38
Бұл белгілеу мынаны білдіреді: кәдімгі құбыр, цинктелмеген, кәдімгі
дәлдікте жасалынған, өлшеусіз ұзындықтағы, шартты өтімі 20 мм, бұрандасыз
және муфтасыз, ГОСТ 3262–75.
Бұл белгілеу мынаны білдіреді: бұрыштық тең сөрелі емес болат,
өлшемі 63х40х4 мм кәдімгі дәлдіктегі (В) ГОСТ 8510–86 бойынша, маркасы
Ст3 ГОСТ 535-2005 бойынша.
4.5.2
Материалдардың графикалық белгіленуі. ГОСТ 2.306-68
«Материалдарды графикалық белгілеу және оларды сызбаларда түсіру»
қималарда және фасадтарда материалдарды графикалық белгілеулерді және
де оларды өндіріс пен құрылыстың барлық салаларының сызбаларына түсіру
ережелерін тағайындайды.
Оқулықтың осы бөлімшесінде
тіліктер
мен
қималардың
кескіндеріндегі
материалдардың
графикалық
белгіленулері
қарастырылады. Бұл процедураны
сызықтау деп атайды 4.24 суретте
материал түріне тәуелсіз қималар
пішіндеріндегі
материалдардың
жалпы
графикалық
белгіленуі
көрсетілген, яғни осылай сызықтап
біз бұйымның нақты материалын
білмеген кезде немесе оның маңызы
жоқ болған кезде материалдарды белгілейді. Дәл осылай металдар, қатты
қорытпалар және құрамында металдар және металл емес материалдар бар
композитті материалдар белгіленеді.
Материалдарды белгілеу үшін қолданылатын сызықтар – сызықтау
сызықтары деп аталады. Сызықтау сызықтары берілген бөлшекке қатысты
барлық қималарда сызба рамкасының сызықтарына 45° бұрышпен солға
немесе оңға бір жаққа қарай көлбеулікпен жүргізіледі. Егер бөлшектің контур
4.24 сурет – Материалдардың жалпы графикалық белгіленуі
4.25 сурет– Бұрышы 30º және
60 º сызықтау
39
немесе өстік сызықтарының көлбеулігі 45 °болса, онда сызықтауды да сол
жаққа қарай, тек 30° немесе 60° бұрышпен орындайды (4.25 сурет).
Сызықтау
сызықтарының
арақашықтығы
сызықтау
ауданына
байланысты 1-ден 10 мм-ге дейін аралықта алынуы мүмкін және берілген
бөлшектің барлық қималары үшін бірдей етіп қабылданады. Екі бөлшектің
іргелес қималарын сызу кезінде сызықтау көлбеуліктері әртүрлі бағыттарда
орындалады немесе сызықтау сызықтарының арақашықтығын өзгертеді
(4.26,а,б сурет).
Қималардың ені сызбада 2 мм –ден кем болатын тар аудандарын іргелес
қималар арасында 0,8 мм –ден кем емес жарық жолақтарын қалтыра отырып,
қарайтып бояп көрсетуге болады (4.26, в,г сурет).
Материалдардың кейбір басқа түрлері үшін тағайындалған графикалық
белгілеулері 4.1 кестеде келтірілген.
4.1 кесте – Материалдардың графикалық белгіленуі
Материал
Белгіленуі
Металдар және қатты қорытпалар
Металл емес материалдар, соның ішінде
талшықты,
монолитті және плиталы (престел-
ген), төменде көрсетілгендерден бөлек
Ағаш
Табиғи тас
Қыш және силикат материалдар
4.26 сурет – Іргелес қималарды сызықтау
а)
б)
в)
г)
40
5 Бөлшектердің эскиздерін және жұмыс сызбаларын орындау
Бөлшек деп атауы мен маркасы біртекті материалдан тұратын және
құрастыру операцияларын қолданбай жасалынған бұйымды айтады. Бөлшек
үшін негізгі конструкторлық құжат болып жұмыс сызбасы табылады – ол
бөлшекті жасау мен бақылау үшін қажетті бөлшек кескіндерінен және өзге де
мәліметтерден тұратын құжат.
5.1 Жұмыс сызбалары мен эскиздерге қойылатын негізгі талаптар
Бөлшектер сызбаларына қойылатын талаптар ГОСТ 2.109–73-те
баяндалған; бөлшек сызбасы ГОСТ 2.301–68 бойынша жеке пішімде
орындалуы қажет.
Жұмыс сызбасы мынадан тұруы тиіс:
а) ең аз, бірақ жеткілікті мөлшердегі бөлшек пішінін толық ашатын
кескіндерден
(көріністерден,
тіліктерден,
қималардан,
шығару
элементтерінен);
б) қажетті өлшемдерден;
в) материал туралы мәліметтен;
г) техникалық талаптардан.
Сызба өрісі 75–80% толтырылуы тиіс.
5.2 Бөлшектер эскиздерін орындау
Бір рет пайлануға арналған сызбаларды эскиз түрінде, яғни сызу
құралдарын қолданбай, тек қолмен ғана орындалған сызбалар түрінде
даярлауға болады.
Эскиздер көз өлшеміндегі масштабта орындалады және эскизде
тұрғызылған барлық кескіндердегі бөлшектің және оның элементтерінің
пропорциялары сақталуы тиіс.
Эскиздер кез келген стандартталған пішім қағазының парақтарында
орындалады. Тор көзді жазу қағазын, болмаса миллиметрлік қағазды
пайдалануға болады.
4.1 кестенің соңы
Материал
Белгіленуі
Бетон
Шыны және жарық өткізгіш материалдар
Сұйықтар
Табиғи топырақ
Достарыңызбен бөлісу: |