27
дәл қосымша көрініс секілді белгіленеді. Қосымша және жергілікті
көріністерді орындау мысалдары 4.7 суретте келтірілген. Жергілікті көріністі
тілікке орындауға жол берілмейді.
Негізгі немесе қосымша көріністе заттың ұсақ элементтерін барынша
айқындап көрсетуге мүмкін болмаған жағдайда
шығару элементтерін
қолданады.
Шығару
элементін қолдану кезінде
көріністе, тілікте немесе
қимада
тиісті
орынды
тұйықталған тұтас сызық
– шеңбермен, тікбұрыш-
пен және т.б. көрсетеді
және шығару элементін
шығару
сызығының
сөресінде орыс әліпбиінің
бас әріпімен белгілейді.
Шығару
элементінің
үстінде сәйкес әрпі мен
масштаб көрсетіледі (4.8
сурет).
4.8 сурет – Шығару элементтері бар білік
сызбасы
4.7 сурет –Жергілікті көріністері (
А және
Б) бар сызба
28
4.2 Тіліктер
Заттың сызбаларда күрделі ішкі құрылыстарын көрсету үшін тіліктер
қолданылады.
Тілік – бір немесе бірнеше жазықтықтармен ойша қиылған зат
кескіні, сондай–ақ мұнда затты ойша тілу тек берілген тілікке ғана қатысты,
және ол заттың басқа кескіндеріне өзгерістер енгізбейді. Тілікте қиюшы
жазықтықта жататын және оның артында орналасқанды көрсетеді. Заттың
жазықтықпен
қиылатын
барлық бөліктері сызық-
талады, ал басқа жерлері
сызықталмайды (4.9 сурет).
Бөлшекті ойша қиятын
жазықтықтар қиюшы жазық-
тықтар
деп
аталады.
Бөлшектің бақылаушы мен
қиюшы жазықтық арасында
орналасқан
бөлігі
ойша
алынып
тасталады,
ал
қиюшы
жазықтықпен
жасалынған қима ГОСТ
2.306-68 талаптарына сәйкес
сызықталады.
Заттың ішкі кескінін
тілікте тұтас негізгі сызықтармен кескіндейді. Сызбаларда қиюшы жазықтық
орыны үзік сызықпен (қима сызығымен), нұсқамалармен және
орыс әліпбиінің
бас әріптерімен белгіленеді.
Тілікті сызба өрісінің кез келген бос жеріне орналастыруға болады,
бірақ оны осы тілік орындалған жерге мүмкіндігінше жақын орналастыру
ұсынылады. Егер қиюшы жазықтық берілген проекция жазықтығына
параллель болса, онда тілікті негізгі көріністе кескіндеуге болады. Тілік бас
көріністің орынында орындалса, ол қарапайым фронталь тілік деп аталады.
Бастапқы және соңғы үзік (қима) сызықтарына проекциялау кезіндегі
қарау бағытымен көрсететін нұсқамаларды қою қажет (4.10 сурет). Әріптерді
қима сызығының басы мен соңына, яғни нұсқамалар әріппен кескіннің
арасына орналасатындай етіп
қояды. Нұсқамалар үзік (қима)
сызықтардың сыртқы ұшынан
2...3
мм қашықтықта қойылуы
тиіс. Бастапқы және соңғы үзік
(қима) сызықтар зат контурын
қимауы тиіс (
L-дің мәні 3
мм
ден кем емес). Тілік кескінінің
үстіне
А-А тәрізді жазба
орындалады.
4.9 сурет – Тіліктердің мысалдары
4.10 cурет – Қиюшы жазықтықты көрсету
29
Егерде қиюшы жазықтық заттың симметрия жазықтығымен беттессе
және негізгі проекция жазықтықтарының біріне параллель болса, онда
сызбада қиюшы жазықтықтың орыны, проекциялық бағыты мен әріптік
белгілеулері көрсетілмейді.
Қиюшы жазықтықтардың санына қарай тіліктер қарапайым және
күрделі болып бөлінеді. Бір ғана қиюшы жазықтықпен орындалған тілік
қарапайым, бірнеше жазықтықтармен орындалған тілік – күрделі.
Қиюшы жазықтықтың орналасуына қарай қарапайым тіліктер
горизонталь, тік және көлбеу болып бөлінеді.
Горизонталь проекция жазықтығына параллель орналасқан қиюшы
жазықтықпен орындалған тіліктер
горизонталь тіліктер деп аталады (4.11
сурет).
Горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасқан қиюшы
жазықтықпен орындалған тіліктер тік тіліктер деп аталады.
Тік тілік, егер қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына
параллель болса
фронталь тілік (4.12 сурет) деп, ал егер қиюшы жазықтық
профиль проекция жазықтығына
параллель болса профиль тілік деп аталады.
Фронталь, горизонталь және профиль тіліктерін әдетте оларға сәйкес
негізгі көріністердің орындарына тұрғызады.
Қиюшы жазықтық проекция жазықтықтарына қатысты тік бұрыштан
өзге бұрышпен орындалатын тілік көлбеу тілік (4.13 сурет) деп аталады.
Егер қиюшы жазықтықтар заттың ұзындығына немесе биіктігіне бойлай
бағытталса, оны бойлық тіліктер деп, ал егер қиюшы жазықтықтар заттың
ұзындығына немесе биіктігіне перпендикуляр бағытталса, онда оны көлденең
тіліктер деп атайды.
4.11 сурет – Горизонталь тілік
4.12 сурет– Фронталь тілік