Тақырыбы:Тік белдемше. Шығу тарихы. Мата таңдау. С/ж. Белдемше эскизін салу.
Мұғалім:
Тақырыбы: Тік белдемше. Шығу тарихы. Мата таңдау. С/ж. Белдемше эскизін салу.
Мақсаты:
Білімділік:оқушыларды белдемшенінің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру.Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімдді сипаттауды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту;
Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірме, көрнекіліктік.
Көрнекілігі:дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд.
Техникалық құралдар: компьютер,интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Технология» оқулық 6 сынып
«Технология» оқыту әдістемесі 6 сынып
«Технология» дидактикалық материалдар 6 сынып
«Меқтептегі технология» әдістемелік журнал №11/2010 жыл
«Шаңырақ» энциклопедиясы
Сабақ жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу
VI Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Сарамандық жұмыс
VІІ. Қорытынды
VIII. Жұмыс орнын жинастыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
б) сабаққа даярлығын байқау;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (графикалық диктант арқылы).
Сұрақ жауабымен келіссе «Иә - » , келіспесе «жоқ Λ » белгілейді.
Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. ( - )
Іс тігушімен машина столының ара-қашықтығы 16-20 см. болу керек.( Λ )
Іс машинасын сабақтағанда аяқты педальдан алу керек. ( - )
Ине майысқан: ине сынады, жіп үзіледі, тістері босатылады.(-)
Ине негізі төрт бөліктен тұрады.( Λ)
Қалың мата тігу үшін № 90 инені қолдану керек.( Λ)
Махавик тек бір бағытта жұмыс атқарушыға қарай айналу керек.( - )
Машина іске қосылмай тұрғанда қысу табаны түсіп тұрады.
( Λ)
Қол машинасын 1870 жылы ойлап тапқан.( Λ)
Аяқ машинасының ең керек деталы аяқ жетегі. ( - )
Ине дұрыс егелмеген: жіп үзіледі, мата жіптерін жұлады. ( - )
Қол машинасымен аяқ машинасының сабақталуы бірдей емес. ( Λ)
Қайыққа шөрік дұрыс кигізлсе, сағат тіліне қарсы айналады. ( - )
Орындық машина инесіне қарама –қарсы тұруы керек. (-)
Қайыққа шөрікті кигізгеннен кейін, жіп 10-15 шығып тұруы керек.( - )
Оқушылар графикалық диктант жазып болғаннан кейін жауап парақтарын бір-бірімен алмастырады. Сол кезде тақтаға графикалық диктанттың дұрыс жауабы слайд арқылы шығарамын. Оқушылар жұмысты тексеріп шығады, бағалау рейтенгісі арқылы үй жұмысын өздері бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |