мемлекетке төленетін, тұрғындардар жиналатын салықтарды иеленуге құқық береді. Бұл жағдай «икта» деп аталып, ал оны ұстанушы араб терминімен «мухта», немесе «иктадар» деп атады. Икта институты Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстың шаруашылық және саяси өмірінде маңызды роль атқарады. Икта мазмұны және иктадарлардың құқықтарын белгілеу нақты анықталады Низам-Аль-Мульканың «Иктасы бар мукта өзінің заңды салымын ғана жинауы тиіс, ал халыққа байланысты оларға ештеңе бұйрық берілмеген» деген сөзі айтылған. (Сиасет-нане Низам-Аль-Мулька жүзжылдығы ХҮ ғасырдағы вазир басшылығы туралы кітап, Москва, 1949 ж.34 бет).

Вакфтық жерлерден (мұсылмандық дін басылардың жерлері) мемлекет пайдасына салықтар алынған жоқ. Отырықшы елдерден сыбағаластық алынды: жиналған өнімнің салық түріндегі белгілі бір бөлігі.

Х-ХІІ ғасырларда комендациялар институты кеңінен тарады: ұсақ меншік иесі жерлерін басқа феодалдар мен шенеуліктердің зарлығынан сақтау мақсатына байларға қамқорлыққа берді, ол үшін белгілі салық мөлшерін төледі.

Салық салуда күрделі өзгерістер моңғол шапқыншылығы кезеңінде жүргізілді: олар бірінші болып орталықтандырылған мемлекеттік билік ұсынысын енгізді, сәйкесінше қазақ даласына да ортақ салық жүйесі енгізілді. Моңғолдар Қазақстан территориясында дифференциалды салықтар жүйесін бекітті: құлшыр-лан үйінің пайдасына салықтар, хардж-отырықшы аудандардың жер салығы, зекет-малдан салық, әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін натуралды сипаттағы тагар салық, авариз-күтілген салық. Шыңғыс хан империясында тұрғындардың басрлығы өздерінің табыстарынан 10% мөлшерінде салық төлеуге мәжбүр болды. Зерттеушілер моңғолдармен белгіленген салықтың 20 түрін есептейді.

Қазақ қоғамының салық жүйесінде салықтың негізгі төлеушілері қарапайым көшпелі малшылар (шаруалар), жермен айналысушылар, қарапайым тұрғындар ұсақ саудагерлер және райаттар болды. Оларға көптеген салықтар мен алымдар төлеу міндеттемесі жүктелді: мал иелерінен -ұшыр, тоғар, баж, хараж.

Қазақстан территориясындағы салық жүйесінің келесі күрделі өзгерісі Ресей империясының қосылу кезеңінде жүргізілді. Территориялық-әкімшілік құрылымда және әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістер колониялық империя қажеттіліктеріне жауап беретін жаңа салық жүйесіне қабылдаумен негізделді. Отырықшылық өсімінің қарқынына қарамастан көшпенділер салық төлеушілердің негізгі тобы болып табылды. 1880 жылы олар 90,5 %, ал 1897 жылы -82% құрады. Қазақ тұрғындарынан мемлекеттік салық формасы ретінде күркелік алым болды (Жетісу мен Сырдария отбасында бір күркеден -2 сом 75 тиын, ал дала жерлерінде -3 сом). Бөкей ордасында салық салудың ерекше түрі қалыптастырылды. Мұнда ертеде алынатын зекеттен соғым (натуралды

салықтар) – бірлік ақшалай жинаққа-малдан алымға көшірілді. Бұл көшпенділерді малдардан қолма-қол ақшалары бар орыс көпестеріне өте арзанға сатуға мәжбүр етті.

Салық заңдылығы салықтарды алудың пропорционалды жүйесін әртүрлі топтардың материалдық қамтамасыздығын есепке алмай енгізді. Бұл айқын бейнеленген саяси сипаттама болды. Кейінірек қатаң, әділсіз салық саясаты 1868 жылғы Торғай және Орал облыстарындағы қазақтардың көтерілісінің себептерінің бірі болды.

Қазақстандағы 1918-1920 жылдар кезеңі әскери коммунизм және азық-түлік диктатурасы саясатымен байланысты болды. Бұл саясат арнайы әскери күштермен жүргізіліп, кедей тұрғындардан асырғы азықтары тартып алынды. Соның нәтижесінде аштық басталды. Мұндай «салықтық ауыртпалық» нәтижесі 1921 жылғы көтеріліс болды.

20-30 жылдардағы Қазақстан тарихы –үздіксіз қорлық тарихы: мал алу, отырықшылыққа көшуге күштеу, репрессия және аштық. Күш көрсету саясатын іске асыру үшін мемлекет салықтық қарыз ауыртпалығы Қазақстан ауылдарына түсті. Сонымен, 1927-1928 жылдары ауыл шаруашылық салығының шаруа қожалықтарына есептелген барлық соманың 33% кулак шаруашылықтарын 4% ғана төледі.

Осы шаруашылық жылында ірі мал шаруашылығының 0,6% мал шаруашылығы салығының барлық сомадан 25% төледі. Деревнядағы бір шаруашылық орташа мөлшерде 239 сом, ал ауылда 323 сом төлеп отырды. Бұдан бөлек «өзіндік салық» деп аталатын, ауыл шаруашылық салығынан 4 есе көп салық енгізілді.

Салық салу нормасынан өсімі әсерінен шаруашылықтардың көп бөлігі қалаға кетті немесе табыс көздерін және қызмет түрлерін ауыстырды. Мал шаруашылығымен айналысушылар салық салу ауыртпалығын көтере алмай шет елдерге қашып кетіп жатты.

Қазақстанның салық жүйесі Совет өкіметінің салық жүйесі құрамында дамыды. Мұнда «дүниежүзіндегі бірінші салықсыз мемлекет» құруды көдегендіктен, салықтық жүйе теориясына жетік көңіл бөлінген жоқ. «Американы адам басына өнім өндіруден озамыз» ұраны бойынша тұрғындар жоғары салықтар төледі. Ауыл шауруашылығы нашарлап, 60 жылдары өндірістік дағдарыс басталды. Ашаршылық қаупін сезгеннен кейін ғана ел басшылары шаруа қожалықтарына салықтарды азайтты.

ХХ ғасырдың соңында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып табылды, ел алдында тиімді нарықтық экономиканы құру міндеті тұрды. Реформаларды дамытудың маңызды факторларының бірі салық саясаты болып табылады. Қазақстандық қаржылық ғылым алдында салық және салық салудың күрделі және ауқымды мәселесі, яғни жоғарғы тиімді дамыған салықтық жүйе құру міндеті тұр.

Сексенінші жылдары аралас экономиканың бірінші элементтерінің пайда болуына байланысты, өндірістің барлық сфераларында жалпы экономикада түрлі өзгерістер болған еді, сонымен қатар салық жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Нарықтық экономика қалыптасуы салық жүйесінің трансформациясы үш бағыт бойынша жүзеге асқан болатын, тура және қосымша салықтар арқылы және қосымша жинаулар арқылы әртүрлі қорларға төлемдер жасалды.

Болатын қайта бағалаулар, экономикалық қатынастар әкімшілік тұрғыдан қайта бөлуіне алып келді. Бұл жағдайда салық менеджментінің рөлі айтарлықтай өсуде. Экономикалық тұрақтылық өндірістік және комерциялық қызметтердін субъектілеріне байланысты болатын болса, мемлекетте амандық та, тыныштық та болады. Базалық принциптердің болмауы елде салықтар мен алымдардың көп болуына алып келеді, заңнамалық актілер арқылы экономикаға кірісімен олар салық жүйесіне ұдайы келетін болған еді.

1991 жылы 1 қаңтарда енгізілген « Кәсіпорындар мен бірлескен ұйымдардың салығы» туралы СССР заңын негіз ете отырып ТМД мемлекеттері сияқты Қазақстан Республикасының өзінің салық жүйесі пайда болды.

Шаруашылық байланыстардың үзілуі Қазақстанда барлық өндіріс мекемелерінің шаруашылығының төмендеуіне алып келді, шикізат өндірісіне бағытталған өндіріс-шаруашылық қызметтері зиян шекті, күйреуге ұшырап өндірістің тоқтауы инфляцияға алып келді. Осы приоритеттердің қызметтен алыну себептерімен республикада мақсатты әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттің өз жеке, дербес салық жүйесін қалыптастырды. Қазақстан Республикасының алдында әртүрлі меншік формалары пайда болды, мүліктік құкықтарды бөлу және экономиканы тұрақты дамумен қамтамасыз ету болды. Осы және өзге де мәселелерді шешу Қазақстан Республикасының салық жүйесі шешуді қолға алды. Осы мәселелерді шешу үшін көптеген мәселелер пайда болды айта келетін болсақ. Олар мыналар: дербес ұлттық салық жүйесін қандай да бір өзіндік жеке тәжірибесі болмаған еді. Нарық жағдайына сай келетін және лайықты мамандар мен кадрлардың болмауында еді.

Осындай мәселелердің шешімі салық менеджменті стратегиясымен байланысты, мемлекеттің салық жүйесінің мақсаты мен мемлекет экономикасына қандай дәрежеде араласуын көрсетеді. Осы мәселелердің басты мақсаты бюджетке түсетін түсімдерді жоғарлату, оны стратегиялық мақсаттармен қаражаттарды пайдалы бөлу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мына шараларды қолдану қажет:

• Қоралдардың қайнар көзін анықтау;

• Салық салу базасын ұлғайту;

• Бюджеттік салымдарды дұрыс пайдалану туралы түрлі бағдарламаларды қолдану.

Осы аталған бағыттардың біріншісінде бюджетке түсетін түсімдердің құралдарының қайнар көзін анықтау және қайдан, қай мөлшерден бөлу кертектігі мен олардың құрлымын анықтау керек. Екінші және үшінші бағыттарда бір бірімен тығыз байланыста. Олар өндіріс қатынастарының дамуымен сипатталады. Мақсаттардың масштабтылық ұлттык салық жүйесінің кезеңді эволюциялық даму қажеттігін сипаттайды. Салык жүйесінің қалыптасуы мен дамуы экономикалық саясаттың өзгеруіне байланысты болып келеді, яғни бір модельден екінші бір модельге өтуінде жатыр. Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасының ұлттық салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуын келесідей кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезең 1991-1994 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең әртүрлі құралдарды қолдану жолымен ұлттық салық жүйесінің кұрылумен сипатталады, сонымен қатар, салық түрлері сияқты және олардың мемлекет қаражат қорына арналған әлеуметтік және инфляцияны тоқтатуға арналған. Негізгі заң мақаласында «Салық туралы» 25 желтоксан 1991 жылы шыкқан заң, салықты тәртіпке салуға бағытталған болатын, инфляция деңгейін төмендетеді, сол инфляция деңгейі бұрын 2000 пайыздан асқан болатын, соны төмендетіп және макроэкономикалық көрсеткіштерді тұрақтандырады.

Екінші кезең 1995-1998 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде ұлттық салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және макроэкономикалық тұрақтылық қажет. Экономикалық субъектілерге белсенді қаражаттық-шаруашылық қызметіне арналған қолайлы шарттар жасаумен сипатталады, Салық салу базасын тұрақтандыру және әлеуметтік мүмкіндіктердің ұлғаю мәселесі шешілген. Өндірісті макроэкономикалық тұрактандыруға ынталандыру болып келеді.

Үшінші кезең 1999-2001 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең эномикалық, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсумен сипатталады. Оларға мыналар жатады: жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім және жалпы ұлттық табыс сияқты көрсеткіштермен сипатталады.Осы кезеңде салық салу базасы ұлғая бастады, ал мұндай шаралар бюджетке салық ретіне түсімдердің көбеюіне алып келді. Алмастырылған салықтық қатынастар жаңа принциптеріне өтуіне байланысты оның жүзеге асу қажеттілігін анықтайды.

Төртінші кезеңді 2002 жылмен байланыстырса болады. Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының жаңа «Салық кодексін» кіргізуімен байланыстырамыз.

• Анық және қайшысыз экономикалық анықтама, әлеуметтік-экономикалық мәселелер және олардың шешіміне арналған салық құралдары;

• Қаражаттардың кейбір көзін және оны бөлу – қолдану;

• Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру нәтижелік бағытын анықтау;

• Салық қызметтерінің қолында бар құралдарды тиімді қолдану;

• Заң шығаратын және атқаратын өкімет өкілдерінің жоғары кәсіпкерлігі.

Салық кодексінде объективті және субъективті факторлар да ескерілген, салық салу жүйелері жұмыс жасауына әсер етуші, ұзақ мерзімдегі мақсаттардың іске асырылуын қамасыз етеді. Салық жүйесі тұрақты экономикалық өсу шегіне жағдай жасайды, қаражатты пайдалы бөлуге және пайдалануды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Салық қызметінің міндеттері келесілерден тұрады:

1) Салық қызметінің ұйымдарына салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсімінің толықтығын қамтамасыз ету, міндетті зейнетақылық төлемдерді уақытылы және толық аудару, сонымен қатар салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауда салықтық бақылау жүргізу бойынша міндеттер қойылады.

2) Салық қызметінің ұйымдары өкілетті мемлекеттік ұйымнан және салық ұйымдарынан құралады.

3) Салық ұйымдарына аймақтық салық комитеттері, облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша салық комитеттері, аудан аралық салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жағдайда осы аймақ территорияларында салық комитеттері құрылуы мүмкін.

4) Салық органдары тікелей сәйкес жоғары тұрған салық қызметі органына бағынады және жергілікті ұйымдарға жатқызымайды.

5) Өкілетті мемлекеттік ұйым салық ұйымдарына басшылық жасайды.

6) Салық ұйымдарының басшылары өкілетті мемлекеттік ұйымның бірінші басшысымен тағайындалады.

Салық қызметінің ұйымдарының құқықтары:


  1. Кодекспен қарастырылған нормативтік құқықтық актілерді өңдеу және бекіту;

  2. Салықтық міндеттемелердің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша мағлұматтар және түсініктемелер беруге;

  3. Кодекспен бекітілген тәртіпте салықтық бақылауды іске асыруға;

  4. Қазақстан Республикасының заңды актілерімен белгелінген тәртіптерді

сақтай отырып салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді орындаумен байланысты декларациялар және басқа құжаттарды, есеп берулерді, құнды қағаздарды, ақша қаражаттарын, металлдарды, бухгалтерлік кітаптарды, ақшалай құжаттардың тексерісін жүргізуге;

5) Салық төлеушінің салық және бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеу және төлеу (ұстап қалу және аудару) бойынша өкілетті мемлекеттік ұйыммен белгіленген формаларға сәйкестігін, сонымен қатар салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және уақытылы төлемін растайтын құжаттары талап етуге;

6) Қазақстан Республикасының заңды актілерімен белгіленген тәртіпке салық тексерістерін жүргізу кезінде салық төлеушіден салықт ық құқық бұзушылықты растайтын құжаттарды талап етуге;

7) Орналасу жеріне байланысты салық салумен байланысты табыс алу мақсатында кез-келген объектілерді зерттеуге, салық төлеушінің мүлкіне тексеріс жүргізуге;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тізім бойынша салық төлеушіден өкілетті мемлекеттік органымен анықталған тәртіпке электронды құжаттар түрінде мағлұмат алуға;

9) Тексерілетін салық төлеуші – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкердің салық салумен байланысты мәселелер бойынша банктік шоттардың бар болуын және номерін Қазақстан Республикасының заңды актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы шарттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы және қалдығы жөніндегі мәліметтерді тексеру.

10) Кодекстің ерекше бөлімінен қарастырылған жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемс ін жанама әдіспен анықтау;

11) Салықтық тексерістерге басқа мемлекеттік ұйымдардың мамандарын тартуға;

12) Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес сотқа шағым жасауға;

13) Сотқа заңды тұлғаны жою жөнінде бұйрық беруге;

Салық қызметі ұйымдарының міндеттері:


  • Салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;

  • Мемлекет қызығушылықтарын қорғауға, яғни салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді орындауға салықтық бақылау жасауға, сонымен қатар жиназ зейнетақы қорларын міндетті зейнетақы төлемдерін ұстауға және уақытылы аударуға; белгіленген тәртіпке салық төлеушілердің есебін, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілердің есебін, салық есептелуін және төленуінің есебін енгізуге;

  • Қабылданған салықтық есеп берудің формаларын толтыру тәртібін түсіндіруге;

  • Салықтық тексерістердің қатаң тәртіп бойынша жүргізуге;

  • Кодекс талаптарына сәйкес салықтық құпияны сақтауға;

  • Салық төлеушіге салықтық міндеттемені уақытылы орындау бойынша және кодекспен қарастырылған жағдайларда ескертпе жасау;

  • Салық төлеушінің өтініші бойынша үш күн мерзім ішінде салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы оның есеп айырысу шотынан көшірме беруге;

  • Бес жыл мерзім бойы салық және бюджетке басқа төлемдер төлемі бойынша салықтық міндеттемелерді орындау фактын растайтын салық төлеушіге берілетін квитанциялар көшірмелерінің сақтығын қамтамасыз етуге;

  • Мемлекет меншігіне берілген мүліктің есебін сақталуын, бағалануын және өткізілуі тәртібін сақтауға, сонымен қатар оны өткізуден ақшалар бюджетке уақытылы және толық түсуіне бақылау жасау;

  • Салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдістерін қолдану және Кодекске сәйкес еріксіз тәртіпте салық бойынша қарызын алу;

  • Әкімшілік құқық бұзу туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік салықтар салу.

Салықтар тексеріс кезінде салықтардан және бюджетке басқа міндетті төлемдерден жалтару анықталған жағдайда салық ұйымдары сәйкес құқық қорғаушы ұйымдарға қылмыстық белгілері бар сәйкес материалдарды жалдап, Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес процессуалды шешім қабылдауды талап етеді.

Салықтық қызмет ұйымдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық заңдылығымен қарастырылған басқа да міндеттемелді орындайды.

Салық заңнамасы Салық кодексінен және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік кіріс министрлігінің нормативтік құқықтық актілері қабылданатын мәселелер шеңбері де Салық кодексімен анық айқындалған.

Алайда, салық құқық қатын.астары саласындағы барлық мәселелерді реттеуді қамтитын біртұтас нормативтік акті –Салық кодексін әзірлеу жөніндегі міндет мүмкін болмады, өйткені жариялану құқығындағы құқық теориясына, оның ішінде салық құқық қатынастарына сәйкес құқықтық қатынастарды реттеу салық төлеушінің мемлекет алдындағы салық міндеттемесін орындаумен байланысты барлық рәсімдік сәттерді жіктеп реттеуді талап етеді. Мәселен, салық міндеттемесін орындаудың осындай нысандары декларациялар, есеп айырысулар және салықтық есеп берудің басқа да нысандары болып табылады. Құқық теориясы бойынша заң актісіне жататын салық кодексі, яғни осы заңды іс-әрекетті реттеуі тиіс қоғамдық қатынастар қатынасушыларының құқықтары мен міндеттері құқық нормасын ғана белгілеуі тиіс. Декларациялар, есеп айырысулар нысандарын және салық есеп берулерінің басқа да нысандарын бекіту құқық нормасын белгілеу деп атауға болмайды, сондай-ақ сол уақытты олардың нысандарын бекіту мемлекет үшін де салық төлеуші үшін де міндетті болып табылады. Сондықтан салық кодексі Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерді бекітуін көздейді. Мәселен, салық есеп беруі нысандарын бекіту уәкілеттілік мемлекеттік органға берілген. Әдетте, салық есеп берушінің аталған нормалары уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. Осындай жолмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен үкіметтің нормативтік құқықтық актілері салық заңдарының құрамына енгізіледі.

Салық кодексі Салық кодексіне тікелей көрсетілген тек сол нормативтік құқықтық актілерді ғана бекітуді болжайды. Егер Үкімет немесе уәкілетті орган Салық кодексінде жоқ қандай да бір нысанды немесе нормативтік құқықтық актіні белгілемесе, онда мұндай нысандар немесе нормативтік құқықтық актілердің салық төлеушілер үшін міндетті мәні болмайды.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау